- •3 Сабақ
- •4 Сабақ Желді өлшеу
- •Ауа температурасын өлшеу
- •Ауа ылғалдылығын өлшеу
- •Топырақ беті температурасын өлшеу
- •Бұлттылықты бақылау
- •Жауын-шашынның мөлшерін және қарқындылығын анықтау.
- •Кар жамылғысына бақылау жүргізу
- •Атмосфералық құбылыстарға бақылау жүргізу
- •12 Сабақ Атмосфералық құбылыстардың жіктелуімен танысу
- •13Сабақ Метеорологиялық көріну қашықтығын анықтау.
- •14 Сабақ Автоматтық метеорологиялық станциялар туралы жалпы түсініктер
- •Campbell Scientific Corporation өндірген күн сәулесімен жұмыс істейтін автоматты метеорологиялық станция
- •15 Сабақ Бақылау мәліметтері бойынша синоптикалық жеделхат құрастыру
Ауа температурасын өлшеу
Мақсаты мен міндеті: Ауа температурасын өлшеу – термометрлер бойынша көрсеткіштер алу, оларды түзету және енгізу, КМ-1 кітапшасына жазу.
T – ауа температурасы деп ауаның жылулық режимін сипаттайтын шаманы айтамыз, немесе метеорологияда ауа температурасы деп жер бетінен 2 м биіктікте психрометрлік будкада орналасқан термометрлердің көмегімен өлшенген температураны айтамыз.
Осы әдістеме ауа температурасының келесі сипаттамаларын анықтауды қарастырады:
- бақылау мерзімдегі ауа температурасын (Цельсий, градусы 0С);
- екі бақылау мерзім аралығындағы 3 сағ уақыттағы максималды ауа температурасын (Цельсий, градусы 0С);
- екі бақылау мерзім аралығындағы 3 сағ уақыттағы максималды ауа температурасын (Цельсий, градусы 0С);
Ауа температурасын өлшеу ауа температурасы мен термометрдің теңелуін қамтамасыздандыратын 2 м биіктіктегі психрометрлік будкада орналасқан термометрлерді қолдануға негізделген. Термометрдің температуралық режимі радиацияның әсерінен радиациялық қорғаумен (будкамен) қорғалады. Термометрдің температурасы сезімтал элементтің термометрлік қасиеттерінің бірінің өзгеруі бойынша анықталады.Станцияда ауа температурасын өлшеу үшін мына өлшеу құралдары қолданылады:
- метеорологиялық психрометрлік термометр ТМ4; әдетте екі психрометрлік термометр орнатылады – «құрғақ» және «сулы». «Құрғақ» термометрмен бақылау мерзіміндегі нақты ауа температурасы өлшенеді; өлшеу диапазондары: минус 35-тен 40 0С дейін (ТМ4-1), минус 25-тен 50 0С дейін (ТМ4-2), бөлім бағасы 0,2 0С;
- метеорологиялық төменградусты термометрТМ9; өлшеу диапазондары: минус 60-тан 20 0С дейін (ТМ9-1), минус 70-тен 20 0С дейін (ТМ9-2) сынаптық психрометрлік термометрлерге қосымша. Ауа температурасы -15…-20 0С-дан төмен түсе бастағанда, қосымша спиртті термометр бойынша бақылауларды сынапты психрометрлік термометрлермен қатар жүргізу керек. Бұл спиртті термометрге арналған қосымша түзетуді анықтау үшін қажетті.
- метеорологиялық максималды термометр ТМ1 максималды температураны өлшеу үшін арналған; өлшеу диапазондары: минус 35-тен 50 0С дейін (ТМ1-1), минус 20-тен 70 0С дейін (ТМ1-2), бөлім бағасы 0,5 0С;
- метеорологиялық минималды термометр ТМ2 минималды температураны өлшеу үшін арналған; өлшеу диапазондары: минус 70-тен 20 0С дейін (ТМ2-1), минус 60-тен 30 0С дейін (ТМ2-2), бөлім бағасы 0,5 0С.
Ауа темпартурасына мезгіл сайын өлшеу жүргізіледі. Тек мезгіл аралығындағы ауаның максималды температурасына -36 0С дейін ғана өлшеу жүргізіледі.
Ауа температурасын анықтау үшін қолданылатын барлық термометрлер арнайы психрометрлік (жалюзді) будкада орналастырылады.
Психрометрлік будка
Ескерту: 1. Ауа температурасы -15 0С-дан төмен болған кезде будкада қосымша төменградусты термометрорналастырылады.
2. Ауа темпетаурасы -36 0С-дан төмен болған кезде сынапты термометрлерді жұмыс бөлмесіне апару керек. Барлық термометрлер вертикалды түрде сақталу ерек. Егер ауа температурасы сынаптың қату нүктесіне дейін төмендесе, онда сынапты термометрді жұмыс бөлмесіне апарғанда горизонталды түрде ұстап апару керек.
Ол будка құралдарды жауын-шашыннан, күшті желден, күн сәулесінің әсерінен және жер беті шашатын көзге көрінбейтін жылу сәулелерінен қорғайды. Сонымен қатар бұл будка сыртқы ауа мен өзінің ішіндегі ауаның аралысуына кедергі жасамайды, ал ол будкадағы құралдар бойынша репрезентативті бақылау жүргізу үшін өте маңызды. Будка метеорологиялық алаңда жер бетінен 2 м биіктікте орналасу керек. Ауа температурасын өлшеу құралдарын бақылау жүргізуге дайындаған кезде құрғақ термометрдің резервуары жер бетінен 2 м биіктікте болу керек.
Ауа температурасын өлшеу келесі тәртіппен жүргізіледі (мерзімдегі бақылау жүргізу тәртібіне сәйкес):
құрғақ және сулы термометрлердің көрсеткіштері есептелінеді; алдымен градустың ондық бөлігі, содан кейін бүтін бөлігі есептеледі;
спирт бағанының менискісі бойынша («спирт») және штифт («штифт») бойынша минималды термометрдің көрсеткіштері есептелінеді; штифттің спирт менискісіне жақын ұшы алынады;
максималды термометрдің көрсеткіші алынады;
максималды термометрді сілкиді (мерзімдегі ауа температурасымен сәйкес келтіру үшін) және сілкігеннен кейінгі оның көрсеткіші алынады;
минималды термометрдегі штифттің ұшын сирт менискісімен түйістіріледі («штифт спиртке келтіріледі»);
құрғақ термометрдің көрсеткіші қайтадан есептелінеді;
ауа температурасы -20 0С және төмен болған жағдайда қосымша түзетуді есептеу үшін құрғақ психрометрлік термометрмен қатар спиртті төменградусты термометрдің көрсеткіші алынады. Барлық термометрлер бойынша есептеулер 0,1 0С дәлдікпен жүргізіледі.
Психрометрлік термометрлер бойынша көрсеткіштер КМ-1 кітапшасына жазылады және әр термометрге сәйкес тексеру сертификатынан алынған түзетулер енгізіледі. Түзетулер термометрлер бойынша алынған көрсеткіштермен алгебралық түрде қосылады. Егер шыққан қосынды теріс таңбалы болса, онда ол сол таңбасымен КМ-1 кітапшасына жазылады. Егер шыққан қосынды оң таңбалы болса, онда «плюс» таңбасы жазылмайды.
Мысал 1 кестеде термометрдің тексеру сертификатынан алынған түзетулері көрсетілген. Бұл термометр бойынша көрсеткіштер мен түзетілген көрсеткіштер 2. кестеде келтірілген.
1 - кесте
№ 1356 -термометрдің түзету кестесі
|
2 - кесте
Термометрдің көрсеткішіне түзетулер енгізу мысалдары
|
||||||||||||||
Ауа температурасы -20 0С және одан төмен болған жағдайда төменградусты термометр бойынша көрсеткіштер КМ-1 кітапшасының «Сулы термометр» бағанына жазылады, бірақ «сулы» сөзі сызып тасталынады. Мұндай ауа райы жағдайында сулы термометр бойынша бақылаулар жүргізілмейді. Төменградусты термометр бойынша көрсеткіштерге тексеру сертификатынан алынған түзетулер енгізіледі.
Минималды термометр бойынша көрсеткіштер «минималды термометр» бағанына жазылады және тексеру сертификатынан алынған түзетулер енгізіледі. Максималды термометр бойынша көрсеткіштер КМ-1 кітапшасына жазылып, оған тексеру сертификатынан алынған түзетулер енгізіледі.
6-сабақ
