Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер кукыгы ответ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.3 Кб
Скачать
  1. Жер құқық қатынастарының мазмұны

Жер құқық қатынастары деп - Қазақстан Республикасының табиғи байлығы - жерге мемлекеттік меншік құқығының және заңдарда белгіленген шарттармен шектерде жеке меншікте болу негізінде жер заңдарының нормаларымен реттелген немесе жер құқық нормаларының іс жүзіндегі көрнісін беретін қоғамдық қатынастарды айтамыз. Мұнда жер учаскелерінің азаматтық айналымда болғанымен, оның табиғи объектілік қасиеттері жоғалмайды. Сонымен бірге оның табиғи қасиеттері бүгінгі нарықтық қатынастар жағдайында жерді пайдаланудың азаматтық айналымда болуына тікелей әсер етеді. Жер құқық қатынастарының түрлері мыналар болып табылады: жерге меншік және мүліктік қатынастар; жер қорын басқару органдарының қызметтері; жерге меншік және пайдалану құқығы иелерінің құқықтары мен міндеттері; жер қоры және оның санаттары; жерді пайдалануды және қорғауды бақылау; жерге орналастыру, жер мониторингісі және жер кадастры; жер нарығы; жерге меншік және пайдалану құқығын қорғау.

  1. Жер құқық қатынастарының пайда болуы және өзгеруі

  2. Жер құқық қатынастарының тоқтатылуы

  3. Жер құқығы қайнар көзінің түсінігі

. Жер құқығының қайнар көздері дегеніміз - қоғамдық жер қатынастарын реттеуге қабілеті бар нормалар жиынтығынан тұратын құқықтық актілер. Олар өз құрылымында әртүрлі үлгіде жасалуы мүмкін. Мәселен, заңдар, Президент жарлығы немесе кодекс ретінде. Бұған қоса жер қатынастарын реттейтін заң асты құқықтық актілер де, яғни үкімет қаулылары мен ережелері, инструкциялар, жергілікті жер қатынастарына шыққан шешімдер мен жасалған келісім-шарттар да жер құқығының қайнар көздері болып табылады. Ең басты қайнар көз ретінде жер құқықтық қатынастарын реттеуші мүмкіндікте Қазақстан Республикасы Конституциясын танимыз (1995 ж. 30 тамыз). Одан кейінгі негізгі қайнар көз болып Қазақстан Республикасының Жер кодексі (2003 ж. 20 маусым) танылады. Жер кодексіміз 5 бөлім, 21-тарау 170-бапты мазмұннан тұрады. Бұл Жер кодексінің өз алдында қолданыста болып, бүгінде күшін жойған жер заңдарынан ең басты ерекшелігі, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер санатын нарықтық айналымға түсіруде. Яғни, жерге жеке меншік институтының қалыптасуында деп білеміз

  1. Жер құқығы қайнар көздерінің жүйесі