Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-ши 1-90сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332.5 Кб
Скачать

45. Некеге туру шарты және тәртібі.

Заңдык мағынасында отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жекебастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады.

Неке — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет.Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе — бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса — бұл да отбасы.Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, игілік-өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара кұрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылык өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады. Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады. Соның өзінде ата – аналарының немесе туыстарының келісімі талап етілмейді. Неке - ерлі-зайытылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.

Отбасы – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы:

Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңдары:

1)Еркек пен әйелдің некелі одағының еріктілігі;

2)Ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;

3)Отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

4)Отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу:

5)Балаларды отбасында тәрбиелуге басымдық беру, олардың өсіп-жетілуі мен әлауқатты болуына қамқорлық жасау;

6)Отбасының кәселетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру:

7)Отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;

8)Отбасының барлық мүшелерін салауатты тұмыс салтына ынталандыру принциптеріне негізделеді.

Мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылған неке ғана танылады. Некеге тұруы кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынады.

Неке отбасы заңдары;

1)неке тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;

2)отбасы мүшелерінің ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;

3)ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;

4)азаматтық тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.

5)Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдары Қазақстан республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, отбасылық құқық нормалары қамтылатын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілерінен тұрады.

Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғанышылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына томаған адамдар араындағы некеге ата-аналарының қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.Неке тұруға;

1)біреуі болса да басқа тіркелеген некеде тұрған адамдардың;2)тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата - аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата – анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы – інілі мен апалы - сіңілілердің (аға – қарындастарының);3)асырып алушылар мен асырып алғандардың;4)біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың жол берілмейді;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]