Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб. работы 2015(1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138.05 Кб
Скачать

4 Сабақ Желді өлшеу

Мақсаты мен міндеті: Жел сипаттамаларынөлшеу – жел жылдамдығы мен бағытын флюгер және ДМС бойынша анықтау

Жер бетіне қатысты ауаның қозғалысы жел деп аталады. Бақылаулар кезінде жел деп тек жел жылдамдығы векторының горизонталь құраушысы түсіндіріледі. Жел жылдамдығымен және бағытымен сипатталады.

Желдің жылдамдығы туралы айтылғанда, оның тек сандық мәні, яғни жер бетіне қатысты жеке ауа көлемінің бірлік уақыт ішінде жүріп өткен жолы ексеріледі. Жел жылдамдығы м/с, авиацияда км/сағ, теңіз флотында баллмен есептелінеді.

Жер бетінде жел жылдамдығы анеморумбометрлермен, желдің әсер етуіне байланысты үлкен немесе кіші жылдамдықпен айналатын әртүрлі құрамды анемометрлермен немесе Вильда флюгерімен өлшенеді. Вильда флюгерінде желмен әсер етеін қысым вертикалды ілінген темір тақтайшаны тыныштық күйінен ауытқытады. Зырылдауықтың айналу жылдамдығы бойынша немесе тақтайшаның ауытқуы бойынша жел жылдамдығын анықтауға болады.

Жылдамдық векторының бағыты жел бағыты деп аталады. Бағыт ретінде солтүстік нүктесінен шығыс арқылы есептелінетін, жел соғып тұрған нүктенің азимуты саналады. Желдің бағыты ретінде көкжиектің жел соғып тұрған жағы (ауа келіп тұрған жақ) есептелінеді.

М-63М-1 анеморумбометрдің көмегімен желдің сипаттамаларын өлшеу

М-63М-1 аспабымен өлшеу жүргізген кезде оның әр бақылау мерзімі алдында «Орташа жылдамдық» деген тұтқасын іске қосу арқылы тек 10-минут аралығындағы орташа жылдамдықты анықтайтынын ескеру керек. Орташа жылдамдықтың сағат механизімін қосу уақыты әр станцияның «Өлшеу жүргізу Ережесінде» көрсетіоуі тиіс.

Алаңға шығар алдында келесі жұмыстар атқарылады:

  • «Жылдамдық» нүктесін басу арқылы пультті іске қосу керек;

  • бақылау мерзімінің 45 минутынан бастап 55 минутына дейін 10 минуттық аралықты қамтитындай «Орташа жылдамдық» тұтқасын бұрау керек;

  • алаңға шығар алдында желдің максималды жылдамдығының мәнін жоғарғы шкала бойынша (0-60 м/с) есептеп алып, оны мерзім аралығындағы максималды жылдамдық ретінде жазу керек;

  • желдің максималды жылдамдығының мәнін жазып алғаннан кейін «Сброс Vмакс» тұтқасын сағат тіліне қарама-қарсы бұрай отырып, максималды және лездік жылдамдықтардың стрелкаларын бір-біріне сәйкестендіру керек.

Алаңнан қайтып келгенде келесі жұмыстар атқарылады:

  • жел бағытын анықтау үшін бағыт көрсеткіші қосыдады да, 2 мин бойы бағыт көрсеткіш стрелкасының ауытқуы бақыланып, индикаторлы лампа түсіне сәйкес шкала бойынша 50 дейін дәлдікпен оның орташа жағдайы анықталады. Егер бағытты өлшеу кезінде көрсеткіштің шкалалары ауысып кетсе, онда 1 минуттан кем бақылау нәтижесі алынып тасталынады да, 2 мин аралығының көп бөлігінде байқалынған стрелканың орташа жағдайы анықталады;

  • бақылау мерзіміндегі желдің 10 мин аралығындағы орташа және максималды, яғни алаңға шығар алдындағы максималды жылдамдықтың мәнін алған уақыт пен орташа жылдамдықты алу уақыттары аралығындағы жылдамдықтары есептелінеді.

Мысал. Бақылау мерзімі аралығындағы максималды жылдамдық 15 м/с, бағыт 2700,

бақылау мерзіміндегі максималды жылдамдық 8 м/с, 10 мин аралығындағы орташа жылдамдық 6 м/с. КМ-1 кітапшасына ол келесі түрде жазылады:

Бағыт

Жылдамдық

270

6

Макс. үдеу

8/15

М-63М-1 аспабы бойынша өлшенген жел сипаттамалары КМ-1 кітапшасына бағыт градуспен және 10 мин аралығындағы орташа жылдамдық «Бағыт – жылдамдық» жолына, ал максималды жылдамдық (үдеу кезіндегі жел жылдамдығы) пен бақылау мерзімі аралығындағы максималды жылдамдық «Макс. Үдеу» жолына жазылады.

Штиль кезінде «Жел» графасына «Штиль» сөзі жазылады.

Вильда флюгерінің көмегімен желдің сипаттамаларын өлшеу

Станцияда токпен қоректену торабы болмаған жағдайда жел жылдамдығы мен бағыты флюгермен жүргізіледі. Жеңіл тақтайы бар флюгер 0-ден 10 м/с дейін, ал ауыр тақтайы бар флюгер 10-нан 40 м/с дейін желдің жылдамдығын өлшеу үшін қолданылады.

Сонымен қатар флюгер станцияда М-63М-1 анеморумбометрі істен шығып қалғанда қолданылады.

Желдің жылдамдығы мен бағытын өлшейтін бұл аспап құрылысы бойынша өте жәй және өте кең тараған аспап болып саналады. Сонымен қатар ол желдің ұйтқымалылығы мен максималды жылдамдығын да бағалайды.

Флюгер бойынша желдің бағытын (желдің қай жақтан соққанын) анықтау үшін бақылаушы бағанның түбіне тұрып, қарсы салмақшаның тербелісін бақылай отырып, 2 мин аралығында көз мөлшермен оның қай румбқа сәйкес келетінін анықтайды. Желдің бағыты 16 румб (8 негізгі және 8 аралық) бойынша анықталады. Егер бақылау кезінде (2 мин аралығында) желдің бағыты өзгеріп бірнеше румбты көрсетсе, онда ол ауыспалы жел болып саналады.

Жел жылдамдығын өлшеу үшін бақылаушы бағаннан алыстап, флюгаркаға перпендикулярлы бағытта тұрып, 2 мин аралығында тақтайшаның тербелісін қадағаланады. Сол 2 мин аралығында тақтайша қай штифтте немесе қай штифтердің аралығында болса сол штифт орташа жылдамдығын көрсетеді. Сол кезде тақтайшаның ең үлкен ауытқуы бақыланады.

Штифт нөмірлері төменнен жоғары қарай 0-ден 7-ге дейін саналады 0 штифті тақтайшаның тыныштық күйіне (штильге) сәйкес келеді; қысқа штифтер тақ сандарға, ұзын штифтер жұп сандарға сәйкес келеді.

Бақылау мерзіміндегі желдің максималды жылдамдығының мәні тақтайшаның тербелісі кезіндегі ең шеткі жағдайы емес, тақтайшаның ең жоғарғы ауытқуы кезінде (2 сек және одан да жоғары) қай штифтің тұсында болса, сол штифтің мәнімен анықталады.

Жел жылдамдығы флюгер тақтайшасының тербелуі жағдайына байланысты 8.2 кестесі бойынша бағаланады.

Флюгер бойынша бақылау жүргізген кезде КМ-1 кітапшасына жел бағыты (әріптермен) және жел жылдамдығы, юақылау жасалынған флюгердің түрі (ж - жеңіл тақтайшамен, а - ауыр тақтайшамен) жазылады. «Макс. Үдеу» жолына бақылау кезіндегі тақтайшаның максималды ауытқуы (штифт нөмірі және м/с-пен жылдамдық) жазылады.

Мысал. Бақылау деңіл тақтайшалы флюгермен жүргізілді. Тақтайша 2 және 3 штифтердің арасында тербелді. Тақтайшаның максималды ауытқуы 5 штифтің маңында болды. Кітапшадағы жазу мына түрде болады:

Бағыт

Жылдамдық

ОШ

Ж 2-3/5

Макс. үдеу

5/10

5-сабақ