- •2. Белоктардың классификациясы: жай және күрделі белоктар. Глобулярлы және фибрилярлы белоктар. Белоктардың табиғаттағы атқаратын қызметін, мысалар келтіре отырып көрсетіңіз.
- •3Белоктардың физикалық-химиялық қасиеттері, ерігіштігіне байланысты олардың жіктелуін көрсетіңіз.
- •4.Белок молекуласының құрылымдық деңгейлері. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші реттік құрылымы. Құрылымдық деңгейлерін қамтамасыз ететін химиялық байланыстардың түрлерін сипаттаңыз.
- •5. Белоктарды бөліп алу, тазарту әдістерінің схемасын келтіріп, түсініктемесін жазыңыз.
- •6.Ферменттер, функциялары. Ферменттердің құрылысы. Бір- және екі компонентті ферменттердің ерекшеліктерін көрсетіңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •Ферменттің белсенді орталығы,Ферменттердің өзіндік әсер етуі(мысалдар).Коферменттердің рөлі,олардың түрлерін мысалдармен көрсетіңіз.
- •8.Ферменттік реакцияның жүру механизмі. Ферменттік реакциялардың түрлері(тура және кері реакция). Әртүрлі факторлардың ферметтік реакцияға әсерін көрсетіңіз.
- •9.Ферменттердің белсенділгі ,ферменттік реаксиялардың күшейткіштері (активаторлар) мен тежегіштер (ингивиторлар) тежегіштіктің тиіптпрін түсіндіріңіз ,бәсекелестік , бәсекелестік емес ,бәсекелессіз .
- •10.Ферменттердің классификациясы,мысалдар келтіре отырып әр кластың қысқаша сипаттамасы.
- •11.Моносахаридтер, құрылысы, физикалық – химиялық қасиеттеріне және негізгі өкілдеріне сипаттама беріңіз.
- •12.Дисахаридтер,құрылысы:тотықсыздандыратын және тотықсыздандырмайтын қанттар.Химиялық қасиеттеріне және негізгі өкілдеріне сипаттама беріңіз.
- •13. Полисахаридтер, құрылысы: гликоген, крахмал және целюлозаның құрылысымен атқаратын қызметітеріне сипаттама беріңіз.
- •14. Жай және күрделі қанттар. Негізгі өкілдерін және олардың биологиялық маңызын көрсетіңіз.
- •15. Қарапайым липидтер, молекулалық құрамы мен құрылымы, түрлері. Қарапайым липидтердің биологиялық рөлін сипаттап жазыңыз.
- •16. Майлардың физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері (гидролиз, гидрогендеу, тотығу, асқын тотығып ашу реакциялары) сипаттайтын реакцияларды жазыңыз.
- •17.Май құрамындағы май қышқылдарының түрлері,молекулаларының құрылымы мен физикалық қасиеттерінің арасындағы ерекшеліктерді көрсетіңіз.
- •18. Күрделі липидтердің түрлерін атаңыз. Фосфолипидтер, молекулаларының құрылысымен түрлерін, биологиялық маңызын көрсетіңіз.
- •19. Күрделі липидтердің түрлері (атаңыз). Сфинголипидтер, молекулаларының құрылысы мен түрлерін, биологиялық маңызын көрсетіңіз.
- •20. Нуклеин қышқылдары, құрылысы, түрлері. Нуклеотидтер мен нуклеозидтер. Рнқ және днқ молекулаларының құрамдық және құрылымдық ерекшеліктері.
- •21.Рнқ түрлері,атқаратын қызметі,клеткадағы олардың салыстырмалы мөлшері,молекулаларының құрылымы мен қасиеттерінің ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз.
- •22.Днқ молекуласының құрылысы. Уотсон - Крик моделі. Комплементалық принцип пен Чаргафф ережесін көрсетіп жазыңыз.
- •26. Амин қышқылдарының активтенуі.Белок синтезіндегі тРнқ-ның және аминоацил т-рнқ синтетазаның рөлі туралы толық мәлімет беріңіз.
- •27).Трансляция стадиялары: инициация, элонгация, терминация. Полипептидтік тізбектің түзілуі. Энергия көзі. Белок синтезінің тежегіштері
- •33.Гликолиз,биологиялық маңызы аралық өнімдері мен энергияның түзілуі.Анаэробты ыдырау түрлері,биологиялық маңызы туралы нақты мәлімметтер келтір.
- •34.Тыныс алудың анаэробты сатысы (Кребс циклын қоса отырып) биологиялық маңызын көрсетіңіз,түзілетін энергия мөлшерін анықтаныз.
- •36.Липидттердің катобализмі,ыдырау жолдары (жалпы мәлімет),гидролиз өнімдерінің қарқынды және ішекте сіңірілуіндегі өт қышқылдарының рөлін көрсетіңіз .
- •37.Қанныққан май қышқылдарының β тотығуында түзілетін өнімдер мен энергия мөлшерін нақты мысалдар келтіре отырып жаз.
- •38. Қанықпаған май қышқылдарының β-тотығуында түзілетін өнімдер мен энергия мөлшерін нақты мысалдар келтіре отырып жазыңыз.
- •40.Гликолиз және глюконеогенез процестерінің реакцияларын салыстыра отырып , гликогеннің ыдырауы мен синтезін талдаңыз.
- •41.Гликогеннің (крахмалдың )глюколиз жолымен ыдырауы,түзілетін аралық өнімдері мен энергия мөлшері
- •42.Оксидоредуктаза мен изомераза класының ферменттері,катализдейтін реакцияларының ерекшеліктерін көрсетіңіз(мысал)
- •43.Гидролаза мен трансфераза класының ферменттері,катализдейтін реакцияларының ерекшеліктерін көрсетіңіз(мысал)
18. Күрделі липидтердің түрлерін атаңыз. Фосфолипидтер, молекулаларының құрылысымен түрлерін, биологиялық маңызын көрсетіңіз.
Күрделі липидтер – май тәріздес заттар. Олар 4 топқа бөлінеді. 1. Фосфолипидтер (фосфатидтер) 2. балауыз 3. Сфинголипидтер 4. Стеролдар мен стеридтер.
Липоидтардың ішінде әсіресе көп тараған фосфолипидтер. Олар майға жақын, глицириннің екі гидроксильдік тобы май қышқылдары мен этерленген. Үшінші гидроксильдік топ фосфор қышқылының күрделі эфирін түзеді, оған азоттық негіз қосылады. Липоидтердің азоттық негіздеріне холин, этаноламин (коламин), серин жатады.
коламин
серин
Фосфолипидтер құрамына кіретін азоттық негіздерге байланысты мынадай топтарға жіктеледі: фосфотидилхолин немесе лецетин (құрамында холин бар), фосфотидилэтаноламин немесе кефалин (құрамында этаноламин бар), фосфотидилсерин (құрамында серин бар). Бұлардың ішінде әсіресе маңыздысы және жиі кездесетіні α лецитин мен α кефалин.
Фосфолипидтер құрамында әрқашан полиқанықпаған май қышқылдары болады. Жоғарыда формуласы келтірілген лецитин мен кефалин құрамында линол қышқылы бар.
Фосфолипидтер мен сфинголипидтер басқа липидтерден бір құрылымдық ерекшелігі бойынша ажыратылады. Олардың молекуласында әр түрлі екі топ бар: полярсыз гидрофоб «құйрық», полярлы гидрофиль «бас». Лецитиннің полярлы «басы» холиннің қалдығы болады, кефалиндікі коламин қалдығы, ал фосфотидилсериндікі серин қалдығы. Серин қалдығы жоғарыда цвиттер ион түрінде берілген. Фосфолипидтердің басқа қалдықтары полярсыз гидрофобты «құйрық». Екі түрлі табиғаты бар мұндай қосылыстар амфипатиялық деп аталады.
Амфипатиялық қасиеттерінің арқасында фосфолипидтер клетка мембранасының негізін құрайды. Фосфолипидтер денедегі барлық тканьдердің және клеткалардың құрамына кіреді. Олар нерв тканінің және мидың құрғақ массасының негізгі бөлігін құрайды. Фосфолипидтер жүрек, бауыр құрамында кездеседі. Белоктармен бірге фосфолипидтер клетка мембранасын құрайды, клеткалардың жұмысы, тұтас организм қызметі мембрананың зақымданбауын және оның құрылымына байланысты . мембрананың липидтік бөлігінің 90% фосфолипидтерден тұруы мүмкін. Триглициридтермен салыстырғанда, фосфолипидтер құрамында қанықпаған қышқылдар көп.
Барлық фосфолипидтердің негізін құрайтын фосфатид қышқылының құрылымдық формуласы.
Фосфолипидтер ішінде ең маңыздысы және көбірек кездесетіні фосфотидилхолин. Оның мөлшері барлық фосфолипидтер санының 50% шамасындай. Ол жануарлармен өсімдіктер клеткасында көп таралған.
Фосфотидилсерин барлық прокариоттар және эукариоттар клеткалар құрамына кіреді және плазматикалық мембрананың монорлық құрамы болып табылады. Ол мембранада орналасқан көптеген фермнттердің активтілігін реттейді.
Фосфотидилэтаноламин фосфолипидтердің 15-30% құрайды. Ол бас және жұлын миында, бұлшық етте және қөсімдік кеткасында кездеседі.
Фосфотидилнозитол барлық жануарларұлпасында және өсімдіктерде, микроорганизмдерде аз мөлшерде табылған. Сүт қоректі жануарларда көбірек болады.
Кардиолипин митохондрияларда орналасқан, жүрек бұлшық етінде, өсімдікер, кейбір бактерия клеткаларында табы
