Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-ши 1-90сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332.5 Кб
Скачать

34. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.

Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.

Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады. Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады. Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да Заңды тұлғаға жатады.

Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынандай белгілері бойынша айқындайды:

1. ұйымдасқандық бірлігі;

2. мүліктік оқшаулығы;

3. Дербес мүліктік жауапкершілігі;

4. Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Заңды тұлғаны екіге бөледі:

  • Коммерциялық;

  • Коммерциялық емес.

Өз қызметінің мақсаты ретінде табысын  келтіруді  көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай  мақсат ретінде пайда  келтіре  алмайтын және  алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) заңды тұлға  бола алады.Коммерциялық  ұйым  болып  табылатын заңды тұлға мемлекеттік  кәсіпорын, шаруашылық  серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік  кооператив  нысандарында ғана  құрылуы  мүмкін.Коммециялық емес ұйым болып  табылатын заңды  тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік  қоғамдар  тұтыну кооперативі, қоғамдық  қор, діни  бірлестік нысанында және заң  құжаттарында көзделген өзге де нысанда  құрылуы мүмкін.

36. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының жарамсыздығының негіздері.

Соңғы кездерде қоғам өмірінің барлық салаларына қатысы бар көптеген өзгерістер болды. Көптен бері экономика да, құқық та өзгеріске ұшырады. Бұл екі түсінік кез келген мемлекеттің өмірімен тығыз байланыста болғандықтан, әр уақытта бірге айтылады. Экономика дүние жүзі қауымдастығының және де жеке, бөлек алынғанмемлекеттің дамуының жетекші күші бола отырып, қоғамға өз шарттарын қояды. Дегенмен де экономика үшін негіз бола алатын және осы саладағы күрделенген қарым-қатынастарды реттей алатын тірек қажет болды. Осындай тірек ретінде құқық өз міндетін атқаруда. Aзаматтық құқықта мәмілеге ерекше назар аударылады, өйткені Ол біздің өміріміздің шаруашылық саласында маңызды рөл атқарады. Заңды тұлға әр күн сайын әр түрлі құқықтық мәміле жасайды және де бұл олардың бүкіл өмірінде болып тұрады Кәсіпкерлер мен кәсіпорындар да әрекет түрлеріне қарымастан бір-бірімен мәмілеге келеді. Мәнө жайды түсінбеген адам тек сатыпалу — сату шарты ғана мәміле болады деп ойлауы мүмкін, алайда мәміленің тізімі үлкен. Мәдениет саласында да мәміле жасалынады. заматтыққұқықтыққатынастардың тууы үшін белгілі бір жағдайлар болу керек. Осындай азаматтық құқықтық қатынастардың тууының әмбебап тәсілдеріне мәмілелер жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында көрсетілгендей мәмілелер дегеніміз азаматтар мен занды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер.Мәмілелердің төмендегідей төрт белгілері бар: біріншіден,мәміле адамдардың еркін білдіретінд ерікті әрекет. Оның еріктілігі азаматтық кұқықтық қатынастарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға мақсатты түрде бағытталатындығынан көрінеді. Бұндай мақсаты жоқ әрекет — қарапайым қылықтан бұл мәміленің басты айырмашылығы;

екіншіден, мәміле, көп жағдайда, заңмен мақұлданған, құқыққа сәйкес әрекет;

үшіншіден, мәміле тек азаматтық құқықтық қатынастарды тудыруға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекет;

төртіншіден, мәміле азаматттық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдарлары азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі.

38.Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі.

Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз- құқыққа қарсы, кінәлі жеке адамның немесе заңды тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігі.

Әкімшілік құқық бұзушылық мәселелерін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс реттейді.16жасқа толған жеке адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 32 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:құқыққа қарсылығы, кінәлілігі, әкімшіліктік жазалану.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы: обьекті, субьекті, обьективтік және субьективтік жақтардан тұрады.

Әкімшілік жауаптылық- өкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның әкімшілік құқықтық нормаларда қаралған,құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі жеке адамдарға немесе заңды тұлғаларға қолдануы.

Әкімшілік жаза әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.Әкімшілік жаза түрлері:

  • Ескерту жасау.

  • Әкімшілік айыппұл салу.

  • Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей обьектісі болған заттың өтемін төлеп алып қою.

  • Әкімшілік құқық бұзушылықтың обьектісі болған затты, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу.

  • Арнаулы құқығынан айыру.

  • Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлігінен) айыру немесе қызметінің белгілі бір түріне не белгілі бір іс- әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру.

  • Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу.

  • Өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау.

  • Әкімшілік қамауға алу.Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қ.Р.- ның шегінен әкімшілік жолмен кетіру.

Әкімшілік істерді құрайтын органдар:

  • Соттар.

  • Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі коммиссиялар.

  • Ішкі істер органдары.

  • Мемлекеттік инспекциялар және тағы басқа құзырлы органдар.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған (мультимедиялық-презентация). Әкімшілік құқық бұзушылық ерікті мінез –құлық актісі – іс-қимыл болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза қолданудың фактілік негізі болып табылады(нормативті негізі – құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық белгіленеді және қолданылады). Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері: 1) қоғамдық қауіптілік — бұл іс — әрекеттің қоғамның, мемлекеттің, азамататрдың мүдделеріне зиян келтіруі, мысалы, ұсақ бұзақылық, мас күйінде көлік құралдарын басқару; 2) құқыққа қайшылық – құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді жасауы; 3) кінәлілік – бұл ерікті, саналы іс — әрекет. Кінә тұлғаның істеген ісіне және оның салдарына психикалық қатысын білдіреді. Іс-әрекетті құқық бұзушылық деп деп тану үшін оның ерік-жігерлік және саналы көрініс екендігін анықтау қажет, яғни саналы ойлайтын адамның психикалық қызметінің нәтижесі екендігін анықтау қажет; 4) жазаланушылық – бұл іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады, егерде оны істегені үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған болса; 5) жаппай өріс алуы (массовость) — бұл егерде қандайда болмасын іс-әрекетті істеудің таралуы, жаппай өріс алуы қоғамдық қатынастарға қауіп төндірсе, заң шығарушы осы қатынастарға қорғалатын мәртебе беруге мәжбүр, заңнамалық түрде мінез-құлық ережесін бекітуге және оны бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге мәжбүр болады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы — бұл әкімшілік жауапкершілікке тартатындай жеткілікті белгілердің (элементтердің) жиынтығы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы 4 элементтен тұрады. Олар: 1)Объектісі; 2)Объективтік жағы; 3)Субъектісі; 4)Субъективтік жағы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]