Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-40.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.94 Mб
Скачать

23. Амплитуда және фаза баланстары

Амплитуда балансы K g = 1  формуласына байланысты күшейту коэффициентіне және кері байланыс коэффициентіне байланысты. Оның орындалуы үшін көріп тұрғанымыздай синусы нөлге, ал косинусы плюс бірге тең болатындай фазалық жылжу керек болады. Бұл n реттік номеріне байланысты болады.

j K + j b = 2π n

Фаза балансы – күшейту каскадының шығысы мен кірісіндегі фазалар бір–біріне сәйкес келуі керек. Генератордағы фаза балансы контурдың өзіндік жиілігінің және генерацияланушы тербелістің жиілігі тең болған жағдайда ғана жүзеге асады. Фаза баланс шартының орындалу шарты ретінде тербелмелі автогенератор контурының элементтерінің дұрыс қосылуын қарастырады. Фаза балансы шарты және амплитуда баланс шарты қазіргі кезде инженерлі практикада кеңінен қолданылады.

  1. Бейсызық электр тізбектері. Элементтердің классификациясы.

Егер тізбек құрамында бейсызық элемент болса, онда бұл тізбек бейсызық тізбек болады. Бейсызық элементтерді ВАС – ына қарай екі топқа бөлуге болады: симметриялы және симметриялы емес.

Симметриялық бейсызық элементтер дегеніміз ВАС – сы токтың бағыты мен кернеу бағытына тәуелсіз болатын элемент. Мұндай элементтер қатарынан электр лампалары, терморезисторлар жатады және т.б.

Ассиметриялық бейсызық элементтер дегеніміз ВАС – сы ток пен кернеу бағытына тәуелді әр – түрлі болатын элементтер. Оған әр түрлі диодтар, триодтар және т.б.

Бейсызық элементтер: екіполюсті және көпполюсті болып тағы екіге бөлінеді.

Екіполюсті бейсызық элементтер: бейсызық кедергі, бейсызық конденсатор, бейсызық индуктивтілік, диод, электр шамы жатады.

Көпполюсті бейсызық элементке транзистор жатады.

Дио́д — екі электродты, электр тогының бағытына байланысты әр-түрлі өтімділігі бар электронды аспап (прибор).

Транзистор (ағылш. transfer - тасымалдау және resistor - кедергіш) — электр тербелістерін күшейтуге, оларды тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық құрал. Транзистордың түрлері: биполярлы және өрістік (униполярлы) : p-n-p типті, n-p-n типті.

  1. Статискалық және дифференциалдық сипаттамалар.

Бейсызық тізбектерді зерттеуде статистакалық және дифференциалдық кедергі ұғымдары енгізілген.

1 cурет токтың mI және кернеудің mu бейсызық элементінің ВАС – ы келтірілген. Элементтің жұмыс нүктесі а деп белгілейік.

Кернеудің өсімі мен сол аралықтағы токтың өсімінің қатынасының шегі немесе кернеудің ток бойынша дифференциалын дифференциалдық кедергі деп атайды. Бұл кедергі а нүктесіндегі ВАС – қа жанама мен ток осі арасындағы бұрышқа пропорционал болады.

ВАС – ның түзусызықты бөлігі үшін дифференциалдық кедергі кернеудің өзгерісіне токтың өзгерісінің қатынасымен табылады.

26. Бейсызық екіполюстіктердің тізбектей және параллельді жалғануы.

1) Бейсызық екіполюстіктердің тізбектей жалғануы

Бейсызық элементтерді тізбектей жалғағанда тізбектегі U жалпы кернеуді токтың бірдей мәніндегі U1 және U2 кернеуді қосу арқылы табамыз.

М: Қандай да бір I' тогы кезіндегі ВАС – ның A' нүктесі A0' A1' және A0' A2 обсиццасының қосылуы арқылы табылады.

U кернеу кезіндегі токты табу үшін ОО' кесіндісін жүргіземіз О'А перпендикулярлы токты көрсетеді. A0 A1 және A0A2 кесінділері бейсызық элементтердегі U1;U2 кернеулерді көрсетеді.

2). Бейсызық екіполюстіктердің параллельді қосылуы.

Тізбектегі Uc кернеу түсірілген кездегі ток БЭ-лердің ВАС-ы арқылы табылады.

БЭ-лерге түскен перпендикуляр жүргізіп I1'(О'А10) және I2'(О'А2) токтарды табамыз.

Ал жалпы ток тармақтарға токтардың қосындысына тең I=I1+I2

Жалпы I ток арқылы тармақтарға I1 және I2 токтарды табу үшін жалпы вольт-амперлік сипаттама сызылады. Берілген I ток үшін Uс кернеуді табымыз сосын сол кернеу арқылы I1 және I2 токтарды табамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]