- •2. Белоктардың классификациясы: жай және күрделі белоктар. Глобулярлы және фибрилярлы белоктар. Белоктардың табиғаттағы атқаратын қызметін, мысалар келтіре отырып көрсетіңіз.
- •3Белоктардың физикалық-химиялық қасиеттері, ерігіштігіне байланысты олардың жіктелуін көрсетіңіз.
- •4.Белок молекуласының құрылымдық деңгейлері. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші реттік құрылымы. Құрылымдық деңгейлерін қамтамасыз ететін химиялық байланыстардың түрлерін сипаттаңыз.
- •5. Белоктарды бөліп алу, тазарту әдістерінің схемасын келтіріп, түсініктемесін жазыңыз.
- •6.Ферменттер, функциялары. Ферменттердің құрылысы. Бір- және екі компонентті ферменттердің ерекшеліктерін көрсетіңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •Ферменттің белсенді орталығы,Ферменттердің өзіндік әсер етуі(мысалдар).Коферменттердің рөлі,олардың түрлерін мысалдармен көрсетіңіз.
- •8.Ферменттік реакцияның жүру механизмі. Ферменттік реакциялардың түрлері(тура және кері реакция). Әртүрлі факторлардың ферметтік реакцияға әсерін көрсетіңіз.
- •9.Ферменттердің белсенділгі ,ферменттік реаксиялардың күшейткіштері (активаторлар) мен тежегіштер (ингивиторлар) тежегіштіктің тиіптпрін түсіндіріңіз ,бәсекелестік , бәсекелестік емес ,бәсекелессіз .
- •10.Ферменттердің классификациясы,мысалдар келтіре отырып әр кластың қысқаша сипаттамасы.
- •11.Моносахаридтер, құрылысы, физикалық – химиялық қасиеттеріне және негізгі өкілдеріне сипаттама беріңіз.
- •12.Дисахаридтер,құрылысы:тотықсыздандыратын және тотықсыздандырмайтын қанттар.Химиялық қасиеттеріне және негізгі өкілдеріне сипаттама беріңіз.
- •13. Полисахаридтер, құрылысы: гликоген, крахмал және целюлозаның құрылысымен атқаратын қызметітеріне сипаттама беріңіз.
- •14. Жай және күрделі қанттар. Негізгі өкілдерін және олардың биологиялық маңызын көрсетіңіз.
- •15. Қарапайым липидтер, молекулалық құрамы мен құрылымы, түрлері. Қарапайым липидтердің биологиялық рөлін сипаттап жазыңыз.
- •16. Майлардың физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері (гидролиз, гидрогендеу, тотығу, асқын тотығып ашу реакциялары) сипаттайтын реакцияларды жазыңыз.
- •17.Май құрамындағы май қышқылдарының түрлері,молекулаларының құрылымы мен физикалық қасиеттерінің арасындағы ерекшеліктерді көрсетіңіз.
- •18. Күрделі липидтердің түрлерін атаңыз. Фосфолипидтер, молекулаларының құрылысымен түрлерін, биологиялық маңызын көрсетіңіз.
- •19. Күрделі липидтердің түрлері (атаңыз). Сфинголипидтер, молекулаларының құрылысы мен түрлерін, биологиялық маңызын көрсетіңіз.
- •20. Нуклеин қышқылдары, құрылысы, түрлері. Нуклеотидтер мен нуклеозидтер. Рнқ және днқ молекулаларының құрамдық және құрылымдық ерекшеліктері.
- •21.Рнқ түрлері,атқаратын қызметі,клеткадағы олардың салыстырмалы мөлшері,молекулаларының құрылымы мен қасиеттерінің ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз.
- •22.Днқ молекуласының құрылысы. Уотсон - Крик моделі. Комплементалық принцип пен Чаргафф ережесін көрсетіп жазыңыз.
- •26. Амин қышқылдарының активтенуі.Белок синтезіндегі тРнқ-ның және аминоацил т-рнқ синтетазаның рөлі туралы толық мәлімет беріңіз.
- •27).Трансляция стадиялары: инициация, элонгация, терминация. Полипептидтік тізбектің түзілуі. Энергия көзі. Белок синтезінің тежегіштері
- •33.Гликолиз,биологиялық маңызы аралық өнімдері мен энергияның түзілуі.Анаэробты ыдырау түрлері,биологиялық маңызы туралы нақты мәлімметтер келтір.
- •34.Тыныс алудың анаэробты сатысы (Кребс циклын қоса отырып) биологиялық маңызын көрсетіңіз,түзілетін энергия мөлшерін анықтаныз.
- •36.Липидттердің катобализмі,ыдырау жолдары (жалпы мәлімет),гидролиз өнімдерінің қарқынды және ішекте сіңірілуіндегі өт қышқылдарының рөлін көрсетіңіз .
- •37.Қанныққан май қышқылдарының β тотығуында түзілетін өнімдер мен энергия мөлшерін нақты мысалдар келтіре отырып жаз.
- •38. Қанықпаған май қышқылдарының β-тотығуында түзілетін өнімдер мен энергия мөлшерін нақты мысалдар келтіре отырып жазыңыз.
- •40.Гликолиз және глюконеогенез процестерінің реакцияларын салыстыра отырып , гликогеннің ыдырауы мен синтезін талдаңыз.
- •41.Гликогеннің (крахмалдың )глюколиз жолымен ыдырауы,түзілетін аралық өнімдері мен энергия мөлшері
- •42.Оксидоредуктаза мен изомераза класының ферменттері,катализдейтін реакцияларының ерекшеліктерін көрсетіңіз(мысал)
- •43.Гидролаза мен трансфераза класының ферменттері,катализдейтін реакцияларының ерекшеліктерін көрсетіңіз(мысал)
5. Белоктарды бөліп алу, тазарту әдістерінің схемасын келтіріп, түсініктемесін жазыңыз.
Барлық белокты бірдей бөліп алатындай әдіс жоқ. Белоктардың биологиялық қызметін, құрылымын зерттеу үшін және оларға рентгендік құрылымдық талдау жасау үшін 100 мг ғана белок жеткілікті.
Белокты бөліп алу үшін ең алдымен оған аммоний сульфатымен, этанолмен немесе ацетонмен әсер етіп, қан сарысуынан глобулин белогын тұнбаға шөктіреді, бұл кезде басқа белоктар ерітіндіде қалады. Белоктарды бір-бірінен осындай қарапайым жолмен ажыратып бөледі. Ары қарай хроматография, электрофорез, изоэлектрофокустау сияқты әдістер бойынша жүргізіледі:
Материалды ұсақтау + құм, шыны + буфер ерітіндісі → центрифугалау → экстрактты бөліп алу + (NH4)2SO4 + центрифугалау → тұнба + буфер → диализ → гель-фильтрация (сефадекс).
Хроматографиялық әдісі қоспалардың адсорбция және десорбция кезектесуіне негізделген. Хромотографиялық адсорбция, ажырататын бөлгіш, ион алмасатын және гель-сүзгіш сияқты түрлері бар. Әдістің шарты – бөліп ажырататын заттарды әртүрлі екі компонентті жүйеге қозғалмалы және қозғалмайтын фазаларға орналастырады. Белоктарды ажыратып бөлу үшін бағаналық хромотографияны пайдаланады. Ол үшін ерітіндідегі белоктар қоспасын шыны бағана арқылы өткізеді.
Гель-сүзгі әдісі бойынша хромотографиялау әдісі ДЭАЭ-сефадекстің (полисахарид) әртүрлі маркаларымен жүреді. Мұндай сүзгіден белоктардың өту жылдамдығы олардың молекуласы шамасына байланысты. Гель-сүзгі молекулалық елек сияқты. Шағын молекулалы белоктар бағана арқылы өту кезінде сефадекс түйіршіктерінің ішіне енеді, ал ірілері түйіршіктердің аралығында жүреді. Осыған байланысты ірі молекулалы белоктар бағана арқылы тезірек өтеді де, бірінші болып шығады.
Аффиндік хроматография – белоктың белгілі бір химиялық заттар тобымен байланысы алатын өзіне ғана тән қасиетіне негізделген. Мысалы, белгілі бір белок глюкозаға жақын дейік. Сонда глюкозаны қатты стационар фазамен ковалентті түрде, мысалы сефарозамен байланыстырады. Гель-сүзгі жағдайы кезіндегі сияқты, бұл фазамен хромотографиялық бағананы толықтырады. Бұдан кейін бағана арқылы белоктар қоспасының ерітіндісін өткізеді. Бағанадағы иммоблизацияланған глюкозада осы белок қана ұсталып қалады, себебі глюкозамен туыстас. Ал басқа белоктар адсорбцияланбайды, оларды буферлік ерітінді ілестіріп алып кетеді. Осыдан кейін байланысқан белокты глюкозаның концентрациялы ерітіндісінің көмегімен бағанадан бөліп алады.
Изоэлектрлік фокустеу – белокты заттардың өте күрделі қоспаларын электрофорездік жолмен бөлудің жетілдірілген әдісі. Бұл әдіс қоршаған ортаның рН шамасына байланысты белок молекулалары зарядының өзгеруіне негізделген. Изоэлектрлік нүктеге жеткен кезде белок молекуласы зарядтарының саны нольге тең болатыны және бұл кезде электр өрістерінің әсерінен оның қозғала алмайтындығы белгілі.
Изоэлектрлік фокустеу барысында шыны бағананы полиакриламидтік гельмен толтырғанда ерекше буфердің әсерімен рН градиенті қалыптасады. Осыдан кейін гельдің үстіне белок қоспаларының ерітіндісі құйылады. Бұл кезде электр өрістерінің әсерінен әр белок өзінің изоэлектрлік нүктесіне сәйкес келетін рН градиенті аймағына ауысады да, сонда қозғалысын тоқтатып, қалып қояды. Осылайша белоктар қоспасы изоэлектрлік нүктесіне байланысты бөлініп, гель бағанасы бойына орналасады. Сөйтіп әр белок өзіне тиісті тар алқапта рН көрсеткіші бойынша шоғырланып орналасады. Осылайша бөлінген топтарын коллекторға жинақтайды да, рН көрсеткіші бойынша ажыратып алады.
