- •Депозит нарығын ұйымдастырудың теориялық аспектілері
- •Депозиттің экономикалық мәні мен оның жіктелуі
- •1.2 Қазақстан Республикасындағы депозит нарығының қалыптасуы және даму жолдары
- •1.3 Қазақстан Республикасының депозит нарығының құрылымы
- •2.Қазақстандағы депозит нарығының дамуын коммерциялық банктердің депозиттік қызметі негізінде талдау
- •2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттік қызметін талдау
- •Кесте 2.1
- •2.2 «ForteBank» ақ-ның депозиттік операцияларын талдау
- •2.3 Депозиттерді сақтандыру қорының қызметін талдау
- •3.Қазақстанның депозит нарығының даму перспективалары мен «қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» ақ қызметінің даму бағыттары
- •3.1 Қазақстанның депозит нарығының даму перспективалары
- •3.2 «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» ақ қызметінің даму бағыттары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.3 Қазақстан Республикасының депозит нарығының құрылымы
Жоғарыда айтылғандай, әрбір мемлекет нарығының олардың қызмет ету тәжірибелері мен шарттарына қарай өз ерекшеліктері болады. Қазақстанның депозит нарығының құрылымын нарықтық институттардың тұрғысынан және нарықтың қаржы құралдарының тұрғысынан көрсетуге болады.
Институтционалдық құрылым қадағалаудың реттеуші органдары мен тікелей қатысушы - шаруашылық жүргізуші субьектілердің желісі болып табылады. Республиканың Ұлттық банкі ҚР несие жүйесінің жоғары буыны бола отырып, коммерциялық банктердің және мамандандырылған несие мекемелерінің қызметін реттейді. Сонымен қатар, елдегі барлық қаржы нарығын реттеуші органы ретінде ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі, қазіргі Ұлттық банкінің Қаржылық қадағалау басқармасы алға шығады(3-сызба).
2000 жылдан бастап жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беретін қазақстандық қор жұмыс істеп келеді. Оның жалғыз құрылтайшысы және акционері – ҚР Ұлттық банкі.
Бүгінгі таңда қор ҚР Ұлттық банкі басқармасының қаулысымен бекітілген ереже шеңберінде қызмет етеді. Осы ережеге сәйкес ҚР ҰБ бекіткен нақты және міндетті шарттарға жауап беруі тиіс екінші деңгейлі банктер жүйенің қатысушылары бола алады. Депозиттерді сақтандыру жүйесі келесі параграфта кеңірек қарастырылады.
ҚР Ұлттық
банкі
ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі (Ұлттық банкінің Қаржылық қадағалау басқармасы)
ДСЖ- ның құрамына кірмейтін депозит жинақтаушы мекемелер
Депозиттерді сақтандыру жүйесі (ДСЖ) ( 33 банк)
Зейнетақы қорлары
«Қазпочта» АҚ
Жүйенің қатысушылары -банктер
Kоммерциялық банктер
3-сызба. ҚР депозит нарығының институтционалдық құрылымы
Әрине, нарықта негізгі депозит институты ретінде коммерциялық банктер алғы шығады. Олар өз қызметінің 80%-ынан көп бөлігін жеке және заңды тұлғалардың депозиттері құрайтын тартылған ресурстар есебінен жүзеге асырады. Алайда депозит нарығының жүйесінен және мамандандырылған депозит институттарынан парабанктік жүйенің ұйымдарын шығарып тастауға болмайды.
Талап етілгенге дейінгі депозиттер
Депозит
нарығы
Мерзімді депозиттер нарығы
Жинақтаушы депозиттер нарығы
Ағымдағы шот
Есеп айырысу шоты
Валюталық шот
Карточкалық шот
Чек шоты
Депозиттік сертификаттар
Қысқа мерзімді депозиттер
Орта мерзімді депозиттер
Ұзақ мерзімді депозиттер
Жинақ кітапшасы
Жинақтың үзінді көшірмесі
ЖЗҚ - дағы ерікті салымдар
Жинақ сертификаттары
4-сызба. Қазақстандық депозит нарығының сегменті
Депозиттерді сақтандыру жүйесіне кірмейтін депозиттік жинақтаушы мекемелер де халықтың салымдарын нақты табыс алу мақсатында тартады, әр түрлі инвестицияларға шоғырландырып, бағыттап отырады. Олардың депозит нарығындағы рөлі айтарлықтай маңызды емес. Мысал ретінде, жинақтаушы зейнетақы қорындағы азаматтардың өз еріктерімен салған салымдарын айтуға болады. Мұндай қорлар қошымша зейнетақымен қамтамасыз ету болып табылады.
Депозиттердің көптеген түрлері бар. Әр институт заң шеңберінде тартылатын депозиттердің шартын дербес анықтауға құқылы. Депозиттердің мөлшері осыған байланысты болуы мүмкін. Қазақстандағы депозит нарығында мерзімді, жинақтаушы және талап етілгенге дейінгі депозиттер бар.
ҚР депозит нарығы күрделі динамикалық жүйе бола отырып, ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен ұдайы сезінеді. Әрбіреуі өз мүддесін жүзеге асыруға ұмтылатын көптеген субьектілермен көрінсе де, ол Қазақстан экономикасында қалыптасқан негізгі ағымдардың арнасынан табылады.
