- •2. Белоктардың классификациясы: жай және күрделі белоктар. Глобулярлы және фибрилярлы белоктар. Белоктардың табиғаттағы атқаратын қызметін, мысалар келтіре отырып көрсетіңіз.
- •3Белоктардың физикалық-химиялық қасиеттері, ерігіштігіне байланысты олардың жіктелуін көрсетіңіз.
- •4.Белок молекуласының құрылымдық деңгейлері. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші реттік құрылымы. Құрылымдық деңгейлерін қамтамасыз ететін химиялық байланыстардың түрлерін сипаттаңыз.
- •5. Белоктарды бөліп алу, тазарту әдістерінің схемасын келтіріп, түсініктемесін жазыңыз.
- •6.Ферменттер, функциялары. Ферменттердің құрылысы. Бір- және екі компонентті ферменттердің ерекшеліктерін көрсетіңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •Ферменттің белсенді орталығы,Ферменттердің өзіндік әсер етуі(мысалдар).Коферменттердің рөлі,олардың түрлерін мысалдармен көрсетіңіз.
- •8.Ферменттік реакцияның жүру механизмі. Ферменттік реакциялардың түрлері(тура және кері реакция). Әртүрлі факторлардың ферметтік реакцияға әсерін көрсетіңіз.
- •9.Ферменттердің белсенділгі ,ферменттік реаксиялардың күшейткіштері (активаторлар) мен тежегіштер (ингивиторлар) тежегіштіктің тиіптпрін түсіндіріңіз ,бәсекелестік , бәсекелестік емес ,бәсекелессіз .
- •10.Ферменттердің классификациясы,мысалдар келтіре отырып әр кластың қысқаша сипаттамасы.
- •11.Моносахаридтер, құрылысы, физикалық – химиялық қасиеттеріне және негізгі өкілдеріне сипаттама беріңіз.
- •12.Дисахаридтер,құрылысы:тотықсыздандыратын және тотықсыздандырмайтын қанттар.Химиялық қасиеттеріне және негізгі өкілдеріне сипаттама беріңіз.
- •13. Полисахаридтер, құрылысы: гликоген, крахмал және целюлозаның құрылысымен атқаратын қызметітеріне сипаттама беріңіз.
- •14. Жай және күрделі қанттар. Негізгі өкілдерін және олардың биологиялық маңызын көрсетіңіз.
- •15. Қарапайым липидтер, молекулалық құрамы мен құрылымы, түрлері. Қарапайым липидтердің биологиялық рөлін сипаттап жазыңыз.
- •16. Майлардың физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері (гидролиз, гидрогендеу, тотығу, асқын тотығып ашу реакциялары) сипаттайтын реакцияларды жазыңыз.
- •17.Май құрамындағы май қышқылдарының түрлері,молекулаларының құрылымы мен физикалық қасиеттерінің арасындағы ерекшеліктерді көрсетіңіз.
- •18. Күрделі липидтердің түрлерін атаңыз. Фосфолипидтер, молекулаларының құрылысымен түрлерін, биологиялық маңызын көрсетіңіз.
- •19. Күрделі липидтердің түрлері (атаңыз). Сфинголипидтер, молекулаларының құрылысы мен түрлерін, биологиялық маңызын көрсетіңіз.
- •20. Нуклеин қышқылдары, құрылысы, түрлері. Нуклеотидтер мен нуклеозидтер. Рнқ және днқ молекулаларының құрамдық және құрылымдық ерекшеліктері.
- •21.Рнқ түрлері,атқаратын қызметі,клеткадағы олардың салыстырмалы мөлшері,молекулаларының құрылымы мен қасиеттерінің ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз.
- •22.Днқ молекуласының құрылысы. Уотсон - Крик моделі. Комплементалық принцип пен Чаргафф ережесін көрсетіп жазыңыз.
- •26. Амин қышқылдарының активтенуі.Белок синтезіндегі тРнқ-ның және аминоацил т-рнқ синтетазаның рөлі туралы толық мәлімет беріңіз.
- •27).Трансляция стадиялары: инициация, элонгация, терминация. Полипептидтік тізбектің түзілуі. Энергия көзі. Белок синтезінің тежегіштері
- •33.Гликолиз,биологиялық маңызы аралық өнімдері мен энергияның түзілуі.Анаэробты ыдырау түрлері,биологиялық маңызы туралы нақты мәлімметтер келтір.
- •34.Тыныс алудың анаэробты сатысы (Кребс циклын қоса отырып) биологиялық маңызын көрсетіңіз,түзілетін энергия мөлшерін анықтаныз.
- •36.Липидттердің катобализмі,ыдырау жолдары (жалпы мәлімет),гидролиз өнімдерінің қарқынды және ішекте сіңірілуіндегі өт қышқылдарының рөлін көрсетіңіз .
- •37.Қанныққан май қышқылдарының β тотығуында түзілетін өнімдер мен энергия мөлшерін нақты мысалдар келтіре отырып жаз.
- •38. Қанықпаған май қышқылдарының β-тотығуында түзілетін өнімдер мен энергия мөлшерін нақты мысалдар келтіре отырып жазыңыз.
- •40.Гликолиз және глюконеогенез процестерінің реакцияларын салыстыра отырып , гликогеннің ыдырауы мен синтезін талдаңыз.
- •41.Гликогеннің (крахмалдың )глюколиз жолымен ыдырауы,түзілетін аралық өнімдері мен энергия мөлшері
- •42.Оксидоредуктаза мен изомераза класының ферменттері,катализдейтін реакцияларының ерекшеліктерін көрсетіңіз(мысал)
- •43.Гидролаза мен трансфераза класының ферменттері,катализдейтін реакцияларының ерекшеліктерін көрсетіңіз(мысал)
15. Қарапайым липидтер, молекулалық құрамы мен құрылымы, түрлері. Қарапайым липидтердің биологиялық рөлін сипаттап жазыңыз.
Липидтер дегеніміз табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде (хлороформ, эфир, этанол) ериді. Белоктармен, көмірсулармен қатар липидтер организмнің барлық ұлпалары клеткаларының құрамына кіреді.
Липидтер бірнеше кызмет атқарады.
1) энергия қорыныың негізгі түрі және тірі организмдер үшін көміртегі атомдарын беруші,
2)клетка мембранасының қүрлымдык және рецепторлық бөлігі,
3) басқа дамаңызды биологиялық косылыстардың алғы заты бола алады,
4) Қорғаньпп кызметін атқара алады,
5) липидтерде көптеген витаминдер ериді.
Химиялық құрамы мен құрлымы жағынан липидтер 3 класқа бөлінеді.
1) Майлар немесе бейтарап майлар-карапайым липидтер, мүндай лигтидтерге триглициридтер мен балауыздар жатады.
2)Май тәріздес заттар немесе липоидтар-күрделі лташдтер. Мұндай липидтерге фосфолипидтер, сфинголипидтер, стеролдар және стеридтер жатады.
3)Стероидтар
Майлар дегеніміз триглицеридтердін қоспасы. Триглицерид-үш атомды спирт глицерин мен май қышқылдарының үш молекуласынан қүралған күрделі эфир.
Гидролиздеген кезде май глицеринге және май қышқылдарына жіктеледі.
Триглицеридтер химиялық түрғыдан бейтарап, инертті болады. Оларға мынандай реакиялар тән: гидролиз реакцясы, гидрогендену, гидроасқын тотықтардың түзілу реакциясы, майлардың асқын тотығып ашуы, майдың кебуі. Липидтердің гидрофобты (грекше hydor— су және phobos — қорқыныш) қасиет көрсетуінің жасуша тіршілігіндегі маңызы зор. Себебі жасуша мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады. Фосфолипид молекуласы жасушаға сырттан қажетсіз заттарды өткізбейді және сыртқы ортаға жасушадағы заттарды шығармайды. Осының нәтижесінде жасушаның химиялық ортасы тұрақты болып сақталады. Липидтердің ішінде көп таралғаны және ең негізгісі — майлар. Майлардың химиялық құрылымы күрделі болып келеді. Оның молекуласы үш атомды спирт — глицерин мен жоғары молекулалы май қышқылдарынан тұратындығы мынадай формулада бейнеленген:
R1, R2, R3 радикалдарының орнына кез келген пальмитин, стеарин, олеин және т.б. қышқылдары болуы мүмкін.
Балауыз – күрделі эфирлер, ұзын тізбекті қаныққан немесе қанықпаған май қышқылдарынан (16-30 С атомы) және ұзын тізбекті спирттерден құралған. Балауыздың құрамында бос май қышқылдары, спирттер, көмірсулар, бояушы және иісті заттар болады.Оның құрамы күрделі. Іс жүзінде ара балының балауызы, спермацет( кашалот китінің бас қуысынан алынады), ланолин (қойдың тері майынан алынады) құрамының негізін күрднлі эфир пальмитомирицил құрайды:
О
СН 3 – (СН2)3 – С – О – СН2 – (СН2)23 – СН3
Ланолин құрамында холестерол, пальмитин қышқылы, миристин қышқылы, олеин қышқылы, капрон қышқылы көп болады.Балауыз – метаболизмнің соңғы өнімі. Ол жұқа қабық түрінде орналасады және қорғаныштық қызмет атқарады. Балауыз су құстарына, жануарларға қажет, ол құстың қауырсынына , жануарлар терісіне су жұқпайтын қасиет береді. Араның әр 8кг балынан 1кг балауыз жиналады.
Көптеген жасушалардағы майдың мөлшері құрғақ зат массасының 5—-10%-ын құрайды. Алайда құрамының 90%-ға жуығы майдан тұратын жасушалар да болады. Мысалы, жануарлардың тері астындағы май қабаты, май бездері, шарбы (қарынның сыртындағы жұқа май), түйенің өркеші жөне дельфин сүтінің 40%-ы майдан тұрады. Липидтердің гидрофобты қасиет көрсетуінің жасуша тіршілігіндегі рөлі ерекше. Себебі жасуша мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады. Фосфолипид молекуласы жасушаға сырттан қажетсіз заттарды өткізбейді, керісінше іштен сыртқы ортаға жасуша заттарын шығармаудың нөтижесінде, оның химиялық ортасы тұрақты болады. Сол сияқты липидтер жүйке ұлпасында, мида көп мөлшерде бар. Сонымен қатар жүйкенің миелинді қабықшасын зерттеудің нәтижесінде фосфолипидтердің маңызы айқындала түсті. Май төрізді заттарға: холестерин, майда еритін А, D витаминдері және кейбір гормондар жатады.
