Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бх мазмуны жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
666.13 Кб
Скачать

11.Моносахаридтер, құрылысы, физикалық – химиялық қасиеттеріне және негізгі өкілдеріне сипаттама беріңіз.

Көмірсулар – барлық тірі организмде негізгі энергия беретін заттар. Өз молекулаларының күрделілігіне қарай көмірсулар 3 класқа бөлінеді: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Моносахаридтер гидролизденбейді. Оларға глюкоза, фруктоза, галактоза, манноза, рибоза, дезоксирибоза және басқалар жатады.

Моносахаридтер – ең қарапайым көмірсулар. Құрамында бірнеше гидроксил топтары бар альдегидтер немесе кетондар болып табылады. Құрамына кіретін көміртегі атомдарының санына және гидроксильдік топтар санына қарамай, альдозаларда альдегидтік топ , ал кетозаларда карбонильдік топ ˃C=O функциональдық топтар болып табылады. Моносахаридтердің эмпириялық формуласы (CH2O)n .

Ең қарапайым моносахаридтерге триозалар, глицеролдық альдегид, кетоза жатады.

Моносахаидтердің D стереоизомерлері жиі кездеседі. Яғни олардың құрамындағы С асимметриялық атомның ОН тобы оң жағында орналасады. Моносахаридтер негізінен тұйық циклды құрылым түрінде болады. Моносахаридтердің циклденуі молекула ішілік конденсация есебінен іске асады. Бұл кезде гидроксильдік топтағы сутегі карбонильдік топтағы оттегіне қосылады, π- байланысы үзілгеннен кейін жартылай ацетальдық немесе гликозидтік гидроксил түзіледі.

Қанттардың химиялық қасиеттері олардың молекуласы құрамында әрекет жасаушы альдегидтік және кетондық, сонымен қатар гидроксильдік топтардың болуына байланысты. Сондықтан қанттар альдегидтерге, кетондарға және спирттерге тән реакциялар көрсетеді:

1. Тотықсыздану. Бұл процесті пиридиндік дегидрогеназалар катализдейді және алты атомды спирттер түзіледі:

2. Тотығуы. Моносахаридтердің тотығуы альдегидтік немесе бірінші спирттік топ бойынша жүреді. Альдегидтік топ тотыққан кезде альдон қышқылдары түзіледі. Бірінші спирттік топ бойынша тотығу өнімдері урон қышқылдары. Егер альдегидтік топ пен бірінші спирттік топтың екеуі де тотықса, онда альдар қышқылдары түзіледі.

3. Гликозидтердің түзілуі. Екі спирт өзара әрекеттескен кезде қарапайым эфирлер түзіледі. Қанттар да мұндай реакцияға кірісуі мүмкін. Ал аномерлік, гликозидтік гидроксильдің реакцияласу қабілеті ең жоғары. Егер көміртегінің аномерлік атомы ғана басқа қосылыстың спирттік тобымен реакцияласатын болса, ондай реакция өнімі гликозид деп аталады. Бұл реакция кезінде пайда болған байланыс гликозидтік деп аталады. Дисахаридтер мен полисахаридтер құрамындағы моносахаридтердің коваленттік байланысуы осылай жүзеге асады.

  • Глюкоза – бос күйінде жануарлар мен өсімдіктер ұлпасында кездеседі. Суда жақсы ериді, тәттілігі сахарозадан екі есе кем.

  • Фруктоза – жемістерде болады, бос күйінде бал құрамында болады. Сахарозадан тәттілеу, суда жақсы ериді.

  • Галактоза – бос күйінде кездеспейді. Сүт қанты құрамына кіреді. Суда ериді.

  • Манноза – адам және жануар организмінде кездеспейді, өсімдік құрамында көп.

  • Аминоқанттар – құрамында азоты бар гексозалар.

  • Пентозалар – табиғатта кең таралған. Бос күйінде кездеспейді. Маңыздылары: рибоза, дезоксирибоза, ксилоза т.б.