- •Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •2.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3) Азаматтық қоғам.
- •5. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •7. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •8 Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •12) Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •13. Құқық бұзушылықтың түрлері
- •14. Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •15. Заңдық жауапкершіліктің түрлері
- •16. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы ретінде.
- •17Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •19. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •20 .Қазақстан Республикасының Президенті.
- •21. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •24. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •25.Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері.
- •26Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •27. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •29 .Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •30) Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •31 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері
- •34. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •36. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының жарамсыздығының негіздері.
- •43. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
- •44. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •45. Некеге туру шарты және тәртібі.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •48)Ата-ана және балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.
- •49 Алименттік қатынастар
- •50. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
- •52. Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53. Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •1. Жалпы ережелер
- •Ішкі істер органдарының негізгі қызметі
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57. Қр адвокатура мен нотариат.
- •60. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет
- •61. Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері.
- •63. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •64. Еңбек құқығының қағидалары. Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •66. Жеке еңбек шарты.
- •67 Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •71. Қылмыстық құқықтың ұғымы. Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •74. Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •Жазаның мақсаты[өңдеу]
- •79. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •81. Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері
- •83.Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •84. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі.
- •85 Жер құқық қатынастарының түсінігі.
- •86. Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.
- •366.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
- •444. Жеке еңбек шартын тоқтату
- •555. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •666. Мәмілелер ұғымы, түрлері.
- •100. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •122. Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •155. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •177. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері
- •299. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •322. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •133. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •355. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •399. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
- •411.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •400. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •422. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
- •44А. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •466. Қылмысқа қатысу.
- •477. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •511. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •544. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •633. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •644. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •66А. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •699. Қажетті қорғану және аса қажеттілік.
- •722. Меншік құқығы.
- •755. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •799. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •899. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.
- •900.Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- •911.Қазақстан Республикасындағы салықтар жүйесі мен түрлері.
- •922. Мемлекеттің қаржылық қызметі мен қаржылық бақылау.
- •933. Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі.
- •944.Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •977. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
67 Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
Жұмыс уақыты және демалыс уақыты - бұлар еңбек құқығының өзара байланысты түсініктері. Қызметкерлердің еңбек кызметінің ұзақтығы жұмыс уақыты арқылы анықталады.Жұмыс уақыты және оның ұзақтығы жұмысшылар қозғалысы тарихындағы ең негізгі талаптардың бірі болды. Адамзат тарихында еңбек уақыты ұзақ уақыт бойы заң шеңберімен шектелмеді және жұмыс беруші еңбек міндеттерін орындау уақытының ұзақтығын өз қалауынша белгілейтін. Әдетте, бұл кіріптарлы жағдайларда жүзеге асырылды және жұмыс уақытының ұзақтығы барлық шектерден асып, тәулігіне 14-16 сағатқа дейін жетті.XIX ғасырдың басындағы жұмысшылар қозғалысы негізгі талаптардың бірі ретінде жұмыс уақытын қысқартуды талап етті. Бірқатар мемлекеттерде жұмысшылар көшелерге шығып, жұмыс уақытының ұзақтығына белгілі бір шек қоюды талап етті. Жұмысшылар қозғалысының нәтижесінде XIX ғасырдың ортасында әйелдер мен балалар үшін жұмыс уақытын қысқарту туралы заңдар қабылданды. Кейінірек бұл ереже ер адамдарға да таралды.1897 жылы Ресейде жұмыс уақытын 11,5 сағатқа дейін, ал әйелдер мен балалар үшін - 10 сағатқа дейін қысқарту туралы заң қабылданды. Алайда, бұл заңның ешбір тиімділігі болмады, себебі, мұнда мерзімнен тыс жұмыс істеу е тыйым салынбады.1917 жылы Кеңестік биліктің Декретімен Ресейде алғаш рет ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс уақыты енгізілді. Бұл Декреттің күші Қазақстанның аумағына да таралды. Яғни, осы күнді Қазақстанда ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс уақытының енгізілген күні деп санаған жөн болар.Қазіргі кезде аталған уақыт жұмыс уақытының ең жоғарғы ұзақтығы болып табылады және ол қызметкерлердің басым көпшілігіне таралады.
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 45-бабы
1. Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес енбек міндеттерін орындауға міндетті уақыт жұмыс уақыты болып есептеледі.Жұмыс уақытының түсінігі және түрлері. Жұмыс уақыты - бұл қызметкер заңдарға, ұжымдық және жеке еңбек шарттарына, ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт.Жұмыс уақытының құрамына іс жүзінде жұмыс орындалған уақыт та, сонымен катар жұмыс орындалмаған, алайда еңбек құқығының нормаларына сәйкес жұмыс уақытынан алып тастауға болмайтын уақыт та енеді. Мысалы, өндірістің тоқтап тұруы, төленгелі үзілістер және т.б. Заңнамада көзделген жағдайларда белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығынан тыс жұмыс уақыты да жұмыс уақытша кіреді. Мұндай жұмыс үшін қызметкерге өтемақы төленуі керек.Демалыс және тамақтану үшін төленбейтін үзілістер, жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты, сонымен қатар, жұмысқа кешігіп келу, келмей қалу, жұмыстан уақытынан бұрын кету жұмыс уақытының кұрамына енбейді.Еңбек жағдайы ретіндегі жұмыс уақыты белгілі бір дәрежеде қызметкерлердің өмірінің деңгейіне әсер етеді. Оның ұзақтығы демалыс үшін пайдаланылатын бос уақыттың көлеміне, тұлғаның дамуына, адамдардың мәдени және өзге де қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына әсер етеді.
Басшылық та, қызметкерлер де жұмыс уақыты туралы заңдардың нормаларын сақтауға міндетті. Қызметкерлер бүкіл жұмыс уақытын өнімді еңбек үшін пайдалануға, ал басшылық осы үшін барлық қажетті жағдайлар жасауға және қызметкерлердің демалуға және еңбекті қорғауға қатысты құқықтары бұзылмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыруға міндетті.
Қолданыстағы еңбек туралы заңдар жұмыс уақытының келесі түрлерін кездейді: қалыпты ұзақтықтағы, қысқартылған ұзақтықтағы және толық емес жұмыс уақыты,
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 45-бабы
2. Жұмыс уақытың қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы - бұл адамның өмір сүруіне және дамуына зиян тигізбейтін, жыл, апта, күн бойғы еңбек ұзақтығы. Қызметкерлердің кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 45-6. 2-т.). Аталған ереженің күші меншік нысанына, экономика саласына, кәсібіне, мамандығына, лауазымына қарамастан барлық қызметкерлерге таралады.Қазіргі :кезде мемлекет жұмыс уақытының шектелген ұзақтығын ғана бекітеді. Ал жұмыс уақытымен байланысты өзге мәселелердің барлығын (жұмыс уақытын қысқартуды, ауысу сменаларының кестесін, жұмыс режимін) ұйымдардың өздері шешеді.Қазақстан Республикасының «ҚР еңбек туралы» заңына сәйкес қызметкерлердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. Яғни, ұжымдық шартта да, жеке еңбек шартында да жұмыс уақытының аптадағы ұзақтығын 42 немесе 45 сағат деп көздеуге болмайды. Алайда, жұмыс уақытының ұзақтығын тараптардың келісімі бойынша қысқартуға болады.
Сонымен, жұмыс уақытының аптасына 40 сағаттық ұзақтығы шекті норма болып табылады және заңда көзделген жағдайларды санамағанда, оны тараптардың келісімімен көбейтуге болмайды.
Жұмыс уақытының ұзақтығын шектеудің мақсаты - қызметкерлердің денсаулығын қорғауға, олардың жұмысқа қабілеттіктерін арттыруға, оның тұлғасының дамуына, жұмыс уақытынан тыс бос уақытта біліктілікті көтеруге немесе қосымша кәсіп иеленуге және еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасау.
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 46-бабы
1. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы:1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 сағаттан; он алтыдан он сегіз жасқа дейін - аптасына 36 сағаттан аспайтын;2) ауыр дене жұмыстарында және енбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.
2. Жұмыс істеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін өндірістердің, цехтердің, кәсіптер мен қызметтердің тізімін, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және (немесе) ауыр (өте ауыр), қауіпті (өте қауіпті) жұмыстардың тізбесін енбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Кейбір қызметкерлер санатына олардың жасын, жұмысының ауырлығын және өзге де бірқатар факторларды ескере отырып, тараптардың өзара келісімі бойынша аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленуі мүмкін (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 46-бабы):
• он алтыдан он сегіз жасқа дейін - аптасына 36 сағаттан аспайтын; он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 сағаттан;
• ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді. Бұл жұмыстар ерекше тізімде көзделген;
• жоғарылатылған эмоционалдық, ақыл-ойлық ізденуді қажет ететін қызметкерлер санаты үшін (мысалы, оқытушылар, дәрігерлер және еңбектің ерекше жағдайларында жұмыс істейтін өзге де қызметкерлер). Мысалы, мемлекеттік білім беру мекемелерінің педагогикалық кызметкерлері үшін апталық нормативтік оқу жүктемесі келесідей белгіленеді: жалпыға білім беру мекемесінің бастауыш сатысы үшін - 20 сағаттан аспайтын; жалпыға білім беру мекемесінің негізгі және жоғары сатысы, бастауыш кәсіби және орта кәсіби білім беру ұйымдары үшін -18 сағаттан аспайтын; мектепке дейінгі ұйымдар үшін -24 сағаттан аспайтын; мектептен тыс ұйымдар үшін - 18 сағаттан аспайтын (балалар және жасөспірімдердің спорт мектептері үшін -24 сағаттан аспайтын) (ҚР «Білім туралы» заңы, ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1262 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесін бекіту туралы» қаулысы). Жоғары және орта білім беру мекемелерінің оқытушылары үшін орташа алғанда 6-сағаттык жұмыс күні белгіленген. Бұл сағат ішіне тек оқу жұмысы ғана емес, сонымен катар ғылыми және әдістемелік жұмыс та енеді. Еңбектің ерекше жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер тізімі олардың қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы көрсете отырып заңдарда белгіленеді;
• медициналық қызметкерлер (емхана, амбулатория, диспансерлер және т.б. дәрігерлері) үшін;
• I және II топ мүгедектері (көз аурулармен, ауыр науқастармен ауыратын) болып табылатын қызметкерлер үшін.
Қысқартылған ұзақтықтағы жұмыс уақытында жұмыс істеуге құқылы тұлғалар санаттарын анықтау үшін жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін өндірістердің, цехтердің, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сонымен катар, енбек жағдайлары зиянды жұмыстар тізбесін басшылыққа алу қажет.Қысқартылған ұзақтықтағы жұмыс уақытындағы еңбек қалыпты ұзақтықтағы жұмыс уақытының нормалары бойынша төленеді.Толық емес жұмыс уақыты - бұл белгіленген жұмыс уақытының қалыпты немесе қысқартылған ұзақтығының бөлігі. Толық емес жұмыс уақытын жұмыс беруші мен қызметкер жұмысқа тұрар кезде де, содан кейін де өзара келісім бойынша толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы түрінде белгілеуі мүмкін. Толық емес жұмыс күні кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы жұмыс күндерінің саны сақтала отырып азаяды. Мысалы, толық емес жұмыс күнінде қызметкерге күн сайын 8 сағаттан емес, 5 сағат жұмыс істейді. Толық емес жұмыс аптасында күнделікті жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығы сақтала отырып жұмыс күндерінің саны азаяды. Мысалы, толық емес жұмыс аптасында қызметкер үш күн 8 сағаттан жұмыс істейді. Немесе төрт күн 6 сағаттан жұмыс істеуі мүмкін.Бұл жағдайлардың барлығында еңбекке ақы төлеу жұмыс істеген уақытына қарай төленеді.Толық емес жұмыс уақыты қысқартылған жұмыс уақытына қарағанда өзгеше. Біріншіден, қысқартылған жұмыс уақыты толық жұмыс уақытына саналады, ал толық емес жұмыс уақыты толық жұмыс уақытының бір бөлігі ғана. Екіншіден, қысқартылған жұмыс уақыты үшін жалақы толығымен, ал толық емес жұмыс уақытында жалақы жұмыс істеген уақытқа қарай төленеді.
Толық емес жұмыс уақытындағы жұмыс қызметкерлер үшін ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына, еңбек стажын есептеуге және т.б. еңбек құқықтарына қатысты қандай да бір шектеулер туғызбайды. Еңбек кітапшаларында қызметкердің толық емес жұмыс уақытында жұмыс істегені көрсетілмейді.
Жұмыс уақыты ұзақтығының апталық нормасын белгілеу еңбек заңдарында жұмыс аптасының екі түрінің болуымен байланысты, олар: бес күндік (5 жұмыс күні, 2 демалыс күні) және алтыкүндік (6 жұмыс күні, 1 демалыс күні).
Көптеген қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленген. Өндірісінің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз ұйымдарда бір күндік демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Көп жағдайда, бұл - білім беру, медициналық, сауда және өзге де халыққа кызмет көрсететін мекемелер.
Жұмыс күні ретінде заңда белгіленген бір тәулік бойындағы жұмыс уақыты танылады. Еңбек заңдарында белгіленгендей, алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда - 4 сағаттан аспауға тиіс («ҚР еңбек туралы» заңның 47-бабы).
«ҚР еңбек туралы» заңының 48-бабы
Түнгі уақыттағы жұмыс
4. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі.
5. Жүкті әйелдерді түнгі уақытта жұмыс істеуге тартуға олардың келісімімен ғана жол беріледі.6. Түнгі уақытта жұмыс істеуге он сегіз жасқа толмаған адамдар мен түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді.
Түнгі уақыттағы жұмыс кезінде жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығы 1 сағатқа қысқарады. Бұл ереже жұмыс уақытын қысқарту көзделген қызметкерлер мен жүмысшыларға таралмайды. Мысалы, еңбек жағдайы зиянды және ауыр өндірістерде жұмыс істейтіндерге. Қысқартылған уақыт үшін кейін еңбекпен өтеу көзделмейді.
Жекелеген жағдайларда қызметкерлердің кейбір санаттары үшін түнгі жұмыстың ұзақтығы күндізгі жұмыс уақытымен теңестіріледі. Бұл мына қызметкерлерге катысты белгіленеді:1. олардың ауыр дене жұмысында және зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыста істеуіне байланысты қысқартылған жұмыс уақыты бұрыннан көзделген қызметкерлер үшін;2. өндірістің жағдайлары бойынша қажет болған жағдайда, үздіксіз өндірістердің қызметкерлері үшін;3. алты күндік жұмыс аптасы және бір демалыс күні жағдайындағы ауысым жұмыстарының кызметкерлері үшін.
Түнгі уақытта жұмыс ауысымының ұзақтығы жұмыс уақытының апталық нормасы сақтала отырып қысқартылады.Бұл жерде ескеріп өтетін бір жайт, егер қызметкер түнгі уақытта жұмыс істеу үшін арнайы қабылданса (мысалы, күзетші ретінде), онда түнгі жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылмайды.
Еңбекті қорғау дегеніміз — тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық және емдеу — алдын алу шаралары.
¨Еңбек заңдары еңбекті қорғаудағы ұлттық саясат пен мемлекеттік басқару қағидаттарын белгілей отырып, жұмыс берушілер қызметкерлердің негізгі құқықтарының бірі — қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларын жасауын талап етеді.
¨Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны.
¨Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды. Еңбекті қорғау пәні – бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады.
¨Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында қысқаша тоқталған. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» туралы 2004 жылғы 28 ақпандағы №528-II-ші Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 16-тармағында еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.
