- •Материалдарды өндірудегі технологиялық қондырғылар
- •Қыздырғыш қондырғылар –отынмен жанатын және электр пештерін сипатта.
- •Металл және металл емес материалдарды өндіруге арналған жабдықтардың сипаттамалары
- •3.Шойын және болат өндірісіне арналған жабдықтарды схемасын жүзінде түсіндір
- •4. Индукциялық балқытқыш пештерде болат өндіру процесін сипатта.
- •5. Доға электр пешінің құрылғысы мен жұмыс істеу принциптері
- •6. Алюминий өндірісіне және тазартуға арналған жабдықтардың сипаттамасы.
- •7. Магний өндіруде қолданылатын қондырғының құрылымдық сипаттамасы.
- •8. Металды қысыммен өндеуде технологиялық операциялар қойылатын талаптарды сипатта.
- •9. Титан ысқыштарын балқытуға арналған пештердің сипаттамасы.
- •10. Руданы байытудың тәсілі минералогиялық құрамына, минерал түйірлерінің көлемі мен олардың өзара әсеріне тәуелділігін түсіндіру.
- •16. Престеу процесі қандай физикалық параметрлермен сипатталады
- •17. Гидравликалық пресс және оның классификациясы? Қандай материалдарды формалауда колданылады?
- •18. Қиын балқитын балқымаларды балқытуға арналған жоғары жиілікті пештер.
- •21. Прокаттау өндірісіне керекті жабдықтармен қондырғылар. Прокаттау стандары.
- •22. Созу арқылы бұйымдарды алу өндірісінің жабдықтары мен қондырғылары.
- •25. Еркін соққылау арқылы бұйымдар алу өндірісінің жабдықтары мен қондырғылары.
- •26. Жұқа бұйымдарды штамптау өндірісінің құрал жабдықтарын атап көрсет және олардың схемалық белгілеулері
- •27. Металл емес материалдардың өндірісіне арналған жабдық? Шихта ретінде қолданылатын материалдар.
- •28. Қысыммен құятын пластмасса өнімдеріне арналған машиналар және алынған бұйымдардың қасиеттеріне талдау жасау.
- •29. Полимерлерді қандай қондырғылармен алады және олардың атқаратын қызметтерін сипатта.
- •30. Бейорганикалық металл емес материалдарды және олардың компоненттерін өндірудегі жабдықтар мен қондырғылар, онда болатын технологиялық процестерді сипатта
25. Еркін соққылау арқылы бұйымдар алу өндірісінің жабдықтары мен қондырғылары.
Электр қыздырғыштары электрлік түйісу арқылы қыздырғанда дайындаманы трансформатордың екінші орамасының түйіспелеріне қосады. Ток дайындама арқылы өткенде оны қажетті температураға дейін қыздырыады. Индукциялық электр қыздырғыштарымен қыздыруда дайындаманы сумен суытылатын мыстан жасалған индуктордың ішіне орнатады. Айнымалы электромагниттік өрісте орналасқан дайындамада пайда болған құйынды токтар әсерінен ол қызады. Индукциялық қыздыруды пайдалану дайындамаларды қыздыру үдерісін автоматтандыруға мүмкіншілік туғызады. Еркін соғу процесінде өнделетін металдың беті тегіс, жылжымайиын теске қойылып, жоғары жағынан жылжымалы үлкен балғамен соғылады. Нәтижеде металл деформацияланып, жан-жаққа жайылып, өз пішінін өзгертеді. Соған сәйкес металды өңдеудің бұл әдісін еркін соғу әдісі деп атайды. Еркін соғу әдісімен алынған дайындамалар поковка деп аталады. Бұл әдіспен алынатын поковкалар салмағы 150 грамнан 350 тоннаға дейін болады. Ұсақ поковкалар пневматикалық және рессорлы-пружиналы балғалармен /молот/ өңделсе, орташа қарапайым және фасонды поковкаларды буауалық /паровоздушный/ молоттарда өңдейді. Өңдеудің басқа әдістеріне қарағанда /құю, жоңу, штаптау/ еркін соғудың кемістіктері мен артықшылықтары бар.
К
ешіліктері:еңбек
өнімділігінің төмендігі;дәлсіздеу
болуы;металдың молырақ шығын болуы.
Артықшылықтары:металдың қасиеттерінің
жоғары болуы;қымбат технологиялық
аспаптардың қажет болмауы;жасалатын
дайындамалардың /поковканың/ салмағы,
пішіні және өлшемі жөнінде әмбебап
болуы. Еркін соғу процесі мынандай
түрлерге бөлінеді: отырғызу/осадка/,шеңбер
бойлай созу немесе көлденең дайындаманы
ұзарту/раскатака/, тік тесу немесе
біршама тереңдету, кесу, ию, айналдырып
бұру.
Соғу үшін қолданылатын жабдықтар өңделетін металдар мен қорытпаларды соғу режиміне, массасы, пішініне байланысты болады. Жабдықтардың қуатын формулалармен, анықтама таблицалар жәрдемімен белгілеуге болады.
Еркін ковканы біреуі қозғалмайтын, екіншісі төмен-жоғары қайталанатын қозғалыс жасайтын екі шаппалар (шүріппелер) арасында болады. Төменге қозғалғанда дайындалатын өнімді пластикалық деформациялайды (жұмыс айналымы), жоғары қарай қозғалғанда (бос жүріс) өнім шаппаның ені бойынша қозғалады. Процесс ыстық күйде жасалады, машина өндірісінде механикалық өңдеулерде және металлургиялық заводтардың механикалық цехтарына қара металдардан ірі шыңдалғыларды (поковка) алуда қолданады.
26. Жұқа бұйымдарды штамптау өндірісінің құрал жабдықтарын атап көрсет және олардың схемалық белгілеулері
Ш
тамповка
Металдарды қысыммен өңдеу қатты күйінде сыртқы жаңқасын алмай қысатын инструмент көмегімен белгілі формада және өлшемде затты алу.
М
ҚӨ
негізгі түрлері прокаттау, престеу,ковка,
штамповка, қаңылтырлық штамповка.
Қ
аңылтыр
штамповка(е)-
жалпақ, көлемдік детальдарды дайындамадан
алуға болатын процесс. Бұл процесспен
өте жұқа детальдар алуға болады. Әдетте
дайындама Пуансон(1) және матрица(2)
көмегімен деформацияланады.
Металды қысыммен өңдеу- металдың пластикалық қасиетіне байланысты дайындаманың формасы бұзылусыз өзгеретін технолгиялық процесс болып табылады. Берілген өңдеу тәсілі дайындама мен бөлшектер жасаған кездегі металдың физикалық және механикалық қасиетін сақтай отырып, жоғары сапада болуын қамтамасыз етеді. Металды қысыммен өңдеу жоғары өнімділігімен және металды үнемдеп кетіруімен ерекшеленді және механикалық қасиетін жоғарылатады. Металдың пластикалық қасиетін арттыру үшін арнайы температураға дейін қыздырады. Өңдеудің ковка, көлемді штамповка (ыстық, суық), бетті(листовая) штамповка, прокатка, престеу, сүйрету деген түрлері бар. Штамповка- металл мен басқа материалдарды қысыммен өңдеу тәсілі болып табылады. Бұл кезде өнімнің формасы мен өлшемі штамптыңформасы мен өлшеміне байланысты болады. Штамповка кезінде металды өңдеу арнайы аспап- Штампта жүреді. Дайындаманың түріне байланысты көлемді штамповка мен бетті штамповка, температураға байланысты ыстық және суық штамповка деп бөледі. Ковкамен салыстырғанда штамповка жоғары өнімділігімен ерекшеленеді. Көлемді ыстық штамповканың мәні сыртқы күштің әсерінен штамптағы дайындаманың формасының өзгеруі. Штамп- бұл арнайы қуысы бар, жылға деп аталатын аспап болып табылады. Штамптың төменгі бөлігінің қуысына қыздырылған дайындаманы орналастырады. Ол штамптың жоғарғы бөлігі төмен қозғалғанда өз формасын өзгертеді. Штамп жылғасына металдың ағуы жылғаның қабырғаларында кедергі келтіреді және уйкеліс күшін тудырады да металл жылғаның барлық көлемін толтырады. Штампталған дайындаманы поковка деп атайды. Поковка өз кезегінде штамп жылғасының көшірмесін береді.
Металдың қысыммен өңдеу түрінің бірі қорды сақтайтын суық көлемді штамповка болып табылады. Бұл технологиялық процесс ыстық штамповкамен ұқсас, бірақ айырмашылығы дайындама формасын өзгертпей тұрып оның бөлме температурасында болуында. Негізі бұл технологиялық процеске көп көңіл бөлінеді. Себебі, бұл процестер құюмен салыстырғанда өнімділігі жоғары және бөлшектерді дайындаған кезде қосымша өңдеу талап етілмейді, онымен қоса металды 30-70% дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл кезде айтарлықтай көп еңбек ету керек. Автоматизация процесінің бірдей деңгейінде суық көлемді штамповка кезіндегі өнімділік кесумен өңдеудегі азсериялы және сериялы өнімділігіне қарағанда 2-5 есе, көп сериялы және массалық өнімділікке қарағанда 5-10 есе, ал басқа кезде 50-80 есеге дейін артық болады. Өңделетін бөлшектер дәл болады және олардың беттік тазалығы жоғары болады. Парақты (листовая) штамповка немесе парақты материалдың штамповкасы металды қысыммен өңдеудегі кең тараған және прогрессивті технологиялық процесс болып табылады. Дайындама ретінде бетті материалды қолданып, жазық және кеңістіктік жоғары номенклатуралы бөлшектерді алуға болады. Парақты штамповканың артықшылығы ретінде өзара ауысуын қамтамасыз ететін штампталатын бөлшектердің жоғары дәлділігін, штампталған бөлшектердің бетінің сапасы жоғары болуын, штамповкамен алынатын бөлшектердің оптималды және әр түрлі қасиеттерін алу мүмкіндігін береді. Суық көлемді штамповка ашық және жабық штамптарда металдың қыздыруынсыз жүреді. Бұл үнемді жоғары өнімділікті процесс. Бірақ ол үлкен емес бөлшектер үшін қолданылады. Олар болаттар және түсті метеалдар болып табылады. Суық көлемді штамповкамен беті жоғары тазалыққа ие бөлшектерді алады. Бұл кезде металл беріктенеді, ал оның физикалық қасиеттері айтарылықтай өзгереді. Штамповканың басты операциясына көлемді формовка, престеу, калибировка, түсіру, және чеканка жатады. Парақты штамповка кезінде парақты материалдардан жазық және көлемді бұйымдар алады. Суық парақты штамповка 0,1 мм қалыңдықтағы ленталарды алуға мүмкіндік береді. Ыстық парақты штамповка арқылы 5мм лента алады. Парақты штамповканың артықшылығы күрделі формадағы берік және қатты бөлшектерді алу, металл шығынының үнемділігі, жоғары өнімділігі және процестің автоматизациясы мен механизациясы болып табылады. Парақты штамповканың барлық операцияларын бөлгіш және формасын өзгертетін деп классификациялауға болады. Басты бөлгіш операцияларға: кесу- металл бөлшегін тура немесе қисық сызық арқылы бөлу; шабу- бір уақытта материалды дайындамадан бөліп алу жатады. Формасын өзгертетін операцияларға түзету, майыстыру, созу және формовка жатады. Металды ковкамен немесе штамповкамен өңдеу кезінде әр түрлі ұсталық-престік қондырғылар және престер мен үгіткіштер қолданылады. Механикалық үгіткіштерде қозғалғыш бөлшектері приводпен механикалық жалғанған.Гидравликалық престер жоғары қысымды сұйықтықтармен қозғалысқа келеді. Ол плунжерде іске асады. Бұл престердің қуаты өте жоғары. Мысалы ең үлкен пресс, СССРде дайындалған, 76000 мың т престеу күшіне ие.
