- •1.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай? Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теорияларына жеке тоқталыңыз.
- •6.Заңдылық, құқықтық тәртіп және құқықбұзушылықтың түсінігі қандай және олардың құрамын талдаңыз.
- •7.Құқықтық қатынас дегеніміз не және олардың белгілері қандай? Құқықтық қатынас құрамының субъектілері мен объектілеріне тоқталыңыз.
- •8.Заңды жауапкершілік ұғымына анықтама беріңіз және заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері қандай?
- •10.Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі қандай және оның атқаратын функцияларына тоқталыңыз. Қр Президентінің өкілеттік мерзімі қандай және Президент қанша жыл мерзімге сайланады?
- •11.Қазақстан Республикасы Парламентінің түсінігін беріңіз. Жоғарғы Сенат және Мәжіліс депутаттарының атқаратын функцияларына тоқталыңыз.
- •13.Азаматтық алу үшін қандай талаптар қойылады және азаматтықтан айырылу тәртібі қандай? Бипатриттер дегеніміз кімдер? Елімізде қос азаматтылық танылады ма?
- •15.Әкімшілік құқықтың түсінігін беріңіз. Әкімшілік теріс қылық дегеніміз не? Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне қандай актілер кіреді?
- •16.Әкімшілік жауаптылықтың негізі және түрлері қандай?Әкімшілік жазаның түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •17.Азаматтық құқық пәні нені оқытады және пәннің реттеу әдістері қандай?
- •18.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •19.Мәмілелер ұғымын беріңіз және оның түрлері қандай? Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздерін талқылаңыз.
- •20.Меншік құқығы дегеніміз не? Мұрагерлік құқық түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •21.Отбасы құқығының ұғымын беріңіз, отбасы құқығының қағидалары. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі қандай?
- •23.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастар.
1. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай? Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теорияларына жеке тоқталыңыз |
2. Мемлекет ұғымына тоқталыңыз және мемлекеттің мәні мен белгілері, нысандары қандай? Мемлекеттің атқаратын қызметтерін атаңыз. Құқықтық мемлекет ұғымына анықтама беріңіз. ҚР Конституциясының 1-бабын талқылаңыз. Азаматтық қоғамның сипаттамасын беріңіз. |
3. Құқықтың түсінігіне анықтама беріңіз және оның белгілері қандай? Құқықтың қайнар көздері мен құқық нормасына талдау жасаңыз. Құқықтың қайнар көзі ретінде - нормативтік құқықтық актілерге тоқталыңыз. Негізгі және туынды актілерге жеке тұсіндірме беріңіз |
4. Мемлекет нысаны дегеніміз не және оның түрлеріне (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим) тоқталып, мысал келтіріңіз. Авторитарлық және тоталитарлық режимге тоқталып, салыстырмалы талдау жасаңыз. |
5. Мемлекеттік билік жүйесі мен оның түрлеріне сипаттама беріңіз. Республикамызда билік тармақтары қалай бөлінеді? Биліктің бір тармағы - сот билігіне тоқталыңыз |
6. Заңдылық, құқықтық тәртіп және құқықбұзушылықтың түсінігі қандай және олардың құрамын талдаңыз |
7. Құқықтық қатынас дегеніміз не және олардың белгілері қандай? Құқықтық қатынас құрамының субъектілері мен объектілеріне тоқталыңыз |
8. Заңды жауапкершілік ұғымына анықтама беріңіз және заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері қандай? |
9. Қазақстан Республикасының Ата Заңы - Конституцияға жалпы сипаттама беріңіз. 1993 ж. және 1995 ж. қабылданған Конситицияның айырмашылықтары мен ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз. ҚР Конституциясына қанша рет толықтырулар мен өзгертулер енгізілді, осының салдарын түсіндіріңіз. |
10. Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі қандай және оның атқаратын функцияларына тоқталыңыз. ҚР Президентінің өкілеттік мерзімі қандай және Президент қанша жыл мерзімге сайланады? |
11. Қазақстан Республикасы Парламентінің түсінігін беріңіз. Жоғарғы Сенат және Мәжіліс депутаттарының атқаратын функцияларына тоқталыңыз. |
12. Мемлекеттік қызмет ұғымына тоқталыңыз. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі қалай анықталады? |
13. Азаматтық алу үшін қандай талаптар қойылады және азаматтықтан айырылу тәртібі қандай? Бипатриттер дегеніміз кімдер? Елімізде қос азаматтылық танылады ма? |
14. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының айырмашылығы қандай? Олардың атқаратын міндеттері сәйкес пе? Осы екі органның құзыреті Конституцияда қалай көрсетілген? |
15. Әкімшілік құқықтың түсінігін беріңіз. Әкімшілік теріс қылық дегеніміз не? Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне қандай актілер кіреді? |
16. Әкімшілік жауаптылықтың негізі және түрлері қандай? Әкімшілік жазаның түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай? |
17. Азаматтық құқық пәні нені оқытады және пәннің реттеу әдістері қандай? |
18. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай? |
19. Мәмілелер ұғымын беріңіз және оның түрлері қандай? Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздерін талқылаңыз |
20. Меншік құқығы дегеніміз не? Мұрагерлік құқық түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай? |
21. Отбасы құқығының ұғымын беріңіз, отбасы құқығының қағидалары. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі қандай? |
22. Ата-ана және балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері |
23. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастар |
1.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай? Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теорияларына жеке тоқталыңыз.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтiк даму процестерi бiр-бiрiмен тығыз байланыста өзгерiп, жаңарып отырды. Малшылық пен егiншiлiк қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмiрге келiп, адамның тәжрибесi өсiп молайды. қоғамдық еңбек төрт күрделi тарауға бөлiндi: малшылық, жер игеру, өндiрiстiк және саудагерлер тобы. Бұның бәрi еңбектiң өнiмдiлiгiн арттырды, қоғамның шығысынан кiрiсiн асырды. Сөйтiп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетiн топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерiстер әлеуметтiк қайшылықтарды өмiрге әкелдi. Олар төмендегi негiзгi обьективтiк заңдардың - қосымша өнiмнiң пайда болуы; жеке меншiктiң қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестiң басталуы - әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшiн өмiрге мемлекет пен құқық келдi.
Мемлекеттiң дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң, жеке меншiктiң пайда болуы нәтижесiнде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлiнуiнiң туындысы. Мемлекет жария үкiметтiң пайда болуы мен iс-әрекетiнiң нәтижесi ретiнде қалыптасатын, қоғам өмiрiн ұйымдастырудың нысаны мен оның негiзгi салаларына басшылық ететiн, қажеттi жағдайларда мемлекеттiң күш-қуатына үйренетiн басқару жүйесi.
Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмiр сүруiнiң негiзгi обьективтiк заңдылықтарының бiрi. Ол - әлеуметтiк нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, дiни нормалары) қоғамның даму процесiнде бiрте-бiрте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттiң өзi қабылдаған, бекiткен құқықтың жаңа түрлерi пайда болды: заң, заңға тәуелдi кесiмдер, шарттық нормалар, заң күшi бар соттың шешiмдерi.Құқық екi жолмен дамыды. Бiрiншiден, мемлекеттiк қоғамдық меншiктi реттеу моралдық - дiни нормаларға сүйендi. Мысалы, Индияда Ману заңы, мұсылман елдерiнде Құран заңы. Екiншiден, жеке меншiк бағытындағы қатынастарды мемлекеттiк органның өзi бекiткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.Адам қоғамы мыңдаған жыл өмiр сүрiп келедi.
2.Мемлекет ұғымына тоқталыңыз және мемлекеттің мәні мен белгілері, нысандары қандай? Мемлекеттің атқаратын қызметтерін атаңыз. Құқықтық мемлекет ұғымына анықтама беріңіз. ҚР Конституциясының 1-бабын талқылаңыз. Азаматтық қоғамның сипаттамасын беріңіз.
Мемлекет дегеніміз - белгiлi бiр аумақ шеңберiнде халықты өз ырқына көндiрiп отыратын, бүкiл қоғам атынан iшкi және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа мiндеттi заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым. Мемлекеттің мәні дегеніміз оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі және сыртқы жақтары мен қасиеттерінің жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыпьасқан: (маркстік – лениндік) және жалпыәлеуметтік. Мемлекеттiң белгiлерiне мыналар жатады: 1. Мемлекеттiк билiк - ерекше көпшiлiк билiгi, яғни халық билiгi. 2. Мемлекеттiң халқы әкiмшiлiк жүйеге бөлiнедi, Азаматтары шекарасы белгiленген әкiмшiлiк-территорияның аумағында тұрады. 3. Iшкi және сыртқы саясатын жүргiзуде тәуелсiз. 4. Билiк жүргiзетiн органдарының болуы. Бұл органдарда тек қана басқару қызметімен шұғылданатын адамдар болады. 5. Заң шығару құқығы болады және заңдарды мемлекеттiң аумағында тұратындардың бұлжытпай орындауы. 6. Мемлекеттiң басқару органдарының аппаратын ұстауы және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін салық жинауы. Мемлекеттiң нысаны: басқару нысаны, мемлекеттiк құрылым нысаны, саяси режим. оның жоғарғы, орталық және жергiлiктi органдарының құрылу жолдары, олардың қарым-қатынасының принциптері және оларды сайлаудың түрлері мен ерекшеліктері жатады. Мемлекеттiң басқару жолы монархия және республика деп екi түрге бөлiнедi. Монархияда жоғарғы билiк бiр адамның қолында болады және бұл билiк мұрагерлiкпен берiледi. Мысалы, оған жататындар Англия, Бельгия, Норвегия, Швеция, Жапония және Дания елдері. Мемлекеттiк құрылым нысаны: бұл - мемлекеттiң жергiлiктi әкiмшiлiкке бөлiнуi, сол бөлiмдердiң бiр-бiрiмен қатынасы және мемлекет пен бөлiмдердiң арасындағы байланыстары. Мемлекеттер осы бойынша унитарлық, федеративтiк және конфедеративтiк болып үшке бөлiнедi. Мысалы: Қазақстан Республикасы унитаралық мемлекет - оның жерi тұтас, ол бөлiнбейдi және оған қол сұғуға болмайды. Саяси режим Мемлекеттiң саяси режимiн, оның қолданатын әдiстерiнен, азаматтарды құқықтары мен бостандықтарының дамуы және кепiлдiктерi, демократиялық институттарды қолдануынан бiлуге болады. Саяси режим демократиялық, демократияға қарсы болған режимдер болып бөлiнедi. Мемлекеттiң iшкi қызметтеріне: экономикалық; әлеуметтiк; қаржы реттеу; мәдениет бағытындағы; экологиялық; құқықтық тәртiптi реттеу жатады. Сыртқы қызметтеріне: шет мемлекеттермен екi жақты пайдалы қарым-қатынастарды дамыту; мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту; мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру; дүниежүзiлiк ғаламдық мәселелердi реттеп, iске асыру; мемлекеттiң қорғанысын, қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi және т. б. жатқызуға болады. Құқықтық мемлекеттiң негізгі сипаттары: Заңның үстемдiк етуi; Мемлекеттiк билiктiң бөлiнуi; Тұлға мен мемлекеттiң өзара жауаптылығы; Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәндiлiгi, олардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалатындығы; Саяси және идеологиялық плюрализмнiң болуы; Азаматтық қоғамның қалыптасуы; Iшкi заңдардың көпшiлiк таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерiне сәйкес келуi. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Азаматтық қоғамға отбасы, кооперациялар, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық, т.с.с. бірлестіктер жатады. Мұнда әрбір адамға саяси, экономикалық, рухани өмірінің түрін еркін таңдауына кепілдік береді. Адамның құқықтары қорғалады. Азаматтық қоғамда әр адамның өз еркімен әр түрлі меншік түрі таңдауына, белсенді еңбек етуіне жол ашылады. Құқықтық мемлекет деп – демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Заңдар халықтың еркіндігін білдіреді. Мұнда мемлекет те халық та екі жақты өзара жауаптылықта болады. Мұнда қысым мүлде болмайды, оларға жол берілмейді. Адам құқығы билік дәрежеде сақталады. Құқықтық мемлекет белгілері:
Үкіметті заң шығарушы, атқарушы, сот жүйесі арқылы жіктеу;
Мемлекеттің өзі және органдары заңға байланысты;
Мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың қызметтері мен өкіметтігін шектеу;
Заңның қоғам өмірінің барлық саласында жоғары тұруы;
Заңдылықты сақтауды қадағалау мен бақылаудың тиімді формаларының болуы;
Мемлекет пен жеке адамның өзара қатар жауапкершілігінің болуы.
1-бап
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. 2. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
3.Құқықтың түсінігіне анықтама беріңіз және оның белгілері қандай? Құқықтың қайнар көздері мен құқық нормасына талдау жасаңыз. Құқықтың қайнар көзі ретінде - нормативтік құқықтық актілерге тоқталыңыз. Негізгі және туынды актілерге жеке тұсіндірме беріңіз.
Құқықтың түсінігі мен белгілері. Құқықтың қайнар көздері және құқық нормасы мазмұны. Құқық - мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың екi түрлі тұсінігі болады: біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту. Құқықтың негiзгi функциялары: Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн реттеп, басқарып отыратын жалпыға бiрдей мемлекетпен қамтамасыз етiлетiн ереже - қағида. Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция. Диспозиция- қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі (ҚР Азаматтық кодексінің 482 бабы). Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (ҚР Қылмыстық кодекстің 7-бабы). Гипотезаның жалпылама күрделі, альтернативтік түрлері бар. Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті-анық, баламалы, салыстырмалы.
Құқық нормасы (ағыл rule of law; нем Rechtnorm f ;лат norma - улгі) - Құқықтың білдірілу нысаны; қоғамдық қатынас саласындағы сол немесе басқа да мемлекетпен рұқсат етілген жалпы сипаттағы (заң, жарлық, қаулы) міндетті тәртіп.
Біртекті қатынастарды реттеп, құқық саласын құрайтын (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық және т.б.) құқық нормасының жиынтығы.
Құқық нормалары жалпыға міндетті күшке ие, жауапкершілікті бұзған жағдайда, субъектілерге заңдық құқықтар мен міндеттерді беруді қарастырады
Құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен байланысты. Нормативтік құқықтық акт — референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып табылады.
Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді.
1.Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
7) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
2. Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:
1) регламент — қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;
2) ереже — қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
3) қағида — қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
4) нұсқаулық — заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт.
Қазақстан Республикасының заңда рын да туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін.
5. Туынды түрлердегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрлердегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен бір тұтастық құрайды.
6. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының және т.б. нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ.
7. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілернормативтік құқықтық актілер болып табылмайды
4.Мемлекет нысаны дегеніміз не және оның түрлеріне (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим) тоқталып, мысал келтіріңіз. Авторитарлық және тоталитарлық режимге тоқталып, салыстырмалы талдау жасаңыз.
Мемлекеттің нысаны, оның мәні мен мазмұнының тікелей көрсеткіші болып табылады. Мемлекеттің мәні мен мазмұны қандай, оның нысаны да, сондай болады. Мемлекетті мән тұрғысынан зерттеу қоғамдағы қандай топтың, таптың мүддесін білдіруі мен қорғауын анықтауға болады. Мемлекетті мазмұны тұрғысынан қарастыру, оның қалай және қандай бағытта қызмет етуін анықтауға болады. Мемлекетті нысан тұрғысынан зерттеу, оның құрылымын негізгі құрамдас бөліктерін, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың негізгі әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Егер аумақ, тұрғындар, мемлекеттің мазмұндық сипаттамасын білдірсе, онда мемлекеттің нысаны, оның құрылымдық бөліктерін құру әдісін білдіреді. Мемлекеттің мәні мен мазмұны сияқты, оның нысаны әртүрлі әлеуметтік – экономикалық, саяси, тарихи, идеологиялық факторлардың әсерінен өзгеріп отырады.Мемлекеттің нысаны – бұл оның құрылысы, оған әлеуметтік-экономикалық факторлар, табиғи, климаттық жағдай, қоғамның ұлттық-тарихы және діни ерекшеліктер, мәдени даму деңгейі әсер етеді. Қазіргі кезде мемлекеттің нысанын үшке бөледі:- мемлекеттің басқару нысаны - бұл жоғары және жергілікті мемлекеттік органдарды ұйымдастыруды және олардың арақатынас тәртібін білдіретін мемлекеттік билікті ұйымдастырудың әдісі.; - мемлекеттің құрылым нысаны - бұл мемлекеттің ұлттық және әкімшілік-аумақтық құрылымын, құрылымдық бөліктері арасындағы арақатынасын, жоғарғы және жергілікті органдардың мемлекеттік билік арасындағы арақатынасты білдіретін мемлекеттік нысанының бір бөлігі;- мемлекеттің саяси режим - бұл саяси биліті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жүйесі. онымен, мемлекет нысаны – бұл мемлекеттің басқару нысанын, құрылым нысанын және саяси режимдерді қамтитын саяси билікті ұйымдастырудың тәсілі.Мемлекеттің басқару нысаны – бұл жоғары және жергілікті мемлекеттік органдарды ұйымдастыруды және олардың арақатынас тәртібін білдіретін мемлекеттік билікті ұйымдастырудың әдісі. Мемлекеттік басқару нысаны билікті бір адам немесе сайланбалы алқалы субъектілердің жүзеге асыруына байланысты екіге бөлінеді:монархия; республика.
5. Мемлекеттік билік жүйесі мен оның түрлеріне сипаттама беріңіз. Республикамызда билік тармақтары қалай бөлінеді? Биліктің бір тармағы - сот билігіне тоқталыңызҚазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.Бүгінгі күннің басты талабының бірі – мемлекеттік органдардың , билікбасындағылардың мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу, сол арқылы қарамағындағыларды заңбұзушылықтан сақтандырып отыруы.Заң ғылымы жүйесінде «Мемлекеттік органдар қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары» зерттеу тақырыбы - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, жақсы, үлгілі мемлекет болу үшін жақсы басқару жүйесінің болу керектігі идеясы ертеден келеді (Аристотель, Платон, т.б.). Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын ұстанған. Ал құқықтық мемлекеттемемлекеттік органдарға жоғары талап қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.
Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.
Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.
Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.
Мемлекеттік механизм деген – мемлекеттік органдардың мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы – халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің бірлігі, т.б. қағидалар.
Мемлекеттік органдарды ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары, сөз талас қағида саны бойынша да жүргізіліп жатыр. Тербеліс омплитудасы мұнда өте үлкен. Ю.М.Козлов еңбектерінде тек үш қағиданы-федерализм, заңдылық, орталықтандыру және орталықсыздандыру айтса, Б.П.Елисеев он екісін айтты: федерализм, жүйелілік (төмен тұрған органдардың жоғары тұрған билікке бағынуы); орталықтандыру, орталықсыздандыру; өкілеттіліктері мен қызметтерін дифференциациялау және белгілеу; кәсібилік пен құзыреттілік; заңдылық; жариялылық; қызметтер мен белгіленген өкілеттіктерді бір бөліктің (жүйенің) оның басқа бөлігіне (ішкі жүйеге) беру жолымен бөліп беруі; заңшығарушы, атқарушы және сот билігінің өзара іс әрекет және келісіп қызмет атқару; азаматтардың билік органдарын құруда (сайлауда) қатысу; бақылау .
