- •Өзін–өзі тексеру сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Дәріс 3. Педагогтың сөзi тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде.
- •2. Қарым-қатынас құрылымын таңдауда адамның, әcipece, педагогтың жалпы мәдениет деңгейі айқындалады.
- •4. Сөйлеу мәдениеті адамның жалпы мәдениетінің маңызды құрамдас компоненттерінің бipi.
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Эмлционалдық интеллект
- •Өзіңді таны.
- •Эмоциялық интеллекттің тағы бір компоненті: табандылық (ассертивность)
- •Тұлғааралық қарым-қатынас аясы.
- •Педагогикалық деформация
- •Оқу процесінде педагогтің деформациялы мінез-құлық типі
- •Кәсібилікті дамытудың әр түрлі деңгейінде педагогтарды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
- •Рефлексия типтері.
- •Педагогикалық бедел
- •Педагогикалық абырой деңгейлерінің жіктелуі
- •Педагогические стереотипы
Кәсібилікті дамытудың әр түрлі деңгейінде педагогтарды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Сүйемелдеу кезеңдері |
Жұмыс өтілі |
||
0-5 жыл |
6-15 жыл |
16-25 жыл |
|
Сүйемелдеу мақсаты |
Педагог-маманды дамыту |
Педагог-кәсіпқойды дамыту |
Педагог-шеберді дамыту |
Педагог кәсіпқойлармен дамытылатын мотивтер |
Кәсіби жұмыс жасауға құлшыныс, мамандықтың қыр-сырына қанығу |
Тиімді педагогикалық құралдар іздеу, методикалық тәсілдер шығаруға құлшыныс |
Кәсіби даму арқылы өзін-өзі іске асыруға қажеттілік |
Педагог қызметі |
Практикалық |
Ізденістік |
Шығармашылық |
Сүйемелдеуді ұйымдастыру |
Педагогикалық қызмет үлгілерімен педагогты қамтамасыз ету |
Өзін-өзі іске асыруда педагогқа көмектесу |
Педагог шығармашылығы үшін орта қалыптастыру |
Өзара қарым-қатынас:үйретуші-педагог |
Басшылық |
Бірлескен қызмет |
Бірлесу |
Педагогикалық тәжірибені меңгеру |
Жекеленген педагогикалық және психологиялық әдістермен тәсілдерді игеру |
Педагогикалық және психологиялық технологияларды игеру |
Жеке педагогикалық тәжірибе негізінде теория жасау |
Педагогтың тәуелсіздігі |
Жоғары емес, басшылық арқылы іске асады |
Жоғары, жаңа жұмыс формаларын өзі игеруге ұмтылады |
Педагогикалық қызмет арқылы өзін-өзі дамыту |
Бақылау |
Методист |
Бірлескен, ортақ |
Өзін-өзі бақылау |
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу тиімділігінің критерийлері:
Сандық параметрлер – өткізілген әдістемелік іс-шаралар саны, ашық сабақтар саны, тақырыптық педагогикалық кеңестер саны, психологиялық тренингтер саны, т.б
Сапалық параметрлер- педагогтың тұлғалық деңгейде өзгеруі: адаптация, жұмыс барысында педагогтың өзін-өзі жүзеге асыру қабілеттерінің сақталуы, аутопсихологиялық біліктілік таныту.
Педагогтың аутопсихологиялық біліктілігі кәсіби сананың жоғарғы дәрежесін қамтамасыз етеді. Бұл тұлғаішілік психологиялық қызметің тұлға қалыптастырудағы өзін-өзі дамытушы процесс. Ол екі кезеңнен тұрады:
Жалып тұлғалық әмбебеап мінез, тұлғаның өзін-өзі дамытуында көрініс табады;
Тұлға мінездемесі, кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруда көрінеді. [14].
Психологиялық сүйемелдеу тұлғаның кәсіби дамуына жағдай жасауды қарастырады, аддекватты өзін-өзі бағалауды қолдау, өмірлік қызметте оперативті көмекпен өзін-өзі бағдарлауда жәрдемдесу, кәсіби өзін-өзі сақтау технологияларын иегері.
Психологиялық сүйемелдеудің негізгі мінездемесі ретінде: процессуалдық, ұзартушылық, директивсіздік, шынайы кәсіби күнделікті өмірге салыну.
Кәсіби қызметті коррекциялау тәсілдері мен реттеу формаларына: педагогтың үздіксіз педагогикалық-психологиялық білім алуы;қызметтің өзін-өзі іске асыруы; педагогтың өмірлік жағдаяттарға бейімделуінің психокоррекциясы.
Педагог өмірінің мәнін ұғыну кәсіби қызметтің реттелуі мен дамуына әсер етеді, өмірлік тәжірибе негізінде мықты иерархиялық өмірлік қызмет жасалады.
Қорытынды:
Педагогтың кәсіби-тұлғалық дамуындағы кәсіби деформация түрлері әлеуметтік-психологиялық мінездемедегі кәсіби ортаның тізбесі негізнде пайда болады. Оларға моральды-этикалық, құқықтық, қызметтік нормалардағы бұзылыстар жатады.
Кәсіби деформация сипаты мен динамикасы педагогтың индивидуальды-психологиялық және тұлғалық ерекшеліктерімен және тұлғаның өмірлік жолындағы белгілі кезеңдердегі қиын жағдайларға тәуелді. Мысалы: нормативті, нормативті емес, т.б
Личностно-профессиональное развитие педагога на разных этапах жизненного пути подчиняется разным за-кономерностям и обеспечивает повышение внутренней
активности педагога, его внутриличностной устойчиво-сти через влияние собственных ценностей, в зависимости от внутренних (субъективных) и внешних (объективных)
условий реализации профессиональной деятельности и особенностей сопровождения деятельности педагога
Педагогтың кәсіби-тұлғалық дамуы өмір жолының әр түрлі кезеңдерінде әртүрлі заңдылықтарға бағынады және педагогтың ішкі белсенділігінің жоғарылауын, өзіндің құндылықтар әсерінен ішкі тұлғалық тұрақтылықты, сыртқы және ішкі іске асыруға тәуелді бола отыра және педагог қызметінің сүйемелдеу ерекшеліктеріне орай қамтамасыз етеді.
Педагогикалық имидж
Педагогикалық сөздікке «имидж» түсінігінің енуі сән емес. Тұлғалық өсуінің жеке даралық траекториясын жасаған педагог, кәсіби қызметінің тиімділігі мен сапасын қамсыздандыра отырып, көшбасшылық орынға шығады.
Имидждің қалыптасуының психологиялық аспектілерін 90-жылдардан бастап Р. Ф. Ромашкина, Е. В. Гришунина, П. С. Гуревич, В. М. Шепель және т.б. ғалымдар қарастырған. Болашақ педагогтың имиджін М. А. Апраксина, Н. А. Тарасенков, В. Н. Черепанова, Е. В. Емельянова және т.б. қарастырса; мемлекеттік қызметкерлердікін — И. В. Веретенникова, Н. А. Кузнецова, Е. А. Орлова, В.В. Шуваева және т.б.; политикалық имидждің эффективті факторларын — Т. Г. Анистратенко, И. Э. Белоусова, Л. В. Постникова және т.б. ;басқарушыныкін — Ю. Андреева, С. А. Амантаева, А. А. Бирюкова; жеке персоналды имиджді — Е. В. Емельянова, O. A. Пикулева, Э. Б. Теймурова және т.б.;кәсіби имиджді зерттеген Ю. В. Андреева, Л. Г. Попова, Н. В. Тарасенко, А. А. Бирюкова; имиджді интерсубъективті әрекеттестіктің феномені ретінде — Е. Б. Перелыгина сынды ғалымдар қарастырған болатын.
Бүгінде, имидж, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға қажетті маңызды аргумент болып отыр. Сонымен қатар, Е.А.Петрованың пікірінше, әрекеттестіктің басым бөлігі өзгенің болмысын тану арқылы емес, имидж негізінде құрылады. Имидждік механизмді меңгеру , ең алдымен, әлеуметпен жұмыс жасайтын тұлғалар үшін аса маңызды: саясаткерлер, тілшілер, тележүргізушілер, әсіресе, педагогтар. Сабақтар (дәрістер, сабақтар) басты ақпарат көзі, мәдени нормаларды жеткізуші, сонымен қатар, мұғалімді де, оқушыларды да әлеуметтендіруші болғандықтан, маңызы аса зор.
В.Г.Горчакованың пайымдауынша, индивидтің имиджін дамыту мақсаты, саналы мен бейсаналының, жеке даралық пен ұжымдықтың, сыртқы мен ішкінің бірігуі, тұлғаның өзіндік нығая түсуі, яғни, персонадан (бетперде) жоғарғы менге өтуі, өз бейнесіндегі шығармашылық тұлға болуымен байланысты [6, с. 12].
Қазіргі заманғы ұғымдар мен түсініктердің қысқаша сөздігі (В.А.Макаренконың редакциясымен) имиджді (бейне, тұлғаның сыртқы эффектісі) — жарнамалау, танымал ету мақсатында, эмоционалдық-психологиялық әсер етуді көздейтін, мақсатқа бағыттала қалыптасқан бейне (қандай да бір бет-әлпет, құбылыс, зат) [7].
Имидж – бұл өзің туралы әңгімелеу, әлеуметтік баспалдақтың қай сатысында, қандай мамандық иесі, мінез, темперамент, талғам, қаржылық мүмкіндіктеріңіздің қандай екенін сөздің көмегінсіз, қоршаған ортаға жария ететін белгі[8].
Имидж – бұл динамикалық жүйе, өйкені, ол адамның өзін-өзі жетілдіру жолындағы еңбегінің нәтижесі болып табылады. Оған тұлғаның табиғи сапалары, өмірлік және кәсіби тәжірибесі, тәрбиесі мен білімі ықпал етеді.
Адамның тартымдылығы имидждің негізін қалайды. В.М.Шепельдің айтуынша, бұл сан қырлы, жинақы ұғым. Ол адамның ең жақсы сапалары мен тұлғаның ақпараттық потенциалын жинақтайды[11].
Е.В.Андриенко, тұлғаның имиджін қабылданатын және берілетін бейне деп есептейді. Имидж – бақылаушының өзге адамның сыртқы бейнесі,пікірі, жүріс-тұрысы және т.б. туралы салыстырмалы түрде тұрақты әсерінің қалыптасуы.
Имидждің екі жағы бар:субъективті, яғни, сол бейнені құрушы, ұстанушы, таратушы, және объективті, яғни, бақылаушының қабылдауы бойынша. Берілуші және қабылданушы образдар сәйкес келмеуі мүмкін. Сонымен қатар, берілуші образ әрдайым тұлғаның болмысын көрсете бермейді. Егер жоғарыда айтылған сәйкессіздік болса, онда образдың шынайылығына күмән келеді. Имидж өзіне оң немесе теріс қатынас орната отырып, қабылданатын немесе қабылданбайтын болуы мүмкін[2, б. 222].
Н.А.Мореваның айтуынша, адамның тартымдылығы – бұл оның коммуникабельділігі, эмпатиясы, рефлексивтілігі, шешендігі, сонымен қатар, сыртқы сүйкімділігі, жаңа талаптарға жеңіл бейімделу, бейтаныс адамдардың ортасында сенімділігін сақтап қалу, қарсы ойларға төзімділік таныту.
Ал, жалпы тартымдылық - бұл тұлғалық және іскерлік сапалар мен біліктердің шебер түрде берілуі, яғни, өзін-өзі ұсыну, жарнамалау. Өзіңді жақсы тұсыңнан көрсете алу, өзгелерде сен туралы жақсы пікір қалыптастыру – бұл өзін-өзі үнемі жетілдіру жолында жұмыс жасауды талап ететін асқан өнер.
Имидж, бір жағынан, тұлғаның айқындалуындағы белгілі бір психологиялық процесстердің нәтижесі болатын болса, екінші жағынан – қарым-қатынас орнатушы әріптестерінің сол адам туралы пікір қалыптастырушы сыртқы ақпарат көзі болып табылады. Сондықтан, өзін-өзі жарнамалаудың мақсаты - өзгелердің алдында өз бейнеңді орнату, бекіту немесе сақтап қалу.
Өзін-өзі құрастырушы стратегия «идеалды - Менді» сақтап қалу және нығайтуға бағытталған.Осыған орай, тұлғаның имиджін қалыптастыруда актуалды саналатын адамның келесідей сипаттамалары бар, олар:
әлеуметтік, адамды қоршаған қоғамның талаптарына жауап береді. Имидждің қабылдануына уақыт, орын, статус, өзін-өзі ұстауының рөлдік үлгісі және т.б.
белгілік, дәстүрлі мәдениетпен анықталады;
дербестік, имиджді ұсынушының индивидуалдылығын көрсетеді[9, б. 93].
Қабылдау әрдайым таңдауға негізделген, сол себепті, В.А.Баранованың айтуынша, имиджді ұсынушы тұлға туралы ақпарат таңдаудан, сүзбеден, топтастырудан өтеді. Қабылдау процесі түсіну және саралау процесстеріне бөлінеді.
Түсіну процесі әлеуметтік топтағы құндылықтар, түсініктер, ережелер, механизмдер, яғни, әлеуметтік көріністержүйесі ретіндегі коммуникативті қатынастар жүйесінің ерекшеліктерімен анықталады.
Саралау процесі имиджді қабылдаушы тұлғалардың мотивациялық-пайдаланушылық аймағын сипаттайтын факторлар арқылы жүзеге асады.
Қабылдаудың факторлары қағамның мәдениетіне, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға, қабылдаушылардың ұлттық ерекшеліктеріне байланысты сыртқы, және кездейсоқ құбылыстар, имиджді қабылдаушының индивидуалдық ерекшеліктеріне байланысты жағдайлық деп бөлінеді.
Қабылданушы имидждің үш сатысы бар:
биологиялық, мұнда адамның жынысы, жасы, денсаулық жағдайы, темпераменті, физиологиялық ерекшеліктері аса маңызды рөл атқарады;
психологиялық, имиджді қабылдауға имиджді ұсынушының кейбір сапалары мен мінезінің қырлары әсер етеді: жігер, есте сақтау қабілеті, ойлау қабілеті, мінезі, қабілеттері. Берілген сапалар түсіндірілуі де, түсіндірілмеуі де мүмкін. Бұл сатыдағы қабылдаудың маңыздылығы әлеуметтік топтың қызығушылықтары, құндылықтары, мақсаттарының ескерілуімен байланысты, ал талаптардың қойылуы арқылы қатынастар жүйесі құрылады;
әлеуметтік, ұсынылып отырған имиджді қабылдау немесе бас тартуға әсер ететін, қауесет, өсектер, аңыздардар құралған факттар жүйесі[3, б. 4].
Л.К.Аверченко имиджді классификациялауға негіз болатын, имиджге қатынастың мүмкін үш түрін бөліп көрсетеді:
функционалдық, имидж қызметіне қарай жіктелсе;
сәйкестік, ұқсас имидждер салыстырылса;
контекстуалды, контексіне қарай ажыратылса[1].
Сонымен, педагогтың индивидуалды имиджі, сыртқы және ішкі, тұлғалық және кәсіби сапалардың бірлігіне айналса, онда ол білім беру процесінің қатысушыларымен субъект-субъект қатынасын орнату қабілеті болып табылады.
Студенттер аудиториясының алдында педагог имиджінің образы белгілі бір жағдайлардағы спецификалық қабылдауларға байланысты болады.
Педагогтың индивидуалды имиджінің қалыптасуы айтарлықтай қиын шара. Имидж типологиясын қарастырайық.
Қазіргі ғылым, имидждің функционалдық қатынасына қарай бірнеше түрлерін бөліп көрсетеді: айна сияқты, ағымдық, қалаулы, корпоративті және көпшілік.
Айна сияқты.Бұл имидж, өзіндік өзіміз туралы ойлардан тұрады. Айнаға қарап тұрып, өзіміз жайлы өзіміз талдау жүргізу сияқты. Әдетте имидждің бұл түрі тартымдырақ көрінеді, себебі, психологиялық тұрғыдан біз өзімізге қатысты тек жағымды ойларды бірінші орынға шығарып, ал әлсіз тұстарымыз – шет қалып жатады.
Ағымдық. Имидждің бұл түрі өзге адамдардың тікелей қарым-қатынас барысында немесе өзге де ақпарат көздерінен алған мәліметтер негізінде имиджді ұстанушы адамға берер бағасы болып табылады. Имидждің бұл нұсқасының кемшілігі, дұрыс емес немесе жеткіліксіз ақпарат арқасында туындаған пікір, тұлғаның имиджінің қалыптасуына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Қалаулы. Өзіміз ұмтылатын бейнені, идеалды көрсететін имидж түрі.
Корпоративті. Жеке бөлімшелерінің немес жұмыс нәтижесінің емес, тұтас ұйымның имиджі.
Көпшілік. Тұтас корпорацияның емес, оның дербес бөліктерінің имиджі.
В.В.Бойко имидж құрылымының күрделілігін ескере отырып, оны құрамына келесі компоненттер кіретін тұтас жүйе ретінде қарастырады:
Тұлғаның аудио-визуалдық мәдениеті: сөйлеуінің сауаттылығы мен жағымдылығы, өзін-өзі ұстау манері, киім киісі, шаш үлгісі және т.б. Сыртқы келбет көршіліктің немесе белгілі бір топтың ойынан шығу керек.
Өзін-өзі ұстау стилі, яғни, өзін-өзі ұстаудың әр түрлі аспектілері: кәсіби, интеллектуалдық, эмоционалдық, коммуникативтік, этикалық, эстетикалық.
Ішкі философия, адамның құндылықтар жүйесі: өмір жайлы не ойлайды, тапсырылған іс, бірге жұмыс жасайтын адамдар туралы ойы, оның принциптері.
Тұлғаның статусын көрсететін атрибуттары – кеңседегі жиһазы, көлік, үй жануарлары және т.б.
Психогигиеналық «Мен- бейнесі»: серіктесінің психогигиеналық образының тартымдылығы, яғни, адам сырттай да, іштей де сабырлы, белсенді, жақсы көңіл-күйде, ниеті жақсы, оптимист (1-сурет).
1-сурет. Имидж құрылымы (В.В.Бойко бойынша)
Тұлғаның эмоционалдық саулығы, психологиялық «Мен-бейнесінің» ішкі және сыртқы ықпалдардың әсерінен адекватты түрде өзгеруінен және коммуникабелділік диапазонның сақталуынан байқалады[5].
В.Н.Черепанованың айтуынша, имиджді қоршаған ортадағы үлгі ретінде қарастыруға болады. Ол өзара байланысқан екі компоненттен тұрады: өзегі, салыстырмалы түрде тұрақты, бірақ, өзгеруге қабілетті, яғни, «Мен-концепциясы», және құбылмалы, қоршаған ортаның әсерінен жылдам өзгеріске түсетін, аудиалды, визуалды, ольфакторлы,кинестетикалық жүйе ретіндегі көрініске ие компонент[10, б. 14].
В.А.Баранованың пайымдауынша, имидж брйынша жұмыс төрт кезеңнен тұрады:
1.Адамның қазіргі уақыттағы бейнесі қандай және оның өзге адамдардың пікіріне қаншалықты сай келетіндігі анықталады. Имиджді құрушыға сол бейнесінің қаншалықты тартымды немесе тартымды еместігі туралы шешім қабылдауға тура келеді: сыртқы келбеті, іс-әрекеті, сөзі, сөйлеу манері, жүріс-тұрысы, қарыс-қатынасы. Имидж қоршаған ортаның көңілінен шығуды талап ететін болғандықтан, оны құрушыға өзектің негізгі үш элементтен тұратындығын ескеген жөн: тұлғаның сыртқы ортаға бағыттылығы (жүріс-тұрыстық); тұлғаның ішкі бағдары; тұлғаның уақыттық «Мен» иерархиясы.
Тұлғаның сыртқы ортағы бағыттылығы үш түрлі болады: қарым-қатынасқа; беделге ие болуға; қызметтегі нақты нәтижелерге.
Тұлғаның ішкі бағдары адамның мақсатқа жетуде басымдылық танытатын қабілеттеріне сүйенеді: біреулер интеллектуалдық қабілеттерінің басымдылығы арқылы, басқалары – эмоционалдық, ал енді үшіншілері – жегірінің есебінен.
Тұлғаның уақыттық «Мен» иерархиясы «Мен – өткен шақта», «Мен -қазір», «Мен - болашақта» бейнелерінің өзара байланысын көрсетеді. «Мен » образының қай түрі басымдылық танытқанына байланысты, тұлғаның санасында «Мен» образы қазіргіден болашаққа немесе қазіргіден өткен шаққа бағытталатын болады.
2. Бейненің қалыптасуы. Мұнда «публиканы» іздеу жұмысы басталады, яғни, имидж бағытталған топ ( әлеуметтік, оқу). Сонымен қатар, имиджді қалыптастыру жолдары, тартымдылық факторлары мен назар аударту жолдары қарастырылады. Имиджді қалыптастыру жолдарының ең тиімділері:
- бірнеше рет қайталау: жиі қайталанатын нәрсе, есте қалады;
- ықпал етудің үздіксіздігі, яғни, логикалық немесе эмоционалдық аргуменнтерді арттыра түсу; сатылы түрде арттырып отыру, бірден берілген ақпаратқа қарағанда жақсырақ қабылданады, өйткені, адамның сенсорлық аппараты бірден берілген ақпаратты қабылдағысы келмейді.
3.Имидждің қалыптасуы кезінде айтылып жүретін ұран іздеу. Ұран адамға мақсатқа бағдарлануға және «қатты айтылған сөздер» кезінде ойыңды қысқа әрі тура жеткізуге мүмкіндік береді.
4.Аңыздар құрастыру. Ұсынылып отырған бейнеде , адам өзгелерден ерекшелене отырып, көпшіліктің бірі болып қала беруді көздейді[3, б. 8].
Өзін-өзі жарнамалау механизмдерінің негізі қаланған, П.Берд пен Ф.Дэйвистің имиджді қалыптастыру технологиясын қарастырсақ.
Имиджді құру мен оны өзгертуді ұғынудың бастамасында өз-өзіне талдау жүргізу жатыр.
Келесі кезең - бұл өзгертілген имидж кімге бағытталған соны анықтау. Мұнда екі нәрсе өте маңызды:1) әріптестеріңіздің сізге берер бағасы, сәйкесінше, әріптестердің қай тобына әсер ету керектігін анықтау; 2) имиджді құруда «имидж әткеншегі» принципі бар екендігін есте сақтау: тек бір бағытта құруға болмайды, ол әр түрлі бағытта болуы тиіс. Құрылмақшы имиджді жағдайға және сол жағдайға қатысушы адамдарға ыңғайлау керек.
Имиджді құрудағы тағы бір саты сендіру жұмыстары болып табылады. Ол әдіс-тәсілдер көмегімен жүзеге асады. Оған адамдармен қарым-қатынас орнату кезінде жағымды сәттер туғызу жатады: ұқсастықтарды таба алу; адамдардағы айырмашылықтарды анықтау; адамдардың үмітіне сыйластықпен қарау.
Имидж құрудың технологиялық әдісі имиджді қалыптастыруға жұмсалған қаржының көлемін анықтау болып табылады. Мүмкін қажеттіліктерді анықтау имиджді өзгертуге мүмкіндік береді.
Имидж құрудың аса маңызды әрі шешуші кезеңі өзін-өзі жарнамалау болып табылады.
Өзін-өзі жарнамалаудың барлық технологиялары тұлғаның аудиториямен кездесуі кезінде жеке даралық тартымдылығы мен энтузиазм және қабілеттері арқылы ықпал етуге бағытталған. Мұндай кездесу имиджді құрушыға өзіндік позициясын және әріптестерінің сеніміне қаншалықты лайық екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі жарнамалаудың негізгі сәті әсер қалдыру болып табылады. Имидж мен күнделікті сананың арасында өзара байланыс бар: имидж қарапайым эмоцияны тудырушы белгі, белгілер жиынтығы ( көру және есту) ретінде көрінеді.
Имиджді құруда , эмоционалдық есте сақтау феноменін ұмытпау керек.
Имиджді үш бөліктен тұрады дейге болады, олар: өзіндік қиялдағы имидж; проекциялық, яғни, қоршаған ортаның сізді қалай қабылдайтынына сәйкес; құрылған имидж, шын мәнінде өзгелердің сізді қалай көретіндігін бейнелей отырып, ол проекциялықтан ажырап кетпеуі керек.
Осыған орай, имиджді ұсыну мен қалыптастырудағы алғашқы әсер жағымды болуы үшін, келесідей жағдайлар аса маңызды болып саналады:
Қарым-қатынастағы ашықтық концепциясы. Ол шынайылық, ашықтық, сөздің түсініктілігі, тілдік грамматиканың дұрыстығы, туралық, әзіл, энтузиазм арқылы жүзеге асады. Сөйлеу манері имиджді ұстанушы тұлғаның өз пәнін қаншалықты меңгергенін және өзара байланыс орната алу дәрежесін көрсететін болғандықтан, көпшілік алдында өзін-өзі ұстау, сөйлеу манері аса маңызды болып табылады;
жағдайға сай киім үлгісін таңдай алу;
дене тілі. Біздің денеміз, ақылымыздың көрсеткіші болып табылады деген пікір қалыптасқан. Экспрессияның күші тұлғаның өз индивидуалдығын сақтай отырып, өзге адамдармен әрекеттесуі. Сонымен қатар, ол сөздің өзге адамдармен қаншалықты жақын қарым-қатынас орнатқыңыз келетінін немесе қандай да бір дистанцияны сақтағыңыз келетінін бейнелейді;
дауыс адамның екенші бет-бейнесі іспеттес - өзін-өзі жарнамалаудың аса маңызды құралы. Өйкені, ол адамның сезімдері, білімі, қобалжу дәрежесі туралы айта алады, яғни, сіздің өзіндік психологиялық «Мен» бейнеңізді бейнелеп береді;
белсенді тыңдау техникасын меңгеру.
Имиджді құру - асқан жауапкершілікті талап етеді. Имидж – баурап алу өнері десек болады. Сол себепті, имиджді құру технологияларының негізінде өзіндік тартымдылықты қалыптастыру жатыр деп сеніммен айта аламыз[4].
В.М. Шепельдің айтуынша, тартымдылық технологиясын ендіру логикасы – бұл имиджді құраушы сапалар тобының жүйесі: визуалдық эффект, коммуникативті техника, флюидті сәулелендіру (2-сурет).
Визуалдық эффект. Сапалардың бұл тобы сыртқы келбеттің құрылуы; фейсбилдинг саласындағы білімі мен білгінің артуынан (түр жасау);физиогимнастика (бетіне қарап жағдайын анықтай алу); кинестетика (манер мен жесттерді жеткізе алу) арқысында қол жетімді болады.
Коммуникативті механика. Коммуникативті механиканы меңгеру эмпатия, интуиция, сонымен қатар, сөйлеу әдебін игеруге негізделген. Адамдармен байланыс орнатудың негізі «көпірлерді өртеме» формуласы болса, «Сөз қадірін түсінгенге, алынбас асу болмас!» деген абхаздық мәтел ұранға айнала алады.
Флюидті сәулелендіру. Коммуникативті әсердің өзіндік биоқуаты. Флюидті сәулелендірудің мынадай жолдары бар: нимба эффектісі, яғни, күлімсіреу арқылы өзінің эмоционалдық және ақыл-ой қуатын өзгелерге тарату; сөйлеу және қимылдау манері, қалыбы, жесттері, дауыс модуляциясы; риторикалық жолдар: өз ойын жеткізу; аргументация күші; ассоциациялар келтіру; үзіліс, акцент, интонация эффектісі; эмоционалдылық; әдеби мәнер; қылымсу техникасы, өзгелермен сенімге, жылулыққа және шынайылыққа негізделген қарым-қатынас орнату арқылы өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі сыйлау [11].
Сонымен, коммуникативті механика мен флюидті сәулелендіру мақсаты – адамдар арасында жағымды байланыс орнату мен олардың имиджді позитивті қабылдауына көмектесу.
Жоғарыда аталған имидж-технологиялардың барлығы Н.А.Мореваның айтуынша, педагогтың руханилығы және қайырымды іс-әрекет мотивациясының бірлігінен көрініс тапқан мінездемесінің жиынтығы , интеллигенттілікке келіп саяды. Аталған интеллегенттілікке жан-жақты білім, саналы іс-әрекет, адамдарға деген сүйіспеншілік кіреді. Интеллегенттіліктік базасы – тұлғаның қоғамдық мәдениеті[9].
Біздің ойымызша, педагог имиджі – бұл тұлғаның интеграциялық сапалары, интеллектуалдық, габитарлық, кинетикалық, тілдік, орта және әртістік мәдениетінің синтезі.
Сонымен, педагог имиджінің құрауыштары болып табылады:
интелектуалдық мәдениет - бұл ойлау қабілетінің икемділігі, рефлексия және өзін-өзі ұғыну, шығармашылық бастамалардың дамуы мен педагог тұлғасының кәсіби шеберлігімен байланысты;
габитарлық (лат. habitus — сыртқы келбет) мәдениет — бұл тұлғаның физиологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтайтын индивидуалдылығын; мамандықтың талаптарына сай индивидуалды шығармашылықты мінез-құлықты орнататын стилін (романтикалық, спорттық, драммалық); даму тенденцияларын көрсететін және педагогқа әріптестері мен білім алушылардың арасында заманауи болуға әрі өзін-өзі мойындатуға көмектесетін сәнді біріктіретін мәдениеті;
кинетикалық ( гр. kinesis — қозғалыс) мәдениет, мимика және пантомимикаға негізделген ( жесттер, көз қарас, қалып, дене қимылы, жүріс-тұрысы және сымбаты);
сөйлеу мәдениеті — тіл мен танымдық процесстің арасындағы объективті принцип негізінде дамушы, стильді сезіну, талғам мен эрудицияны қарастыратын тұлғалық мәдениет;
орта мәдениеті — материалдық және әлеуметтік ерекшеліктері ( қоршаған орта және аксессуарлар);
Әртістік мәдениет — кәсіби қызмет пен қарам-қатынас барысындағы әр түрлі аксиологиялық және эстетика-этикалық бастамаларды, жалпы мәдениет пен әртістіктің бірлігін жүзеге асыратын, тұлғаның интеграциялық сапалары.
Демек, имидж, көпсатылы алуан қызметті жүйе ретінде педагогикалық шеберліктің маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Ол кәсіби әлеуметтену процесін өзін қоршаған ортаға образды бейнелеу сияқты өзін –өзіне бейнелеу арқылы; өзін-өзі тану мен өзін-өзі ұғынудан өзін-өзі идентификациялау;әрі қарай өзін-өзі жетілдіру және дамыту процесі арқасында қоғамдағы өз орнын анықтау арқылы қамсыздандыру.
Сонымен, педагог тұлғасының образы педагог-шебер ватерпасын арттыра отырып, имиджді ұстанушыға да, қарым-қатынасты тиімді ете отырып, оны қолданушыға да (студент, әріптес, ата-аналар) әсерінің сан қырлылығы арта түседі.
Қорыта келе, кәсіби имидждің қалыптасуы, оқытушыға педагогикалық шеберліктің маңыздылығын түсінуге көмектеседі деуге болады.
Рефлексия - ұғымы ғылымға Декарттың есімімен енген.Ол адам мыйының шағлыстырушы қасиетін талдаған. Рефлексия Сократпен Платонның жазған және қолданған ойлау функциясының бір формасы. Ертедегілердің айтуынша адам парасатының (ақыл-ойының) жұмысшы аспабы.
Рефлексия - толғану, өзін бақылау, өзін зерттеу, өзінің ішкі дүниесі, психикалық қасиеті мен күйі, өзін талдай білу қабілеті.
Қазіргі ғылымда рефлексия құбылыстар мен заттарды танудың объективті бағалау, сапалы талдаудың әмбебап әдісі.
Рефлексия педагогикалық қызмет барысында педагогтың әлдеқайда иілімді болуына, өз ойларын тиімді іске асыруға, басқа адамдармен корпоративті қатынастар түзуге, өз қызметіне қажетті өзгерістерді еңгізуге көмекші болады.
Рефлексия творчествалық мәселелерді тиімді шешудің бір механизмі болғандықтан, оның көмегімен адамда адекватты емес мінезді, жаңа тиімдіге өзгертуге мүмкіндік береді.
Социомәдени феномен болғандықтан рефлексия кәсіби руханилықты қалыптастырудың құралы болып табылады.
Педагогикалық рефлексия педагог қызметінің құрылымына кіре отырып ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді, ал таным тұрғысынан ғылыми рефлексия, философиялық және элементарлы болып ажыратылады.
Ғылыми таным әдістері негізінде Адам мәдениетінің болмысы
теориялық ғылымды сынаумен мен ойлауын тану және сезу
талдау
Педагогикалық рефлексия тәрбие және білім беру құбылысы ретінде онтология яғни пәндік ғылымдар мазмұнына – педагогикаға және педагог өзінің қызметі мен өзіне қатынасын көрсететін, анықтайтын субъект болғандықтан психология салаларына жіктеледі.
Рефлексия - бұл педагогикалық кәсіби талап ететін үлкен ішкі дүниенің жұмысы, өзімен өзінің "Мен" мүмкіндігі арасындағы қатынас.
Бірақ рефлексия - кәсіби қасиеттердің бар немесе жоқ екенін, ойлау немесе айту ғана емес, сонымен бірге, олардың дамуын, байуын, күшейуін қолдау болып табылады.
Педагогикалық қызметті атқаруға дайындығын компоненттері ретіндегі кейбір ерекшеліктерін бөліп көрсетілген (Сластенин В.А.):
психологиялық дайындық яғни оқу-тәрбие жұмысында оқытушының әр түрлі кәсіби қызметіндегі белгілі бағыттың болуы;
ғылыми-теориялық дайындық, яғни педагогта рефлексияға қажетті ғылыми-теориялық, психолого-педагогикалық, арнаулы білімдердің болуы;
практикалық дайындық, яғни педагогтың кәсіби әртүрлі қызметін іске асыру үшін қажетті практикалық шеберлікпен дағдысының болуы.
Педагогикалық рефлексия механизмінің ерекшелігі оның екі деңгейлігінде: пәндік деңгей ол әрекет, қимыл образы; тұлғалық - әлеуметтік-психологиялық сфераны қамтиды.
