Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шеберлик лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
506.37 Кб
Скачать

Өзіңді таны.

Эмоционалдық өзін-өзі анализдеу - көптеген эмоционалды қабілеттер жүктелетін, ол бойынша негізі, өзіміз зерттеу мен түсіну, және өзгерту мүмкіндігі үшін қажетті алғашқы қадам болып табылады. Бұл жалпы өнерді игеру сізге басқа да эмоциялық мәдениет аясында дамуға мүмкіндік береді.

  • Өзінің сезімдеріне есеп бере алатын адамдар, олар өздерінің нашар сезініп тұрғанын, тітіркінгенін, қайғылы болуы мен азғырулардың тұтқынында екенін немесе адасуларын түсінеді және біледі, және де осы сезімдері олардың мінез-құлқын өзгертіп, айналадағы адамдарды өзіне қарсы қоятынын түсінеді. Әдетте олар өздеріне бұл сезімдерді қандай оқиға тудырғанын да біледі. Өздерінің қалай сезінетінін және қалай ұстау керектігін білетін адамдар өздерінің жиіркенішті мінез-құлық ықтималдығын қадағалауға мүмкіндік береді.

  • Әрбір эмоцияларды сезіну - оны бақылау үшін бірінші қадам болып табылады. Бақылаудан тыс эмоциялар әрқашан бізге қарсы жұмыс істейді. Егер сіз ашуланып айналадағы адамдарың қорлауы мен саказмдарына бейім болсаңыз, тіпті оны түсінбесеңізде, оның артынан екі нәрсенің жалғасады. Біріншіден, таза физиологиялық салдары - сіз гипертония немесе асқазанның ойық жарасынана шалдығуыңыз мүмкін. Екіншіден, не себеп екенін білмей адамдарды өзіңізден алшақтатып аласыз.

  • Олар сізден қашады немесе сізді теріс жағынан көреді. Сіздің басқа қабілеттеріңіз, сіз ие болған білім немесе сіз жеткен шеберлік қаншалықты елеулі екенін маңызды емес, сізде оларды көрсетуге мүмкіндік болмайды. Сіз өзіңіздің эмпатияға қабілетіңізді және кез-келген жағдайда басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасау мен мұқияттылық секілді қабілеттеріңізді төмендетесіз.

  • Эмоционалды өзін-өзі анализдеудің мақсаты өз эмоцияларыңызды түбіне дейін талдау, олардың жолын кесу немесе толығымен соған еру емес. Біз уақыт өте келе өзімізді орынсыз бейнеде ұстаймыз. Және де біз өзіміздің жағымсыз сезімдерімізден құтыла алмаймыз: олар қайғы, шығын және сыннан кейін әбден табиғи болып табылады. Ақпараттың жетіспеушілігінен дұрыс емес жолмен жүрмеу үшін және соқырлықпен қараңғы ішкі мотивацияның соңынан ермеу үшін біз өзіміздің не сезінетінімізді және неліктен олай сезінетінімізді білуіміз керек.

  • Эмоцианалды өзін-өзі анализдеу жетістікке жетудің шешуші факторы. Егер сіз өзіңіздің қандай сезімде екеніңзді түсіне алмасаңыз, егер сі өзіңіздің «эмоциялық температураңызды» анықтай алмасаңыз онда айналадағылар сіздің іс-әрекетіңізді жауыздық және өздерін қорлаушылық деп түсініп, сізден алшақтауға тырысуы мүмкін.

  • Өзін-өзі анализдеу – эмоциялық мәдениеттің маңызды тірегі, себебі біз беймәлімді өзгерте алмаймыз, өзін-өзі анализдеу – мінез-құлқыңызды өзгертуге бірінші қадам. Ол үшін біз өзімізге сезімдеріміз туралы, айналадағыларда қандай әсер қалдырғандығымыз туралы есеп беру керекпіз, болмаса біз адамдармен маңызды қарым-қатынасты тиімді құра алмаймыз.

Эмоциялық интеллекттің тағы бір компоненті: табандылық (ассертивность)

Табандалық негізгі 3 компоненттен тұрады:

  1. Сезімдерін көрсете алу қабілеті (мысалға, ашуды өткізу және шығара алу, сексуалды және ыстық сезімдер);

  2. Нанымдары мен ойларын ашық айту қабілеті (ешқандай қысымға мойын ұсынбай және белгілі бір позицияда тұрып, тіпті ол эмоциялық тұрғыдан қиын болса да, тіпті осы тұста маңызды бір нәрсені жоғалуы мүмкін болса да, өзінің ойын айту қабілеті,);

  3. Өзінің жеке құқықтарын қорғау қабілеті (басқаларға сізді пайдаланып немесе тиісуіне жол бермеу). Сенімді адамдар шектеулі және ұялшақ емес, олар - өз сезімдерін агрессиясыз және қорлайтын сөздерсіз білдіруге қабілетті (көбінде тік).

  • Табандылық көбінде дұрыс емес түсіндіріледі. Бұл өте қызық, себебі ол өзіне анық, нақты және дәл қарым-қатынас жасау қабілетін, сонымен қатар жеке қақтығыстарда өзгелердің қажеттіліктеріне сезімталдықпен қарауға мүмкіндік береді.

  • Табандылықтың дұрыс деңгейінде өмір сүру немес әрекет ету 3 бағытқа бөлшектенеді. Біріншіден, өзіңіздің сезімдеріңізді көрсетпес бұрын, анықтап алу үшін жеткілікті дәрежеде эмоциялық өзін анализдеуді игеру керексіз. Екіншіден, қолдамаушылық пен ашуды көрсету үшін, ашуға мінуіңіз үшін және өзіңіздің жағымсыз тілектеріңізді орнымен жеткізу үшін, жеткілікті дәрежеде өзіңіздің серпініңізді (импульс) басқара алуыңыз керек. Үшіншіден, өзіңіздің терең нанымдарыңыз бен жұмысыңызды, өз құқыңызды қорқауға міндеттісіз. Бұл дегеніміз эмоциялық қысымсыз және бопсалаусыз басқалардың ойымен келіспей, өзінің құқығын қорғап, бір уақытта басқалардың көзқарасына сыйластықпен қарай отырып жеткілікті деңгейде өзін ұстай алу, басқаларға сезімталдық таныту.

  • Бұл көбінде конструктивті компромиске алып келеді – «жеңіс әркімде» жағдайы. Достықтың өрмегі мықты болады, егер екі жақ бірігіп қанағаттанарлық шешімге келсе.

  • Табанды адамдар өздерінің тілектері мен ойларын нақты айтып және қорғап жүргенді, сонымен қатар олар басқалардың тілектері мен қажеттіліктеріне мән береді. Бұл соңғы пункт табандылықты агрессиядан бөліп көрсетеді.

  • Ашушаң адамдар басқа адамдардың көзқарастарын сыйламайды, сонымен қатар басқалардың қажеттіліктер мен сезімдеріне мән бермейді. Олар өздерінің көзқарастары мен тілектерін күшпен, алаяқтықпен қабылдатуға тырысады. Агрессия компромиске орын қалдырмайды. Ашулы адам тек өзін ғана есепке алады, үнемі өзінің тілектерін айтып және соған басқаларды бағындыруға тырысады.

  • Енжар адамдар өздерін басқаларға түсіндіруге қиналады. Олар брін өздерінде ұстайды және жағымсыз жағдайларға тап болудан қашады; олар өзге біреу келіп дайынның бәрін ұсынады деп күтеді. (бірақта олар айтқысы келмегендіктен немесе айта амағандықтан басқалар оларға көмек көрсете алмайды.) міне сондықтан да олар өмірдегі көптеген мүмкіндіктерден қол үзіп қалады, сол уақытта басқалар бұл мүмкіндіктерді пайдаланып кетеді.

  • Жетістік деп сіз алға қойып, жеткен мақсатты айтады. Табанды адамдар мақсаттарына жетеді, себебі олар басқа адамдардың көзқарасын ескере отырып, өздерінің не сезінетінін және не қалайтындарын, нанымдарын ашық және нақты деткізе алады. олар өздеріне қарсы шыққан да өз позицияларын қорғай алады. Бұл комбинацияны тікелей түсіндірсек, басқа адамдардың қажеттіліктеріне сыйластықпен қарап, өздерінің нені қалайтынын бігендіктен олар тілегендеріне жетеді.

  • Жетістік енжар адамдар мына себептерге байланысты да сусып кетеді, олар көбінде өздерінің нені қалайтынын анық білмегендіктен, басқаларға сезімдері мен қажеттіліктерін жеткілікті анық және нақ жеткізе алмайды. Осылай болса басқа адамдар оларға қалауларын және мақсатына жету үшін қалай көмек көрсете алады?

  • Енжар адамдар, кішкентай қарсыласу кезінде-ақ өздерінің талаптарынан бас тартып немесе өзгертіп, көбінде шегінеді.

  • Ашушаң адамдарда мақсатқа жетуде қиындық туады, себебі олар өз ойларын анық жеткізе алғанымен де, айналадағы адамдарды қорлап, сыйламай өздерінің тілектері мен ойларын оларға итермелейді. Соның слдарынан ашушаңдың айналасындағы адамдар, оларды эгоцентрлі, деструктивті, өзімшіл және жауыз тұлға ретінде қабылдайды, сосын олардан не қашады, не айтқандарын қысым арқыы қабылдайды, бірақ соңында оларды қолдауын қояды. Сіз өзіңізге ұнауды және өзіңіз жайлы жақсы ойлағыңыз келеді, ең маңыздысы – өзіңіздің плюс және минустарыңызды білу. Мәселе мынады, өз жетістіктеріңізді шамадан тыс көрсету өз-өзіне соқыр қанағаттануға (самодовольства) алып келеді. Өзіңе өзіңнің қандай ғажап екеніңді айту эго-ның бастапқы кезеңінде дәрі болуы мүмкін (немесе мүмкін емес), бірақ бұл мақсаттың соңы емес. Тәрбиешілер мен психологтар жақында күдіктенеді, кішкентай балалардың санасына өздерінің жетістіктері туралы айту дұыс па, себебі ол кейбір жағдайларда агрессияға бейімділік пен басқада эмоциялық бұзылуыларға септігін тигізеді.

  • Өзін сыйлаудың төмендігі қауіпті, бірақ жасанды өзіне деген қанағаттанушылық та аса проблемалы. «Мен-ерекшемін» деген мантраны қайталап өскен бала, өмірде керекті қабілеттерді ала алмайды. Баланы көп мақтаулардың астына алу, егерде ол мақтауға лайықты ештенке істемеген болса, сіз оның көңілін қатты қалдыруыңыз мүмкін: болашақта өмір оны мақтауға лайықты емес әрекеті үшін басынан сипамайды. Нағыз өзін сыйлау бірте бірте өзі құрыла бастайды,айналасындағы адамдардың негіссіз мақтауларынсыз ақ, нағыз жетістіктері үшін адамда мақтаныш сезімі пайда болады.

  • Бәрін білгіш сияқты көрінгісі келетін адамдар өрескел қателіктерге ұрынады. Олар өздерін жоғары бағалап, басқалар оны түсінеді деп ойлайды. Олар көбірек бейтаныс аймаққа шыққан сайын, олар қысыла бастайды. Өздеріңіздің неліктен нашар жасайтындарыңызды білу үшін, жақсы жасайтындарды табу керек, олардың білімдерінен қолдауну – міне осы шынымен жетістікке жеткен, жетуі тиіс және жететін адамдардың айырмашылығы.

  • Біздің көбінде байқайтынымыз адамдар кез келген іспен айналыса аламын деп ойлағандықтан сәтсіздікке ұшырайды. Олар өз қабілеттерін жоғары бағалап жібереді. Нағыз табыста адам өзінің қолынан не келмейтінін біледі. Ол өзінің таңдаған аяда өз қабілеттерімен жұмыс жасап, дамытуды, оған қашан көмек ретінде енжар тұстарын дұрыстауға адам керек екенін біледі. Өзін жүзеге асыру.

  • Өз әлеуетін іске асыру ниеті – бұл сізге пайдалы және қызықты қызмет үшін даму, және ұзақ мерзімді мақсаттарға жету барысында өмір бойы кәсіп бола алады. Өзін жүзеге асыру – бұл үздіксіз динамикалық урдіс, өзінің таланты мен қабілеттерін дамытуға деген зор ықылас, жалпы тұрғыда даму және істеген істі оданда жақсырақ істеуге тырысу. Өзінің қызығушылықтарымен ынтамен айналысу кез келген іспен тереңірек айналысуға деген энергияны тудырады. Өзін жүзеге асыру өзіне қанағаттану сезімімен байланысты.