Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бх мазмуны жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
666.13 Кб
Скачать

43.Гидролаза мен трансфераза класының ферменттері,катализдейтін реакцияларының ерекшеліктерін көрсетіңіз(мысал)

Гидролазалар-бұл ферменттер химиялық байланыстарды үзеді де суды қосады.Гидролазалар мынадай топтарға бөлінеді:

а)Эстеразалар-күрделі эфир байланыстарын гидролиздейді де,қышқыл және спирт түзеді:

C

Сірке этил эфирі

Сірке қышқылы

Этил спирті

H
3COО--- CH2----CH3+ H2O → CH3--- COOH + CH3CH2OH

б)Липазалар-триацилглицеролдарды ыдыратып,глицерол мен май қышқылдарын түзеді.

в)Гликозидазалар-көмірсулардағы гликозидтік байланыстарды гидролиздейді.Оларға амилаза,лактаза,мальтаза,целлобиаза т.б. жатады

г)Пептидгидролазалар-белок,полипептидтер молекуласында пептидтік байланыстарды үзеді. Пептидгидролазалар екі топқа бөлінеді:экзопептидаза мен эндопептидаза.

Экзопептидаза-бұлар полипептид тізбегінде соңғы пептидтік байланысты үзетін ферменттер.Оларға жатады:карбоксопептидаза,аминопептидаза,дипептидаза,трипептидаза,кейбір катепсиндер жатады.

Эндопептидаза-полипептид тізбегіндегі ішкі пептидтік байланысты үзетін ферменттер.Олар:пепсин,трипсин,химотрипсин,папин тағы басқалар.

Трансферазалар-биохимиялық реакцияларда атомдар тобын және молекула қалдықтарын алмастырып ауыстыратын ферменттер.Олар мынадай топтарды бір субстраттан екінші субстратқа ауыстырып жеткізеді:метил,карбоксил,амино,сульфо формил фосфат және басқалар.Трансферазалар өздері тасымалдайтын топтарға байланысты метилтрансфераза,ацилтрансфераза,фосфотрансфераза деп аталады.

Мысалы:аспартатаминотрансфераза ферменті амин тобы амин қышқылынан α-кетоқышқылына тасымалдап жеткізеді,бұл кезде жаңа амин қышқылы түзіледі.

Фосфотрансфераза ферменттері ішінде киназа деп аталатын ферменттің ерекше маңызы зор.Киназа фосфат тобын тасымалдап,АТФ-тан басқа субтраттарға,көмірсуларға,белоктарға т.с.с тасымалдайды.

Глицеролдың активтенуі глицеролкиназа әсерінен іске асады.Фермент АТФ-тан фосфар тобын тасымалдап глицерол-3-фосфат туады.