Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ramos.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
109.31 Кб
Скачать

2. Экономикалық қаржылық реттеудің қажеттілігін талдау.

    1. Қаржылық реттеуде Жалпы Ұлттық Өнімнің мазмұны.

Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.

ЖҰӨ — экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өңдірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.

Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық іс-әрекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген.

ЖҰӨ-ді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады:  Барлық экономикалық агенттер табысының   жиынтығы. Өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.

Экономикалық көрсеткіштерді зерттеу кезінде, көбінесе қай санатқа жататындығын анықтау қажет болады — қор ма, әлде ағын ба, олардың арасында тәуелділік бар ма? Төменде біз келесі тарауларда оқитын бірнеше бір-бірімен байланысты қордағы ағын түрлері мысалдары көрсетілген: Тұтынушы заты — қор, оның табысы мен шығыны — ағын. Жұмыссыздар саны — қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны — ағын. Мемлекетгік қарыз — қор, бюджет тапшылығы — ағын. Жоғарыда  қарастырылған түсініктердің көпшілігі «ағын» түсінігіне жатады.

Курстық жұмыстың маңыздылығы: ЖҰӨ — экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. ЖҰӨ экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. [2, 300 б.]

2.2. Мемлекет қаржысын атқарылуын талдау

ЖҰӨ 2004-2013 ж.ж динамикасының өсуі. (млн. долл.)

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

1,004

2,098

2,338

2,887

4,034

3,505

4,299

5,370

8,813

6,382

Графикке қарағанда 2004-2008 жылдар аралығында ЖҰӨ тұрақты өсуі анықталады. Көрсеткіш 2008 жылы 4,034,411 млн. долл-ды құрады. Ал 2009 жылы дүниежүзілік дағдарыс себеінен ЖҰӨ динамикасы 3,505,345 млн. долл-ға құлдырады. 2010 жылы ЖҰӨ өрлеуі анықталады 4,299.132 млн. долл-ды құрады. 2011 жылы ЖҰӨ динамика көрсеткіші 5,370,826 млн. долл. анықталды. 2012-2013 жылы ЖҰӨ динамикасының өрлеуімен сипатталады. Мәселен 2013 жылы ЖҰӨ көлемі 6,823,529 млн. долл-ға өсті.

2007-2013 жылдар аралығындағы ЖҰӨ динамикасының өсуі пайыз (%) көрсеткішінде.

Гистрграммада көрсетілгендей ЖҰӨ 2007 жылғы көрсеткіш 2006 жылға қарағанда 23,5 %-ға өсуі анықталды. ЖҰӨ 2008 жылғы көрсеткіш 2007 жылға қарағанда 39,7 %-ға өсуі анықталды. ЖҰӨ 2009 жылғы көрсеткіш 2008 жылға қарағанда -14,8 %-ға кемуі анықталды. ЖҰӨ 2010 жылғы көрсеткіш 2009 жылға қарағанда -22,6 %-ға кемуі анықталды. ЖҰӨ 2011 жылғы көрсеткіш 2010 жылға қарағанда -24,9 %-ға кемуі анықталды. ЖҰӨ 2012 жылғы көрсеткіш 2011 жылға қарағанда 8,2 %-ға өсуі анықталды. ЖҰӨ 2013 жылғы көрсеткіш 2012 жылға қарағанда 9,7 %-ға өсуі анықталды.

Гистрграммада көрсетілгендей 2013 жылғы РФ-ң ЖҰӨ 9,360 млн. долл- құрады және ол кеден одағындағы мемлекеттер арасында бірінші орында, ЖҰӨ көрсеткіші бойынша екінші орында Қазақстан 6,830 млн. долл. Ал үшінші орында Беларусия оның ЖҰӨ көрсеткіші 5,520 млн. долл.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]