- •Материалдарды өндірудегі технологиялық қондырғылар
- •Қыздырғыш қондырғылар –отынмен жанатын және электр пештерін сипатта.
- •Металл және металл емес материалдарды өндіруге арналған жабдықтардың сипаттамалары
- •3.Шойын және болат өндірісіне арналған жабдықтарды схемасын жүзінде түсіндір
- •4. Индукциялық балқытқыш пештерде болат өндіру процесін сипатта.
- •5. Доға электр пешінің құрылғысы мен жұмыс істеу принциптері
- •6. Алюминий өндірісіне және тазартуға арналған жабдықтардың сипаттамасы.
- •7. Магний өндіруде қолданылатын қондырғының құрылымдық сипаттамасы.
- •8. Металды қысыммен өндеуде технологиялық операциялар қойылатын талаптарды сипатта.
- •9. Титан ысқыштарын балқытуға арналған пештердің сипаттамасы.
- •10. Руданы байытудың тәсілі минералогиялық құрамына, минерал түйірлерінің көлемі мен олардың өзара әсеріне тәуелділігін түсіндіру.
- •16. Престеу процесі қандай физикалық параметрлермен сипатталады
- •17. Гидравликалық пресс және оның классификациясы? Қандай материалдарды формалауда колданылады?
- •18. Қиын балқитын балқымаларды балқытуға арналған жоғары жиілікті пештер.
- •21. Прокаттау өндірісіне керекті жабдықтармен қондырғылар. Прокаттау стандары.
- •22. Созу арқылы бұйымдарды алу өндірісінің жабдықтары мен қондырғылары.
- •25. Еркін соққылау арқылы бұйымдар алу өндірісінің жабдықтары мен қондырғылары.
- •26. Жұқа бұйымдарды штамптау өндірісінің құрал жабдықтарын атап көрсет және олардың схемалық белгілеулері
- •27. Металл емес материалдардың өндірісіне арналған жабдық? Шихта ретінде қолданылатын материалдар.
- •28. Қысыммен құятын пластмасса өнімдеріне арналған машиналар және алынған бұйымдардың қасиеттеріне талдау жасау.
- •29. Полимерлерді қандай қондырғылармен алады және олардың атқаратын қызметтерін сипатта.
- •30. Бейорганикалық металл емес материалдарды және олардың компоненттерін өндірудегі жабдықтар мен қондырғылар, онда болатын технологиялық процестерді сипатта
Материалдарды өндірудегі технологиялық қондырғылар
Қыздырғыш қондырғылар –отынмен жанатын және электр пештерін сипатта.
Төменгі күштермен және жоғарғы деформацияланған дайындамасының қызуы арқылы қысыммен өңдеуді жүргізу рұқсат етіледі. Көміртекті болаттың қыздырылуы 3000С-дан жоғары болғанда деформациялануға кедергісі азаяды (10 есе), ал майысқақтық көбейеді (10%) және айтарлықтай серіппелі қасиеті түгелімен жойылады. Сондай-ақ қалдық кернеулігінің пайда болуы шешіледі. Әрбір материалдарды қыздыру кезінде химилық қасиеті мен құрылымына байланысты белгілі температуралық интервалдар қатал қарастырылады. Темір – көміртекті жүйесінің диаграммасы негізгі көміртекті болаттың температуралық интервалын таңдауына қызмет етеді. Ең алдымен, жоғарғы температурада қызу таңдалады. Солидус сызығына жақын орналасқан көміртектік болаттың температурасының қызуы, қайта орнамайтын ақауға ұшырауы мүмкін. Төменгі температура болатты қатты қыздыруы мүмкін және де дәндердің размерлерінің өсуі тездетіледі. Дайындаманың жоғарғы температурада қыздырылуы зиянды құбылыстарға алып келеді. Металдың атмосферада (яғни, ауамен) әсерлесуінен металл тотығады, нәтижесінде темір оксидінен тұратын қабыршақ пайда болады. Қабыршақ жоғарғы қаттылыққа ие, қыздырылғаан металға қарағанда, сондай-ақ деформацияланған құралдың тозуы екі есе көтеріліп (өсіп) бара жатыр. Дайындаманың беткі қасиетін қабыршақ тәрізді нашарлатады. Көміртек те тотығады, дайындаманың көміртексізденуіне әкеліп соғады. Сонымен қатар төменгі температура металға үлкен әсерін тигізеді (рекристаллизация температурасынан төмен емес). Суық құралдардың түйісуін өңдеу салдарынан және қоршаңан ортаның жылулығын саралауда дайындаманың суынуы нормадан асып кетуі мүмкін. Бұл металдың шытынауына және нығаюына алып келеді егер өңдеуді төменгі шек температурасынан жоғары аяқтасақ, онда ірі дәнді дайындаманың деформациялану құрылымын суынуы кезінде алуға болады, ол машина бөлшектерінің соққыға беріктілігі (мықтылығы) төмендейді. Температураның диапазонына қарамастан қызу жылдамдығы орнайды, қыздыру құралдарының және басқа дайындама параметрлерінің уақытқы төзімділігі.
Пештер энергия көздеріне байланысты 2 ге бөлінеді: Жалынды пештер, Электрлік пештер
Жалынды пештердің өзі камералық және әдістемелік деп бөлінеді. Камералық пештердің жұмыс істеу аймағы бірқалыпты қыздырылады, ал әдістемелікте – пештің қызған жағынан қызбаған жағына таралу бағыттары жоғарылайды. Камералық пештер майда сериялы және ірі сериялы штамптау өндірісінде қолданылады.
Жалынды пештер, сұйық немнсе газ тәрізді отынмен жұмыс істейді Электрлік пештердің қабырғаларына темір немесе корборундтық электрқыздырғыштар орнатылады. Болаттан және түсті қоспалардан жасалған дайындаманы қыздыру үшін электр пештері қолданылады.
Индукторлық токты өткізу кезінде айнымалы электрмагниттік жазықтықта орналасқан құйынды токтарды дайындау п.б., дайындаманы қыздыруға алып келеді. Қабыршақ тәрізді қыздырылу кезінде атмосфераға бейтарап газдар таралады. Бұл қыздыру құралының түрі ірі сериялы өндіріс жағдайларында пайдаланылады, жоғарғы (күшті) электр қондырғы салыстырмалы түрде қымбат және әрбір бөлшектің түріне күрделі индукторларды жасау қажет.
Электрліктүйісу құралдарын қыздыруда үздіксіз қыздыруды жүзеге асыруға болады (мысалы, екі қос айналмалы роликтер арасындағы шыбық). Жылудың бөлінуі, үлкен токтың күшпен таралуы дайын заттың электр кедергілерін иемдену арқылы жүреді. Қыздыру құралдарын механикаландыру автоматтандыру кезінде үлкен мағына береді. Оларды құралдармен анықтау және автоматтық жүйемен реттеу, өнімділікті жоғарылату және өнімнің шығынын азайтуды қамтамасыз етіп, өнімнің сапасын және еңбек жағдайларын жақсартады.
Ірі дайындама жасауда жалынды пешке әр түрлі құралдарды жинақтауда және шығаруда қолданылады, ал есікті ашуға және жабуға – қосалқы механизмді пайдаланады. Осылайша жылжымалы подтармен, айналмалы карусельдік подмен адымдауыш конвейірлік шығыршықты үздіксіз подты пештер қолданылады.
Индукцияланған қыздырғыштардың механикаландырылған әдістемелік әрекеттері өндірісте пайдаланылады. Екі және үш жылғалы қыздырғыштардың осы түрі жоғарғы еңбек өнімділігін қамтамасыз етеді. Индукторларда айнымалы орам санын орнатуда дайындаманы қыздыру уақытын 3 есе азайтады да жүрдек бұйымдарды дайындауды қамтамасыз етеді.
Дайындамаларды қысыммен өңдеуден бұрын қыздыруға арналған құрылғыларға қыздыру пештері және электр қыздырғыштары жатады. Қыздыру пештерінде ірі және орташа дайындамаларды қыздырады. Электр қыздырғыштары ұсақ және орташа дайындамаларды қыздырады. Пештерде дайындамаларға қызу оттың жалынымен берілмей тек қана жоғары темпер-ға дейін қызған оотың толық жанған өнімдері арқылы беріледі. Электр қыздырғыш құрылғыларда электромагниттік өріс әсеріненметалдың өзінде жылу бөлінеді. Электр пештерінде жылу энергиясының жылу энергиясына айналу нәтижесінде болады. Жұмыс кеңістігінде темпер-ның таралуына қарай пештер екі топқа бөлінеді: 1) жұмыс кеңістігінде темп.бір қалыпты болатын камералық пештер. 2) жұмыс кеңістігінде темп.дайындама кіретін жағынан шығатын жағына қарай өсетін методикалық пештер. Методикалық пештер Бұл пештің кеңістігі ұзын болып келеді және темп.әртүрлі екі немесе үш аймақтан тұрады. Дайындама итергіштің көмегімен пештің 1-ші қыздыру аймағына түседі. 6000С...8000С қыздырылып содан соң 2-ші аймақ ең жоғарғы темп-сы бар аймаққа барады 12500С...13500С. Бұл аймақта оттықтар орналасқан. 3-ші аймақ ұстап тұру аймағы, бұл аймақта дайындаманың қимасы бойындағы темп. теңеледі.Қызған дайындамалар арнайы терезеден сыртқа шығарылады. Методикалық пештер прокаттау, штамптау өндірісінде қолданылады. Камералық пештер -дайындамаларды пешке терезе арқылы тиеп қызған соң, сол терезеден алып шығарады. Жұмыс кеңістігі оттық арқылы берілетін оттықны ң жану ңәтижесінде пайда болған жылудан қызады. Камералық пештерді пайдалануына байланысты бірнеше түрін ажыратады . Прокаттау алдында үлкен құймаларды қыздыру үшін, қыздыру құдығы деп аталатын түрін пайдаланады. Дайындамалардың ұштарын ғана қыздыру қажет болғанда терезесі саңылау түрінде жасалған пештер қолданылады. Электр қыздыру пештері түсті металдар мен олардың қорытпаларын қыздыруға арналған. Өйткені қысыммен өңдеу темп-ның интервалы төмен болады. мысалы дюралюминий үшін 3800С...5000С тең. Электр пештерінің қабырғаларына электр металлдан н/се карборундтан жасалған кедергісі жоғары элеметтер орнатылады. Элементтер арқылы электр тогын жібергенде олар қызып жұмыс кеңістігін қыздырады.
