- •1.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай? Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теорияларына жеке тоқталыңыз.
- •6.Заңдылық, құқықтық тәртіп және құқықбұзушылықтың түсінігі қандай және олардың құрамын талдаңыз.
- •7.Құқықтық қатынас дегеніміз не және олардың белгілері қандай? Құқықтық қатынас құрамының субъектілері мен объектілеріне тоқталыңыз.
- •8.Заңды жауапкершілік ұғымына анықтама беріңіз және заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері қандай?
- •10.Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі қандай және оның атқаратын функцияларына тоқталыңыз. Қр Президентінің өкілеттік мерзімі қандай және Президент қанша жыл мерзімге сайланады?
- •11.Қазақстан Республикасы Парламентінің түсінігін беріңіз. Жоғарғы Сенат және Мәжіліс депутаттарының атқаратын функцияларына тоқталыңыз.
- •13.Азаматтық алу үшін қандай талаптар қойылады және азаматтықтан айырылу тәртібі қандай? Бипатриттер дегеніміз кімдер? Елімізде қос азаматтылық танылады ма?
- •15.Әкімшілік құқықтың түсінігін беріңіз. Әкімшілік теріс қылық дегеніміз не? Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне қандай актілер кіреді?
- •16.Әкімшілік жауаптылықтың негізі және түрлері қандай?Әкімшілік жазаның түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •17.Азаматтық құқық пәні нені оқытады және пәннің реттеу әдістері қандай?
- •18.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •19.Мәмілелер ұғымын беріңіз және оның түрлері қандай? Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздерін талқылаңыз.
- •20.Меншік құқығы дегеніміз не? Мұрагерлік құқық түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •21.Отбасы құқығының ұғымын беріңіз, отбасы құқығының қағидалары. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі қандай?
- •23.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастар.
8.Заңды жауапкершілік ұғымына анықтама беріңіз және заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері қандай?
Заңды Жауапкершілік – заңды тұлғаны немесе жеке тұлғаны кейбір әрекеттерді орындауға немесе оларды орындаудан қалыс қалуға заңмен мәжбүрлеу шарасы.
Заңды жауапкершілік бірнеше түрге бөлінеді:
Тәртіптік жауапкершілік – еңбек тәртібін бұзушыларға ықпал жасау нысаны‚ ол бойынша қызметкер жұмыс істейтін фирма әкімшілігі оған еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жаза (ескерту‚ сөгіс‚ қызметтен төмендету‚ жұмыстан босату‚ тағы басқалар) қолдануға құқылы;
Әкімшілік жаза – азаматтар мен лауазымды адамдардың қызмет бабында әкімшілік құқық бұзғаны үшін оларға ықпал жасау нысаны‚ ол бойынша ескерту жасау‚ айыппұл төлету‚ тәркілеу, кейбір құқықтарынан (басқару‚ аң аулау‚ тағы басқалар) айыру‚ еңбекпен түзеу жұмысына жіберу‚ әкімшілік қамауға алу‚ шетелдік азаматты әкімшілік жолмен елден қуу, тағы басқалар шаралар қолданылады;
Азаматтық құқықтық жаза – экономикалық шарттарды‚ мәмілелерді‚ тағы басқалар бұзғаны‚ экономика жағынан тиімсіз мүліктік сипаттағы зардаптарға апарып соқтыратын басқа да жолсыздықтар жасағаны үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға ықпал ету нысаны, ол бойынша залалдардың‚ алынбаған табыстың орнын толтыру‚ айыппұл төлету‚ тұрақсыздық айыбын төлету‚ тағы басқалар шаралар қолданылады;
Қылмыстық жаза – қылмыс жасағаны үшін‚ кәмелетке толмағандарды қылмысқа баулығаны үшін‚ басқа жеке тұлғаларға‚ заңды тұлғаларға‚ конституциялық құқықтар мен бостандықтарға‚ мемлекетке қастандық жасағаны және қастандық жасауға ортақтасқаны‚ тағы басқалар үшін азаматтарға ықпал жасау нысаны‚ ол бойынша айыппұл төлету‚ лауазымды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыру‚ қоғамдық жұмыстарға тарту‚ еңбекпен түзеу жұмыстарына жіберу‚ бас бостандығын шектеу‚ қамауға алу‚ бас бостандығынан айыру‚ өлім жазасы, тағы басқалар қолданылады.
Құқықтық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің кейбір ерекшеліктері ақшалай міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілікпен сипатталады. Бұл жауапкершілік борышқор ақша сомасы проценттік құқыққа сыйымсыз пайдаланған кезде туындайды. Басқаберудің ақшалай қаражатын құқыққа сыйымсыз пайдалану үшін әр түрлі себептер болуы мүмкін: борышқордың ақша сомасын қайтару мерзімі келген кезді өткізіп жіберу; ақша қаражатын басқа біреудің есебінен пайдалану немесе сақтау. Процент мөлшері несие берушінің тұрғылықты жеріндегі ақшалай міндеттемені орындалатын күнгі банкілік проценттің есеп ставкасымен беріледі. Сот тәртібінде қарызды өндіру кезінде сот несие берушінің талабын қанағаттандыра отырып, талап қойған күнгі немесе шешім шыққан күнгі процент мөлшерін қолдану мүмкін. Бұл ереже егер заңмен немесе шартпен проценттің басқа мөлшері белгіленбеген кезде қолданылады.
9.Қазақстан Республикасының Ата Заңы - Конституцияға жалпы сипаттама беріңіз. 1993 ж. және 1995 ж. қабылданған Конситицияның айырмашылықтары мен ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз. Конституциясына қанша рет толықтырулар мен өзгертулер енгізілді, осының салдарын түсіндіріңіз.
ҚР Конституциясына қанша рет толықтырулар мен өзгертулер енгізілді, осының салдарын түсіндіріңіз. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының ата заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдумнегізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын. Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз. Құқық ғылымында құқықтың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл орайда құқықтың бастаулары ретінде құқық нормалары көрініс беретін нысандар ұғынылады. Құқықтық нормалар нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. Қазақстан Республикасы Конституциясында құқық бастауларын анықтауға қатысты бірқатар ерекше белгілері бар. Біріншіден, Конституцияда құқық бастаулары аталады. «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттың және өзге де Республиканың міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» (Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағы). Конституциялық құқықтың қайнар көздерінің қатарына мемлекеттік мағынадағы нормаларды бекітетін конституциялық заңдар кіреді. Конституциялық заңдардың өзіндік ерекшелігі - олар Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. Конституциялық құқықтың қайнар көздеріне ҚР Парламентімен қабылданған жай заңдар да жатады. Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Регламенті, Сенатының Регламенті, Парламенттің Регламенттері де конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жатады. ҚР Конституциялық құқығының қайнар көздеріне ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары да жатады: конституциялық заңдық күші бар жарлықтары, әдеттегі заң күші бар жарлықтары, заңға сәйкес нормативтік жарлықтар. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының ата заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды. 1998 және 2007 жылдары Конституцияға елеулі өзгерістер енгізілді.
Конституциялық Кеңестің қайта қаралған қаулыларының бәрі осыдан бұрын Негізгі Заңның күші жойылған немесе өзгертілген нормалары негізінде қабылданған болатын. Бұл қаулыларда болған құқықтық позициялар қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне және қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға салынатын тыйымды алып тастауды, Парламенттің өкілеттігін, оның депутаттарының құқықтық мәртебесін, Үкіметті және өзге де мемлекеттік органдарды құру тәртібін өзгертуді көздейтін конституциялық новеллаларға сәйкес келмейтін. Конституциялық Кеңестің өз актілерін қайта қарауға бағытталған шешімдері мемлекеттік институттардың мән-мағынасын, мемлекеттік билік пен мемлекет функцияларының мақсатын, сондай-ақ оның азаматтық қоғаммен өзара іс-әрекеттесуі принциптерін тұжырымдамалы түрде жаңаша байыптауға жол ашады, олар, қажет болғанда, конституциялық реформа нәтижелерін ескере отырып қайтадан түсіндірілуі мүмкін.
2007 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің бұдан бұрынғы жолдауы оқылған күннен бері Конституциялық Кеңес Республика Парламенті депутаттарының және соттарының өтініштері бойынша басқа да, солардың ішінде, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-III Қазақстан Республикасының Заңы қабылдануына байланысты, нормативтік қаулылар қабылдады.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын ресми түсіндіру туралы» 2007 жылғы 18 маусымдағы № 7 нормативтік қаулыда Конституциялық Кеңес, Парламенттің және оның Палаталарының жаңа конституциялық өкілеттіктері үшінші сайланған Парламент Мәжілісінің өкілеттік мерзімі аяқталған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі, Парламенттің немесе Парламент Мәжілісінің конституциялық өкілеттік мерзімі аяқталған кезде де, Республика Президенті оны таратып жіберген жағдайда өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде де осылай істеу мүмкін болады, деп атап көрсетті.
Елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі көбінесе қолданыстағы заңдардың сапасы мен ұлттық нормативтік-құқықтық базаның тұрақтылығына байланысты болып келеді. Конституциялық бақылау материалдары, кейбір заңдардың тиісті түрде тұжырымдамалық дайындықсыз қабылданатынын, бір-біріне қайшы келіп жататынын, ал оларға негізсіз жиі енгізілетін түзетулер қолданыстағы заңнама мен құқық қолдану практикасының тұрақсыздығын туындататынын айғақтайды.
