- •1.Мемлекеттік қаржыны реттеудің мазмұны және экономикадағы қажеттілігі
- •1.1. Мемлекеттік қаржының мәні және мемлкеттің реттелуі.
- •Мемлекеттің реттеудің класификациясы.
- •1.3.Экономикадағы мемлекеттің реттелудің қажеттілігі.
- •2. Экономикалық қаржылық реттеудің қажеттілігін талдау.
- •Қаржылық реттеуде Жалпы Ұлттық Өнімнің мазмұны.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Жоспар
Кіріспе.......................................................................................................3
Мемлекеттік қаржыны реттеудің мазмұны және экономикадағы қажеттілігі
Мемлекеттік қаржының мәні және мемлкеттің реттелуі.
Мемлекеттің реттеудің класификациясы.
Экономикадағы мемлекеттің реттелудің қажеттілігі.
Экономикалық қаржылық реттеудің қажеттілігін талдау.
Қаржылық реттеуде Жалпы Ұлттық Өнімнің мазмұны.
Мемлекет қаржысының атқарлуын анықтау.
Эконмикадағы мемлекеттің реттеудің мәселені және оны шешу жолдары.
Кіріспе
Курстық жұмыстың аты – «Мемлекеттік қаржыны реттеу, экономикада қаржылық реттеудің қажеттілігі мен класификациясы». Берілген курстық жұмыста мен жалпы мемлекеттік қаржыны реттеу жүйесін, оның экономиканы реттеудегі рөлін қарастырдым. сондай- ақ, экономикалық реттеудің бір мысалы ретінде Қазақстан Республикасының ЖалыпҰлттық Өнімін алдым.
Жалпы нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизімінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекет саясатты жүзеге асырудың бірден- бір құралы болып табылады. Осыған орай қаржының әлеуметтік- экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс- әрекетінің ерекшеліктерінің терең ұғынудың, экономиканы ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржыны неғұрлым толық пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор. [1, 147б.]
Қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сан алуан өзара байланыстар ақша арқылы қауышып жатады.
Қаржы- ақша қатынастарнының ажырағысыз бөлігі, сондықтан олардың рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарда ақша қатынастардың қандай рөл алатындағына байланысты. Алайда, қаржы- ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қамтиды деп санау дұрыс болмас. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорланың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды.
Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді.Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша- бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпы эквивалент, ақша- қаржы- ішкі жалпы өнім мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Оның басты міндеті- ақшалай табыстар мен қорларды құру арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақшаға деген қажеттіліктерін қамтамассыз ету және қаржы ресурстарын жұмсауға бақылау жасау.
Мақсаты: Мемлекет тарапынан экономикалық үдерістерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементерін есептесуіміз қажет деп ойлаймын, сол себептен осы кустық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының Жалпы ұлттық өнімін қарастырып,талдадым. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Жалпы Ұлттық өнімін кедендік одақ елдермен салыстырдым. [1, 188 б.]
1.Мемлекеттік қаржыны реттеудің мазмұны және экономикадағы қажеттілігі
1.1. Мемлекеттік қаржының мәні және мемлкеттің реттелуі.
Мемлекет тарапынан экономикалық үдерістерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда – өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму үдерісіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржылық тұтқалар арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика ара қатынастарының (ұдайыөндірістік, салалық, өңірлік және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржылық ресурстарды шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану үдерісі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің дамуын керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.
Мемлекеттің реттеудің класификациясы.
Мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары мына бастапқы негіздемелер болып табылады:
1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының әрекетін есепке алу. Қаржылық реттеу үдерісі қаржылық саясаттың субъективті түрде белгіленген бағыты және оны шаруашылықтық практикаға асыру механизмі бойынша өтетіндіктен, экономикалық заңдар мен оларға сәйкес келетін экономикалық категорияларда бейнелеп көрсетілген шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделері неғұрлым толығырақ ескерілсе, бұл саясат пен механизмнің шаралары солғұрлым шынайы әрі практика талаптарына жауап беретін болады. Ал олай болмаған күнде нақтылы экономикалық өмірде қаржылық механизмнің нысандары мен әдістерін күшпен алу реакциясы пайда бола бастайды. [1, 404 б.]
2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкі мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.
3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы. Басқарманың автократиялық нысаны шешімдердің волютаризмін, оларды қоғамның қабылдамауын және олардан айыруын, бұрмалама орындалуын, мемлекеттік құрылымдар жұмыстарының төмен тиімділігін: игіліктің сырт көрінісі кезінде қоғам тоқырауға ұшырайды, әлеуметтік-экономикалық мешеулікті және азғындауды тудырады.
4. Шаруашылықтық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы. Сөздің кең мағынасында заңнамалық жүйе әсері оның заңнамада келісілген таза заңды жауапкершілік шегінен шығып кететін нормалар, соның ішінде шешімді атқару үшін билік құрылымдарының жауапкершіліктері үшін қоғамда «өнегелі климатты» қалыптастыруға мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни басқару сапасы, құзырлылық және басқарудың бүкіл иерархиялық құрылымындағы тәртіп ұйғарылады. Бұл қағиданы 3 тармақтағы тұжырымдалған алғышарттың әрекетінсіз жүзеге асыру мүмкін емес.
Аталған алғышарттардың 3,4 тармақтары жалпы азаматтық қоғамның, яғни қоғамның барлық мүшелеріне арналған тіршілік әрекеті үшін тең мүмкіндіктер жасайтын, олардың мүдделері мен әлуетін ескеретін, бірдей құқықтық қорғалуы мен жауапкершілігін қамтамасыз ететін өркениетті қоғамдық құрылыстың болуын көрсетеді.
Нәтижелікке, яғни мемлекеттік қаржылық реттеудің нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай шарттарға мыналар жатады:
а) технологиялық қайта бөлістер бойынша өндірістердің мүмкін болатын үлкен жинақталымын біртіндеп дамыта отырып, экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;
ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық үдерістер мен құрылымдарды монополиясыздандыру;
б) рыноктық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ескертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту;
в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де, халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік құқықтарының және т.б.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі. [1, 408 б.]
Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.
Сонымен бірге қаржылық тұтқалардың көмегімен мынадай негізгі мәселелер шешіледі:
материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржылық ресурстардың жалпы деңгейін реттеу;
өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;
кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың құқықтық және келісімшарттық тәртібін қамтамасыз ету;
кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;
кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкі өндірістік ара қатынасын реттеу;
ел, өңір, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және инновациялық үдерістерді реттеп отыру. Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының үрдісіне қаржылық тұтқалардың көмегімен ықпал жасалады.
Әдетте реттеу үдерісі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың жұмыс істеу шарттарының әр алуандығымен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеу жүйесін ажыратудың, тұрпаттарға, түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор. [1, 410 б.]
