- •Өзін–өзі тексеру сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Дәріс 3. Педагогтың сөзi тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде.
- •2. Қарым-қатынас құрылымын таңдауда адамның, әcipece, педагогтың жалпы мәдениет деңгейі айқындалады.
- •4. Сөйлеу мәдениеті адамның жалпы мәдениетінің маңызды құрамдас компоненттерінің бipi.
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Эмлционалдық интеллект
- •Өзіңді таны.
- •Эмоциялық интеллекттің тағы бір компоненті: табандылық (ассертивность)
- •Тұлғааралық қарым-қатынас аясы.
- •Педагогикалық деформация
- •Оқу процесінде педагогтің деформациялы мінез-құлық типі
- •Кәсібилікті дамытудың әр түрлі деңгейінде педагогтарды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
- •Рефлексия типтері.
- •Педагогикалық бедел
- •Педагогикалық абырой деңгейлерінің жіктелуі
- •Педагогические стереотипы
Педагогикалық деформация
Қазіргі жағдай соңғы он жылда қоғамның барлық саласында әлеуметтік және экономикалық әрқилы темптермен, дағдарыстық тенденцияларымен сипатталады. Дағдарыс білім жүйесіне сөзсіз әсер етті. Мектептегі білім беруде дағдарыс жүйесіздікпен және педагогикалық еңбек интенсивтілігінің көзсіз өсуінен, педагогтың кәсіби, тұлғалық және әлеуметтік өмірінің жақсармауынан көрінеді.
Экономикадағы әлеуметтік өзгерістер қалыпты кәсіби қарым-қатынастардың бұзылуына және кәсіби стереотиптердің бұзылуына алып келетін жағдайлардың көбеюіне әкеп соғады. Бұл өз кезегінде белсенділікті азайтып, педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынастың бұзылуына және қызметтің әлеуметтік маңызды құрылымының бұзылуына алып келетін,тұлғаның кәсіби деструкциясының туына жағдай жасай отырып шеттелуге, тұйықталуға, кәсіби ерекшеліктің жоғалуына әкеп соғады.
Педагогтың кәсіби-тұлғалық дамуы педагогтың өмірлік жолының әртүрлі кезеңдерінде әртүрлі заңдылықтарға бағынады. Кәсіби деформациялардың тууы, оларды зерттеу мен коррекциялау, әр түрлі жұмыс өтілі бар педагогтардың өмірлік жолының әр түрлі кезеңдеріне әсер етуді есептеу, педагогтардың дипломнан кейінгі білім алуының үздіксіздігін қамтамасыз ететін бағдарлама, технологиялық жүйе құруда айқын көрініс табады.
Әдетте, кәсіби деформация жөнінде айтқан уақытта, қалыпты рөлдік (кәсіби) мінез-құлық немесе адамның кәсіби емес салаларға әсер етуі айтылады. Кәсіби деформация дезадаптация элементі ретінде қарастырылады, бірақ ол тек ғана кәсіби ортада ғана көрініс таппауы мүмкін. Н.В. Кузьмина педагогикалық мамандықтағы кейбір қиындақтардың себебін айқындады:
• педагогқа тәуелсіз объективті себептер;
• педагог өмірінің шарттарына және тұрмысына байланысты себептер;
• педагогикалық тәжірбие, субъективті-объективті;
• педагогикалық қызметті кездейсоқ таңдауғдағы субъективті себептер. [1].
Тұлғаның кәсіпті игеруде оның құрылымындағы өзгерістерімен бірге игеріледі, кейде бір жағынан,қызметтің сәтті іске асырылуын қамтамасыз ететін сапаның күшеюі мен интенсивті дамуы жүзеге асады, ал бір жағынан – бұл процесске қатыспаушылардың өзгеруіне, басылуына тіпті құрылымның бұзылуына алып келеді. Егер бұл кәсіби өзгерістер тұлғаның бірегейлігін бұзатын, оның бейімделгіштігі мен тұрақтылығын төмендететін жағымсыз өзгерістер ретінде бағаланса, онда оларды кәсіби деформация ретінде қарастыру керек.
Кәсіби деформацияны айқындайтын педагогтың кәсіби-тұлғалық дамуындағы бірнеше ұстанымдық позицияларға тоқталайық.
Кәсіби деформация феноменінде екі компонент қарастырылады.
Бастапқы икемдер, педагогтың болашақ мамандығымен жанасуы, осы кәсіп өккілдеріне тән қасиеттер болашақ педагог мінезінде бар, , саналы түрде сезіне алып және мақтаныш сезімін тудыратын (мысалы, балаларды оқытуға деген ниет, тілек) немесе басылу және жасырыну ( мысалы, басқа адамдардың жеке өміріне қызығушылық) икемдері.
Жеке кәсіби деформация, өзінің кәсіби қызметін соңында деформациялайды, студентте кәсіби әлем картасы қалыптасқан уақытта, оқу кезінде пайда болады.[2]
Тұлға деформациясы- қиын түсінік, қазіргі таңға дейін оның мазмұнына бірыңғай көзқарас жоқ, кәсіби деформацияның- бұрмалау, мазмұнның үйлесімсіздігі кәсіби қызметтің ерекшеліктерімен байланысты екені туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік беретін «жетілмегендік», «ауытқу», «рақымсыздық», «нысаншылдық» және т.б. секілді сөздермен айқындалады. Бұрмалау нәтижелерге баға бере алудағы кез келген жоғалтумен байланысты, немесе тыныштық күйін үнемі сақтауға ұмтылумен, әрекетсіздікпен, сылбырлықпен сипатталады.
Кәсіби деформация, педагог міндеттердің тек шектелген шеңберін ғана жасауға қабілетті болуына, оның жұмысына бейтарап қарауына, сонымен қатар қанағаттанбаушылық пен шаршау сезімдері күшейе түсуіне әкеп соқтырады. Осылардың нәтижесі педагогтың кәсіби қызметінің тиімділігін төмендеуіне әкеледі.
Педагог тұлғасындағы нормалардың бұзылыстары жиі бақыланады (моральды-этикалық, құқықтық, қызметтік). Бұзылыстардың мынадай ерекшеліктері бар: жоғары эмоциянальды жүктеме; төмен әлеуметтік дәреже; қаржылық тұрақсыздық; мұғалімдіктің «қартаюының» жалпы тенденциясы.
Кәсіби деформацияның мағыналық мазмұны кәсіби өсудің бұзылысы ретінде сипатталады және қызметтегі жеткен жетістіктердің бұрамалануын шамалайды, тұлғаның жағымсыз әлеуметтік-психологиялық өзгерістерінде сипатталып, оның бейімделгіштігін төмендетуімен, кәсіби білім мен біліктің жоқтығымен сипатталады.
Деформацияның негізгі себебі ретінде қызметтің шағын мамандандырылуымен сипатталады. Көп жылдан бергі күнделікті шешім қабылдау кәсіби білімді нығайтып қана қоймай, кәсіби дағды қалыптастырады, қарым-қатынас және ойлау стилін айқындайды. Осылайша тұлға типтік рөлдер жүйесімен сипатталады.[3].
Кәсіби педагогикалық қызмет өз кезегінде адамға толықтай өзгерістер тууына әсер етеді. Педагогтың кәсіби қасиеттерінің көбісі қанағаттандырылмай қалады, ал жетістікке жетуіне жағдай жасаушы қасиеттері жылдар бойы «пайдаланылады». Мойындау маңызды кәсіби өмір еңбек шартына тәуелділік, қанағаттану дәрежесі, белсенділік таныту да негативті сапалардың қалыптасуына әсер етеді. Сапалардың шектен тыс көрінуі және олардың құрылуы педагог қызметімен өзін-өзі ұстауына кері әсерін тигізеді. Қызмет құрылымын бұзатын деструкциялар болады: төмен кәсіби мобильділік, кәсіби дамудың әртүрлі кезеңдерінің сәйкессіздігі, болымсыз мақсаттар, еңбектің жалған маңызы, кәсіби конфликтілер, кәсіби қабілеттердің төмендеуі, кәсіби ойлаудың әлсіреуі және т.б. [4].
Кәсіби шеттелу, педагог тұлғасына кәсіби бағытталудың деструктивті өзгерісі болды, педагогтың қызметтен тыс өмір саласында басым бағдарлаумен сипатталады. Кәсіби шеттелуге тән мінез-құлықтық сипаттар педагогтың әріптестермен және оқушылармен қарым-қатынастағы жабықтық, пәнге шоғырлану, агрессивтілік, әлеуметтік екіжүзділік, белгілі өтірік, өз қызметін асыра пайдалану, арсыздық. Осының бәрі педагогты әлеуметтік бейімсіз етеді, яғни педагогикалық қызметті орындауға жарамсыз етеді. [5].
Кәсіби шеттелу сипаты бар кезеңнен кәсіби қалыптасудан өтуде педагогтың тұлғалық өзін-өзі белсендендіру. Кәсіби қалыптасудың бір деңгейінен кәсіби шеттелуі бар педагог сипатына өтуде педагог үшін өзін-өзі белсендендіру құндылықтарының маңызы;қоғамдық және отбасылық өмір саласының маңыздылығы; адамдармен қарым-қатынас жасаудағы рухани-адамгершілік құндылықтарға ұстылуы бақыланады. Жұмыс өтілінің көбеюіне орай педагог тұлғасы шағын тұтастықпен және толықтықпен, өзін-өзі бағалаудың жағымдылығының аздығымен сипатталады. [6].
Кәсіби деструкциялар-бұл қызметте және тұлғада үнемі жинақталып отыратын қалыптасқан құрылымның өзгеруі, «еңбек өнімділігіне және де тұлғаның жеке дамуына жағымсыз әсер етуші» [7, с. 149].
Кәсіби деструкциялар қызметтің игерілген тәсілдерінің бұзылуы кезінде, кәсіби қалыптасудың бір кезеңінен келесіге өткен кездегі өзгерістер бақыланады. Бір кәсіби қызметті ұзақ уақыт жасау кезінде туындаған стереотиптер адамның кәсіби өзін-өзі ұстауын өзгертеді.
Педагогикалық тәжірибедегі осы секілді кәсіби деформациялар жеңе алмайтын дәрежеге жетуі мүмкін; жағымсыз сыртқы әсер етуді лезде тоқтатқанда тез жоғалатын қабілетті формада болуы мүмкін. Стереотипті іс-әрекеттерде педагогтың тұрақсыздығы пластикалық формада көрініс табуы мүмкін. Басында өңделген стереотиптер жұмыс тиімділігінің жылдамдатады және жоғарылатады, бірақ олар басым бола бастағанда жағдайды педагог оңайлатып қабылдайды, ал өзінің қолданған әдістерінің дұрыстығына сенімділігі оның аналитикалық қабілеттерін төмендетеді. Осындай педагогтың мінез-құлығында икемділікпен жағдайға басқаша көзқараспен қарай алу қабілеттері болмайды.
Кәсіби стереотиптердің – шеберліктің жоғарғы дәрежесіне жету көрінісі, сананы жүктемей бейсаналы құрылымдармен басқарылатын тек қана білімді көрсетіп қана қоймай толықтай автоматтандырылған қабілеттер мен қарымдары көрсету екені күмән тудырмайды.
Профессиональные стереотипы развиваются, как правило, из тех качеств, которые особенно полезны для профессии. Однако, если слишком большая доля пове-дения строится на таких стереотипных действиях или указанные специфические установки начинают распро-страняться на внепрофессиональную среду, то это небла-гоприятно влияет и на работу, и на общение человека
Кәсіби стереотиптер заңдылық бойынша мамандық үшін маңызды саналатын сапалар есебінен дамиды. Алайда, егер мінез-құлықтың шектен тыс көп бөлігі осы секілді стереотипті іс-әрекеттерге құрылатын болса немесе көрсетілген кәсіби құрылымдар кәсібиден тыс ортаға таралатын болса, онда бұл жұмысқа және адамдармен қарым-қатынасқа кері әсерін тигізеді.
Артық орнатылған құрылымдар маманның қарапайым, айқын және саналы шешімді елемеуі мейлінше оңтайлы шешіммен, бірақ жаттанды оймен алмастырылады, педагогта жаңа білімдерсіз-ақ жиналған стереотиптер қызметтің қажетті жыдамдығын, дәлдігін және табысытылығын қамтамасыз ететіндігі туралы елестер пайда болады. Нәтижесінде маман ретінде педагогтың азғындалуына әкеп соқтырады.
Кәсіби деформацияның байқалу нұсқауларын анализдеу маңызды, педагог өз міндеттерін орындауға ұмтылады, алайда қажетті қабілеттіктер жетіспейді, осының нәтижесінде өз-өзінен көңілі қалады.
Еңбектік мінез-құлықта кездесетін деформацичның мынадай түрлері бар: рестрикционизм, еңбек өнімділігінің артықтығы, ойлау ебедейсіздігі, өз ойын жеткізуге қорқыныш, рөлдік жүйенің жұтаңдығы.
Рестрикционизм, көп уақыт және аз тиімді мінез-құлықты сипаттайды. Осындай педагог қызығушылықтары мектеп қызығушылығымен сәйкес келе бермейді, кейде қызығушылықтар қарсы келуі мүмкін. Бұндай мінез-құлық мәдениеттің төмендігінің нәтижесі емес, топтық бірліктің көрінісі. Педагогикалық ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мейлінше жақын болса, формальды емес көшбасшылар ұстанымы мейлінше күшейе түссе,әлсіз және орташа жұмыс жасайтын жұмысшыға тиімді рестрикционизм соншалықты қатты байқалады. Мықты педагогта ол кәсібиліктің төмендеуін тудыруы мүмкін, еңбек тәсілдерінің индивидуальды шешімдерін іздеуден бас тартуға, жұмысқа деген қызығушылықтың төмендеуіне, кәсіби және инновациялық сұраныстардың төмен деңгейі дәрежесіне алып келеді.
Қарама-қарсы деформациялы құбылыс- «жұмыстағы патологиялық төзімділік», өз еңбегінің қауырттылығын саналы түрде жоғарылатуымен байланысты: жұмыс екпінін тиімсіз жоғарылату, жұмыс күнінің ұзартылуы және т.б. осындай мінез-құлықтың сыртқы мотивтеріне көп ақша табуға тілек, бірінші болу, бәсекелестік сайыста жеңіп шығу жатады. Ішкі мотивтерге адалдық, өзін-өзі таныту жатады. Осындай еңбек қуаныш сыйламайды, жеке өмірдің мәні жоғалады.
Ойдың ебейсіздігі кәсіби деформация ретінде педагогтың жұмыс орындауға қабілеттіліктері:біліктілігін арттыру, кәсіби ортаның жаңа шарттарына адаптация секілді өзгерістерге қабілетсіздіктерімен байланысты. Адам, жиі ынталы және еңбексүйгіш, барлығымен татуласуға келіседі, тек ешнарсе өзгермесе болды. Тұлға үшін бұл кәсіби тоқырауға алып келеді, содан соң кәсіби регресске.
Педагогтың өз ойын жеткізуге деген қорқынышына адамдарға деген сақтық қарым-қатынас, қалыптасқан үлгідегі «орташаландырылған» мінез-құлық аясынан шығуға ұмтылыс алып келеді. Осындай күй жұмысшының әлеуметтік және кәсіби пассивтілігінде көрініс табады. Адамда жаңа ақпарат алдында қорқыныш сезімі болады, нәтижесінде білімнің ескіруімен және бірте-бірте квалификацияның жоғалуына алып келеді. Ол таңдалған шешім үшін өзіне жауапкершілік алудан қашады, тәуекелге бел бууды жөн санамайды, антиинновациялық әлеуметтік-психологиялық климатты құрастырады. Нәтижесінде осындай деформация жұмысшының қызмет ақыға жоғары қызығушылығынан, жұмыс және тұрмыс шарттарынан көрініс табады.
Рөлдік жүйенің жұтаңдығы педагогтың мінез-құлқының жүзеге аспауына , кәсіби міндеттеріне деген қарым-қатынаста «бұғу» типін жақтауына, жетекшілермен әріптестерге деген қатал «қорғанысқа» алып келеді. Мінез-құлықтың бұл типі өз іс-әрекеттеріне жауап беруге дайынсыздыққа, топтағы беделдің жоғалуына, еңбекпен қанағаттанудың төмендеуіне алып келеді. Осындай конгруэнттілік деңгейі төмен мамандар әлеуметтік оңашаланған, үреймен сипатталады,олар эмоциональды стресстерге осал, қызметтің әр түрлі түрін орындауға қабілетсіз болып келеді. [8].
Кәсіби деформацияның әлеуметтік қауіпі жоғары, себебі кәсіби деформациялы педагогтар «деформациялы шәкірт» тәрбиелеп шығарады. Кәсіби деформацияны айқындайтын негізгі психологиялық механизм кәсіби ерекшелікті жоғалту болып табылады.
Бұл деформация «кәсіби маргинализмнің» тууына себепші болады. Кәсіби маргинализм белгілері кәсіби этикаға және кәсіби еңбек құндылыңтарына деген ішкі қажеттіліксіздіктен байқалады. Егер қарастырылып отыған деструктивті процесстер кең етек алса және әлеуметтік норма антинорма болса онда әлеуметтік қауіп туралы сөз қозғай беруге болады.
Әрбір педагогтың тұғалық ерекшеліктері оның кәсіби еңбегінің сипаты мен нәтижесіне қарай индивидуальды-өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Осыған орай мамандықтың адамға талабы жоғары: жоғары кәсіби ерекшелік, мінез-құлықтағы және тұлғалық ерекшеліктер қалыптасады.
Тұлға мен қызмет арасындағы өзара әрекеттестік айқын сипат. Тұлға қызметте қалыптасады және дамиды, айқын мағынада тұлға жайлы қызметтің ерекшелігі жайлы айтуға болады. Бір жағынан тұлға мінездемесі қызметтің ерекшеліктерінің жүзеге асуына әсер етеді. [9]
Педагогтардың белгілі бер деформациясына педагогикалық жүйедегі барлық факторлар мен қарама-қайшылықтар әкеп соғады.(кесте 1).
Мектептептерде педагогтардың үлкен педагогикалық жұмыс өтілімен жұмыс істейтінін, олардың қайта жүктелуге әлеуметтік дайындығы, педагогикалық проблемалардың конструктивті шешімдері технологияларына , релаксация техникаларына дайындығы жоқ екенін есепке ала отырып, «кәсіпқой» ұғымының жеңілдетілуі туындайды, осындай педагогтың кәсібилікке құрылымдары бақыланады. Сәйкесінше осындай педагог кәсіби қызметті ұзақ орындау процесінде , кәсіби өзін-өзі ұстауда, кәсіби қарым-қатынаста деструктивті өзгерістерге тез ұшырағыш болады.
Кесте 1
