- •Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •2.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3) Азаматтық қоғам.
- •5. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •7. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •8 Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •12) Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •13. Құқық бұзушылықтың түрлері
- •14. Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •15. Заңдық жауапкершіліктің түрлері
- •16. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы ретінде.
- •17Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •19. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •20 .Қазақстан Республикасының Президенті.
- •21. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •24. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •25.Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері.
- •26Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •27. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •29 .Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •30) Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •31 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері
- •34. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •36. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының жарамсыздығының негіздері.
- •43. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
- •44. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •45. Некеге туру шарты және тәртібі.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •48)Ата-ана және балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.
- •49 Алименттік қатынастар
- •50. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
- •52. Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53. Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •1. Жалпы ережелер
- •Ішкі істер органдарының негізгі қызметі
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57. Қр адвокатура мен нотариат.
- •60. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет
- •61. Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері.
- •63. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •64. Еңбек құқығының қағидалары. Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •66. Жеке еңбек шарты.
- •67 Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •71. Қылмыстық құқықтың ұғымы. Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •74. Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •Жазаның мақсаты[өңдеу]
- •79. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •81. Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері
- •83.Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •84. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі.
- •85 Жер құқық қатынастарының түсінігі.
- •86. Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.
- •366.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
- •444. Жеке еңбек шартын тоқтату
- •555. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •666. Мәмілелер ұғымы, түрлері.
- •100. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •122. Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •155. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •177. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері
- •299. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •322. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •133. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •355. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •399. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
- •411.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •400. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •422. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
- •44А. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •466. Қылмысқа қатысу.
- •477. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •511. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •544. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •633. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •644. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •66А. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •699. Қажетті қорғану және аса қажеттілік.
- •722. Меншік құқығы.
- •755. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •799. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •899. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.
- •900.Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- •911.Қазақстан Республикасындағы салықтар жүйесі мен түрлері.
- •922. Мемлекеттің қаржылық қызметі мен қаржылық бақылау.
- •933. Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі.
- •944.Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •977. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
51. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
Қазақстан Республикасының прокуратурасы — Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Прокуратура органдары төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға қатаң бағындыратын бірыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын Парламент сенатының келісімімен қызметке бес жыл мерзімге Президент тағайындайтын Бас прокурор басқарады. Бас прокурордың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын бірінші орынбасары және орынбасарлары болады.
Прокуратура органдары жүйесіне: Бас Прокуратура; облыстардың прокуратуралары; республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың прокуратуралары; ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар кіреді. Басқармалар мен бөлімдердің бастықтарын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшілерін, айрықша тапсырмалар жөніндегі көмекшілерді, аға прокурорлар мен басқармалардың және бөлімдердің прокурорларын қызметке Республиканың Бас прокуроры тағайындайды және қызметінен босатады. ҚР Бас прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғары буыны болып табылады және барлық прокуратура органдары мен оның мекемелеріне басшылықты жүзеге асырады. Оның ҚР Президенті ҚР Бас прокурорының ұсынуымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады. Бас прокуратурада құрамында оның төрағасы болып табылатын ҚР Бас прокуроры және мүшелері: ҚР Бас прокуроры тағайындайтын бірінші орынбасары және орын-басарлары (лауазым бойынша), басқа да прокурор кызметкерлер болатын Алка кұрылады.
ҚР Бас прокуратурасының құрылымын аға көмекшілер болып табылатын бастықтар басқаратын департаменттер, басқармалар мен бөлімдер құрайды. ҚР Бас прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі кеңесшілері мен көмекшілері болады. ҚР Бас прокуроры орынбасарларының да ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілері болады. Департаменттерде, басқармаларда және бөлімдерде аға прокурорлар және прокурорлар лауазымы көзделген. Бөлімшелердің әрқайсысы занмен белгіленген прокурорлық қадағалаудың бағыттарын ескере отырып, прокурорлық жүйенің функ-цияларынан туындайтын міндеттерді шешеді және орындайды. Бас басқарма құқығында ҚР Бас прокуратурасының құрылымына бір мезгілде ҚР Бас прокурорының орынбасары болып табылатын Бас әскери прокурор баскаратын Бас әскери прокуратура кіреді.
Департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің бастықтарын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшілер, көмекшілер, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілерді, департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорларын республика Бас проку-роры кызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Өз мәні бойынша прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің өзгеше түрі ретінде жалғыз. Бұл ҚР прокуратурасының барлық жүйесі үшін мақсаттарының бірдей, прокуратура жүйесінің бірыңғай, прокуратура қызметінің құқықтық базасының біртұтас болуына байланысты. Прокурорлық қадағалау салаларынан басқа прокуратура қызметінің басқа да бағыттары бөлінеді:
— қылмыстық, азаматтық немесе өзге де сот ісін жүргізу барасында көрсетілген Заңда белгіленген өкілеттіктерге, сондай-ақ республиканың қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу және өзге де заңнамаларына сәйкес аппеляциялық және қадағалау тәртібімен сотта мемлекеттің мүдделерін білдіреді;
— Конституцияға сәйкес [83-бап] Заңда және қылмыстық-іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
— қылмысқа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіреді;
— статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттік құкықтық статистиканы қалыптастырады;
— норма шығармашылық қызметке қатысады, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарын білдіреді.
Сонымен қатар, жаңа ҚР ҚІЖК-не сәйкес прокурор айыпталушыны сотқа тапсыруды жүзеге асырады.
