- •Гипофизбен бүйрекүсті безі аурулары.
- •Қантты диабеттің асқынулары:
- •Адам организіміндегі темірдің бөлістірілуі
- •Еркектер мен әйелдерде темірді жоғалту мөлшері
- •1.Қан жоғалтуға әкелетін жағдайлар:
- •Теміртапшылықты анемия патогенезі
- •Этиологиялық факторлар
- •Лейкоздардың этиологиясы
- •Патогенезі
- •Қалыпты қан түзуші жасушаның лейкоз жасушасына айналуы
Адам организіміндегі темірдің бөлістірілуі
Темірдің қоры |
Темірдің мөлшері, грамм |
Эритрондағы темір (айналымдағы эритроциттер, сүйек миындағыы эритрокариоциттер, гемоглобиннің құрамындағы темір) |
2,8 – 2,9 |
Қорға жиналған темір (ферритин мен гемосидериннің құрамындағы) |
0,5 – 1,5 |
Тіндегі темір (миоглобин, цитохромдар, ферменттер) |
0,125 – 0,140 |
Тасымалдаушы темір (трансферинмен байланысқан) |
0,003 – 0, 004 |
Темір организімге тағамен түседі. Жеткілікті тамақтанғанда тәулігіне 15-20 мг темір түседі, ал оның 10 – 15%-ғана қорытылады. Темірдің алмасуының процесстері:
ішекте сіңірілу (онекіелі ішекте, ащы ішекте)
тіндерге тасымалдануы, пайдалануы, қорға жиналуы
организімнен бөлінуі
Сіңірілетің темірдін қалыпты мөлшері 1 мг. Бұл ересек ер және етеккірі келмейтін әйел адамдарға жеткілікті. Ал менструациясы сақталған әйелдерге қосымша 0,5мг темір қажет.
Тағамның құрамында темірдің екі түрі бар: гемдік және гемдік емес.Бұлар әртүрлі механизімдермен сіңіріледі. Гемдік емес (йондалған) темір – темірдің тұздары, темірдің белокпен немесе органикалық қышқылдармен байланысқан түрі. Гемдік емес темір сіңірілуі үшін, алдымен екі валенттік түріне дейін тотықсыздануы қажет. Аскорбин қышқылы, фруктоза, аминоқышқылдар гемдік емес темірдің сіңірлуін арттырады, ал фтин немесе фосфаттар темірмен суға ерімейтін тұздары түзіп, сіңірілуін бөгейді. Сондықтан, фитинге және фосфаттарға бай кейбір өсімдік тағамдар, темрі мол болса да, темір түсіретін өнімдерге жатпайды.
Гемдік темірдің сіңірілуі оңайлау. Оның сіңірілуіне қосымша жағдай қажетсіз. Гемдік комплекс, темірі бөлінбестен, металлопорфирин түрінде сіңіріледі. Сондықтан еттін құрамындағы темір, өсімдік тағамдарындағыдан гөрі, жақсы қорытылады.
Ет тағамдарының құрамындағы темірдің қорытылуы бірдей емес. Малдын бауырында, талағында, бүйрегінде темірдің мөлшері өте көп (гемосидеин түрінде), бірақ бұл темір гемдік темірге жатпайды, сондықтан жеңіл қорытылмайды. Гемдік темір еттің құрамында болады. Тамақта еттің тапшылығы ТТА әкеледі.
Сіңірілген темірдің көбі сүйек миында гемоглобиннің биосинтезіне жұмсалады. Тәулікте эитроцитердің 0,8% жаңарып отырады, ал оған 15-30мг темір қажет. Бұл тағаммен түсетін мөлшерден едәуір артық. Жаңадан түзілетін гемоглобиннің синтезіне қорда жатқан және жойылған эритроциттердің темірі пайдаланылады.
Гемоглобиннің, миоглобиннің және ферменттердің синтезінен артылған темір ферритин немесе суға ерімейтін гемосидерин түрінде макрофагтардың ішінде, бауырда, талақта, сүйек миында және бауырда қорға жиналады. Темірдің қрға жиналуының басты түрі – ферритин. Ферритин барлық тіндерде болады, ең көп мөлшерде бауырдың, талақтың, сүйек миының макрофагтарында, эритроциттерде және қан сарысуында кездеседі.
Әйелдер темірді көбірек жоғалтады (менструацияға, лактацияға, жүктілікке, босануға).
Еркектер мен әйелдерде темірді жоғалту мөлшері
1 |
Нәжіспен (тағамнан қорытылмаған темір, өтпен, ішектің түлеген эпителиймен бөлінетін темір, нәжістегі эритроциттердің құрамындағы темір) |
0,8 мг/ |
2 |
Терінің түлеген эпителийімен |
0,1 мг/тәул |
3 |
Зәрмен |
1мг/тәул |
|
Әйелдерде темірді қосымша жоғалту мөлшері |
|
1 |
Менструация |
30-60мл (15-30 мг темір) |
2 |
Жүктілік |
500мг |
3 |
Босану |
50-100мг |
4 |
Лактация |
400-700мг |
Этиологиясы.
