- •Экономиканың шикiзатсыз секторларында кәсiпкер-лiктiң дамуына көмектесу.
- •Шок субъектiлерiнiң кәсiпқойлығын арттыру және халықты кәсiпкерлiкке тарту.
- •3.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобаларды қаржылық қолдауды және таңдау жолдарын зерттеу
- •Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау
- •Сүтті мал тұқымын өсіретін ферма ашу (а жобасы) - жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- •Балалар бақшасын ашу (в жобасы) – жобаның тұжырымдамасы бала бақша қызметтерін көрсететін кәсіпорын құруды көздейді.
- •Ірімшік және сүзбе өндіретін цех ашу (с жобасы) –жобаның тұжырымдамасы ірімшік және сүзбе өндіретін цех ашуды қарастырады.
- •Көкөніс өсіретін жылыжай ашу (d жобасы) - жобаның тұжырымдамасы көкөніс (қызанақ, қияр) өсіру жылыжайларын құруды қарастырады.
- •Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар жинау қызметін ұсыну (е жобасы) -жобаның тұжырымдамасы тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау қызметтерін ұсынатын кәсіпорын құруды қарастырады.
- •Капиталдың орташа көлемді құны (wacc):
- •4 Инвестициялық жобалардың іріктеу процесі мен іске асыру тиімділігін арттыру.
- •Фирма құнын анықтау. Осы көрсеткіш фирмаларға көптеп инвестиция тартылуына алып келеді. Оны есептеу үшін мына формула қолданылады:
4 Инвестициялық жобалардың іріктеу процесі мен іске асыру тиімділігін арттыру.
Еліміздегі инвестициялық жобаларды бағалауда есептелінетін көрсеткіштер мен таңдау критерийлерін өз дипломдық жұмысымда қолданып, көз жеткіздім.
Инвестициялық жобаларды іріктеу процесі мыны критерийлер арқылы жүргізіледі:
Жобаның нақтылығын бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер:
Нормативтік-құқықтық критерийлер, яғни ұлттық, халықаралық құқық нормалары, стандарт талаптары, конвенциялар және т.б.
Ресурстық критерий түрлері;
Ғылыми-техникалық критерийлер;
Технологиялық критерийлер;
Өндірістік критерий;
Қаржы ресурстары көздері мен көлемі;
Бірақ мен сол бағалаудағы критерийлер орнына шет ел тәжірибесіндегі критерилерді ұсынғым келеді.
Фирма құнын анықтау. Осы көрсеткіш фирмаларға көптеп инвестиция тартылуына алып келеді. Оны есептеу үшін мына формула қолданылады:
t=n CF
Фирма
құны = ∑
t
t=1 (1+WACC)
мұндағы, n - активтедің жұмыс жасау мерзімі;
CF - күтілген ақша ағымы;
t - фирма құрылған кезең.
Фирма құнын ақшаның әрбір ағынын бөлек бағалау арқылы есептеуге де болады. Бұл көрсеткішті басқаша есептеуге де болады.
Фирма құны = меншікті капитал+салықтық жеңілдіктер+күтілетін банкроттылық.
Бұл есептеу тәжірибе жүзінде басқаша да көрініс табуы мүмкін. Дегенмен, қазіргі кездегі инвестицияны бағалау жұмыстарында айқын көз жеткізу үшін фирма құнын анықтау критерий қосу керек деп ойлаймын. Себебі, фирманың құнын анықтасақ, оған тартылатын инвестиция көлемін жоспарлаймыз. Егер, фирма құны жоғары болса, онда ған тартылатын инвестиция көлемі де жақсы болмақ. Тағы айта кететін жай, фирма құнын анықтауда сонда көрсетілген критерий шамалары, ел тәжірибесіндегі бағалауда есептелінген.
Коммерциялық тиімділік. Бұл инвестициялық жобаның кіріс көзін қажет ететін қаржылық шығындары және күтілетін нәтижелерінен тұрады. Коммерциялық тиімділік жобаға толықтай есептелуі мүмкін, ал бөлек қатысушыларға өз салымдары бойынша есептеледі.
Жүзеге асыру іс-шараларының үш түрі бар:
Инвестициялық;
Жедел;
Қаржылық.
Қызметтің әрбір түрі шеңберінде және жобаның әрбір кезеңде ақша ағыны байқалады: IF i(t) -ағын, OF i(t) –кетуі. Олардың арасындағы айырмашылық U i(t) мына формуламен анықталады:
U i(t) = IF i(t)- OF i(t), i = 1, 2 . . . n.
Осы критерийді де ел тәжірибесіндегі инвестициялық жобалар тиімділігін бағалауға қолдансақ болады деп ойлаймын. Себебі, кірісті жобалар ел үшін экономикалық жағынан пайда әкеледі. Сондықтан бұл критерийде кіріс алып келетін шығындарды есепке алу арқылы табыс деңгейін жоғарылатуға болады.
Осы есептеулерді ұсыныстарды қазіргі кездегі инвестициялық жобалар тиімділігін бағалауда қолданса, оның табыстылығы одан да жоғары артады деп сенемін
