- •1. Психологияның ғылым ретінде дамуы туралы түсініктер және оның орнын басқа ғылымдар жүйесінде анықтаңыз.
- •2. Қазіргі заманауй психологияның негізгі салаларын атаңыз және оларды сипаттаңыз.
- •3. Қабілет пен нышан арасындағы айырмашылықтарды көрсетіп, мысал келтіріңіз.
- •4. Темпераменттің негізгі типтері және олардың адам іc-әрекетіне әсерін сипаттаңыз.
- •5. Қоршаған ортаны танудағы түйсіктің рөлін ашыңыз.
- •6. Қабылдау процесін жіктеңіз, оның түрлері мен қасиеттеріне сипаттама беріңіз.
- •7. Зейіннің психологиялық құбылысын сипаттаңыз, оның түрлері мен қасиеттерін сипаттаңыз.
- •8. Ес процесіне, оның түрлеріне талдау жасаңыз, олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін көрсетіңіз.
- •9. Ойлаудың түрлерін ажыратыңыз, оның ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •10. Қарым- қатынас түсінігін ашыңыз, қарым-қатынастағы шиеленісушіліктің себептерін талдаңыз.
2. Қазіргі заманауй психологияның негізгі салаларын атаңыз және оларды сипаттаңыз.
Қазіргі жаңа психологияның бағыттары мен салаларын анықтаңыз.
Қазiргi кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық жəне практикалық мiндеттердiң сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негiзгi мiндетi психикалық iс-əрекеттi оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зерттеулер аймағы бiршама кеңейiп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келдi. Психология ғылымының түсiніктер қоры өзгердi, жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздіксiз өрiстеуде, психология бұрын кезікпеген эмпирикалық деректермен толығуда. Б. Ф. Ломов «Психологияның методологиялық жəне теориялық проблемалары» атты еңбегiнде қазipгi заман ғылымының жағдайын сипаттай келе, «бүгiнгi күнде психологияның əдiснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да былай тереңдетiп зерттеудiң қажеттiгi күрт жоғарылады», — деп жазады. Психологияның зерттейтiн құбылыстар əлемi ұланғайыр. Оның iшiнекүрделiлiгi əр деңгейдегi адам қалпы мен қасиеттерi, процестерi, яғни сезiм мүшелерi не əсер етушi объектiнiң қарапайым жеке белгiлерiнен бастап, жеке адам мотивтерiнiң тайталасы кiредi.
Алғашқы он жылдықтарда психологияның теориялық (дүниетанымдық) тарапы басымдау болды. Ал қазiрri кезеңде оның қоғамдағы рөлi көп өзгерiске ұшырады. Ол ендi бiлiм жүйесiндегi, өндiрiтeгi, мемлекеттiк басқару, медицина, спорт жəне т.б. кəсiбi практикалық қызметтiң ерекше саласына айналып барады. Психология ғылымының практикалық мiндеттердi шешуге араласуынан оның теориясының даму жағдайлары да бiршама өзгердi. Шешiмi психологиялық бiлiктiлiктi қажет еткен мiндеттер адамдық фактор маңызының жоғарылауынан қоғам өмiрiн барша тарапында əр қилы формада пайда болуда. «Адамдық фактор» дегенiмiз әр азамат тұлғаға тəн болып, олардың нақты iс-əрекетiнде көрiнiс беретiн əлеуметтiк психологиялық, психологиялық жəне психо-физиологиялық қасиеттердiң кең ауқымы.
3. Қабілет пен нышан арасындағы айырмашылықтарды көрсетіп, мысал келтіріңіз.
Б.М. Тепловтың анықтамасы бойынша, қабілет дегеніміз – қандайда бір іс-әрекетті жақсы, нәтижелі орындауда бір адамды екіншісінен ерекшелендіретін жеке дара психологиялық ерекшеліктер болып табылады. Қабілет жайлы сөз қозғағанда мыналарды ескерген жөн:
1) қабілеттер адамды бір-бірінен ерекшелейді. Б.М. Тепловтың пікірінше қабілеттің маңызды белгісі өнімді іс-әрекеттің өзіне тән жеке даралығынан, тәсілдердің түпнұсқалығы болуынан көрінеді .
2) қабілеттер іс-әрекетті сәтті орындауға ықпал етеді. Кейбір зерттеушілер, мысалы Н.А. Менчинская бұл орайда оқыту туралы білім, іскерлік, дағдыны меңгерудің нәтижесіндегі жетістік деп қарастырады.
3) қабілеттің көмегімен қалыптасқан іскерлік пен дағдыны жаңа жағдайға ауыстыруға болады. Сондықтан жаңа міндет адамның психикалық қасиеттерінің талабына сай, іс-әрекеттің тәсілдеріне ұқсас болуы керек. Қабілеттер – динамикалық ұғым. Олар іс-әрекет кезінде қалыптасады, дамиды және көрінеді.
Қабілеттер жалпы және арнайы болып бөлінеді:
- арнайы қабілеттер – белгілі бір іс-әрекет түріне деген қабілетті білдіреді (математикалық қабілеттер, музыкалық қабілеттер, педагогикалық қабілеттер және т.б.).
- жалпы қабілеттер – бұл арнайы қабілеттерді дамытуға деген қабілеттер
Психологияда қабілеттің даму деңгейін жіктеудің төмендегідей түрлері жиі кездеседі: қабілет, дарындылық, талант, данышпандық.
