- •2. Сіз технология терминін қалай түсінесіз, оның түрлеріне тоқталып, мысалдармен дәйектеңіз.
- •4. Тіліді оқытудағы ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігі
- •5. Технология, ақпараттық технология, компьютерлік технология, жаңа технология, жоғарғы технология терминдеріне түсініктеме беріңіз.
- •6.Сіздің пірінше,тілді үйрену үдерісіне Интернет-технология рөлгн ие бола ма?
- •7.Шет тілін оқытудағы инновациялық технологиялардың маңызын қалай түсінесіз?
- •8.Қазіргі таңда өте жоғары қолданысқа ие қашықтан оқытудың қай түрін білесіз?
- •9.Тілді оқытуда қашықтан оқытудың тиімді және тиімсіз жақтарын санамалап айтыңыз
- •10.Сіздің ойыңызша,қазіргі таңда қашықтан оқыту ыңғайлы ма?Жетістіктері мен кемшіліктерін айтып кетіңіз
- •11. Компьютерлік лингвистика: қолданбалы салалары
- •12. Тілді оқытудағы компьютерлік бағдарламалардың алатын қызметі қандай?
- •13. Қандай компьютерлік бағдарлама тілді үйренуде тиімді? Сіз ұсынар бағдарлама қандай?!
- •14. Корпустық лингвистика. Корпустың алғышарттары. Қазақстандағы қазақ тілінің корпусы жайлы не білесіз?
- •15. Сіз қандай корпусты өз тәжірибеңізде пайдаландыңыз? Мысал келтіріңіз
- •26. Тілдерді компьютерлік оқытудың әдіс-тәсілдері
- •30. Электрондық сөздіктер. Шет тілін оқытуда электрондық сөздіктер қандай маңызға ие?
- •31. Қандай электрондық сөздіктерді білесіз? Бірнеше электрондық сөздіктерді салыстыру, жұмыс жасай алу.
- •32. Реферат, курстық немесе дипломдық жұмысты жазудың техникалық (компьютерлік) негіздері.
- •36. Тілді үйренудегі компьютерлік ойындардың тиімділігі
- •42. Сіз “Айрен” электрондық оқыту бағдарламасының тиімділігін анықтап бере аласыз ба?
- •43. Тіл білімі саласында spss бағдарламасының ролі .
- •44.Spss бағдарламасы , қалыптасқан жүйе , даму ерекшелігі және болашағы.
- •45. Қолданбалы бағдарламалар қандай жұмыстарды қарастырады.
- •46Шет тілдерін оқытуда қолданылатын Интернет ресурстар (www.Livemocha.Com, www.Wordle.Net, www.Glogster.Com)
- •47Шетел әдебиеттерінде қолданылатын оқыту бағдарламалары Сіздің тәжірибеңізде кездесті ме?
- •48Автоматты аударма бойынша интернеттен автоматты аударма жүйелері, жетістіктері мен кемшіліктерін талдау.
- •49Шет тілін оқытудағы компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етудің артықшылықтары.
- •50Сіз шет тілін үйрену барысында қандай компьютерлік бағдарламаларды қолданасыз?
Тіл және ақпараттық технологиялардың негізгі ұғымдары. Тіл және тіл білімі.
Кез келген тіл үш түрлі құрылымнан, қалыптасқан жүйелер жиынтығынан құралады. Тілдің дыбыстық жүйесін – фонетика, тілдің сөз байлығын – лексикология, тілдің грамматикалық құрылысын – грамматика болып ірі үш тарауға бөлінеді. Аталған салалар өз ішінен бірнеше салаларға, тармақ, тармақшаларға бөлінеді. Бұлардың бәрі тілді жан-жақты зерттеу негізінде, тілдік фактылардың әр қырынан күллі сырын ашып, айқындап зерттеп, оларды ғылыми және практикалық тұрғыдан түсіндіреді. Тіл және оның әр түрлі салалары тілдің ішкі даму заңдары бойынша дамып, жетіліп отырады, әрі даму сипаты мен қарқыны түрліше болуы мүмкін. Осы тұрғыдан, тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпын қарастырып, сипаттама беретін тіл білімі сипаттамалы немесе синхрониялық тіл білімі деп, ал тілдің шығу тарихы мен дамуы тұрғысынан зерттейтін тіл білімі салыстырмал- тарихи немесе диахрониялық тіл білімі деп аталады. Салыстырмалы-тарихи әдіс тіл фактылары мен материалдарын зерттеу нәтижесінде ХІХ ғасырдың бас кезінде қаланды. Бұл әдістің негізін қалаушылар – неміс лингвисті Франц Бопп, Дания ғалымы Расмус Раск, неміс ғалымы Яков Гримм. Аталмыш әдістің қалыптасуына себепкер жайт – санскрит тілінің зерттелуі еді. Санскрит – ертедегі Үнділердің әдеби тілі. Зерттеу негізінде санскрит тілінің ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қарым-қатынас құралы болып отырған көптеген тірі тілдермен ұқсастығы бары анықталды. Азияның бірсыпыра территориясын мекендеушілер тілінен бастап, бүкіл Еуропа, Америка тұрғындары тілдерінің бәрі дерлік бір атаумен – үндіеуропа тілдері деп аталатын болды. Мысалы: сан есімдердің еуропа тілдеріндегі сәйкестігі орысша – два, три; латынша – дуо, трэс; санскритше – двау, трауас және т.б.
Нақты бір тілдің жүйесін құрылымын, ерекшеліктерін, даму заңдылықтарын зерттейтін жеке тіл білімі (қазақ тіл білімі, орыс тіл білімі, ағылшын тіл білімі, француз тіл білімі) бар да, ғылым ретінде тіл білімінің теориялық, әдіснамалық негізі болып саналатын жалпы тіл білімі бар. Мысалы: Қазақ тіл білімі дербес ғылым ретінде Ұлы Қазан революциясынан бергі дәуірде қалыптасты. Қазақ тіл білімі қазақ тілінің жүйесін, құрылымын, ерекшелігін, барлық байлығын зерттейді, қазақ тілінің қарым-қатынас, пікір алысу, өзара түсінісу, ойды жеткізу құралы ретіндегі қызметін (функциясын), басқа тілдермен қатынасын, баю, толығу, даму жолдарын т.б. тексереді. Жеке тіл біліміне жеке тілдермен қатар туыстас тілдердің (қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, түрік, алтай, чуваш т.б. туыстас тілдерді зерттейтін – түркология/түркітану, орыс, украин, белорус, чех, поляк, болгар т.б. тілдерді салыстыра, салғастыра зерттейтін – славистика/славянтану, ағылшын, неміс, дат, швед, голланд т.б. тілдерді зерттейтін – германистика, испан, португал, итальян, румын, молдаван т.б. тілдерді – романистика/романтану және т.б.) заңдылықтарын, ортақ жайттарын, шығу, даму ерекшеліктерін жатқызамыз. Ал жалпы тіл білімі деген терминнің ұғымы тіпті кең. Бұл ғылым жеке, нақты тілдерді, туыстас тілдер тобы мен семьяларын егжей-тегжейлі зерттеу, солардың ортақ заңдылықтарын ашу, айқындау негізінде жасалынған. Жалпы тіл білімі жеке тіл білімдерінің жетістіктері мен қол жеткен табыстарын басшылыққа алады, айқындалып-анықталған ортақ жайттардан теориялық қорытынды шығарады.
Лингвистика теориясы ретінде жалпы тіл білімі тіл туралы ғылымның ең негізгі, өзекті деген мәселелеріне көңіл бөліп, солар туралы мағлұмат береді, тілге қатысты ірі-ірі мәселелерді қарастырады. Ол мәселелердің басты-бастылары мыналар:
тілдің мәні, табиғаты, қызметі;
белгілі бір әдіснамалық негізі;
тілдің құрылымы мен жүйесі;
тіл мен ойлаудың шығуы, дамуы, әр түрлі дәуірлердегі тілдердің қарым-қатынасы;
тілдердің туыстық қарым-қатынасы, құрылымы;
жазу-сызу тарихы, жазу атаулының шығуы, олардың түрі;
тіл мен сана және тіл мен ойлаудың байланысы;
тіл – тарихи құбылыс.
Осыған орай, жеке тілдер мен топтар, семьялар тілдері неғұрлым жете, жан-жақты зерттелініп, қыр-сыры толығырақ ашылса, жалпы тіл білімі де соғұрлым тілдік бай материалдар мен фактыларға ие бола алады; тіл атаулыға тән ортақ белгілер жөнінде дұрыс қорытындылар – тұжырымдар шығара алады. Яғни, лингвистика дербес ғылым ретінде осы екі бөлімнің негізінде құралады екен.
2. Сіз технология терминін қалай түсінесіз, оның түрлеріне тоқталып, мысалдармен дәйектеңіз.
Технология дегеніміз өнім алу үшін оған керекті материалдарды өңдеу әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі процесс. Кез - келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған қалай да жету. «Технология» дегеніміз не? Технология – tehne (шеберлік, өнер, білім) деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Академик В.М. Монаховтың айтуы бойынша: технология- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Ал педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы».
Технология түрлері : ақпараттық технология, компьютерлік технология, жаңа технология, жоғарғы технология.
Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология.[1]
Ақпарат технологиясы — ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Компьютерлік технология (Компьютерная технология; computer technology) — компьютерлік өңдеу базасындагы ақпараттық технология
Жаңа технология- педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.
Және жоғарғы технология деген түрі де бар . Мысалы : 2006 жылы Қытайда 398 миллион мобильді телефон қолданыста болған. Қазір мұнан 3-4 есе көп телефон бар.
Foxconn зауытында iPhone 4-ті өндіруге бар болғаны 5 секунд кетеді екен.
Мобильді байланыс операторы SMS арқылы әрбір минут сайын 812 000 $ ақша табады.
Қазіргі таңда ғаламшарымызда 4 миллиардтан астам адам ұялы телефон қолданады.
Компакт-дискілер ортасынан соңына қарай оқылады, бірақ, соңынан ортасына қарай жазылады.
Ғаламтордағы ең танымал тілдер – ағылшын тілі, жапон тілі және испан тілі.
Оңтүстік Кореядағы үйсіз әрбір төртінші адамның кредиттік картасы бар. Британық режиссер таңғажайып фильм қарайды. Бұл фильмді адам қарамайды, ол адамды бақылайды. Оған деген көзқарастан, кертартпалықтан сюжеттер өзгеріп отырады екен. Алексис Кирктің бұл фильмі "Many Worlds" деп аталады.
Білесіз бе, «Bluetooth» сөзін ағылшын тілінен аударғанда «көк тіс» деген мағынаны береді. Бұл атау Х ғасырда Данияны және Норвегияның жартысын билеген І Харольда Синезубой патшаның құрметіне берілген.
3. Ақпарат және ақпараттық технологияның қазіргі таңда тілді оқытуда ие болған жетістіктерін атаңыз..Ақпараттық технология термині ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты. Технология грек тілінен аударғанда өнер, шеберлік, біліктілік деген мағынаны білдіреді. Ақпараттық технология-есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау және ұсыну қызметтерін жүзеге асыратын әрекеттердің реті. ақпараттық технологиялар - ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер мен техникалар. Ақпарат ағындарын анықтайтын, коммуникаторлар мен рецепиенттер әрекеттерінің мақсаттары мен тәсілдерін, қарым-қатынас стилін, басқа да ақпараттық іс- әрекеттер параметрлерін айқындайтын жүйелер ретінде мыналарды атауға болады: шешім қабылдау, сайлау кампанияларын жүргізу, халықаралық және ішкі саяси дағдарыстарды реттеу және т.б. Ақпараттық технологиялардың мазмұны, көп жағдайда, оның ақпарат нарығындағы әрекетінің стратегиясы мен тактикасына байланысты. Ең негізгілері ретінде мемлекеттің ақпараттық әрекеттеріне және оның органдарының, басқару бөлімдерінің жұмысына сапалық шектеу қоятын төмендегідей ұстанымдарды атауға болады:
мемлекеттің алға қойған мақсаттарына халықтың жаппай бұқаралық қолдау көрсетуі және оларды жүзеге асыруда жұртшылықты жұмылдыру ("талаптандыру", "сезімді ояту" стратегиясы);
оны орындауға аса күш жұмылдырмай-ақ, қандай да бір мәселенің шешімін қабылдауда ұстанған өз ұстанымы жайынан қоғамды хабардар ету ("қоғаммен байланысты үзбеу" стратегиясы);
бағыныңқы төменгі құрылымдарға және басқару органдарына қызметтік тұрғыдағы шешімдерді жүзеге асыру үшін арнайы нұсқауларды тарату ("қызметтік" стратегия);
қабылданған және жүзеге асырылып жатқан шешімдерді бақылау ("бақылау" стратегиясы);
қандай да бір әлеуметтік мәселелерді талқылауда мемлекеттік, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер белсенділігін үйлестіру ("күштер тепе-теңдігі" стратегиясы);
саяси тәртіп және басқару түрінің жағымды бейнесін қалыптастыру, соған сәйкес оппозицияның сыны ("имидж қалыптастыру" стратегиясы);
қоғамдық пікірді тәртіпке қолайсыз әлеуметтік мәселелерді талқылауға барғызбай, көңілін аулау ("назарын басқаға аудару" стратегиясы).
Ӏс жүзінде мемлекет қызметіне ақпараттық стратегиялар және олармен байланысты техникалық міндеттер кедергі туғызуы да мүмкін.
