Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-ши 1-90сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332.5 Кб
Скачать

60. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет

Бюджет термині нормандық ескі сөзінен шыққан. Ол қалта, сөмке, былғары қап деген мағынаны білдіреді.

Қазіргі таңда «бюджет» сөзі ақша шаруашылығы деген мағынада қолданылады. Сондықтан да мемлекет бюджеті, ұйымдық бюджет және жеке адамдар немесе отбасы бюджеті деп айтылып жатады. Бюджеттік құқық қаржылық- құқықтық институт ретінде мемлекетімізде қалыптастырылатын бюджеттерге байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Бюджеттік құқықтың құқықтық реттеу аясына –пәніне мыналар жатады;

Бюджеттің кірістерінің құрамын анықтау;

  • бюджеттің шығыстарының бағытын (құрамын) анықтау;

  • мемлекеттік бюджеттің құрылысын анықтау;

  • республикалық және жергілікті өкілді органдардың бюджет саласындағы құзыреттерін анықтау;

  • бюджеттік процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілеу.

Бюджет – мемлекеттік заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.

Мемлекеттік бюджет – мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында қалыптасатын қаржылық қатынастар. Мемлекеттік бюдет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән. Атап айтсақ, бюджеттік қатынастардың бөлістірушілік сипаты бар, және ол әрқашанда ақшалай нысанда жүзеге асырылады және мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Мемлекеттік бюджеттің бұдан басқа да өзгеше қасиетттері бар. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру экономиканың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін халық шаруашылығы масштабындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет. Мемлекетке орталықтандырылған ақша қаражаттары дамушы мақсатты салаларды қаржыландыруға, қоғам деңгейінде әлеуметтік- мәдени шараларды жүргізу үшін, қорғаныс саласының мәселелерін шешу үшін және ;мемлекетті басқару шығындарын жабу үшін қажет. Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арсындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады. Осыған сәйкес , мемлекеттік бюджет қоғамның таза өнімінің қозғалысын сипаттайтын және осының негізінде мемлекеттің орталықтандырылған қоры қалыптасып, пайдаланылады. Мемлекеттік бюджеттің келесідей ерекше белгілері бар: - қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында қоғамдық өнімнің бір бөлігін бөлістіру қатынастарын жүзеге асыратын экономикалық нысан болып табылады; - құнды жасау және оны тұтыну процесін жүзеге асыратын матениалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары , қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған; - қоғадық өнімнің тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің кезеңін білдіреді. Бюджет сонымен қатар мемлекеттің экономикаға араласуының құралы ретінде пайдаланылады және ол көп жағдайда мемлекеттік несие жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттің сыныпталуының мәні бүгінгі уақытта мемлекеттік бюджетті монополиялық өнімінің бағасын реттеуде айқын білінеді және ол мемлекеттік кәсіпорындардың өнімдерініе бағаны төмендетуде, салық жеңілдіктерін қолдануда және монополиялы кәсіпорындарға субсидия бөлуде айқын көрінеді. Мемлекеттік бюджет бірлікті, толықтылық, нақтылық, айқындылық қағидаларына негізделіп қалыптасады. Бюджеттің бірлігі қағидасы бюджетті бірыңғайлылығын және біртекті бюджет құжатының болуын негіздейді. Сондай –ақ бюджеттің жіктелуі мен нысандар бойынша кірістері мен шығыстарының біртекті топтастырылуын сипаттайды. Бюджеттің толықтылық қағидасы– бюджетке үкіметтің барлық шығындары мен кірістерінің енуін сипаттайды. Бюджет брутто-бюджетке және нетто- бюджетке бөлінеді. Брутто-бюджетке мемлекеттің жиынтық кірістері мен шығыстары кіреді. Ал нетто- бюджетке тек таза кірістер мен шығыстар енеді. Нақтылық немесе реалистік қағидасы жасанды бюджеттерді болдырмауды сипаттайды. Бұл қағида барлық кірістер мен шығыстардың сомасының шын, нақты болуына негізделеді.Бүгінгі уақытта бұл қағида бірде-бір елде дұрыс сақталынбайды.Себебі, шығындардың жұмсалуы бүрмеленіп, әрбір сыныптар бойынша нақты табыстардың түсуі жасырын түрде болады. Айқындылық қағидасы бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы, олардың құрамы мен құрылымы және тапшылық көлемі мен оны жабу әдістері туралы мәліметтердің жарияланып отыруына негізделеді. Осыған орай, мемлекеттік бюджет мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да өкілдерінің арасында қоғамдық қажеттіліктерді қанғаттандыру мақсатында қалыптасатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу үрдісінде жүзеге асырылатын ақшалай қатынастарды көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]