- •Тест тапсырмалары
- •16.Екі көзқарас қалай сипатталады?
- •47. Білім алу-мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде қалай сипатталады?
- •48.Білім алу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру ретінде қалай көрінеді?
- •49. «Дүкенге саяхат жасап қайтуға» ұқсайтын оқыту үдерісінің тұжырымдамалары?
- •54.Когнитивті теоретиктер нені зерттейді?
- •55.Когнитивті үдерістерге не жатады?
- •58.Пиаже «жалпы қабілет»деп нені айтты?
- •68.Ридли/2004/ ген туралы не айтады?
- •71.Ми қыртысы неше бөліктен тұрады?
- •75. Ұзақ мерзімді жады қалай сипатталады?
- •120. Александр/2008/ диалог түрінде білім беру туралы не айтады?
- •133. Кумулятивтік әңгіме деген сыныптағы талқылаудағы дәлелдің қандай түрі?
- •135. Диалогтық оқыту ... Болып табылады?
- •Тест сұрақтары
- •8. Сандық сауаттылық деген не?
- •13. Сандық бейнені қолдану неше бөліктен тұрады?
- •18. Подкастқа не қосуға болады ?
- •19. Рефлективті кәсіпқойды даярлау-
- •16. Білім алу дегеніміз не?
- •Жас ерекшелік
- •Бағалауға арналған тест сұрақтары
Тест тапсырмалары
1.Ұзақ мерзімді жады 3 компоненттен: рәсімдік жады, эпизодтық жады, семантикалық жадыдан тұрады. Тулвинг (1895) ұсынған.
1. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім» деп кім айтқан? Стронг,Вард,Грант/2011/
2. «Оқушыларды тәрбиелеу,дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді» деп кім айтқан?
Варвер мен Моучад/2007/
3. «Конструктивті» қандай мағынада қолданылады? Сындарлы
4. Сындарлы теорияны оқытуға негізделген кең тараған тәсіл деген кім? Һати/2009/
5. Сындарлы оқытудың мақсаты не?
Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін кез – келген жерде тиімді пайдалана алуын қамтамасыз ету.
6. Оқыту туралы сындарлы түсінік нені талап етеді? Мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді.
7. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние не?
Жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін , түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында лоармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін түсінуі.
8.Психологтар «сенім» ұғымын немен байланыстырады? Адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады.
9. Социологтар немен байланыстырады?
Негізгі құндылық есебінде көрсетеді.
10. «Білім беру сызбалары» неден құралады?
Сенім,көзқарас,шешім,іс-әрекет
11. Мұғалімнің сенімі туралы айтқан кім?
Пажарес/1992/
12. Пажарес: мұғалімнің білім беру стильін таңдауында ненің ықпалы күштірек деп сендіреді? Мұғалімнің білімділігінен гөрі сенімге негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді.
13.Мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне не әсер етеді? Оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар
14.Мұғалім жұмысының тиімділігін анықтау өлшемдері қандай? Жетістіктері, біліктілігі, оқыту үдерісі /оқыту әдістері/,оқыту нәтижесі/оқушының білім алуына ықпал етуі немесе барлық факторлардың жиынтығы.
15.Оқытуда қарастырылатын неше көзқарас бар? 2
16.Екі көзқарас қалай сипатталады?
Бірінші:оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі
Екінші:білім берудің оқушы мен мұғалім арасындағы қарым –қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы.
17.Құзырлы оқытудың маңызды факторы не?
Мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.
18. Шульманның «үш көмекші» деп атағаны не? бас,қол,ж үрек
19.Шульман/2007/ мұғалімге тән қандай қасиеттерді көрсетеді? Кәсіби түсінік,оқытудың тәжірибелік дағдылары,кәсіби тұтастық.
20. Кәсіби түсінік немен байланысты? Бас
21. Қол немен байланысты айтылады?
Оқытудың тәжірибелік дағдылары
22. Жүрек немен байланысты қаралады?
Кәсіби тұтастық
23. Кәсіби түсінікте не талап етіледі?
Тұғырлы теориялық білімге негізделген және оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті білім болуын талап етеді./тәжірибені түсіну, дамыту, жетілдіру,зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді.
24. Оқытудың тәжірибелік дағдыларына не жатады? Ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау
25. Оқытудың тәжірибелік дағдыларында мұғалімге тән қандай белгілер талап етіледі?
Жұмыс жүргізу,демонстрациялау,түзету және оқытуды бағалау тәсілдері арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық ,тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуді талап етеді.
26.Шульман ілімінде кәсіби тұтастықта мұғалімге тән қандай белгілер сипат алады?
Шыншыл,әділ,батыл,төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін адамдар.
27.Құзырлы мұғалім нені реттеп отырады?
Оқушыларға,ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін.
28. Сапалы білім беру дегеніміз не?
Мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс. Оқушылардың, қоршаған орта және білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі.
29.Оқытудың сапасын неше тәсіл арқылы анықтауға болады? Екі
30.Оқытудың сапасын анықтаудағы бірінші тәсіл қалай сипатталады? Бағалау мұғалім жұмысының тиімділігін, оқушылармен өзара байланысының сипаты мен жиілігінанықтау мақсатында жүргізіледі.
31.Екінші тәсіл қалай сипатталады?
Кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен орындағаннан гөрі көбірек күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты білім беруге ерекше көңіл бөледі.
32.Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан білім беруді түсіну «Білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері» негізінде жатыр деп айтқан кімдер?
Выготский, 1978 және Вуд,1998
33. «Диалог негізінде оқыту және оқу» кімдермен байланысты ?
Мерсер,1995 және Александр,2008
34. «Қалай оқу керектігін үйрету» кімдермен байланысты қаралады?
Флавел,1976 және Выготский,1978
35. «Қалай оқу керектігін үйрету» немесе метасана қалай сипатталады?
Оқушыларды оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкешілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға көмектесу.
36. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
37.АКТ-ны білу дағдыларының негізінде не жатыр?
АКТ туралы білім, ақпаратты алу, бағалау,сақтау, өндіру, ұсыну,алмасу үшін қолдану және Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жеткізе білу.
38. Инклюзивті тәсіл дегеніміз не?
39. «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу» қай модульмен тығыз байланысты? Талантты және дарынды балаларды оқыту модульі
40. Әртүрлі жас шамасында өз-өзін бағалауға жауапкершілікті зерделеуді жүзеге асыратын модуль? «Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау»
41. «Білім беруді басқару және көшбасшылық» қай модульмен тығыз байланысты? «Сыни тұрғыдан оқыту» модулімен байланысты
42. Білім алу дегеніміз не? Қол жеткен нәтижелер және пайдалы тәжірибе
43. Нұсқаулықта оқу нәтижелерінің неше санаты қарастырылады?Бес
44. Білім алу-білімнің сандық ұлғаюы ретінде қалай сипатталады? Оның нәтижесі алынған ақпарат болып табылады. Негізгі міндет- «көп білу».
45. Білім алу есте сақтау ретінде қалай сипатталады? Нәтиже-қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді ақпарат.
46. Білім алу ақпарат жинақтау ретінде қалай сипатталады? Нәтиже-есте сақталып,қажет болған жағдайда қолдануға да болатын факті, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.
