- •1.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай? Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теорияларына жеке тоқталыңыз.
- •6.Заңдылық, құқықтық тәртіп және құқықбұзушылықтың түсінігі қандай және олардың құрамын талдаңыз.
- •7.Құқықтық қатынас дегеніміз не және олардың белгілері қандай? Құқықтық қатынас құрамының субъектілері мен объектілеріне тоқталыңыз.
- •8.Заңды жауапкершілік ұғымына анықтама беріңіз және заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері қандай?
- •10.Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі қандай және оның атқаратын функцияларына тоқталыңыз. Қр Президентінің өкілеттік мерзімі қандай және Президент қанша жыл мерзімге сайланады?
- •11.Қазақстан Республикасы Парламентінің түсінігін беріңіз. Жоғарғы Сенат және Мәжіліс депутаттарының атқаратын функцияларына тоқталыңыз.
- •13.Азаматтық алу үшін қандай талаптар қойылады және азаматтықтан айырылу тәртібі қандай? Бипатриттер дегеніміз кімдер? Елімізде қос азаматтылық танылады ма?
- •15.Әкімшілік құқықтың түсінігін беріңіз. Әкімшілік теріс қылық дегеніміз не? Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне қандай актілер кіреді?
- •16.Әкімшілік жауаптылықтың негізі және түрлері қандай?Әкімшілік жазаның түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •17.Азаматтық құқық пәні нені оқытады және пәннің реттеу әдістері қандай?
- •18.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •19.Мәмілелер ұғымын беріңіз және оның түрлері қандай? Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздерін талқылаңыз.
- •20.Меншік құқығы дегеніміз не? Мұрагерлік құқық түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •21.Отбасы құқығының ұғымын беріңіз, отбасы құқығының қағидалары. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі қандай?
- •23.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастар.
16.Әкімшілік жауаптылықтың негізі және түрлері қандай?Әкімшілік жазаның түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
Әкімшілік жауаптылықтың түсінігі. Әкімшілік жаза түсінігі мен түрлері. Әкімшілік жауаптылық — заңдық жауаптылыктың ерекше түрі, ол өкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардын әкімшілік кұкық бұзушылык (теріс қылык) жасаған адамдарға әкімшілік жазалар қолдануынан көрінісін табады. Жалпы зан жауаптьшықка тән белгілер әкімшілік құқықта да бар.Сонымен бірге заңдық жауаптылықтың жалпы белгілері заңдарда әкімшілік жауаптылықка сәйкестендіріле ерекше түрде икемделінеді және де жауаптылықтың нак осы түріне сипатты белгілер бекітіледі. Әкімшілік жауаптылықтьң негізгі ерекшеліктері тұғысынан алғанда мыналарға саяды: 1. Әкімшілік жауаптылык заңмен де, заңға тәуелді актілермен де, немесе олардың әкімшілік құкық бұзушылык туралы нормаларымен тағайындалады, яғни оның өзінің нормативтік- кұкықтық негізі бар. 2.. Әкімшілік жауаптылыктың негізіне әкімшілік кұкык бұзушьлық жатады. 3. Әкімшілік жауаптылыктың субъектілері адамдар да, үжымдық құрылымдар да болуы мүмкін. 4. Әкімшілік құкық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қаралған. 5. Әкімшілік жазаларды өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың үлкен тобы: атқарушы биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, олардың лауазымды адамдары, сондай-ак соттар (судьялар) қолданады. 6. Органдар мен лауазымды адамдар әкімшілік жазаларды өздеріне қызметіне жұмыс жөнінөн бағынышты емес адамдарға — құқык бұзушыларға қолданады. Осы белгі бойынша әкімшілік жауаптылық жоғары тұрған органның, лауазымды адамның негізінен бағыныштылық жолымен жұмыскерлер мен кызметшілерге қолданатын тәртіптік шаралардан ерекшеленеді. Белгіленген жағдайларда осындай тәртіппен материалдық жа-уаптылық шаралары (әкімшіліктің жұмыскерге өзі жұмыс істеп жүрген жеріне келтірген зияны үшін және т.б.) колданылуы да мүмкін. 7. Әкімшілік жаза қоддану сотталган болып табылмайды және жумыстан шыгаруга жатпайды. Жазаға тартылған адам тағайындалған мерзім өткенше әкімшілік жазасы бар адам болып саналады. 8. Әкімшілік жауаптылықтың шаралары әкімшілік қуқық бузушылық туралы істерді жургізуді реттейтін зандарға сәйкес колданылады. Сонымен, әкімшілік жауаптылықтың басқа түрлерінен айыратын біраз ерекшеліктері бар. Әкімшілік жауаптылыктың негізгі ерекшелігі, оның негізіне әкімшілік құқық бұзушылық, ал шараларына — әкімшілік жазалар жатады.Кінәлілер күқық бұзушылық жасаған уакыты мен орны бойынша күші бар зандар негізінде әкімшілік жауаптылыкка тартылады.Әкімшілк құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе жоятын актілердің кері күші болады, яғни осы актілер шыққанға дейінгі жасалған құқык бұзушылықтарға да таратылады. Әкімшшк құқық бұзушылықтар үшін жауаптылык тағайындайтын немесе ауырлататын актілердін кері күші болмайды. Қазіргі кезде әкімшілік құкық бұзушылық туралы зандардың: а) адамдарға; б) ұжымдық құрылымдарға-кәсіпорындарға, мекемелерге және баска ұйымдарға қодданылатын екі тармағы белгілі болып отыр. Әкімшілік жаза — әкімшілік кұқық бұзғаны үшін жауаптылық шарасы. Ол: а) әкімшілік құкық бұзушылық жасаған адамды зандарды сақтау және құқықтық тәртіпті қүрметтеу рухында тәрбиелеу;б) құкык бұзушьшың да, баска адамдардың да жаңа құкық бұзушылық жасауының алдын алу максатында қолданылады . Әкімшілік жазалар белгілі межеде қылмыстың алдын алу функциясын орындайды. ӘПБтК-тін 23-бабында мынадай әкімшілік жазалар белгіленіп, бекітілген: 1) ескерту; 2) затты құнын өтеп алып қою; 4) затты тәркілеу; 5) арнайы кұкығынан айыру; 6) әкімшілік камауға алу; 7) кәсіпкерлік қызметке қадағалау тағайындау; 8) белгілі бір қызмет түрінін лицензиясынан (патентінен) айыру.
