- •Экономиканың шикiзатсыз секторларында кәсiпкер-лiктiң дамуына көмектесу.
- •Шок субъектiлерiнiң кәсiпқойлығын арттыру және халықты кәсiпкерлiкке тарту.
- •3.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобаларды қаржылық қолдауды және таңдау жолдарын зерттеу
- •Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау
- •Сүтті мал тұқымын өсіретін ферма ашу (а жобасы) - жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- •Балалар бақшасын ашу (в жобасы) – жобаның тұжырымдамасы бала бақша қызметтерін көрсететін кәсіпорын құруды көздейді.
- •Ірімшік және сүзбе өндіретін цех ашу (с жобасы) –жобаның тұжырымдамасы ірімшік және сүзбе өндіретін цех ашуды қарастырады.
- •Көкөніс өсіретін жылыжай ашу (d жобасы) - жобаның тұжырымдамасы көкөніс (қызанақ, қияр) өсіру жылыжайларын құруды қарастырады.
- •Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар жинау қызметін ұсыну (е жобасы) -жобаның тұжырымдамасы тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау қызметтерін ұсынатын кәсіпорын құруды қарастырады.
- •Капиталдың орташа көлемді құны (wacc):
- •4 Инвестициялық жобалардың іріктеу процесі мен іске асыру тиімділігін арттыру.
- •Фирма құнын анықтау. Осы көрсеткіш фирмаларға көптеп инвестиция тартылуына алып келеді. Оны есептеу үшін мына формула қолданылады:
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау
Даму институттарының мақсаты - қоғамға пайдалы, экономикалық өсімге әсер ететін жобаларды ұзақ мерзім аралығында қаржыландырып, жаңа салалардың дамуына жағдай жасап, әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешу. Осы тұрғыда "Даму" қоры отандық орта және шағын бизнесті қолдауда елеулі шаруа атқаруда. Атап айтқанда, 8500 субъектіге көмек көрсетіліп, соның арқасында 26 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Жалпы, ел экономикасын тұрақтандыру мақсатында орта және шағын кәсіпкерлікті қолдауға 120 млрд. теңге бағытталған болатын. Нәтижесі де жаман емес, 2009 жылдың шілдесіне дейін-ақ 4760 жұмыс орны құрылып, 2550 орта және шағын бизнес нысандары несиеленді.
Мысалы, "Даму" қоры арқылы Алматы облысында ғана 17 млрд. теңгеден астам сомаға 574 жоба қаржыландырылып, 1400-ден аса жұмыс орны ашылды. Демек, "Самұрық-Қазына" өзінің даму институттары арқылы ел экономикасын әртараптандыру мен жаңаландыруға, отандық кең ауқымды бизнесті көтеруге көңіл бөліп отыр деп нық сеніммен айтуға болады. Мәселен, Қордың бір топ компаниясы инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық даму аясындағы 13 жобаны іске асыруға қатысуда. Қордың 26 млрд. доллар көлемінде инвестициялық портфелін жасақтауы да алға қойған мақсатқа жетудің бір баспалдағы деуге болады. Қазіргі кезде Қор құрамына кіретін даму институттары 212 жобаны мақұлдаса, оның 160-сы қаржыландыру сатысына көшкен.
Бұған қарағанда, ел экономикасын тұрақтандыруды, әртараптандыруды және модернизациялауды жеделдете жақсартудағы даму институттарының рөлі арта түсетін түрі бар. Әсіресе, экономиканың басым бағыттары, ірі бизнес пен шағын жөне орта кәсіпкерлік басты назарға алынбақ. "Самұрық-Қазынаның" алға қойған негізгі міндеті отандық бизнеспен біріге отырып, өзінің Даму институттары арқылы Индустрияландыру картасына кірген инвестициялық жобаларды іске асыру болып табылады. Бұл ретте Қор құзырына жататын ауқымды 19 жобаның жиынтық құны 14,16 млрд. долларды құрайды. Бұдан басқа, республикалық деңгейдегі 2 жоба бойынша қордың қатысуымен ұзындығы 1510 шақырымдық Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ газ құбыры және газхимия кешені салынуда. Сонымен қатар өңірлердің бақылауымен ҚДБ қаржыландыруындағы 21 жоба жүзеге асу үстінде. Жалпы алғанда, "Самұрық-Қазына" қоры биыл жалпы құны 20 млрд. доллардан астам 40-тан аса жобаны іске асырумен шұғылданып келеді.
Кез-келген инвестициялық жобаны іске асыру үшін оны бағалау жұмыстарын жүргізу қажет.
Мен, өз мысалымда 5 инвестициялық жобаны алып отырмын. Олар:
Сүтті мал тұқымын өсіретін ферма ашу (а жобасы) - жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
Жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшылардың тұрақты кіріс алуына мүмкіндік береді;
сүтті мал тұқымын өсіретін жаңа фермалар құру;
Солтүстік Қазақстан облысының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі.
Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:
халықтың сүт өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыру.
Жобаны іске асыру кезінде:
тұрақты табыс алуға мүмкіндік беретін жаңа жұмыс орнын ашуды;
сүтті мал тұқымын өсіретін жаңа фермалар құру;
Солтүстік Қазақстан облысының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуін шешу қарастырылған.
Әлеуметтік әсерлер арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:
Халықтың сүт өніміне деген сұранысын қанағаттандыру;
Жобаны іске асыру нәтижесінде 28 жұмыс орны ашылады.
