- •Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •2.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3) Азаматтық қоғам.
- •5. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •7. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •8 Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •12) Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •13. Құқық бұзушылықтың түрлері
- •14. Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •15. Заңдық жауапкершіліктің түрлері
- •16. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы ретінде.
- •17Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •19. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •20 .Қазақстан Республикасының Президенті.
- •21. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •24. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •25.Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері.
- •26Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •27. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •29 .Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •30) Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •31 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері
- •34. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •36. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының жарамсыздығының негіздері.
- •43. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
- •44. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •45. Некеге туру шарты және тәртібі.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •48)Ата-ана және балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.
- •49 Алименттік қатынастар
- •50. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
- •52. Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53. Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •1. Жалпы ережелер
- •Ішкі істер органдарының негізгі қызметі
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57. Қр адвокатура мен нотариат.
- •60. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет
- •61. Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері.
- •63. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •64. Еңбек құқығының қағидалары. Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •66. Жеке еңбек шарты.
- •67 Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •71. Қылмыстық құқықтың ұғымы. Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •74. Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •Жазаның мақсаты[өңдеу]
- •79. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •81. Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері
- •83.Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •84. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі.
- •85 Жер құқық қатынастарының түсінігі.
- •86. Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.
- •366.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
- •444. Жеке еңбек шартын тоқтату
- •555. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •666. Мәмілелер ұғымы, түрлері.
- •100. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •122. Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •155. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •177. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері
- •299. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •322. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •133. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •355. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •399. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
- •411.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •400. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •422. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
- •44А. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •466. Қылмысқа қатысу.
- •477. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •511. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •544. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •633. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •644. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •66А. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •699. Қажетті қорғану және аса қажеттілік.
- •722. Меншік құқығы.
- •755. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •799. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •899. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.
- •900.Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- •911.Қазақстан Республикасындағы салықтар жүйесі мен түрлері.
- •922. Мемлекеттің қаржылық қызметі мен қаржылық бақылау.
- •933. Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі.
- •944.Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •977. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
52. Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi - ұлттық қауiпсiздiк органдары) - Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн арнаулы мемлекеттiк органдар.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметi заңдылық, құпиялылық, астыртын әрекет ету, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктер қызметiнен тәуелсіз болу қағидаттарына негізделіп құрылады.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:
Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының Парламентiн, Қазақстан Республикасының Үкiметiн елдiң қауiпсiздiгiне төнген қауiп туралы хабардар етуге; 2) «Сыртқы барлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау қызметін жүзеге асыруға; 3) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлау және өзге де қызметiн анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу жөнiнде қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға; 4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, аумақтық тұтастығын, бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм мен өзге де қызметтi анықтауға, алдын алуға және тыюға; 5) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға, тыюға, ашуға; 6) Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әскерилендiрiлген құрамалардың, басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың қызметiне, сондай-ақ шет ел заңды тұлғалары мен азаматтарының, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды қаржыландыруына жол бермеуге және тыюда мемлекеттiк органдарға жәрдем көрсетуге; 7) мемлекеттiк органдарда, әскери құралымдарда, бөлiмдер мен ұйымдарда мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi қарсы барлаулық қорғау жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға, сондай-ақ аталған салада олардың қызметiн бақылауға; 8) Мемлекеттiк және қызметтік құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсат алуды ресiмдейтiн (қайта ресiмдейтiн) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргiзугуге міндетті
53. Сот төрелігі және оның қағидалары.
Конституция мен соттар туралы Конституциялық Заңда сот билігін іске асырудың негізгі және маңызды нысаны сот төрелігін жүзеге асыру болып табылатыны айқындалған. Ғылыми әдебиетте сот төрелігі ұғымы оның түрлі қырларында ашылады. Авторлардың көпшілігі сот төрелігінсот отырыстарында іс жүргізу тәртібімен жасалатын арнайы мемлекеттік органдардың материалдық нормаларын қолдана отырып, азаматтық, қылмыстық және өзге істерді қарау және шешу жөніндегі қызметі ретінде айқындайды.1 Осы анықтама, сондай-ақ ҚР Конституциясының 75 және 78-баптары мен соттар туралы Конституциялық Заңның нормаларын талдау сот төрелігінің мәнін, мазмүнын және мағынасын ашатын негізгі спецификалық белгілерін бөлуге мүмкіндік береді. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады.
Сот төрелігін мемлекеттің атынан арнайы мемлекеттік орган – сот жүзеге асырады. Соттардың толық тізбесі ҚР Конституциясында және сот жүйесі туралы Конституциялық заңда айқындалған. Соттардың мәртебесінің өзгешелігі олардың ұйымдастырылуының ерекшелігіне байланысты;
Сот төрелігі іс жүргізу заңнамасында(ҚІЖК, АІЖК) белгіленген тәртіппен қылмыстық, азаматтық және өзге істерді қарау (істің нақты мән-жайларын анықтау мақсатында дәлелдемелерді зерттеу арқылы) және шешу (қаулыларды, үкімдерді және басқа да сот актілерін шығару арқылы) арқылы жүзеге асырылады;
Істер және қорғау тараптарының, сондай-ақ дәлелдемелерді зерттеуге белсенді қатысу құқығы берілген процестің басқа да қатысушыларының міндетті қатысуымен сот отырыстары нысаныда қаралады. Бұл ретте сот қорғау немесе айыптау жағына шықпайды. Ол сот отырысында қаралған дәлелдемелерді зерттеуге және бағалауға әрі заңның талаптарына сай келетін шешім шығыруға тиіс;
Соттың үкімдері, қаулылары, ұйғарымдары және шешімдері олар заңды күшіне енген сәттен бастап заң күшіне ие болады, сондықтан да республиканың барлық аумағындағыбарлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті болып табылады. Заңды күшіне енген сот актісін орындаудан жалтару заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. Сот актілерін тек жоғары тұрған соттар және тек іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгертуі немесе күшін жоюы мүмкін.
Сот төрелігі Конституцияда,сот жүйесі туралы Конституциялық заңда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде бекітілген
идеяларды басшылыққа алатын, сот төрелігін және өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде сот қызметін ұйымдастыру мен тәртібінің мәнін және мазмұнын айқындайтын негізгі ережелерден тұрады.2
ҚР Конституциясының 75-бабында және “ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық Заңның 1-бабында аталғандай, “Қазақстан Респбликасында сот төрелігін тек сот жүзеге асырады. Сот төрелігіне нақты адамды қылмыс жасауға кінәлі деп тану және оған жазалау, не заңда белгіленген әсер ету шарасын тағайындауда, сондай-ақ заңсыз және негізсіз жауапкершілікке тартылғандарды ақтау кезінде шешуші сөз оған тиесілі.
Сот төрелігі – адам мен азаматтың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың аса маңызды құқықтары мен заңды жүзеге асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы.
Оның міндеттеріне басқа да құқық қорғау функцияларын да орындау бағындырылған. Мысалы, қылмыстық іс бойынша сот төрелігі, егер осы іс алдын ала құзыретті органдар жан-жақты және толық тергемесе, егер олар барлық қажетті дәлелдемелерді анықтамасы және т.б. заңды, негізді және әділ жүзеге асырылмаған болар еді. Сондықтан, сот төрелігі – құқық қорғау қызметінің тұтастай алғанда жүрегі.3
Процесте немесе сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша қабылданатын, заң әдебиеттерінде сот төрелігі актілері деп аталатын сот шешімдері(қылмыстық істер бойынша үкімдер, азаматтық істер бойынша шешімдер) заңнамаға сәйкес ерекше сипаттар беріледі. Олардың бірі – жалпыға міндеттілік. Ол, атап айтқанда, заңды күшіне енген үкім, ұйғарым немесе істі қараған кезде сот шығарған қаулының барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар, лауазымды адамдар мен азаматар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының барлық аумағында орындауға жататындығын білдіреді. Сот шешімін орындамау немесе орындауға кедергі келтіру осыған кінәлі адамдарға қатысты түрлі тектегі санкцияларды қолдануға әкеледі. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабына сәйкес сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісіно рындамау айыппұл салуға не қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қамауға алуға әкеп соқтырды.
Сот төрелігінің басқа да айырмашылық белгісі, мемлекеттік қызметтің осы түрі заңда егжей-тегжейлі регламенттелетін қатаң тәртіпті мақтау арқылы жүзеге асырылады. Айырмашылық белгілерге, ең соңында, тек ерекше орган – сот(судья) жүзеге асыратын жатады. “Соттың ерекше өкілеттігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тыйым салынады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы”,- деп “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” ҚР Конституциялық заңында белгіленген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағына сәйкес судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде төмендегі негізгі принциптерді басшылыққа алуы тиіс:
кінәсіз деп жорамалдау;
бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайтындығы;
заңда көзделген соттылықты өзгертуге жол бермеу;
әркімнің өз сөзін тыңдатуға құқылығы;
жауапкершілікті күшейтуге және жауапкершілікті жеңілдетуге жол берілмейтіндігі;
айыпталушының өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
ешкім өзіне-өзі, туыстары мен жақын адамдарына қарсы айғақ беруге міндетті еместігі. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес.
адамның кінәлі екендігі жөнінде кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылатындағы;
заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайтындығы. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде сотталуға тиіс емес;
қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
54. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. Әділет органдарының жүйесі.
