- •1. Психологияның ғылым ретінде дамуы туралы түсініктер және оның орнын басқа ғылымдар жүйесінде анықтаңыз.
- •2. Қазіргі заманауй психологияның негізгі салаларын атаңыз және оларды сипаттаңыз.
- •3. Қабілет пен нышан арасындағы айырмашылықтарды көрсетіп, мысал келтіріңіз.
- •4. Темпераменттің негізгі типтері және олардың адам іc-әрекетіне әсерін сипаттаңыз.
- •5. Қоршаған ортаны танудағы түйсіктің рөлін ашыңыз.
- •6. Қабылдау процесін жіктеңіз, оның түрлері мен қасиеттеріне сипаттама беріңіз.
- •7. Зейіннің психологиялық құбылысын сипаттаңыз, оның түрлері мен қасиеттерін сипаттаңыз.
- •8. Ес процесіне, оның түрлеріне талдау жасаңыз, олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін көрсетіңіз.
- •9. Ойлаудың түрлерін ажыратыңыз, оның ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •10. Қарым- қатынас түсінігін ашыңыз, қарым-қатынастағы шиеленісушіліктің себептерін талдаңыз.
10. Қарым- қатынас түсінігін ашыңыз, қарым-қатынастағы шиеленісушіліктің себептерін талдаңыз.
Тұлға – табиғат, қоғам және өзін-өзі белсенді меңгеретін және бағытталған түрде түрлендіретін адам, оның бойында кеңістік уақыттық икемдердің, өзін-өзі анықтау бостандығын және табиғат алдында өзінің қылықтары үшін жауапкершілік мөлшерін қамтамасыз ететін қажеттілік-еріктік бастан кешірулердің ерекше динамикалық қатынасы болады Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің образы (кейпі. жөнінде топшылаған ой-пікірі. Екінші адамның түлғалық образын оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байла-ныстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне (кейіп. әр адамның қажетсінуінен, қылық мотивте-рінен, мінез бітістерінен, әрқандай өмірлік жағдайлар-дағы көңіл-күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді. Бұлардың бәрі “Ат кісінесіп, адам сөйлесіп” дегендей әңһмелесу барысында назарға алынып, санада жіктеліп, бекиді де адамның жеке, нақты бағасын беруге негіз бо-лады. Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну оның дамып жетілуін талдау мүмкін емес.
М.И.Лисина «Қарым-қатынас – ортақ нәтижеге жету мақсатында келісілген және бірлескен бағыттағы екі немесе одан да көп адамдардың бірлескен өзара іс-әрекеті» — деп көрсетеді.
«Қарым-қатынас жоғары дәрежедегі динамикалық әлеуметтік – психологялық құбылыс» — дейді өз еңбегінде Б.Д.Парыгин.
Е.В.Руденский бойынша, қарым-қатынас жеке адам қызметінің түрі; — адамның басқа қызмет түрлерінің атрибуты; — қарым-қатынас субъектілердің өзара іс-әрекеті.
Л.К.Аварченко: «Қарым-қатынас іс-әрекетпен біріккен өмір сүру формаларына негізделген адамдардың іс-әрекеті» — деп көрсетеді.
Сонымен қарым-қатынас адамдардың іс-әрекеті арқасында, ақпарат алмасу, өзара әрекеттің бірлік стратегиясын, басқа адамды қабылдау және түсіну барысында адамдар арасында дамитын күрделі көп салалы үрдіс.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Қарым-қатынас ары қарай жеке тұлғааралық және көпшіліктік қарым-қатынс болып бөлінеді. Жеке тұлғаралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы қуаныштарына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас — көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық – қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша біледі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста іске асады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінің қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық. Психологияда қарым-қатынастың негізгі үш типі: манипуляциялық, императивті және диалогтық көрсетеді.
А. Императивтік қарым-қатынас, кейде өктемшіл немесе директивті деп атайды. Ол қарым-қатынастағы серіктестерінің бірі екіншісінің мінез-құлқы мен ойын бақылауға, қандай-да бір іс-әрекетке итермелеуге талпынуымен ерекшеленеді. Бұл жағдайда қарым-қатынастағы серіктес басқаруды қажет ететін машина сияқты, жансыз обьект ретінде қарастырылады; ол пассив, «ырықсыз» жақ болады. Императивті қарым-қатынас құралы ретінде бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, талаптар, қорқыту және сол сияқтылар қолданылады.
Б. Манипуляциялық қатынас императивтікке ұқсайды. Оның мақсаты - қарым-қатынастағы серіктесіне ықпал ету. Бірақ бұл жерде көздегеніне қол жеткізу жасырын жасалады. Императив сияқты манипуляцяда екінші адамның мінез-құлқы мен ойын бақылауға ұмтылады. Манипуляция бизнесте және ресми қатынастарда жиі кездеседі. Өзгені өзінің ықпал ететін объектісіне айналдыру арқылы, шынайы серіктесін көрмей, байқамай, өз-өзімен өзінің мақсаттары мен міндеттерімен қарым-қатынас жасайды.
В. Диалогтық қарым-қатынас өктемшілдік және манипулятивтік типтерге қарсы, ол серіктестер құқықтарының теңдігіне негізделген. Диалогтық қарым-қатынас тек бірқатар арақатынас ережелерін сақтағанда ғана жүзеге асады. Диалогтік, басқаша айтқанда гуманистік қарым-қатынас түсінісудің, ашылудың анағұрлым терең деңгейлеріне жетуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынасты қарастыру бұл құбылыстың күрделілігін, алуан түрлілігін оның функцияларының көп сатылылығын көрсетеді
Қарым-қатынас психологиясының негізгі зерттеу сұрақтарын психологиялық талдаңыз.
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс, екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпарат, тәжірибе, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздық қарым-қатынас жасау; сұхбаттаушының пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Психологияда қарым-қатынастың негізгі үш типі: манипуляциялық, императивті және диалогтық көрсетеді.
А. Императивтік қарым-қатынас, кейде өктемшіл немесе директивті деп атайды. Ол қарым-қатынастағы серіктестерінің бірі екіншісінің мінез-құлқы мен ойын бақылауға, қандай-да бір іс-әрекетке итермелеуге талпынуымен ерекшеленеді. Бұл жағдайда қарым-қатынастағы серіктес басқаруды қажет ететін машина сияқты, жансыз обьект ретінде қарастырылады; ол пассив, «ырықсыз» жақ болады. Императивті қарым-қатынас құралы ретінде бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, талаптар, қорқыту және сол сияқтылар қолданылады.
Б. Манипуляциялық қатынас императивтікке ұқсайды. Оның мақсаты - қарым-қатынастағы серіктесіне ықпал ету. Бірақ бұл жерде көздегеніне қол жеткізу жасырын жасалады. Императив сияқты манипуляцяда екінші адамның мінез-құлқы мен ойын бақылауға ұмтылады. Манипуляция бизнесте және ресми қатынастарда жиі кездеседі. Өзгені өзінің ықпал ететін объектісіне айналдыру арқылы, шынайы серіктесін көрмей, байқамай, өз-өзімен өзінің мақсаттары мен міндеттерімен қарым-қатынас жасайды.
В. Диалогтық қарым-қатынас өктемшілдік және манипулятивтік типтерге қарсы, ол серіктестер құқықтарының теңдігіне негізделген. Диалогтық қарым-қатынас тек бірқатар арақатынас ережелерін сақтағанда ғана жүзеге асады. Диалогтік, басқаша айтқанда гуманистік қарым-қатынас түсінісудің, ашылудың анағұрлым терең деңгейлеріне жетуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынасты қарастыру бұл құбылыстың күрделілігін, алуан түрлілігін оның функцияларының көп сатылылығын көрсетеді
Тұлға әрекетінің негізгі түрлері осы қарым – қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Өзге адамдармен қарым-қатынаста бола отырып адамзат жинаған білімді, оның тәжірибесін, заңдары мен нормаларын құндылықтары мен әрекет ету тәсілдерін меңгеру арқылы адам тұлға ретінде қалыптасады. Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасаудың ерекше формасы.
Қарым-қатынастың функц., деңгейлері ұғымдарын псих-қ аспектіде талдап тұжырымд.
Қарым – қатынас адамның тіршілік бейнесі. Ол адамның дүниетануында, мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандрудағы адамға тән табиғи қасиет. Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу - әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапққырлығы мен ақыл – ойына, парасатына байланысты жүзеге асып отыратын қажеттілігі. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады. Қарым-қатынастың құрылымы мен атқаратын функциясының күрделілігі қарым-қатынастың өзара байланысты үш жағынан байқалады. Олар:
– ақпараттық (немесе коммуникативтік), қарым-қатынасқа түсетін адамдар арасында ақпарат алмасу жүреді;
– өзара әрекеттесу (немесе интерактивтік) қарым-қатынас жасаушылардың білім, идея, жай-күй ғана емес әрекет алмасуларымен ерекшеленеді.
– түсінісу (немесе перцептивтік), қарым-қатынастағы серіктестердің бір-бірін қабылдауы, бағалауы және түсінуі болып табылады.
Психологтар тікелей және тұспалдық, тура және жанама, вербалды және бейвербалды т.б. қарым-қатынас түрлерін көрсетеді. Психикалық процестер, адам мінез-құлқының қалыптары мен ерекшеліктері дәл осы қарым-қатынаста туындайды, іске асады және танылады.
Вербалды емес қарым-қатынасты психологиялық аспектіде негіздеп талдаңыз
Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция. Вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктерін білу әңгімелесушіні жақсырақ тануға ғана емес, сондай-ақ айтылған сөздің басқа адамдарға қалай әсер еткенін алдын ала көруге мүмкіндік береді, яғни қажетті нәтижеге жету үшін әрекетті және мінез-құлықты өзгертудің қажеттілігі жайлы білуге болады. Кез келген «жемісті» қатынастың кепілі сенімді контакт болып табылады. Ал мұндай контакт сіздің не айтқаныңызға ғана емес, өзіңізді қалай ұстағаныңызға байланысты, әсіресе іскерлік қарым-қатынаста. Айтылған ақпарат немесе хабардың мазмұны іс-әрекетке немесе адамның вербальды емес қылықтарына сәйкес келмесе, адам интонация, мимика, жестке, көзқарасқа бағдарланып, ақпараттың жасырын мазмұнын аулауға тырысады, осының нәтижесінде әңгімелесушінің шынайылығы немесе жалғандығы адамның бірін-бірі қабылдауына әсер етеді. Психологиялық бейне жасауда ең күрделі де маңызды тәсіл – жеке адамның бітістерді біріктіре әсерлену құбылысы. Оның мәні мынады: әрбір адам сан-қилы тұлғалармен көп мәрте кездесе жүріп, қабылдау және бағалаумен жадында олардың сырт көрінісі, психологиялық және әрекет-қылығы туралы пайымдау бекітеді. Р.С. Немов вербалды емес қарым-қатынастың маңызы зор екендігімен келісе отырып, кеңес беру барысында клиенттің психологиялық жағдайы мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін белгілерді көрсетті. Олар:
· Денесін алға иілдіру, отырған күйінде қолдарын тізесіне немесе орындыққа тіресе: адам әңгіме айтуды тоқтатып, әрекет етуге дайын;
· Көз қарашығының үлкеюі – сол кездегі адамның жағымды сезімін білдірсе, көз қарашығының кішіреюі – жағымсыз сезімді білдіреді;
Вербалды қарым-қатынас және сөзді псих-қ талдау жайлы оның псих-қ мәнін түсіндір.
Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция. Шебер сөйлеу ережелері мен заңдарды білу қонақ үй ішінде өте маңызды. Қонақжайдағы қызмет көрсетуде келесідей сөйлеу принциптері есепке алынады: қол жетерлік, экспресивтілік, қабылдағыштық, интенсивтілік. Қол жетерлік – мәдени,біліми деңгейі. Экспресивтілік – эмоциялық сөйлеу, мимика, жест, поза. Қабылдағыштық – коммуникативтік қарым қатынаста түс, жарық, дыбыс, сурет, модельдер кең қолданады. Қонақ әсері кӛбірек болған сайын оның алған әсері де тұрақты болады. Интенсивтілік – ақпаратты беру темпі.
Қонақ үй қызметкерлерінің сөйлеу тиімділігі сөз арқылы қонақ ойы мен сезіміне әсер ету. Тиімділік қарым – қатынасы үшін қонақтармен сөйлеу байланысындағы коммуникациялық эффект туралы ойдың қалыпты болуы тиіс. Оларға толық тоқталайық: Визуалды бедел эффектісі – алғашқы әсер алатын адамның сыртқы келбеті. Сондықтан, қызметкерлер бір ортақ стильдегі униформа киінуі. Алғашқы сөздердің тиімділігі – алғашқы әсерді қалыптастырады немесе түзетеді. Сондықтан қонаққа айтылған алғашқы сөздер оны қызықтыруы қажет. Аргументация эффектісі – негізделген, сенімді және логикалық ақпарат беру. Кез – келген қонақ үй қызметкерлері қалай логикалық сӛйлеуді ғана емес, қонақ үй туралы нақты ақпарат беруі керек. Порциялық ақпаратты тастау эффектісі жиі клиент кӛңілін таба білуден тұрады. Яғни, жаңа ойлар және аргументерді уақытқа бөліп қою. Релаксация эффектісі – жағдай лирик берсе юмор қолданады. Сөйлеуді бұзатын «солай айтқанда» , «жалпылай». Сөйлеу монерасы – дауыс ырғағын дұрыс қоя білуге қалай жетуге болады: 1. Демді дұрыс қоя білу 2. Өзіңде сенімдік ұялату, әңгімелесу затымен айналыну, қызықты фактілерді білген сайын адам ӛзін еркін сезінеді.Сөйлеу темпі, Қонаққа сөйлеудің интонациясы.
