- •Өзін–өзі тексеру сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Дәріс 3. Педагогтың сөзi тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде.
- •2. Қарым-қатынас құрылымын таңдауда адамның, әcipece, педагогтың жалпы мәдениет деңгейі айқындалады.
- •4. Сөйлеу мәдениеті адамның жалпы мәдениетінің маңызды құрамдас компоненттерінің бipi.
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Эмлционалдық интеллект
- •Өзіңді таны.
- •Эмоциялық интеллекттің тағы бір компоненті: табандылық (ассертивность)
- •Тұлғааралық қарым-қатынас аясы.
- •Педагогикалық деформация
- •Оқу процесінде педагогтің деформациялы мінез-құлық типі
- •Кәсібилікті дамытудың әр түрлі деңгейінде педагогтарды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
- •Рефлексия типтері.
- •Педагогикалық бедел
- •Педагогикалық абырой деңгейлерінің жіктелуі
- •Педагогические стереотипы
4. Сөйлеу мәдениеті адамның жалпы мәдениетінің маңызды құрамдас компоненттерінің бipi.
Сөйлеу мәдениеті - бұл әдеби тіл нормаларына сәйкес сөздерді қолдану, айту, өзгерту, басқа лексемалармен бipiктіру, сөйлемді
дұрыс құрастыру. Тіл нормалары (орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық) дегеніміз қарым-қатынаста қажет болатын құралдардың жиынтығы. Олар әдеби тілге тән, оларсыз сөйлеу мәдениеті болмайды.
Сөйлеу мәдениеті eкi компоненттерден құралған: тілдік элементтер мәдениеті және қарым-қатынасты орнату мәдениеті.
Сөйлеу мәдениеті жайындағы ғылым тілтану саласына жатады, ол, ең алдымен, лексика, орфография, орфоэпия, морфология, синтаксис, стилистикамен байланысты. Бірақ тілдік құралдардың мәнерлілігі жайындағы ғылым басқа ғылымдардың элементтерін жинақтайды, олар: әдебиет теориясы, психология, педагогика, анатомия және физиология, физика (акустика) жэне т.б. Жоғары оқу орны оқытушысының, мұғалімнің cөзi нақты, дұрыс, түсінікті, әдемі, қысқа да нұсқа және т.б. қасиеттерге ие болуы тиіс.
Сөйлеу мәдениеті ұғымына сөздік қордың байлығымен анықталатын лексикалық мәдениет енеді. Бай сөздік қоры - бұл сөйлеу мәдениетінің ажырамас бөлігі. Тілдің байлығы сөздердің санымен емес, оларды түрлі мағынасында қолдану қасиетімен де анықталады. Бұл құбылыс полисемия деген атауға ие. Сөздерді қолдануда өте абай болған жөн. Сөйлеу барысында ең қажетті және келістi сөздерді қолдану дәлдікке - сөйлеу мәдениетінің маңызды сапаларына әкеледі.
Сөздің мәнерлілігіне және дәлділігіне тілдік құралдардың алуан түрін қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Олар: синонимдер (әйгілі, атақты, даңқты, танымал), паронимдер (абонемент — абонент, адресат - адресант) және т.б.
Педагогикалық қарым-қатынас үрдісіндегі сөзге қойылатын маңызды талаптардың бipi - қарапайымдылық және ықшамдық. Егер материал артық сөзсіз, үнемді ұсынылса, осы арқылы нақтылыққа, дәлдікке, тиімділікке, сенімділікке жол ашылады. Kepiсінше, көп сөз, бос сөз педагогикалық ықпалдың әсерін төмендетеді.
Сөздің сапасын тавтология да, яғни бip нәрсені бipнешe рет қайталама сөздермен жеткізу, төмендетеді. Мысалы, әрбір оқушымен жеке жұмыс, бос вакансия, өз өмірбаянын жазу және т.б.
Ауызша сөйлеуде қыстырма сөздерді (жанағы, осылайша, яғни, әрине, сосын, ия және т.б.) қолдану да тыңдаушыларға кepi әсерін тигізеді.
Педагог cөзi бейнелі де мәнерлі болуы керек. Бұл талаппен шаблонды сөз тipкecтepi мен сөздерін қолдану сәйкес келемейді. Олардың нақты мағынасы көбінесе болмайды, сөзге бюрократтық, кеңселік сипат береді. Дайын трафарет, штамптарды қолдану адамның шығармашылық ойын тежейді.
Сөйлеу мәдениетінің ажырамас бөлігі - сөздің грамматикалық сауаттылығы, яғни сөздің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің формаларын қолданудағы норматив. Әрбір сөз таптарына (зат есім,
сын eciм, сан есім, есімдік, етістік) белгілі бip бекітілген өзгертулер тән. Синтаксисік ережелерге сүйене отырып, мұғалім өз сөзінде оқушылардың қабылдауына жеңіл болатын жай сөйлемдерді» қолданғаны жөн. Әрдайым тек жай сөйлемдерді қолданып қоймай, сөздің бірізділігін, мәнін, ырғақтығын жоймау үшін күрделі құрмалас сөйлемдерді қолданған дұрыс. Хабарлы сөйлемдермен қатар материалдағы негізгi мәселені көрсетуде, оқушылардың назарын аударарда, олардың ақыл-ойын белсендендіруде, проблемалық ситуацияны тудыруда сұраулы, риторикалық сөйлемдер қолдану орынды.
Педагог сөзі сауаттылығымен қатар мәнерлілігімен, бейнелілігімен, эмоционалдығымен ерекшеленеді Оған
фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, афоризмдер, анафора, градация, инверсия сынды стилистикалық фигуралар жатады.
Интонация - ауызша сөйлеудің жүрегі. Оның eкi түpi бар: логикалық, және эмоционалды.-экспрессивті. Логикалық интонацияның мақсаты - сөйлемде маңызды мәнге ие сөздерді айқындау. Эмоционалдық-экспрессивті интонация мғұғалімге өзі әңгімелеп отырған адамдарға, құбылыстарға, оқиғаларға деген қарым-қатынасын, көзқарасын, сезімін, бағасын керсетуге мүміндік береді.
Осылайша, тіл - бұл маңызды аппарат құралы, педагогикалық қарым-қатынас құралы, тәрбиешінің тәрбиеленушілерге ықпал ету құралы. В.А.Сухомлинский сөздің маңызын былайша керсетеді «...Сөз - адамның мінез-құлқының өте нәзік салаларына өз әсерін тигізуге қабілеті бар өте жіңішке пышақ. Оны дұрыс қолдана білу іскерлігі - ұлы өнер. Сөз арқылы жан сұлулығын тудыруға болады, Kерісінше, сөзбен оны бүлдіруге де болады. Ендеше, тек сұлулықты тудыратын іскерліктерді меңгерейік».
5. Мұғалімнің сөзін қабылдау және түсіну пpoцeci тыңдау процесімен бipгe жүреді. Оған, ғалымдардың айтуынша, оқу уақытының шамамен 1\4 –1\2 бөлігі келеді. Сондықтан, оқушының оқу материалын дұрыс қабылдау процесі мұғалімнің сөйлеуінің сапасы мен жетілу деңгейінше байланысты.
Балалар педагогтың сөйлеу қабілеттерін өте жақсы сезеді. Keйбip дыбыстардың дұрыс айтылмауы олардың күлкісін келтіруі мүмін, бip сарынды ұн олардың iштерін пыстырса, дұрыс қойылмаған интонация, ашық әңгімедегі қатты дауыстап сөйлеу, өтірік, жасанды нәрсе ретінде қабылданып, оқушыларды мұғалімнен алыстатады.
Кейбіреулердің айтуынша, дауыс пен ырғак - бұл адамға берілетін табиғи дарындылық. Бірақ қазіргi эксперименталдық, физиологияның зерттеулері бойынша, дауыстың сапасын түпкілікті өзгерту әбден мүмкін. Тарих мәліметтеріне сүйенсек, осы бағытгағы адамның өзін-өзі жетілдіруінің тағ қаларлық нәтижелерін көруге болады. Әйгілі
Демосфен өзінің денелік кемшіліктерін және отырып, Ежелгі Грецияның әйгілі саяси шешені атанған. Осылайша, Владимир Маяковский да 20 жасында аузына кішкентай тастарды толтырып алып, шулы Рион жағасында сөз сөйлеп, өзін халық алдында сөйлеуге дайындаған.
Бұлардың бәpi бiзгe үлгі болғанмен, олардың әдістемесін бiз қолданбаймыз. Бұл тек техниканы меңгеруде адамға үлкен ұмтылыс, күші ерік және жүйелі дайындық, қажетігінің дәлелі бола алады. Қaзip театр педагогикасына негізделген сөйлеу техникасын дамытуға арналған жаттығулар жүйесі жинақталған.
Сөйлеу техникасы - бұл мұғалімге сөз мазмұнының барлық байлығы мен мәнін оқушыға жеткізуге мүмкіндік беретін сөйлеу дем алысының, дауыс шығару және дикцияны орнату дағдыларынын кешені.
Дем алу физиологиялық қызметке ие. Ол ағзаның жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол сөздің энергетикалық базасы. Сөз дем алысы - фонациялық. (грек cөзi phono -дыбыс) болып табылады.
Кұнделікті өмірде біздің cөзiмiз негізінен диалогтық сипатта болғандықтан, ешқандай қиынға соқпайды. Бipaқ сабақта, мұғалім, әcipece, көп сөйлеген шақта, жаттықтырылмаған дем өзінің кемшілігі байқатады. Жаттықпаған, яғни дұрыс дем алу ұйымдастырылмаған, мұғалімнің жүрек соғысы жиілеп, беті қызарып, демікпе пайда болуы мүмкін.
Дем алу техникасының нeгiзгi қағидалары: дем алу процесіне қатысатын бұлшықеттерге сәйкес онын төрт түpiн ажыратады.
Жоғарғы дем - иықтың және кеуде қуысының жоғарғы жақ бұлшықеттері қатысатын әлсіз, үстіртін дем, бұнда өкпенің тек ұшы ғана белсенділікке ие.
Кеуде демі - қабырғааралық бұлшықеттер арқылы жасалады. Кеуде қуысының көлденең көлемі өзгереді. Диафрагма аз қозғалады, сондықтан дем шығарудың энергиясы жеткіліксіз.
Диафрагмалық дем - диафрагманың қысқаруы нәтижесінде (әдетте, бұл жағдайда қабырғааралық дем алу бұлшықеттерінің сәл қысқаруы байқалады) кеуде қуысының ұзына бойы көлемі өзгepiп, дем алу npoцeci жүреді.
Диафрагмалық-қабырға демі - диафрагманың қысқаруынан, қабырғааралық дем алу бұлшықеттерінің, қарынның бұлшықеттерінің жиырылуынан пайда болатын кеуде қуысының көлденең және ұзына бойы көлемі өзгepyi арқылы жүретін дем алу және дем шығару процесі. Бұл дем - дұрыс дем болып саналады және оны сөйлеудің негізі ретінде таниды.
Диафрагмалық-қабырға дем алу механизмі. Диафрагма қозғалысы: диафрагма қысқара отырып, төменге түседі, қарында жатқан iшкi органдарды жаншиды. Нәтижесінде
қарынның жоғарғы бөлігі көтеріліп, төменге түскен диафрагма есебінен кеуде қуысы көлденең бағытта кеңиді өкпенің төменгі бөлігі ауамен толтырылады.
Кеуде қуысының кеңеюі: кеуде қуысын ашатын және кеуденің ұзына бойы көлемін арттыратын қабырғааралық бұлшықеттердің белсенді жұмыс жасауы нәтижесінде пайда болады. Өкпенің ортанғы бөлігі ауаға толады.
Қарынның төменгі жағын тарту диафрагмаға тірек болып табылады, өкпенің төменгі және ортанғы бөліктеріндегі ауаның жоғары жаққа өтyiнe, нәтижесінде өкпенің тұтас ауамен толығуына жол ашады.
Дем шығару қалай жүреді? Диафрагма жайлап әлсіреп, кеуде қуысына қарай көтеріледі, кеуде қуысының ұзына бойы көлемі қысқарып, қабырға төменге түседі, нәтижесінде кеуде қуысының көлденең көлемі азаяды. Кеуденің жалпы көлемі кішірейіп, ондағы қысым артады да, ауа сыртқа шығарылады.
Фонациялық демнің кәдімгі демнен айырмашылығы неде? Әдеттегі дем дем алу және дем шығару мұрын арқылы жүреді. Олар қысқа болып келеді. Әдеттегі, физиологиялық дем алудың бірізділігі - дем алу, дем шығару, үзіліс.
Сөйлеу үшін әдеттегі физиологиялық дем жеткіліксіз. Сөйлеу және оқу көп ауаны, оның тиімді жұмсалуын және дер кезінде қайта толтырылуын талап етеді.
Сөйлеу дыбыстары дем шығаруда жасалады. Сондықтан оны ұйымдастыру сөйлеу дем алысы мен дауысты орнатуда, оларды дамытуда, жетілдіруде ерекше мәнге ие.
Диафрагмалық-қабырға демін дамыту үшін дем шығарудың ұзақтығын жаттықтыратын, диафрагманы, қарын және қабырғааралық бұлшықеттерді дамытатын жаттығулар қажет.
Диафрагмалық-қабырға демін дамытуды қарапайым жаттығулар жасаудан бастаған жөн.
Шалқалай жатып, мұрын арқылы терең демаламыз. Сіз ауаның өкпенің төменгі жақ бөлігіне қалай толтырылғанын, қарындағы бұлшықеттердің қозғалысын, қабырғаның майысуын сезіне аласыз. Осыны тұрып жасап көру керек. Бұнда ауаның өкпенің тек төменгі жақта жинақталуын қадағалап, оның кеуде қуысының жоғарғы бөлігіне өтуіне жол берілмеуі тиіс. Ауаны әрдайым төменге қарай жіберу керек.
Дем шығаруды жаттықтыру үшін жаттығулар жасаған жөн. Мұғалңмдердің арасында табиғатынан берілген орнатылған дауысты адамдар болады, бipaк олар көп кездесе бермейді. Жақсы қойылған дауыстың өзі де арнайы жаттығуларсыз уақыт еткен сайын бұзылады, ескіреді сапасы кемиді.
Дегенмен, әpбip адам қуатты, ырғақты, өзгермелі дауысқа ие деп айтуға болады.
Дауыс аппараты үш бөлімнен тұрады: генераторлық, энергетикалық, резонаторлық.
Генераторлық бөлік дыбыстардың шулы және тоналды ажыратылуын қамтамасыз етсе, энергшетикалық жүйе (кеңірдек, мұрын қуысы, ауыз қуысы) сөздің қуаттылығы мен ұзақтығын белгілейді. Ал резонаторлық жүйе (сыртқы дем алу механизмі) дыбыстың жасалуына қажеті ауаның жылдамдығын және көлемін қамтамасыз етеді.
Педагог дауысының ерекшелігі қандай? Бұл, ең алдымен, дауыстың қуаттылығы. Дауыстың естілуінің маңызды шарты - оның ұшқырлығы. Бұл терминмен ғалымдар дауысты белгілі бip қашықтыққа Жіберу және оның қаттылығын peттеудi белгілейді.
Дауыстың қозғалғыштығы, өзгермелілігі де ерекше мәнге ие, яғни оны жеңіл өзгертуге, оны мазмұнға, тыңдаушыларға бағындыру іскерлігі. Дауыстың қозғалғыштығы оның биіктік бойынша өзгертілуімен анықталады. Биіктік - дауыстың тональдық деңгейі. Диапазон - адамның дауысы жете алатын тұрлі биіктіктегі дыбыстардың жиынтығы. Оның шегі ең жоғарғы және ең төменгі тондармен анықталады. Дауыс диапазонының тарылуы бip сарындылыққа әкеледі. Ал бip сарынды дауыс қабылдауды тежейді, ұйқы келтіреді. Тембр - дыбыстың реңі, айқындығы, жұмсақтығы, жылылығы, даралығы. Дауыс шығаруда әрдайым бip негізгі тон және бірқатар обертондар қатысады, обертон - бұл негізгі тонға қарағанда биіктеу қосымша дыбыстар. Осы қосымша дыбыстар неғұрлым көбірек болса, соғұрлым адамның даусы ашық, қанық, әдемі болады.
Аталған дауыстың қасиеттері арнайы жаттығулармен жасалады. Дауысты тәрбиелеу - жеке және көп еңбектенуді қажет ететін үрдіс. Ол қатаң жеке-дара әдістемені және арнайы тәжірибелі мамандардың бақылауын талап етеді. Эксперимент жүзінде дәлелденген, төмен денгейлі дауыстарды балалар жақсы қабылдайды, ұнайды.
Мұғалім үшін анық айту - кәсіби қажеттілігі. Ceбeбi ол педагог сөзін оқушылардың дұрыс қабылдауын қамтамасыз етеді.
Дикция - бұл сөзді, буынды, дыбысты айтудағы анықтық және айқындық.
Дикция тұтас сөйлеу аппаратының энергетикалық және бipiккeн жұмысына бағынышты. Сөйлеу аппаратына ерін, тіл, тic, азу, таңдай, кішкентай тілше, кеңірдек, дауыс желбезектері енеді.
Кемшіліктер - ыслдап сөйлеу, сақауланып сөйлеу, сөздің солғындығы, түсініксіздігі, тез сөйлеу, «тістеніп» сөйлеу, сөздің сонғы буынын немесе әріптерді (дауысты, дауыссыз) жеп қойып сөйлеу.
Дикцияны түзету үшін, ең алдымен, артикуляцияны, яғни сөйлеу органдарының қозғалысын өңдеу қажет.
Ырғақ - сөздің, буынның, үзілістің ұзақтығы мен жылдамдығы. Сөздің жылдамдығы мұғалімнің жеке қасиеттеріне, оның сөзінің мазмұнына, ситуацияға байланысты.
Сөздің жылдамдығы минутына 110-115 сөз (ағылшындарда - 120-150 сөз, орыстарда - 120 сөз). Бipaқ, эксперимент көрсеткендей, 5-6 сыныптарда мұғалім минутына 60-тан, ал 10- сыныпта 75 сөзден артық. сөйлемеуі керек.
Keйбip сөздерді дыбыстау ұзақтығы олардың ұзындығына ғана емес, сөздің сол контекстегі мәніне байланысты. Сөз неғұрлым маңызды, мәнді болса, сөйлеу де соғұрлым жай, ұзаққа созылады.
Материалдың қиын бөлігін мұғалім жаймен айтса, әpi қарай сөзін тездетуге болады. Белгілі бip қорытынды (анықтама, ереже, принцип, заң) жасалатын шақта сөз міндетті түрде жайлап айтылады.
Сонымен қатар оқушының қозу деңгейі де есепке алынады. Оқушы неқұрлым қозулы болса, соғұрлым сөйлеу жай айтылғаны жөн.
Сөйлеуді мәнерлеуде логикалық және психологиялық үзілістерді пайдаланған дұрыс. Логикалық үзіліссіз айтылған сөз - сауатсыз, психологиялық үзіліссіз – өлі тіл. Үзіліс, жылдамдық және мелодиканың жиынтығы сөздің интонациясын құрайды.
Мұғалімнің дауысы ашық, қанық, айқьш, назар аудартатындай, ойға, іске шақыратындай болуы тиіс.
Дәріс 4. педагогикалық ықпал ету шеберлігі.
Мақсаты: педагогтың қарым-қатынас орнату іскерліктерімен таныстыру
Жоспар:
Педагогикалық тіл табысу, оның мәні, қызыметі, стилі.
Педагогикалық епті игеру шарттары.
Үгіттеу – ықпал ету тәсілі.
Педагогикалық қарым-қатынастағы сендіру.
1.Мектептегі басты тұлғалар – мұғалім және оқушы. Олардың сабақтағы , сабақтан тыс уақытта , бос уақытында қарым-қатынас жасау сипаты оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігіне әсер етеді және ол оқушы тұлғасын қалыптастырудың басты құралы болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен оқушылардың тіл табысуын, өзара түсінісуін, өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, тұрақтандыру және дамытудың көпқыры үрдісі.
Қарым-қатынас арқылы педагог оқушылардың іс-әрекетін, тәртібін ұйымдастыруды, олардың жұмысы мен әрекеттерін бағалайды, болып жатқан құбылыстар, оқиғалар жайында ақпарат береді, белгілі бір әрекеттері бойынша қажетті толғаныстарын тудырады, қиындықтарды женуде көмек береді, өз мүмкіншіліктеріне сенімін арттырады.
Қарым-қатнастың тиімділігі проблемасы соңғы уақытта ерекше өзектілікке ие. Бұл мәселеге психологтар А.А.Бодалев, Б.Ф.Ломов, Е.С.Кузьмин, В.В.Занков, А.А.Леонтьевтердің, педагогтар И.А.Зимняя, Я.Л.Коломенский, А.А.Реанның еңбектері арналған.
Педагогикалық қарым-қатынастың басқа қарым-қатынас түрлерінен ерекшелігі-оның оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған педагогикалық міндеттерді шешуі.
Қарым-қатынастың екі жағы бар: қатынас және өзара әрекеттесу. Қарым-қатынастағы қатынас және өзара әрекеттесу – бұл айсбергтің су үсті және су асты бөліктері сияқты. Су үсті бөлігі- бұл cөздік емес әрекекттер қатары болса, суасты бөлігіне адамды қарым-қатынас жасауға итермелейтін қажеттіліктер, мотивтер, қызығушылықтар, сезізімдерді енгізуге болады.
Педагогикалық қарыфм-қатынас - бұл ерекше қарым-қатынас, оның спецификасы осы қарым-қатынас субъектілерінің түрлі әлеуметтік-рольдік және қызыметтік позицияларымен белгіленеді. Педагогикалық қарым-қатынас спецификасын оның өзара байланысқан екі жақты қыры да белгілейді. Бір жағынан, қарым-қатынас – бұл оқушылармен қарым-қатнастағы педагогикалық шығармашылық. Екінші жағынан, бұл педагогикалық шығармашылық үрдісіндегі балалармен қарым-қатынас.
Кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен тәрбиеленушілердің әлеуметтік-психологиялық өзара әрекеттесуінің жүйесі. Оның мазмұны – ақпаратпен алмасу, тәрбиелік ықпал жасау, коммуникация құралдары көмегімен қарым-қатнасты ұйымдастыру.
Қарым-қатынас мәлеуметтік-психологиялық үрдіс ретінде мынандай қызыметтерге ие:
Адамдардың бірін-бірі танып-білуі – қарым-қатынас үрдісінде адамдар бірін-бірі көзбен қабылдайды, бағалайды, яғни «әлеуметтік перцепсия» ( А.А.Бодалев) жүзеге асады
Ақпаратпен алмасу – қарым-қатнас материалдық және рухани құндылықтармен, интелектуалдық-эмоционалдық ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді. « Адамның қандай болатындығын онеың басқа адамдармен қарым-қатнас жасауда қандай екендігінен, осы қарым-қатнасқа оның көзқарасы қандай екендігінен оныңң еркінің қайда бағытталатындығын көруге болады » (В.А.Сухамленский);
Іс-әрекетті ұйымдастыру;
Рольдермен алмасу
Тұлғаның өзін-өзі бекітуі;
Әсерленушәләк
Педагогикалық қарым-қатынас құрылымы (В.А.Кан-Калик):
Болашақ қарым-қатнасты моделдеу(жобалау кезеңі)
Бастапқы әрекеттесуде тікелей қарым-қатнасты ұйымдастыру(коммуникативті шабуыл).
Дамытып отыратын педагогикалық үрдісте қарым-қатнасты басқару.
Жүргізілген қарым-қатынас жүйесін талдау және оны келесі іс-әрекетке моделдеу.
Мұғалімнің қарым-қатынас стилі- бұл оның бағалауында, бағытталуында, тұлға мен ұжымға ықпал ету тәсілдерінен, басқару стилінен көрінетін мұғалімнің балаларға, оқушылар ұжымына деген көзқарасының қарым-қатнасының сипаты.
Педагогикалық құарым-қатнас стилінде педагогтың коммуникативті мүмкіншіліктерінің ерекшеліктері, педагогтың шығармашылық даралығы, педагогпен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесуінің сипаты, оқушылардың ерекшеліктері көрінелді. Қарым-қатынас стилі педагогтың жалпы және кәсіби мәдениетінің деңгейін, оның кәсіби біліктілігін айқындайды.
Басқару стилдерін алғашқы эксперименталбдық психологиялық тұрғыдан зерттеуді 1938 ж немңс психологы Курт Левин жүргізген. Зерттеу барыфсында қарым-қатынас счтилдерін жіктеу енгізіліп, осы күнге дейін қолданылып келеді. Олар: авторитарлық, демократиялық және бейтарап.
Ааторитарлық қарым-қатынас стилінде сынып ұжымындағы, жеке оқушының басындағы мәселелерді өзі ғана шеше береді. Ждеке көзқарасына сүйене отырып, өзара әрекеттесудің жағдайын, мақсатын белгілейді, іс-әрекет нәтижесін субъективті тұрғыдан бағалайды. Оқушыларға тікелей қатысы бар мәселелерді олардың талқылауынсыз, қатысуынсыз шешеді, ал олардың белсенділігі мен дербестігі теріс бағаланып, мұғалім тарапынан қолдау таппайды. Авторитарлыф қарым-қатынас стилі өктемдік тактикасы және қамқрлық жасау позицясынан ж.үзеге асырылады. Педагогтың басқаруына қарсы шыққан оқушылардың ірекеті нәтижесінде ұжымда тұрақты комфликтілі ситуациялар орын алады. Осы стилді ұсынған педагог оқушыларға белсенділік, дербестік танытуға мүмкіндік бермейді. Олар көбнесе оқушыларды түсінбейді, дұрыс бағаламайды. Авторитарлы педагогтың іс-әрекеті сырт көзге жақсы болып көрінгенімен ұжымдағңы ілеуметтік-психологиялық ахуал жағымсыз болып келеді
Авторитарлы қарым-қатынас стиліндегі топпен байланыс орнату формалары- бұйырық, нұсқау, сілтеу, ереже, мадақтау.
Демократиялық қарым-қатынас стилінде педагог әрекеттесу барысында оқушының рөлін арттыруға әрбір оқушыны жалпы, ортақ істі, мәселені шешуге қатыстыруға бағытталған. Бұл стилдің негізгі ерекшелігі - өзара қабылдасу және өзара бағдарлану. Пайда болған проблеманы ашық және еркін түрде шешу нәтижесінде оқушылар педагогпен бірге ортақ шешім қабылждайды.
Бұл педагогқа оқушыларға деген жағымды белсенді қатынас, олардың мүмкіншіліктерін жетістіктері мен өкініштерін дұрыс бағалау, оқушыларды жақсы түсіну, олардың іс-әрекетіндегі мақсаты мен мотивтерін біліп-ұғыну, тұлға дамуын болжау іскерліктері тән.
Сыртқы белгілері бойынша демократ-педагогтың әрекеті « өте жақсы» деген бағаға иеленбегенімен, топтағы әлеуметтік-психологиялық жағдай, әдетте, жағымды сипатқа ие болып келеді. Ондағы тұлғаралық қатнастар талап қоя білу және сенім артумен ерекшеленеді. Демократиялық стилінде педагог оқушыларды белсенділік, дербестік танытуға шақырады, оқушыла рдың өз-өздерін жүзеге асыруына қажетті жағдай жасайды. Қарым-қатынастың негізгі формалары - өтініш, кеңес, ақпаратпен алмасу.
Бейтарап стилі педагогтың іс-әрекетке мүмкіндігінше аз араласу ұмтылысымен сипатталады. Мұғалім белсенділік танытуға жоқ. Берілген тапсырманы немқұрайлы, формальді түрде орындайды. Жауапкершіліктен бас тартуға бейім.
2. Балалармен психологиялық байланыс орнату және дамыту мүмкіншіліктерін сипаттайтын басты талаптардың бірі- педагогикалық еп. Еп ( такт ) әсер етуі, қол тигізу деген мағананы береді. Бұл адамдардың өзара әрекеттесуін реттеуге көмектесетін адамгершілік категориясы. Ізгіліктік ұстанымына негізделе отырып, педагогикалық еп кез келген күрделі де қиын ситуацияда адамға деген құрметтің сақталуын талап етеді. Еп- жоғарғы адамгершілікті мақсатқа жету үшін адамның моральдік ымыраға ( компромисс) келетін іс-әрекет формасы. Бұл басқа моральдік талапқа нұқсан келтірмей, нақты адамгершілік талаптың жұмсаруы, саналы түрде әлосіреуі. Еп – қиындықтардан бас тарту емес мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдау, көру. Епті болу - әрбір адамға, әсіресе педагогқа қойылатын адамгершілікті талап.
Дегенімен, әрбір епті адам педагогикалық епке ие емес. Педагогикалық еп – мұғалімнің кәсіби қасиеті, оның шеберлігінің бірт бөлігі. Педагогикалық ептің ерекшелігі – бұл мұғалім тұлғасының қасиеттерін (балаларға деген құрмет, сүйіспеншілік, сыпайылық) ғана емес оқушыларға дұрыс жол табу, яғни балаларға тәрбиелік ықпал етудің тиімді құратын таңдау.
Осылайша, педагогикалық еп – бұл педагогикалық үнмен қарым-қатынас стилін педагогикалық тұрғыдан дұрыс орнату іскерлігі. Педагогикалық епке – тұлғаны құрметтеу, түсіну, тану керек. Оқушыларды құрметтей отырып мұғалім өзінің құрметін оқушыларға көрсете білу керек. Педагогикалық еп шеберлікпен бірге меңгеріледі, тәрбиеленеді. Еп – бұл мұғалімнің рухани жетілуініңғ тоысуының нәтижесі, балалармен қарым-қатынас орнату іскерлігі мен арнайы білімді жинақтаудағы өз бетімен жүргізілетін жұмысының нәтижесі.
Педагогикалық епті меңгеруде мұғалімге қандай білім қажет? Қазіргі жас өспірімдердің жас ерекшелік психологиясын, жеке ерекшеліктерін білу. Жас өспірімдермен қарым-қатынас стилінде құрметтеу, тану, сенім арту, кәсібилік, салмақтық реңдері болғаны жөн. Мораль негіздерін білу, іс-әрекеттің мәнін көре білу іскерлігі де маңызды. әрине, оқушыларға ықпал ету тәсілдерін білу керек, олар:
Балаларды сүю, өз махаббатын орынды көрсету;
Балалар іс-әрекетінің ішкі мәнін түсіну, көру, бақылау;
Нақты жағдайда дұрыс бағыт табу;
Ықпал етудің ыңғайлы тәсілін таңдау. Бұнда тәрбиенің жанама жолдарын білу өте маңызды: « Сен өзің білесін, бірақ мен саған айтар едім....»;
Балалармен әңгімелесу.
Қарым-қатнастың дұрыс стилін қалыптастыруда шыдамдылық өзін ұстай білу, әділдік, озат тәжірибені шығармашылықпен қолдану, педагогикалық техниканы дамыту, әзіл зор мәнге ие. Бұнда мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста оларды құрметтеп, өз абройын сақтап қалуды ұмытпаған жөн.
3. Үгіттеу – тәрбиеші балалардың сана-сезіміне, тәжірибесіне жүгіне отырып педагогикалық ықпал ету тәсілі. Оның мақсаты – тәрбиеленушілердің ақиқатқа, адамдар іс-әрекеттің мазмұнына нормаларына саналы көзқарасты қалыптастыру. Угіттеу адамның санасына, өзін және қоршаған ортаға әсер ету, оның түсініктерін, ғылыми білімінің моральдің талаптарына сәйкестендіру.
Үгіттеу – бұл адамның рационалдық және эмоционалдық салаларына тұтастай ықпал ету. Ол жаңа көзқарастарды, қарым-қатынастарды қалыптастыруға бағытталған. Үгіттеу 2 мағынасында қолданылады: біріншіден, бұл ықпал ету тәсілі немесе әдісі, екіншіден, бұл үгіттеп ықпал етудің нәтижесі. Яғни белгілі бір ұстанымдарнға, өмірлік позицияларға негізделген сенімдер жүйесі.
Педагогикалық практикада үгіттеудің мына формалары кең таралған: әңгімелесу, түсіндіру, ділелдеу, әңгіме, дәріс.
Үгіттеуге қойылатын талаптар:
Үгіттеудің мазмұнымен формасы тұлғаның жас ерекшелік деңгейіне сәйкес болуы, оқушыларға түсінікті және қол жетерлік деңгейде ұсынылуы;
Үгіттеу оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылуы тиіс;
Үгіттеу бірізділікке, қисындылыққа, дәлелдікке ие болуы шарт;
Үгіттеу жалпылама қағидалармен ( ұстанымдар, ережелер) қатар нақты фактілері, мысалдар, көрнекілік, үлгі қолданылуы тиіс;
Басқаны үгіттей отырып тәрбиеші өзінің айтқанына сенуі керек
Үгіттеудің тиімді шарттары:
үгіттеудің күштілігі оның мазмұндылығына және үгіттеушінің беделіне тәуелді;
үгіттеудің тиімділігі үгіттелушінің психикалық ерекшеліктеріне (қызығушылықтары, қажеттіліктері, талғамы, ойлау ерекшеліктері), олардың үгіттеу есепке алынуына тәуелді;
үгіттеуші мен үгіттелушінің өзара әрекеттесу барысындағы интелектуалдық-эмоционалдық күйіне тәуелді. Үгіттеудің мораль оқудан айырмашылығы – үгіттеуде белгілі бір қағида дәлелденсе, моральда тек ұсынылады. Мысалы « оқушы міндетті:», « ұят болады...» және т.б.
Сендіру, немесе суггестия ( латын сөзі- сендіру) - бір адамның басқа адамға немесе адамдар тобына психологиялық ықпал ету. Оның мақсаты – айтылған сөздерді, ондағы ойларды және ерікті сынға алмай қабылдау және сендіру.
Сендіру – бірнеше ғылымдар ( жүйке жүйесінің физиологиясы, психология, әлеуметтік психология) зерттейтін күрделі құбылыс.
Сендіру құбылыс «сендіруші – сенуші » күрделі жүйе болып табылады. Онда өзара байланысқан 3 элементтер ажыратылады: іс-әрекеттік (сендіру ықпалы), процессуалды (осы ықпалды сенушінің қабылдауы), нәтижелік ( сенушінің жауабы, реакциясы).
Суггесивті ықпал жасаудың басты құралы – сөз және сөздік емес факторлар (қимыл, мимика).
Әлем әдебиетінде сендірудің мына түрлері ажыратылады: ояу кезінде сендіру, гиноз кезінде, ұйқы кезіндегі сендіру. Педагогикалық сендірудің бірінші түрі қолданылады, оның болжамды және болжамсыз түрін көрсетеді. Болжамды сендіру – бұл суггестордың кімге нені сендіру керектігін білетін, алдын ала ықпал ету тәсілдерін таңдап алатын, саналы түрде ұйымдастырылып, мақсатты белгіленетін психологиялық әсер ету. Болжамсыз сендіруде мұғалім оқушыға белгілі бір ойды, әрекетті және т.б.сендіруді мақсат тұипайды. Бірақ, оның ескертулері ( « Сен ешқашанда түзелмейсін!», « Сен, әдеттегідей, дұрыс нәрсе айтпайсын » ) оқушының бойында жағымсыз қажетсіз күйлерді ерекшеліктерді қалыптастыру мүмкін.
Сендірудің жағымды және жағымсыз түрлерін белгілейді. Ықпал ету тәсілі бойынша сендірудің тікелей және жанама деп анықұтайды.
Тікелей седіруге:
өсиет айту – императивті формада аргументсіз берілетін педагогтың сөзі, оқушылардың «орындаушылық» әрекетін талап етеді. Ол оқушының сеніміне, санасыз мотивтеріне, эмоционалдық саласына тікелей әсер етеді. Оның сөздік формалары – бұйырыұ беру, нұсқау, тыйым салу. Оның тиімділігінің шарттары: мұғалімнің беделі, мұғаліммен оқушының арасында тұрақты кофликтінің болмауы, сыныптағы жағымды микроклимат
команда, бұйырық дәл және тез орындаушылықты талап етеді. Олар қысқада – нұсқа формада берілетін вербальді ықпал етудің ерекше түрі. Мектеп практикасында команда және бұйырықтар денешынықтыру сабақтарында, ойындарда, шепте, оқушыларды тәртіпке шақыру ситуыцияларында кең қолданылады. Жанама сендіру түрлері: білдіру – оқушының эмоциясына және сеніміне әзіл, мысқыл, кеңес, аналогия арқылы ықпал ету.
Үгіттеу және сендіру мұғалімнің оқушыларға ықпал етуінің негізгі формалары ретінде өзара біріктіріле, бір-бірімен байланыса қолданылады.
