Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер кукыгы ответ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.3 Кб
Скачать
  1. Мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскесін меншік иесінен және жер пайдаланушыдан алып қою

Егер ауыл шаруашылығы өндiрiсiне не тұрғын үй құрылысына немесе

өзге де құрылысқа арналған жер учаскесi екi жыл iшiнде (егер Қазақстан

Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзiм көзделмесе) тиiстi

мақсатында пайдаланылмаса, ал ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуүшін, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер пайдалану құқығында берілген жер учаскесі алғаш рет жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау анықталған кезден бастап есептелетін бесжылдық кезеңде жалпы алғанда екі жыл пайдаланылмаса, онда мұндай жер учаскесi Кодекстiң 94-бабында көзделген тəртiппен меншiк иесiнен жəне жер пайдаланушыдан мəжбүрлеп алып қойылуға жатады. Бұл кезеңге осындай жер учаскесін игеруге қажеттi уақыт, сондай-ақ дүлей апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мүмкiндiк бермеген өзге де мəн-жайларға байланысты көрсетілген учаскенi мақсаты бойынша пайдалану мүмкiн болмаған уақыт кiрмейдi.

2. Жер учаскесін игерудің мерзімі мен шарттарын облыстардың,

республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылды(селолық)округтердің əкімдері, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында – тиісті əкімшілік-аумақтық бөліністің жергілікті атқарушы органдары немес арнайы экономикалық аймақтың əкімшілігі, жер учаскелерін беру жөніндегіосы Кодексте белгіленген өз құзыреті шегінде, осы аумақта жерді аймақтарға бөлуге жəне қала құрылысы регламенттеріне сəйкес белгіленген берілетін жер учаскесінің нысаналы мақсаты мен жердің құқықтық режиміне қарай айқындайды.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының сəулет, қала құрылысы жəне

құрылыс қызметі туралы заңнамасына сəйкес жобалау (жобалау-сметалық)құжаттамасы бойынша, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық)

құжаттамасынсыз не эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша жүзеге

асырылатын құрылыс үшін жəне ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін

берілген жер учаскесiн игеру кемінде екі жыл мерзімге белгіленеді.__

  1. Жерді тәркілеу

кылмыс немесе өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшiн меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесi сот тəртібімен санкция түрiнде өтеусiз алып қойылуы мүмкiн.Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшiн қажеттi, сотталған адамға жеке меншiк құқығымен тиесiлi немесе оның ортақ меншiктегi үлесi болып табылатын, онда үйi мен шаруашылық қора-жайлары орналасқан жер учаскелерi, сондай-ақ өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн қажеттi жер учаскелерi Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарында көзделген тiзбеге сəйкес тəркiленбеуге тиiс.Тəркiленген жер учаскелерi мемлекеттік меншiкке қайтарылады. Тəркiлеу объектiсi болып табылатын мұндай жер учаскелерi не жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен сатылуы немесе одан əрі пайдаланылуы мүмкiн.

  1. Меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесін бағалау

Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесiнің немесе жер пайдалану құқығының құны мемлекетке төленген

сома шегінде белгіленеді.Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жеке тұрғын үй орналасқан жерде жеке тұрғын үй салуы үшін, жеке қосалқышаруашылық жүргізу үшін (егістік телімдерін қоспағанда) берілген жер учаскесінің құны жер учаскесінің нарықтық құнынан аспайтын құны мөлшерінде белгіленеді.Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға азаматтық-құқықтық мəміле бойынша немесе сот шешімі бойынша ауысқан жер учаскесінің құны азаматтық-құқықтық шартта немесе сот шешімінде көрсетілген құн мөлшерінде, бірақ нарықтық құннан аспайтын мөлшерде белгіленеді. Азаматтық-құқықтық шартта немесе сот шешімінде жер учаскесінің бағасы көрсетілмеген жағдайда, жер учаскесінің құны оның кадастрлық (бағалау) құны бойынша бағаланад