- •Өзін–өзі тексеру сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Дәріс 3. Педагогтың сөзi тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде.
- •2. Қарым-қатынас құрылымын таңдауда адамның, әcipece, педагогтың жалпы мәдениет деңгейі айқындалады.
- •4. Сөйлеу мәдениеті адамның жалпы мәдениетінің маңызды құрамдас компоненттерінің бipi.
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Эмлционалдық интеллект
- •Өзіңді таны.
- •Эмоциялық интеллекттің тағы бір компоненті: табандылық (ассертивность)
- •Тұлғааралық қарым-қатынас аясы.
- •Педагогикалық деформация
- •Оқу процесінде педагогтің деформациялы мінез-құлық типі
- •Кәсібилікті дамытудың әр түрлі деңгейінде педагогтарды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
- •Рефлексия типтері.
- •Педагогикалық бедел
- •Педагогикалық абырой деңгейлерінің жіктелуі
- •Педагогические стереотипы
Оқу процесінде педагогтің деформациялы мінез-құлық типі
Педагог мінез-құлқының типі |
Деформацияның мінездік белгілері |
Конфронтационды |
Оқу коммуникациясы жүйесіне іріткі салуға бағытталған |
Агрессивті-конфликтілі |
Білім беру процесі қатысушыларымен қарым-қатынас логикасын жасырады |
Коммуникативті-бейтарап |
Қарым-қатынас тақырыбына педагог қызығушылығының жоқты,ы |
Экспансивті |
Оқу қарым-қатынасындағы өзінедеген ерекше қарым-қатынас қажеттілігін нақтылау |
Жатырқаған |
Қарым-қатынасқа қатыспаушы |
Педагогтың коммуникативті деформациясының барлық типтерінің ядросы ретінде коммуникативті өзара әрекеттестік процесіндегі жүйе регуляциясының аффективті бұзылулары жатады. [10]. Стереотиптер көрінеді:педагогтың ақыл айтуға, бағындыру, сынау, жеңілдетуге ұмтылысы; кәсіби деформацияны күшейтетін орынсыз өзін-өзі бағалауда; жетістікке жетуге кедергі келтіретін кедергілерден қашу мотивациясында; «Мен концепциясының» бұрмалануында, өзін-өзі қабылдаудағы жеткіліксіз деңгей.
Деструктивті мінез-құлықтың соңы педагогтың шығармашылық толуына кедергі келтіреді, кәсіби хроникалық стресске алып келеді.
Э.Ф.Зеер тұлғаның өмірлік жолының белгілі бір кезеңдеріне әсер ететін критикалық жағдайлардың үш типін бөліп көрсетеді:
Нормативті, бір кезеңнен екіншісіне өткенде кәсіби қалыптасудың логикалық шарты;
Нормативті емес, кәсіби қалыптасуда кез келген кезеңде пайда болады;
Төтеншелік, жағдаятта эмоциональды-еріктік күш салуды шығармашылық жеңу қызметі, мысалы, нақты емес ұйымдастыру және еңбекті жоспарлау. [7].
Б.С. Братусь педагогтың қалыпты дамуын оның «басқаға» қарым-қатынасының өзіне деген қарым-қатынас секілді болуы екенін айқындайды, педагогтың осы қарым-қатынаста берілу мен махаббатын жеткізуі; өмірлік қызметте шығармашылық мақсат тудырушы мінез; еркіндікке қажеттілік; болашақты өзіндік жоспарлау мүмкіндігі; өзінің және өзгелер алдындағы ішкі жауапкершілік; болуы маңызды.
Б.С. Братусяның пікірінше, адам психикалық сау болуы мүмкін, сонымен қатар ол тұлғалық жарымжан болуы мүмкін: жақындарымен санаспау, басқаларды жеке мақсаттарына жетуден пайдалану, т.б. [11].
Психолог А. Маслоу кәсіби деформацияның қаупініңтөмендеуіне көмектесетін педагогқа қажетті белгілер мен негізгі сиптаттамаларды ұсынды: шындықты барынша тиімді қабылдау; өзін және өзгелерді қабылдау; табиғилық, қарапайымдылық және шынайылық; мәселеге келу; автономия; мәдениет пен айналадағылардан тәуелсіздік; қабылдаудың жаңашылдығы; терең тұлғараралық қарым-қатынас; демократиялық мінез; әзілді түсіне алу; креативтілік.
Осы қасиеттерді алу жолы оларды жекелей дамыту емес, барлығын біріктіріп құруда. [12]. Педагогтың тірегі үнемі дамытып отыруға тиісті шексіз, шектеусіз бейімделгіштік қабілет болып табылады.
Өмірлік қабілеттерді педагогикалық процессте педагогтардың жұмыс өтілін есепке ала отырып бағытын дұрыстауға болады.
Сүйемелдеу- педагогикалық қызметтің тез өзгермелі шарттарында алдын алуға және бейімдеуге бағытталған комплексті процесс. Бұл процесс негізінде тұлғаға бағытталған тәсіл жатыр. Әрбір педагогты сүйемелдеуде әрқайсысына индивидуальды кәсіби бағыт болуы керек. Оның ішіндегі шешілетін функциялар:толықтай бейімделу, кәсіби шеберлікке жетуге көмек, индивидуальды педагогикалық стиль қалыптастырудағы бірлестік.
Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу шынайы педагогикалық практикамен әдістемелердің ғылыми негізі принциптерінің өзара байланысы негізінде дамиды. Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу ұжымдық және индивидуальды сүйемелдеу бағытын қосады: педагогикалық ұжымның шығармашылық тобы, іске асушы тұлғаға бағытталған тәсіл, педагогикалық тәжірибені жалыпалау және жариялау; басқа педагогтар тәжірибесімен танысу; өзінің жұмыс тәжірибесен жалпылауда және сипаттауда материалдар жинақтау; өз жұмыс тәжірибесін әріптестеріне көрсету және т.б.
Педагогты акмеологиялық сүйемелдеу оның психологиялық денсаулығын сақтау жолы ретінде кәсіби педагогикалық еңбекте маманға жаңа қарым-қатынас жасауды талап етеді. Қойылған міндеттерді шешу педагогты оқытуда үздіксіз кеңес беру арқылы, ғылыми-приактикалық конференциялармен семинарларды өткізу процесінде, білім беру ортасында ғылыми-әдістемелік ұсыныстар дайындауда жүзеге асады.
Акмеологиялық сүйемелдеу негізінде тұлғалық факторларды дамыту қарастырады:
Педагог қызметінің тұлғалық мотивациясы, оның қызметінің әлеуметтік маңызының қанағаттандырылуы;
Педагог белсенділігі, оның өмірік ұстанымдары мен өмірлік жолына толығымен әсер етеді;
Құндылықтық бағдарлардың сабақтастығы, педагог кәсібінің маңызға ие болуын қамтамасыз етуші, қажетті қорларды тануға шақыра отырып;
Педагог тұлғасының дамуына шығармашылық шарт ретінде кәсіби және жалпы мәдени білімдердің жастық интеграциясының мәні.
С.Л. Рубинштейн мәселені адамның өмірдің шыңына жетуде өзін «соңына дейін» тауыспай, жаңа істер үшін мотивацияны, күш пен потенциялды сақтаудан іздеді. [13].
Акмеологиялық сүйемелдеу нәтижені тұспалдайды – педагог еңбегінің қоғамдық маңызын. Осы мақсатта қажет: педагог кәсібінің дәрежесін көтеру; оның қоғамдағы гумандық болмысын ашу.
Педагогикалық сүйемелдеу өзінің кәсіби және жеке мәселелерін шеше алатын кәсіби тұлғалықты өсірумен ерекшеленеді. Педагогикалық сүйемелдеуді педагогтың өмір жолының әр түрлі кезеңдерін қарастыра отырып, біз оларды мынадай критерий бойынша ажыратамыз:
Қатысу деңгейіне қарай- табиғи немесе жанама сүйемелдеу;
Көрсету уақытына қарай- озыңқы, уақытылы, ескертпелі жағдайлар;
Ұзақтығына орай- біржолғы, ұзартылған;
Педагог қызметінің ұйымдастырылуындағы педагогикалық сүйемелдеу бірнеше қадамдарды қамтиды:
Кеңес беру, педагогтардың практикалық проблемаларына бағдарланған;
Тақырыптық семинарлар, педагогикалық қызмет процесінде назар педагог ұстанымдарына аударылады;
Жаңа педагогикалық рөлдерді меңгері: кеңесші, бақылаушы-эксперт, т.б.
Педагогтарды индивидуальды қолдау формалары көпқырлы, жалпыға ортақтарын белгілесек: тәжірибелік жұмысқа қатысуы; жайлы психологиялық климат; педагогтың шығармашылық қызметін және еңбегін ынталандыру.
Репетиторлық сүйемелдеу индивидуальды кездесу ретінде жүзеге асатын ұзақ мерзімді индвидуальды жұмыс. Тьютор (репетитор) педагог қызығушылықтарын тану мен мәселелерін айқындауда жұмыс жасайды. Қабілеттер рефлексиясын ұйымдастырып қолдайды. Педагогтармен тьюторлардың жұмыс жасау әдісін фасилитацион (facilitate – жеңілдету; бірігіп жасау, алға жылжыту) деп атауға болады .
Кесте 2
