- •Өзін–өзі тексеру сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Дәріс 3. Педагогтың сөзi тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде.
- •2. Қарым-қатынас құрылымын таңдауда адамның, әcipece, педагогтың жалпы мәдениет деңгейі айқындалады.
- •4. Сөйлеу мәдениеті адамның жалпы мәдениетінің маңызды құрамдас компоненттерінің бipi.
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Эмлционалдық интеллект
- •Өзіңді таны.
- •Эмоциялық интеллекттің тағы бір компоненті: табандылық (ассертивность)
- •Тұлғааралық қарым-қатынас аясы.
- •Педагогикалық деформация
- •Оқу процесінде педагогтің деформациялы мінез-құлық типі
- •Кәсібилікті дамытудың әр түрлі деңгейінде педагогтарды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
- •Рефлексия типтері.
- •Педагогикалық бедел
- •Педагогикалық абырой деңгейлерінің жіктелуі
- •Педагогические стереотипы
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Педагогикалық қарым-қатынас стилдеріне сипаттама беріңіз?
Қазіргі мектепте педагогикалық қызыметтің қай стилі басым?
Педагогикалық еп дегеніміз не?
Педагогикалық епті игерудің қандай жолдарын білесіз?
Педагогтың оқушылармен қарым-қатынас орнату техникасын көрсетіңіз?
Педагогтың ата-аналармен қарым-қатынас орнату техникасын көрсетіңіз?
Үгіттеудің мәні, формалары, шарттары қандай?
Сендірудің түрлері және формалары?
« Бүгінгі мұғалім ...Ол кім?» атты анкета өткізіңіз. ( Қараңыз:Орлов А.А.; Агафонова А.С. Введение в ипедагогическую деятельность. М., 2004.-95б.)
Әдебиеттер тізімі
Усманова А. Системный подход к коммуникативной организационно-педагогической деятельности руководителя орпганизации средного гуманитарного оброзования в целях активизации педагогических кадров к воспитательной работе. //Ізденіс.-2005.- №2.-209б.
Жолдасбекова С., Махмудова Г. Болашақ мұғалімдерді дайындауда оқытудың ақпараттық технологиясын пайдалану жолдары. //Ізденіс.-2005.- №1.-238б.
Абенова Е, Машенбаев Т. Жас мұғалім жақсы ұстаз болу үшін // Қазақстан мектебі.-2003.-№9.-7б.
Зязюн И.А. основый педагогического мастерства. – Киев., - 1987ж.-38-43б.,62-82б.
Балл Г.А., Бургин М.С. Анализ психологического воздействия и его педагогическое вляние//Вопросы психологии.-1994.-№4.
Эмлционалдық интеллект
Эмоциялық интеллектке өзін-өзі хабардарлығын және импульстік басқару, табандылық, ынта және мотивация, жанашырлық (эмпатия) және әлеуметтік ептілік кіреді. Бұл табысты адамдар белгілеген қасиеттер: олардың қарым-қатынастары гүлдене береді, олар - жұмыста жұлдыз болып табылады. Эмоциялық интеллектке сонымен қатар, мотивациялық компонент – жетістікке жету үшін ұмтылу, белсенділік, ынта, міндеттерді іске асыру, эмоциялар мен өмірге жалпы оптимистік көзқарас кіреді. Оған қоса қажетті әлеуметтік дағдыларды бөліп көрсетеді – басқалардан өзіне керек реакцияны тудыра алу, өзара түсіністік, ынтымақтастық, мағыналы мақсаттарға қол жеткізу үшін өзгелерді ынталандыру. Эмоциялық ақылды адамның ең маңызды қасиетті – жағымды эмоцияларды өзінде ғана емес, қоршаған ортасында да тудыра алуы.
Ата-аналар мен балалардың арасындағы өзара түсіністіктен бастап және менеджердің өзінің қызметкерлердің жақсы қасиеттерін оята алу, жақсы қарым-қатынас пен ынтымақтастық адам қызметінің әр саласында жетістікке жетудің кілті болып табылады,
Неге кейбір адамдардар өзгелерге қарағанда эмоциялық тұрғыдан жайлы? Неге кейбір адамдардың басқаларға қарағанда өмірде табысқа көбірек жету мүмкіндігі бар? Ал ең бастысы, жоғары интеллектуалды қабілеттерге ие адамдар, қарапайым интелекттуалды қабілеттерге ие адамдарға қарағанда көбірек сәтсіздікке ұшырайды? Бұған жеке эмоциялық фактор немесе эмоциялық интеллект деген атқа ие жеке тұлғалық қасиеттер әсер етеді.
Бұл жағдайды түсіну, басқалармен оңай қарым-қатынас жасау және өз өмірін бақылауға алу, әлемге сай реттелу қабілеті болып табылады. Ұзақ уақытты жетістіктер мен интеллектпен аса ұқсастығы жоқ қабіеттер арасындағы байланысты жоққа шығарымайтын деректер көрсетті. Сіз эмоцианалдық және әлеуметтік түсінік пен ойлауға неғұрлым толық ие болған сайын, соғұрлым өмір жолымен жүру тиімді және оңай болмақ.
Эмоционалдық және интеллектуалдық өсуіне ықпал ету үшін, эмоционалды интеллект эмоцияны қабылдау, эмоцияларды қол жетімді ету және ойлауға ықпал ету үшін оларды жасау, эмоцияны және оның мағынасын түсіну, оларды ойша басқару ретінде түсіндіріледі.
Басқа сөзбен айтқанда, бұл бізге өмірде өз жолымызды табуға мүмкіндік беретін қабілеттер жүйесі – жалпы қабілеттердің әлеуметтік, жеке аспектісі, күнделікті тиімді жұмыс жасау үшін ұстатпайтын ой мен сезімталдығы. Бұған саяси және әлеуметтік ахуалды қабылдауға және жүйелеу қабілетін жатады; басқалар не қалайды және неге зәру, олардың әлсіз және күшті тұстарын сезімтал тұрғыдан түсіну; стерсс жағдайында сабырлылықты сақтау; және де ең бастысы көпшіл болу – басқалар жақындасқысы келетін адам болу.
