- •3 Сабақ
- •4 Сабақ Желді өлшеу
- •Ауа температурасын өлшеу
- •Ауа ылғалдылығын өлшеу
- •Топырақ беті температурасын өлшеу
- •Бұлттылықты бақылау
- •Жауын-шашынның мөлшерін және қарқындылығын анықтау.
- •Кар жамылғысына бақылау жүргізу
- •Атмосфералық құбылыстарға бақылау жүргізу
- •12 Сабақ Атмосфералық құбылыстардың жіктелуімен танысу
- •13Сабақ Метеорологиялық көріну қашықтығын анықтау.
- •14 Сабақ Автоматтық метеорологиялық станциялар туралы жалпы түсініктер
- •Campbell Scientific Corporation өндірген күн сәулесімен жұмыс істейтін автоматты метеорологиялық станция
- •15 Сабақ Бақылау мәліметтері бойынша синоптикалық жеделхат құрастыру
Кар жамылғысына бақылау жүргізу
Мақсаты мен міндеті: Кар жамылғысына бақылау жүргізу, қардың жерді жауып жату сипатын, құрылысын, қардың биіктігін анықтау.
Қар жамылғысы деп жауын-шашынның жаууы нәтижесінде жер бетінде пайда болған қар қабатын айтамыз. Қар жамылғысына сонымен бірге қар және топырақ бетінде пайда болған мұз қабаттарын, сонымен қатар қардың астында жиналған еріген суды да жатқызуға болады.
Қар жамылғысына жүргізілетін бақылаулар күнделікті және кезеңді қарөлшеу жұмыстары болып бөлінеді. Күнделікті бақылаулар қар жамылғысының өзгеруін (динамикасын), ал кезеңді қарөлшеу жұмыстары табиғи ландшафт (алқап, орман, балклер, жыралар) элементтеріндегі қаржиналуды және су қорын анықтайды.
Қар жамылғысына күнделікті бақылаулар жүргізу кезінде келесі сипаттамалары анықталады:
қар жамылғысының жерді жауып жату дәрежесі (баллмен);
қар жамылғысының жерді жауып жату сипаты (кесте бойынша кодпен);
метеорологиялық алаңдағы немесе станция маңындағы таңдалынған учаскедегі қар жамылғысының биіктігі (см).
Таңдалынған маршруттағы қарөлшеу жұмыстары кезінде келесі сипаттамалары анықталады:
қар жамылғысының биіктігі (бекітілген өлшеу санының орташа мәні);
қардың тығыздығы (бекітілген өлшеу санының орташа мәні);
қар жамылығысының құрылысы (сумен қаныққан мұз, су, және қар қабаты);
маршруттағы қар жамылғысының жерді жауып жату сипаты;
маршруттың қармен жабылу дәрежесі;
қардың астындағы топырақ беткейінің күйі (қатқан, жібіген).
Қар жамылғысының жерді жауып жату дәрежесі, қар жамылғысының жерді жауып жату сипаты және қар жамылығысының құрылысы бақылаушымен станция маңын визуалды бақылау кезінде белгіленген шкалаларға сәйкес бағаланады.
Қар жамылғысының биіктігі жер бетінен қар жамылғысының бетіне дейінгі арақашықтықты өлшеу негізінде анықталады.
Қардың тығыздығы қардың вертикалды бағаны салмағының осы бағанның көлеміне қатынасы ретінде есептеледі. Қардың тығыздығы ретінде сумен қаныққан қардың тығыздығы, қардың астындағы судың тығыздығы, және топырақ бетіндегі мұз қабыршағының тығыздығы алынбайды.
Қар жамылғысындағы су қоры қар жамылғысының биіктігінің мәндері, қар тығыздығының мәндері мен сумен қаныққан қар тығыздығының, еріген судың және мұз қабатының орташа мәндері бойынша есептеледі.
Қар жамылғысына өлшеулер жүргізу кезінде келесі құралдар қолданылады:
стационарлы ағаш қарөлшегіш рейка М-103 (М-103-I ұзындығы 1800 мм және М-103-II ұзындығы 1300 мм) бөлім дәлдігі 10 мм;
тасымалданатын қарөлшегіш рейка М-104 (М-104-I ұзындығы 1800 мм және М-104-II ұзындығы 1300 мм) бөлім дәлдігі 10 мм;
қарөлшегіш таразы ВС-43;
бөлім дәлдігі ең азы 1 мм болатын сызғыш.
Қар жамылғысына күнделікті бақылаулар кезкелген ауа-райы жағдайында жүргізілуі тиіс. Қар жамылғысының жерді жауып жату дәрежесіне, қар жамылғысының жерді жауып жату сипаты және қар жамылығысының құрылысына бақылаулар метеорологиялық алаңның маңындағы тұрақты, неғұрлым биік орында, ал қар жамылғысының биіктігін өлшеу метеорологиялық алаңда немесе алаңның маңындағы таңдалынған учаскеде жүргізіледі.
Қар жамылғысына күнделікті бақылаулар жүргізу 8 сағ белдеулік декреттік уақыт мерзіміне жуық станцияда бақылау жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Қар жамылғысының жерді жауып жату дәрежесі 10-баллдық шкала (алаңның көрінетін 0,1 бөлігі 1 баллға тең) бойынша бағаланады. Егер көрінетін алаңның барлық жері қар жамылғысымен жабылып жатса, онда жерді жауып жату дәрежесі 10-баллға тең; егер көрінетін алаңның 0,4 бөлігі қар жамылғысымен жабылып жатса, онда жерді жауып жату дәрежесі 4-баллға тең; егер әр жерде қар іздері байқалып, яғни 0,1 бөлігінен аз қар жамылғысымен жабылып жатса, онда жерді жауып жату дәрежесі 0 балл болып бағаланады. Топырақ бетінде қар жоқ кезде бағаланбайды.
Қар жамылығысының құрылысы келесі түрлерге бөлінеді: жаңа жауған қар (шаң тәрізді, үлпілдек, жабысқақ); ескі қар (үгілмелі, тығыз, ылғалды); қабыршақ (қар қабыршағы; қабыршақ астындағы тығыз немесе ылғалды қар). Бұлардан басқа суға қаныққан қар байқалады. Қардың құрылымы КН-01 кодының 5.1 кестесіне сәйкес анықталады.
Қар жамылғысының жерді жауып жату дәрежесі ≥6 балл болған кезде қар жамылғысының жерді жауып жату сипаты анықталады. Қар жамылғысының жерді жауып жату сипаты қардың күртіктігіне (күртіксіз – біртегіс; майда күртік – біртегіс емес; қалың күртік – ойлы-қырлы) және қар жамылғысының астындағы топырақтың күйіне (қатқан, жібіген немесе күйі белгісіз) байланысты бағаланады.
Қар жамылғысының жерді жауып жату дәрежесі, сипаты және қардың құрылымының бақылау нәтижелері КМ-1 кітапшасының сәйкес графаларына жазылады. Қар жамылғысының жерді жауып жату дәрежесі баллмен, қар жамылғысының жерді жауып жату сипаты мен қардың құрылымы КН-01 кодындағы сөзбен (қысқартылған) және код санымен жазылады.
11- сабақ
