Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломды жмыс 2 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
481.94 Кб
Скачать

2.Қазақстандағы депозит нарығының дамуын коммерциялық банктердің депозиттік қызметі негізінде талдау

2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттік қызметін талдау

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай – ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады. Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Жалпы алғанда, 2011 жылдан бастап, банк секторының өсу қарқыны байқалды, осылайша 2011-2013 жж. Екінші деңгейдегі банктердің активтері 28,5% (+3430,2 млрд.теңге) шамасында 15,5 трлн. теңгеге дейін ұлғайды. Атап айтсақ, 2013 жылдың қорытындысы бойынша, банк секторының жиынтық активтері 1,6 трлн. теңгеге дейін (немесе 11,5%-ға) ұлғайды. Негізгі өсім көзі банктердің корпоративтік клиенттері мен халықтың депозиттері көлемінің артуы болып табылды. Бұл өсім халықтың банк секторына деген сенімін білдіретінін айта кету қажет. Дағдарыс және дағдарыстан кейінгі жылдардың барлығында депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерде жеке тұлғалардың депозиттік қорының тұрақты өсімі байқалды. 2013 жылы олар 15%- дан астам шамаға өсіп, жалпы сомасы 3,9 триллион теңгеге дейін жетті.

Депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттерінің жалпы көлемі 2013 жылғы қазанда 10242,5 млрд. теңгеге дейін 1,4%-ға өсті, ал, жыл басынан бері 13,9%-ға артты.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 6496,8 млрд. теңгеге дейін 1,7%-ға өссе, жеке тұлғалардың депозиттері 3745,7 млрд. теңгеге дейін 0,8%-ға ұлғайды. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 15,5%-ға және 11,1%-ға артқан. 

2013 жылғы қазанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 6277,1 млрд. теңгеге дейін 0,8%-ға төмендеді. Оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 0,8%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 0,9%-ға төмендеген.  Ал, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3965,4 млрд. теңгеге дейін 5,0%-ға ұлғайды. Оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 6,5%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 3,0%-ға артты. Теңгемен берілген депозиттердің үлес салмағы бір айда 62,6%-дан 61,3%-ға дейін кеміді.

Халықтың (резидент еместерді қоса есептегенде) банктердегі салымдары 2013 жылғы қазанда 3778,5 млрд. теңгеге дейін 0,8 %-ға ұлғайса, жыл басынан бері 10,8%-ға өсіпті. Халық салымдарының құрылымында теңгемен депозиттер 2082,7 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға төмендеді, шетел валютасымен депозиттер 1695,8 млрд. теңгеге дейін 2,9% - ға көтерілді.

Халық салымдарының құрамында теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 56,0%-дан 55,1%-ға дейін төмендеді.

2013 жылғы қазанда мерзімді депозиттер 7060,6 млрд. теңгеге дейін 1,8%-ға ұлғайды. Мерзімді депозиттердің құрамында теңгемен депозиттер 4225,3 млрд. теңгеге дейін 2,0%-ға артты, шетел валютасымен депозиттер 2835,3 млрд. теңгеге дейін 1,6%-ға өсті.

2013 жылғы қазанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 4,8% (2013 жылғы қыркүйекте – 4,4%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,3% (6,3%) болды.

Бірақ активтердің, соның ішінде несие қоржыны сапасының жалпы нашарлау қарқыны сақталып қала берді. Бір жыл бұрын жұмыс істемейтін несиелердің үлесі банктердің несие қоржынының 35,9% құраған болса, 2013 жылдың соңында оның үлесі 36,9% шамасына дейін ұлғайды. 2013 жылы стандартты несиелер екі есе немесе 1,7 трлн. теңгеге қысқарды, күмәнді несиелер 66%-ға, ал үмітсіз несиелер 1,8%-ға ұлғайды.

Шетел валютасындағы депозиттер 32 млрд. теңгеге көбейді.

Ranking.kz сайтыпорталының мәліметіне сүйенсек, салымшыларда девальвация болуы мүмкін деген қорқыныш болды. Оның үстіне, 2013 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен ұсынылатын жеке тұлғалардың шетел валютасында жаңадан тартылған депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесі 5,5%-дан 4,5%-ға дейін төмендетілді. 

Екінші деңгейлі банктерге салымшылар 3,6 трлн. теңгені сеніп тапсырған. Оның ішінде 43,8% немесе 1,6 трлн. теңгесі шетел валютасындағы депозиттер болып табылады. 

Айта кетерлік жайт, еліміздегі қаржы институттары депозиттің осы түрін ел арасында кеңінен қолдануда. Олардың ішінде долларлы депозиттер сұранысқа ие. Салымның бұл түрін 38 қаржы орталықтарынының ішінен 28 ұсынуда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]