- •1.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай? Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теорияларына жеке тоқталыңыз.
- •6.Заңдылық, құқықтық тәртіп және құқықбұзушылықтың түсінігі қандай және олардың құрамын талдаңыз.
- •7.Құқықтық қатынас дегеніміз не және олардың белгілері қандай? Құқықтық қатынас құрамының субъектілері мен объектілеріне тоқталыңыз.
- •8.Заңды жауапкершілік ұғымына анықтама беріңіз және заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері қандай?
- •10.Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі қандай және оның атқаратын функцияларына тоқталыңыз. Қр Президентінің өкілеттік мерзімі қандай және Президент қанша жыл мерзімге сайланады?
- •11.Қазақстан Республикасы Парламентінің түсінігін беріңіз. Жоғарғы Сенат және Мәжіліс депутаттарының атқаратын функцияларына тоқталыңыз.
- •13.Азаматтық алу үшін қандай талаптар қойылады және азаматтықтан айырылу тәртібі қандай? Бипатриттер дегеніміз кімдер? Елімізде қос азаматтылық танылады ма?
- •15.Әкімшілік құқықтың түсінігін беріңіз. Әкімшілік теріс қылық дегеніміз не? Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне қандай актілер кіреді?
- •16.Әкімшілік жауаптылықтың негізі және түрлері қандай?Әкімшілік жазаның түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •17.Азаматтық құқық пәні нені оқытады және пәннің реттеу әдістері қандай?
- •18.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •19.Мәмілелер ұғымын беріңіз және оның түрлері қандай? Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздерін талқылаңыз.
- •20.Меншік құқығы дегеніміз не? Мұрагерлік құқық түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •21.Отбасы құқығының ұғымын беріңіз, отбасы құқығының қағидалары. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі қандай?
- •23.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастар.
15.Әкімшілік құқықтың түсінігін беріңіз. Әкімшілік теріс қылық дегеніміз не? Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне қандай актілер кіреді?
Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні — бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар. Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты; 2) Басқаруда атқарушы билік органдарының әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын; 3) Әкімшілік құқықбұзушылықтарды істегені үшін туындайтын;Әкімшілік құқық үшін тән құқықтық реттеу әдістері:1) Билік әдісі – бағындыру, немесе тура бұйыру әдісі ( қатынастар әкімшілік құқықтың шегінде біреуінің екіншісіне бағынуына тұрғызылады); 2) Ұсыну әдісі (басқару субъектісінің ұсыныстары егер де оны басқару екінші қатысушысы қабылдаған жағдайда заңды күшке ие болады) 3) Келісу әдісі (өзара бағыныштылықта болмайтын қатысушылар арасында) 4) Теңдік әдісі (мемлекеттік механизмнің бір деңгейінде тұратын субъектілер әкімшілік келісімшарт түрінде бірлескен әрекеттерді қабылдайды) Әкімшілік құқықтың жүйесі — бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар – құқықты қинститутта рбойынша бөлінген құқық нормаларының ғылыми – ұйымдастырылған жиынтығы – бір тұтас нормативті құрылым.Әкімшілі кқұқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің мінез – құлық ережелері көрсетілген және бекітілген мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдаған нысандар.Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет: 1) Субъектілердің белгілі бір категориялары орындау үшін міндетті бір немесе бірнеше мінез – құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет.2) Осындай болуы үшін мемлекеттік билікресми түрде мақұлдауы қажет.Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы — әкімшілік құқық бірыңғай жүйенің құрамды бөлігі бола отырып құқық салаларының барлығымен өте тығыз байланысты.ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған (мультимедиялық-презентация).Әкімшілік құқық бұзушылық ерікті мінез –құлық актісі – іс-қимыл болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғағаәкімшілік жаза қолданудың фактілік негізі болып табылады(нормативті негізі – құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық белгіленеді және қолданылады).
