Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-ши 1-90сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332.5 Кб
Скачать

31 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.

Азаматтық құқық қатынасы бұл – азаматтық құқықтың нормаларымен  реттелген  іс жүзіндегі қоғамдық қатынас, олардың қатысушылары  азаматтық құқық пен міндеттемелердің заңды тұрғысынан  тең  саналады. Азаматтық құқықтық қатынастың төмендегідей ерекшеліктері бар:1.азаматтық құқықтық қатынастың субъектілерінің дербестігі,  мүліктік жалпыламалығы және  заңды теңдіктері;2.азаматтық құқықтық қатынастың тууына әкелетін негізгі заңдылық фактілер, бұл – келісім, мәмілелер;3.құқықтық қатынастың мазмұнын оның қатысушыларының дербес өздігінен анықтау мүмкіндігі;4.азаматтық құқық бұзылғанжағдайдағы басым сот тәртібі. Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері: Азаматтық құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін обьектіге қарай азаматтық-құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады:1)мүліктік қатынастар;2)мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;3) мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар;Мүліктік құқықтық қатынас қашанда материалдық жағдайға (мүлікке)  байланысты туады және  де не нақты бір тұлғадан мүлікті табумен (меншік иесі құқығы және т.б.) немесе мүліктің бір тұлғадан екінші бір тұлғаға ауысуымен (келісімшарт бойынша,  мұрагерлік тәртіпте)  байланысты.  Мүліктік құқықты қорғау үшін  тек қана мүліктік сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкін   (тұрақсыздық айыбы, зиянның орнын толтыру және т.б.). Мүліктік емес құқықтық қатынас материалдық емес жағдайға байланысты туады, олар:  ар-ұят,  намыс,  іскери бедел, шығарманың авторлығына құқық және т.б. Мұндай құқықтық қатынастарды қорғау үшін   мүліктік шаралармен қатар (моральдық шығын өтемақысы) мүліктік емес сипаттағы шаралар дақолданылады (авторлықты мойындау,  көпшілік алдында теріске шығару және т.б.).Азаматтық құқық қатынасының құрылымына мына төмендегі элементтер енеді: 1) құқықтық қатынас субъектілері; 2) құқықтық қатынас нысандар; 3) құқықтық қатынас мазмұны.Құқықтық қатынас субъектілері бұл – азаматтық құқыққа ие және нақты бір азаматтық құқықтық қатынасқа қатысумен байланысты азаматтық міндеттемелер жүктелген тұлғалар. Азаматтық құқықтық қатынас қатысушылары олардың субъектілерімен аталады. Басқа да кез-келген қоғамдық қатынастар секілді, азаматтық құқықтық қатынастар да адамдар арасында қалыптасады. Азаматтық құқықтың кез-келген  субъектілері бола алады;жеке тұлғалар;заңды тұлғалар;мемлекет;әкімшілік-аумақтық бірліктер (ҚР АК 1 бабының 1 тарауы). 

33. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері

Азаматтық құқықтың элементтерін талқылайтын болса, алдымен қатынасқа түсуші тараптары, яғни азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық жағдайына зейін салу керек. Азаматтық құқық қатынас субъектілері деп қатынасты қалыптастырушы тарапты қарастырамыз. Негізінен оларды басты үш түрге жіктеуге болады: жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және мемлекет. Азаматтық құқықтық қатынас адамдар арасында қалыптасады. Сондықтан субъект түрінде жеке индивидтер, әйтпесе белгілі бір адамдар ұйымы көрінеді. Біздің елде субъект түрінде тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, шет ел азаматтары жеке азаматтығы жоқ тұлғалар бола алады.

Сонымен, азаматтық құқық қатынас субъектілері мыналар:

  • Қазақстан азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар

  • Қазақстандық және шет елдік заңды тұлғалар

  • Қазақстан республикасы, әкімшілік-территориялық бірлестер

Азаматтық құқық қатынас объектілері. Азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық және жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған әрекеттері мен нақты азаматтық құқықты қалыптастырушы жағдайларды жатқызамыз. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]