- •Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
- •2.Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •3) Азаматтық қоғам.
- •5. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •7. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
- •8 Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері
- •Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •12) Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •13. Құқық бұзушылықтың түрлері
- •14. Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •15. Заңдық жауапкершіліктің түрлері
- •16. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы - құқық саласы ретінде.
- •17Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы
- •19. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •20 .Қазақстан Республикасының Президенті.
- •21. Қазақстан Республикасының Парламенті.
- •24. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
- •25.Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері.
- •26Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •27. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •29 .Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.
- •30) Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •31 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •33. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері
- •34. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •36. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының жарамсыздығының негіздері.
- •43. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
- •44. Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •45. Некеге туру шарты және тәртібі.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •48)Ата-ана және балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.
- •49 Алименттік қатынастар
- •50. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •51. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
- •52. Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •53. Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •1. Жалпы ережелер
- •Ішкі істер органдарының негізгі қызметі
- •56.Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57. Қр адвокатура мен нотариат.
- •60. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет
- •61. Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері.
- •63. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •64. Еңбек құқығының қағидалары. Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •66. Жеке еңбек шарты.
- •67 Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •71. Қылмыстық құқықтың ұғымы. Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •74. Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.
- •Жазаның мақсаты[өңдеу]
- •79. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •81. Табиғи ресурстаға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері
- •83.Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
- •84. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі.
- •85 Жер құқық қатынастарының түсінігі.
- •86. Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.
- •366.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
- •444. Жеке еңбек шартын тоқтату
- •555. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес
- •666. Мәмілелер ұғымы, түрлері.
- •100. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •122. Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •155. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •177. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері
- •299. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •322. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •133. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •355. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •399. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
- •411.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.
- •400. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •422. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
- •44А. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •466. Қылмысқа қатысу.
- •477. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •511. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.
- •544. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •633. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •644. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •66А. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •699. Қажетті қорғану және аса қажеттілік.
- •722. Меншік құқығы.
- •755. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •799. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.
- •899. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.
- •900.Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- •911.Қазақстан Республикасындағы салықтар жүйесі мен түрлері.
- •922. Мемлекеттің қаржылық қызметі мен қаржылық бақылау.
- •933. Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі.
- •944.Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •977. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
21. Қазақстан Республикасының Парламенті.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.
Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
24. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары
II бөлім. Адам және азамат
12-бап бойынша Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
13-бап
1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.
2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
3. Әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.
15-бап
1. Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.
16-бап
1. Әркiм өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi.
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегiн пайдалануға құқылы.
18-бап
1. Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.
19-бап
1. Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға құқығы бар.
20-бап
2. Әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып табылатын мәлiметтер тiзбесi заңмен белгiленедi.
21-бап
1. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбiр адам, заңда көрсетiлгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты мекендi өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар.
2. Әркiмнiң Республикадан тыс жерлерге кетуiне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергiсiз қайтып оралуына құқығы бар.
22-бап
1. Әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар.
23-бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығы бар. 24-бап
1. Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар.
2. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.
3. Ереуiл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгiленген тәсiлдердi қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.
4. Әркiмнiң тынығу құқығы бар.
26-бап
1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады.
2. Меншiк, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi.
4. Әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар.
29-бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
2. Республика азаматтары заңмен белгiленген кепiлдi медициналық көмектiң көлемiн тегiн алуға хақылы.
30-бап
1. Азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi.
2. Азаматтың мемлекеттiк жоғары оқу орнында конкурстық негiзде тегiн жоғары бiлiм алуға құқығы бар.
32-бап
Қазақстан Республикасының азаматтары бейбiт әрi қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер өткiзуге және тосқауылдарға тұруға хақылы.
33-бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына тiкелей өзi жүгiнуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтiнiштер жолдауға құқығы бар.
2. Республика азаматтарының мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
4. Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке кiруге тең құқығы бар
