Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-ши 1-90сурак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332.5 Кб
Скачать

1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері. -83

2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері. -85,86

3. Қазақстан Республикасының кеден органдары. -333

4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.-444

5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес.-555

6. Мәмілелер ұғымы, түрлері.-666

7. Жер құқығының субектілері мен объектілері.-86

8. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.-38

9. Қылмытық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.-76

10. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.-100

11. Бюджеттік құқық негіздері.-60

12. Міндеттеме ұғымы және тараптары.-122

13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.-57

14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары.-52

15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.-155

16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.-17

17. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.-177

18. Қаржылық бақылау.-61

19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.-34

20.Сот төрелігі және оның қағидалары. -53

21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.-30

22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.-33

23. Ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.-55

24. Қазақстан Республикасының әділет органдары.-54

25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.-10

26. Қазақстан Республикасының Үкіметі.-25

27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары. Жоқ-44а

28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.-44

29. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.-299

30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.-81

31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.-79

32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.-322

33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.-15,133

34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.-16

35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.-355

36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.-366

37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.-26

38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).-5

39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.-399

40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.-400

41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.-411

42. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.-422

43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.-51

44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.-44а

45. Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздері.-36

46. Қылмысқа қатысу.-466

47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.-477

48. Субъективті құқық және заңды міндет.-12

49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.-19

50. Қазақстан Республикасының Парламенті.-21

51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.-511

52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.-50

53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.-64

54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.-544

55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.-977

56. Заңдылық түсінігі және оның негізгі белгілері мен кепілдігі. Құқықтық тәртіп.-56

57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.14

58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.-67

59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі.-66

60. Құқықтық қатынастардың құрамы.-9

61. Ата-ана және балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.-48

62. Қазақстан Республикасының Президенті.-20

63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.-633

64. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.-644

65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.-900

66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.-66а

67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.-2

68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.-63

69. Қажетті қорғану және аса қажеттілік.-699

70. Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.-1

71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.63

72. Меншік құқығы.-722

73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.-56

74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.-3

75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.-755

76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.-8

77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.-29

78. Алименттік қатынастар.-49

79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.-799

80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.-31

81. Некеге тұрудың шарттары.-45

82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары.-71

83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.-24

84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.-64

85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері.-84

86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.-27

87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.-7

88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.-47

89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.-899

90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.-43

91.Құқық бұзушылықтың түрлері – 13

92. ҚР Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері-25

93. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері-31

95. Қылмыстық ұғымы, қылмыстарды топтастыру-74

96. ҚР-дағы салықтар жүйесі мен түрлері-911

97. Мемлекеттің қаржылық қызметі мен қаржылық бақылау-922

98. Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі-933

99. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары-944

  1. Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.

Мемлекет дегеніміз - белгiлi бiр аумақ шеңберiнде халықты өз ырқына көндiрiп отыратын, бүкiл қоғам атынан iшкi және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа мiндеттi заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым. Мемлекеттің мәні дегеніміз оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі және сыртқы жақтары мен қасиеттерінің жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыпьасқан: (маркстік – лениндік) және жалпыәлеуметтік.  Мемлекеттiң белгiлерiне мыналар жатады: 1. Мемлекеттiк билiк - ерекше көпшiлiк билiгi, яғни халық билiгi. 2. Мемлекеттiң халқы әкiмшiлiк жүйеге бөлiнедi, Азаматтары шекарасы белгiленген әкiмшiлiк-территорияның аумағында тұрады. 3. Iшкi және сыртқы саясатын жүргiзуде тәуелсiз.  4. Билiк жүргiзетiн органдарының болуы. Бұл органдарда тек қана басқару қызметімен шұғылданатын адамдар болады. 5. Заң шығару құқығы болады және заңдарды мемлекеттiң аумағында тұратындардың бұлжытпай орындауы. 6. Мемлекеттiң басқару органдарының аппаратын ұстауы және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін салық жинауы. Мемлекеттiң нысаны: басқару нысаны, мемлекеттiк құрылым нысаны, саяси режим. оның жоғарғы, орталық және жергiлiктi органдарының құрылу жолдары, олардың қарым-қатынасының принциптері және оларды сайлаудың түрлері мен ерекшеліктері жатады. Мемлекеттiң басқару жолы монархия және республика деп екi түрге бөлiнедi. Монархияда жоғарғы билiк бiр адамның қолында болады және бұл билiк мұрагерлiкпен берiледi.Мысалы, оған жататындар Англия, Бельгия, Норвегия, Швеция, Жапония және Дания елдері.Мемлекеттiк құрылым нысаны: бұл - мемлекеттiң жергiлiктi әкiмшiлiкке бөлiнуi, сол бөлiмдердiң бiр-бiрiмен қатынасы және мемлекет пен бөлiмдердiң арасындағы байланыстары. Мемлекеттер осы бойынша унитарлық, федеративтiк және конфедеративтiк болып үшке бөлiнедi. Мысалы: Қазақстан Республикасы унитаралық мемлекет - оның жерi тұтас, ол бөлiнбейдi және оған қол сұғуға болмайды. Саяси режим Мемлекеттiң саяси режимiн, оның қолданатын әдiстерiнен, азаматтарды құқықтары мен бостандықтарының дамуы және кепiлдiктерi, демократиялық институттарды қолдануынан бiлуге болады. Саяси режим демократиялық, демократияға қарсы болған режимдер болып бөлiнедi. Мемлекеттiң iшкi қызметтеріне: экономикалық; әлеуметтiк; қаржы реттеу; мәдениет бағытындағы;   экологиялық;  құқықтық тәртiптi реттеу жатады. Сыртқы қызметтеріне: шет мемлекеттермен екi жақты пайдалы қарым-қатынастарды дамыту; мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту; мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру;  дүниежүзiлiк ғаламдық мәселелердi реттеп, iске асыру; мемлекеттiң қорғанысын, қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi және т. б. жатқызуға болады. Құқықтық мемлекеттiң негізгі сипаттары: Заңның үстемдiк етуi; Мемлекеттiк билiктiң бөлiнуi; Тұлға мен мемлекеттiң өзара жауаптылығы; Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәндiлiгi, олардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалатындығы; Саяси және идеологиялық плюрализмнiң болуы; Азаматтық қоғамның қалыптасуы; Iшкi заңдардың көпшiлiк таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерiне сәйкес келуi. 

Құқық - мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың екi түрлі тұсінігі болады: біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту. Құқықтың негiзгi функциялары: Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн реттеп, басқарып отыратын жалпыға бiрдей мемлекетпен қамтамасыз етiлетiн ереже - қағида. Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция. Диспозиция- қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі (ҚР Азаматтық кодексінің 482 бабы).  Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (ҚР Қылмыстық кодекстің 7-бабы). Гипотезаның жалпылама күрделі, альтернативтік түрлері бар. Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті-анық, баламалы, салыстырмалы.  

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]