Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
415Materialdardy__1257_ndirudegi_tekhnologialy_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

21. Прокаттау өндірісіне керекті жабдықтармен қондырғылар. Прокаттау стандары.

Қ ысыммен өңдеудің ең көп таралған түрі прокаттау болып табылады. Прокатка металдарды прокаткалау процесі екі немесе бірнеше айналушы приводты валкалар арасында болады. Привод- станоктардың атқарушы звиноларын қозғалысқа келтіретін құрылғы.Бұнда дайындалатын өнімнің көлденең қимасы азаяды, ұзындығымен ені артады, формасы өзгеруі мүмкін. Валкалардың айналу бағытына және дайындалатын өнімнің валкалардың өсімен салыстырғандағы қозғалысы бағыты бойынша үшке бөлінеді: бойлық, көлденең, винтті.Бойлық прокаттаумен жапырақшалар, алаптар,тшовсыз трубалар және тұрақты және айнымалы құйманың катанкаларын алады. Осы әдіс арқылы негізгі қара және түсті металдардың прокатты өнімдерін өндіреді. Прокаткалау процесі ыстық және суық күйде жасалады. Негізі металлургияда кейде машина өндірісінде және металл өндеуде қолданылады. Көлденең пркатка арқылы айналушы денелерді алады. Негізінен шарлар, шестерн, осьтер, валдар, т.б. Сондықтанда бұндай стандарт бөлшектерді прокаттар деп атайды.11.4, а-в суретінде прокаттаудың схемасы көрсетілген. Прокаттаутау кезінде ірі дайындаманың максимал бұрышы 24 ... 300 құрайды, ал металдың жапырағын және қиығын ыстықтай прокаттау 15 ...200 болса, онда оның жапыраңын және майлы лентасын суықтай прокаттау 2 ... 100 аралығында болады.Бойлық – прокаттаудың негізгі бір түрі болып табылады, егер дайындама көлденең және көлденең –бұрандалы болғанда дестилер осіне перпендикулярлы орын ауыстырады.1 бір жағына ауысуы айналу дестилері көлденең прокаттауды сипаттайды. Дайындаманың 2, айналуы мен ауыстырылуы дестилер осін бойлай деформациялайды. Прокаттау көлденең –бұрандалы дестилер 1 бір – біріне бұрыш жасап орналасады, дайындама деформациялану кезінде айналмалы қозғалыс береді

22. Созу арқылы бұйымдарды алу өндірісінің жабдықтары мен қондырғылары.

Металдарды қысыммен өңдеу –қатты күйінде, сыртқы жоңқасын (стружка) алмай қысатын инструмент көмегімен белгілі формада және өлшемде затты алу.

МҚӨ-ң негізгі түрлері: прокаттау, созу, пресстеу, ковкалау, штамповка және гибка (икемдеу).

С озу процесі (1.4- сурет) өнімді (прутка, сымдар) талшықтаушы бөліктен тарту, бұнда көлденең қима өнімнің көлденең қимасынан аз. Дайындалатын өнімнің басын ұштайды да, волоктағы тесікке ендіреді және келщті қондырғылармен алып кетеді. Бұл әдіс арқылы әр түрлі формадағы және өлшемдегі тұтас және жартылай қималы, дәлділігі жоғары және беті сапалы сымдармен, пруттар алынады. Созуға негізінен қара және түсті металдар негізінен суық күйде түседі, ыстық күйде аз.

Талшықтау процесінің негізі өңделетін затты бастапты дайындама қимасының өлшемінен кіші тесік арқылы өткізу. Талшықтау кезінде дайындаманың көлденең қима ауданы кішірейеді. Өңдеуден кейін қимасы тұрақты болады, ұзындығы ұзарады.

Алынған ұзындықтың l бастапқы ұзындыққа қатынасы l0 қатынасы созылу деп аталады. Талшықтау процесінің жалпы түсінігі 1-кіріс конусы, 2-созу конусы, 3-цилиндрлік бөлігі, 4 – шығыс конусы. Шамасы бастапқы және соңғы өткізулер кезінде 1,15-1,25 кезінде созылу коэффициенті аралықты талшықтау кезінде 1,3-1,45 аралығында, ал сығылу формуласы арқылы анықталады. Ғ0-бастапқы қима, Ғ- алынған қима.

Трубаларды ұзын оправкаларда талшықтау кезінде созылу коэффициентін 1,8 есе жеткізуге болады.

Талшықтау кезінде қажетті күштің Р талшықтаудан кейінгі алынған көлденең қима ауданына қатынасы талшықтың кернеулігі деп аталады:

Талшықтау суық күйде жүргізіледі, сондықтан металдың физикалық қатаюын туғызады. Бастапқы қасиеттерді қайтару үшін термоөңдеу (отжиг) жүргізеді. Бұл бірнеше өткізуден кейін және ақырғы өнім дайын болғанда металдардың бастапқы қасиеттерін жаңарту үшін қажет.

Талшықтаудың жалпы технологиялық процестері:

  1. Металдың ұсақ түйірлі құрылымын алу және серпімділігін жоғарылату үшін дайындамаларды алдын-ала күйдіру

  2. Матрицаның жоғары тозуын тудыратын құрылымды алу үшін күкірт қышқылының жылытылған ерітіндісінде дайындамаларды өңдеу.

  3. Дайындаманы жуып-шаю және өңдеу ерітіндісін нитрализациялау

  4. Ковты балкаларда клечтермен ұстау үшін дайындама шеттерін ұштау

  5. Талшықтау

  6. Отжиг

  7. Дайын өнімді өңдеу (шеттерін кесіп, тегістеу, өлшеулі ұзындығына кесу, т.б)

Талшықтау путокты металдарды, сым, труба, т.б өндірісінде қолданылады.

Көбіне талшықтау 5 мм-ден кем сымдарды алуда, жұқа қабатты трубаларды алуда, 150 мм-ге дейінгі путоктар бетінің жоғары сапасын алуда, қиын фасонды профильдер алуда қолданылады. Станоктарды кесу мен өңделген бөлшектерді жасауда қолданылады.

Талшықтау процесі жүргізілетін қондырғы – талшықтаушы стан деп аталады.

Ол негізгі 2 бөліктен құралады: 1) Жұмыс сайманы волоктар, 2) Өңдеелетін металға волок арқылы қозғалыс беретін созу құралы.

Волоктың негізі бөлігі – талшықтаушы көз деп аталады. Бұл қимасы біртіндеп кішірейетін жұмыс тесігі. Осы тесік арқылы металл өткізіледі. Мұнда волокты талшықтау кезінде металдың сығылуы өтеді. Двигательден созу құралына айналу редуктор арқылы жіберіледі.

Талшықтаушы станда механизация және автоматизация үшін қосымша жабдықтар бар.

Талшықтаушы құрылғыны инструменталды болаттан, қатты құйындылардан жасайды. Ал 0,5 мм-ден кіші өлшемді сымдар алу үшін қарапайым алмазды волоктарды қолданады. 1 тесігі бар волокты филлер, бірнеше тесігі бар волокты - талшықтаушы тақтай деп атайды. Талшықтау кезінде үйкелісті азайту үшін көптеп майлайды. Талшықтау кұүшін төмендету үшін , волокпен қатар роликті матрицаны қолданады .

Волок типтері: «М» типті волоктар, «С» типті волоктар, арнайы волоктар

М типті волоктар түсті металдарды суық (сулы ) талшықтауда қолданады. Кабель өткізгіш өнім, әшекей заттар өндіруде қолданады.

С типті волоктар болатты, латундельген сымды, тросс өндіруде қолданылатын және тот баспайтын, төмен көміртекті сымдарды суық талшықтауда қолданылады.

Арнайы волоктар инерциялы инелер үшін тот баспайтын болаттан жасалған трубаларды талшықтауда, графитті стержень дайындауда қолданылады

Талшықтаушы стандар созатын құрылғының жұмыс принципі бойынша 2 топқа бөлінеді:

  1. Созу құралдарының түзу сызықты қозғалысы –шынжырлы стан

  2. Винтті және өңделетін металды барабанға орау – барабанды стандар

Барабанды талшықты стандар барабанға орала алатын профильдерді дайындауға қолданылатын сымдар. Созу санына қарай: 1 ретті – бір волок арқылы талшықтау және көпретті – дайындама ретпен қимасы кішірейетін бірнеше волоктар өткендер болып жіктеледі.

1 ретті талшықтаушы стандарда диаметрі 4-15 мм сымдар үшін қолданылады. Диаметрі 4-6 мм-ден кем сымдарды талшықтау үшін көп ретті стандар қолданылады. Олардың волок саны 20-ға жетеді.

Көп ретті талшықтау кезінде волоктар қима өлшемі кему ретімен қатарға орналасады. Әр волоктан соң барабан орнатылады. Барабанның тарту күші бар. Ол келесі тесік көзі арқылы талшықтау үшін сымды жіберетін вертушка болып табылады. Сым 1 барабаннан өтіп, 2-сіне барады, соңында тек сол барабанда оралып қалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]