Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-ши 1-90сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332.5 Кб
Скачать

20 .Қазақстан Республикасының Президенті.

Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, елдiң жоғары лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президентi Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан, Қазақстан халқының бiрлiгiн қамтамасыз етедi, былайша айтқанда, түрлi ұлттар арасында, әлеуметтiк топтар арасында ала ауыздық болмауына қамқорлық жасайды. Мемлекеттiк билiктiң түрлi буындарының арасында қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе қайта қарау үшiн керi қайтарады. Егер Парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол заңды өз Жарлығымен қабылдай алады. Сонымен қатар, Республика Президентiнiң заңдар жобасын қараудың басымдылығын белгiлеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл - Парламент заң жобасын енгiзiлген күннен бастап, бiр ай iшiнде қарауға міндетті екендiгін бiлдiредi. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президентi заң күшi бар жарлық қабылдай алады. IIIбөлім, Президент 40-бап Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепiлi. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. 41-бап Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жетi жыл мерзiмге сайлайды. Республика Президентi болып тумысынан республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрі Қазақстанда кемiнде он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады, көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді.

Республика Президентіне кең ауқымды өкілеттіктер берілген. Бұл өкілеттіктер Конституция мен "ҚР-ның Президенті туралы" Конституциялық заңда көрсетілген.

Осы Конституциялық заңда Қазақ­стан Республикасы Президентінің Қа­зақстан Рес­публикасының Конституция­сында, «Қазақ­стан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңда және республиканың басқа заңдарында көзделген өкілеттіктерімен қатар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зидентінің – Елбасының саяси-құқықтық мәртебесі, өзі Қазақстан Рес­публикасы Пре­зидентінің өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де Қазақстан Рес­публикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының айрықша құзыреттері мен кепілдіктері айқындалады. Қазақстан мемлекеттілігін құрудың бас­тауында тұрған және демократиялық, зай­ырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде егемен Қазақстанды дамытуға аса зор үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]