- •2. Сіз технология терминін қалай түсінесіз, оның түрлеріне тоқталып, мысалдармен дәйектеңіз.
- •4. Тіліді оқытудағы ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігі
- •5. Технология, ақпараттық технология, компьютерлік технология, жаңа технология, жоғарғы технология терминдеріне түсініктеме беріңіз.
- •6.Сіздің пірінше,тілді үйрену үдерісіне Интернет-технология рөлгн ие бола ма?
- •7.Шет тілін оқытудағы инновациялық технологиялардың маңызын қалай түсінесіз?
- •8.Қазіргі таңда өте жоғары қолданысқа ие қашықтан оқытудың қай түрін білесіз?
- •9.Тілді оқытуда қашықтан оқытудың тиімді және тиімсіз жақтарын санамалап айтыңыз
- •10.Сіздің ойыңызша,қазіргі таңда қашықтан оқыту ыңғайлы ма?Жетістіктері мен кемшіліктерін айтып кетіңіз
- •11. Компьютерлік лингвистика: қолданбалы салалары
- •12. Тілді оқытудағы компьютерлік бағдарламалардың алатын қызметі қандай?
- •13. Қандай компьютерлік бағдарлама тілді үйренуде тиімді? Сіз ұсынар бағдарлама қандай?!
- •14. Корпустық лингвистика. Корпустың алғышарттары. Қазақстандағы қазақ тілінің корпусы жайлы не білесіз?
- •15. Сіз қандай корпусты өз тәжірибеңізде пайдаландыңыз? Мысал келтіріңіз
- •26. Тілдерді компьютерлік оқытудың әдіс-тәсілдері
- •30. Электрондық сөздіктер. Шет тілін оқытуда электрондық сөздіктер қандай маңызға ие?
- •31. Қандай электрондық сөздіктерді білесіз? Бірнеше электрондық сөздіктерді салыстыру, жұмыс жасай алу.
- •32. Реферат, курстық немесе дипломдық жұмысты жазудың техникалық (компьютерлік) негіздері.
- •36. Тілді үйренудегі компьютерлік ойындардың тиімділігі
- •42. Сіз “Айрен” электрондық оқыту бағдарламасының тиімділігін анықтап бере аласыз ба?
- •43. Тіл білімі саласында spss бағдарламасының ролі .
- •44.Spss бағдарламасы , қалыптасқан жүйе , даму ерекшелігі және болашағы.
- •45. Қолданбалы бағдарламалар қандай жұмыстарды қарастырады.
- •46Шет тілдерін оқытуда қолданылатын Интернет ресурстар (www.Livemocha.Com, www.Wordle.Net, www.Glogster.Com)
- •47Шетел әдебиеттерінде қолданылатын оқыту бағдарламалары Сіздің тәжірибеңізде кездесті ме?
- •48Автоматты аударма бойынша интернеттен автоматты аударма жүйелері, жетістіктері мен кемшіліктерін талдау.
- •49Шет тілін оқытудағы компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етудің артықшылықтары.
- •50Сіз шет тілін үйрену барысында қандай компьютерлік бағдарламаларды қолданасыз?
5. Технология, ақпараттық технология, компьютерлік технология, жаңа технология, жоғарғы технология терминдеріне түсініктеме беріңіз.
Технология (грек тілінен аударғанда ) өнер, шеберлік, біліктілік деген мағынаны білдереді. Технология дегеніміз – белгілі бір нәрсені өңдеу үшін орындалатын әрекеттер тізбегі. Технологиялық процесс түрлі құралдар мен әдістердің көмегімн жүзеге асады. Технология мен ақпарат түсініктерін біріктіре келе, ақпараттық технологияны есептеуіш құралдарын пайдалана отырып , ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау қызметтерін жүзеге асыратын әрекеттердің реті деп атайды.
Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология
Жаңа технология- педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.
Компьютерлік технология (Компьютерная технология; computer technology) — компьютерлік өңдеу базасындагы ақпараттық технология.
6.Сіздің пірінше,тілді үйрену үдерісіне Интернет-технология рөлгн ие бола ма?
Шетел тілін оқытудағы негізгі мақсат – тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Тілді еркін меңгеру үшін білім алушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыратын жағдай туғызу керек. Бұл ӛзекті мәселе - білім беру саласындағы инновациялық үрдістердің күрделілігі мен қайшылықтары әрі жаңа құбылыстармен әрекеттесуі. Мақалада шетел тілін оқытуда интерактивтік ақпараттық технологиялық құралдың қолданылуы қарастырылған. Түйін сөздер: интерактивтік ақпараттық технология, information technology, коммуникативті, бейнефильм, электрондық почта, мультимедиалық презентация, анимациялық суреттер. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, ӛмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек ӛз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білім жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады . Шетел тілін оқытудағы негізгі мақсат – тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Тілді еркін меңгеру үшін білім алушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыратын жағдай туғызу керек. Бұл ӛзекті мәселе - білім беру саласындағы инновациялық үрдістердің күрделілігі мен қайшылықтары әрі жаңа құбылыстармен әрекеттесуі болып табылады. Соңғы жылдары оқу-тәрбие үрдісіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің ӛзі еліміздегі ӛзгерістердің маңыздылығын кӛрсетеді. Қазіргі таңда жаңа әлеуметтік жағынан қорғанған адам- ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, жан-жақты адам. Сондықтан, білім алушы теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Бұл мақсат ақпараттық технологияны пайдалануда жүзеге асады. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты білім алушы қазіргі қоғам сұранысына сай ӛзінің ӛмірлік іс-әрекетінде дербес компьютер құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу . Ақпараттық технология (information technology) – 1) объектінің, үрдістің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинақтау, ӛңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын үрдіс. 2) ақпаратты ӛңдеу үшін пайдаланатын технологияның, элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпаратты жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып, жинақты құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Сонымен, ақпараттық технология ұғымыӛңделген, жинақталған ақпаратты пайдаланушыға жинақталған түрде жеткізу әдістері, құрылғыларын, Казахский государственный женский педагогический университет Вестник №5 (47), 2013 г. 6 элементтерін қамтитын жиынтық. Яғни, ақпаратты бізге жинақты түрде жеткізу технологиясы болып табылады 3. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, ӛнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу үрдісіне енгізу бағытында құрылуы тиіс. Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту үрдісінде білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне кӛшу керек. Бұл тапсырманы оқыту үрдісінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Барлық экономикалық дамыған елдерде білім беру жүйесі толық ақпараттандырылған. Білім беру үрдісін ақпараттандыру жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп жаңа типті оқыту, әр білім алушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды кӛздейді. Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Бастысы, шетел тілін меңгеруде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор. Интернет арқылы білім алушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттермен жұмыс істеу мүмкіндігін туғызып, шетел тілін үйренушіге аутентті мәтіндерді қолдану, үйреніп отырған тіл азаматын тыңдау, олармен қарым – қатынас жасау табиғи тілдік ортаны қалыптастырып қана қоймай, ӛзі оқып отырған тіл елінің тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрлері, экономикалық даму ерекшеліктерін қамтитын танымдық білімдерін кеңейтеді. Кӛптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық почта, мультимедиалық презентация, анимациялық суреттер және т.б. кӛмегімен шетел тілінде сӛйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сӛйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, оқытушылардың маңызды тапсырмасының бірі шетел тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сӛйлеушінің шын жағдаяттарын құру болып табылады. Шетел тілін үйрету үрдісінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен ӛткізуге кӛмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео-кӛріністер, әр түрлі дыбыстық презентациялар, бейне-конференция, анықтама каталогтары, жүйеде сӛйлесу білім алушылардың бар ойын ӛзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу үрдісінде білім алушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, білім алушы ақпаратты жеңіл әрі тез қабылдайды және білім алушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды. Тілді ақпараттық- коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің ӛз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Қорыта айтсақ дарынды, білімді жастар ғана егеменді еліміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан, студенттер оқытушы берген білімді, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау ӛлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай ӛзінің нысаналы, белсенді зерделі танымдық іс-әрекетімен сабақтастыруы тиіс.
