Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломды жмыс 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
381 Кб
Скачать

3. Қазақстанның қаржы нарығындағы ахуал және республиканың депозит нарығының даму болашағы

3.1 Депозиттік нарықты қалыптастыру мәселелері мен жолдары

Қазақстан Республикасындағы банктердегі депозиттік саясатты белгілеу мәселелері мен даму перспективалары

Банктегі жекешелендіру және құрылымдылық қайта құру ғана емес, сонымен қатар бұл үздіксіз жаңа банктік технологияларды меңгеру, банктік қызметтер кешенін дамыту, жинақ салымдарының жүйесін жаңарту және дамыған филиалдық инфрақұрылымы бар «тігінен біріктірілген» банктік құрылым қалыптастыру.

Депозиттік нарықта коммерциялық банктер басыңқы рөл атқаруда. Сонымен қатар банк ұсынылатын депозиттік қызметтер түрін дамыту, жаңарту үстінде.

Депозиттердің жалпы көлемінің көбеюі заңды тұлғалардың банктік шоттарының толтырылуымен, сонымен қатар жеке тұлғалардың шоттарына қосымша қаражаттардың келіп түсуімен байланысты.

Жүзеге асырылып жатқан түрлі шаралар әсерінен мерзімді депозиттер оңтайлы өсу үстінде. Оның үстіне қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің төмендеуі салдарынан тартылатын депозиттер бойынша минималды номиналдық мөлшерлемелердің төмендеуі байқалады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі екінші деңгейлі банктерге олардың депозиттік нарықтағы қызмет ету бағытын анықтауда, сонымен қатар депозиттік саясатын қалыптастыруда біршама еркіндік берген. Коммерциялық банктер депозиттік саясатын анықтау барысында тартылған ресурстарды орналастыру мүмкіндіктері, клиентуралық нарығы және тағы басқа ішкі жағдайларды және инфляция деңгейі, ұлттық валюта бағамы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің саясаты және тағы осы сияқты жағдайларды ескереді.

Депозиттік нарықтағы өзінің басыңқы үлесін сақтап қалу мақсатында және жаңа клиенттердің қызығушылықтарын тудырып, салымдарды тарту үшін өз саясатын қалыптастырады. Банктің депозиттік саясаты барлық талаптарға сай құрастырылған. Сонымен қатар депозиттік нарықтағы жеке тұлғалардың салымдарына үлкен назар аударады, сондықтан бөлшек қызмет стратегиясын, депозиттік саясатын құрастырған. Банктің депозиттік саясаты Қ.Р. заңнамасында белгіленген шарттарға сай келеді. Ол салымдарды өзінде жинақтау жолында көзделетін мақсаттарын және мәселелерін қарастырады. Банк ұзақ мерзімді салымдар үлесін арттыруға және өзіне орналастырылған салымдардың орташа мерзімін ұзартуға тырысады. Осылардың жүзеге асыруы мақсатында мынадай іс-әрекеттер жүзеге асырылады:

  • Жеке тұлғалардың депозиттері нарығындағы банк үлесін арттыру және өзінде бар депозиттер бойынша қызмет көрсетудің сапасын арттыру;

  • Табысы орташа клиенттер үшін жаңа депозиттер түрін шығару;

  • Арнайы салым операцияларын шығару және сервистік қамтамасыз ету сапасы халықаралық стандарттар деңгейіне келетіндей қызмет көрсетулер мен банктік өнімдер ұсыну негізінде банк клиенттерін көбейту;

  • Ірі шаруашылық субъектілер кешенді қызмет көрсету негізінде олармен ұзақ қарым-қатынас орнату арқылы заңды тұлғалардың депозиттерінің көбейіп отыруын қамтамасыз етеді;

  • Барлық депозиттер бойынша жеткілікті табыстылық деңгейін олардың әр қайсысына қатысты пайыз мөлшерлемесі өлшемін инфляция деңгейіне сәйкес қалыптастыра отырып қамтамасыз ету;

  • Барлық дербес шоттар иелеріне дебеттік төлем карточкаларын беруді қамтамасыз ету.

Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдарының қаражаттары коммерциялық банктерге қызығушылықпен орналастырады. Бұл салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден бұл салымдар табыс әкеледі.

Нарықтық қатынастардың дамуымен байланысты ресурстарды тарту құрылымы да көптеген өзгерістерге ұшырап, банк жүйесіне жеке және заңды тұлғалардың бос қаражаттарын жинақтаудың жаңа түрлері дами бастады. Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың және депозиттік шоттардың көптеген түрлері кездеседі. Бұл банктерді бәсекелестігі жоғары нарықта банктік шоттарға жинақтарды және уақытша бос қаражаттарды тартып осы банктік ресурстарға деген әр түрлі клиенттер тобының сұраныстарын мейлінше қанағаттандыруға ұмтылумен байланысты.

Банктік жүйеге деген халық сенімін арттыру қазіргі күнде де маңызды мәселе болып отыр. Осы депозиттерді кепілдеу жүйесін дамыту және оның кемшіліктерінің жойылуы халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді, олардың уақытша бос қаражаттарының банктерге орналастырылуына ынта болады. Нәтижесінде банктің несиелік базасы артады, табыстылығы жоғарылайды. Бұл өз кезегінде нақты сектордың дамуына жағдай жасайды.

  • Банктің депозит қызметін жетілдіру жолдары:

  • Депозит мерзімін қысқартып, пайыз ставкасын көтеру.

  • Клиенттерді ынталандыру мақсатында лоторея, акция, құнды сыйлықтар және т.б. мәдени іс-шараларды өткізуді;

  • Депозитке салынған ақша қаражаттарды, бағалы қағаздарды, асыл тастарды сақтайтын сейфтерді және басқа да қорғаныс жүйелерін соңғы үлгідегі жүйемен қамтамасыз ету

  • Депозит түрін көбейту

  • Ай сайын пайыз төлейтін депозит түрін ұсыну;

  • Депозитке қажетті құжаттардың санын қысқарту;

  • Депозит иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасау.

Бүгінгі күні өзекті мәселе - нарықтық экономика жағдайында қосымша ресурстар тарту мүмкіндігі, ол банктердің қаржылық тұрақтылығы, олардың тартымдылығы, яғни қызмет көрсету деңгейі, клиенттерге деген қарым-қатынастары және әр түрлі салымшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын түрлі қаржылық инструменттердің болуына байланысты дұрыс депозиттік саясатты құру мен оны жүзеге асыру.

Банктің пассивтік операцияларының көлемінің негізгі мөлшерінің құрамдастарының бірі – заңды және жеке тұлғалардың депозиттері. Басқаша айтқанда, банктің өсуі оның жинап алынған қаржыларының қатысынсыз мүмкін емес. Коммерциялық банктердің алдында операцияларын ұлғайту, клиенттер тарту мәселесі барлық уақытта бірінші кезекте тұрады.

Депозит нарығын дамыту жолдары

Депозиттік операциялардың дамуына әсер ететін бірден – бір көрсеткіш, бұл халықтың сенімділік дәрежесін арттыру үшін банктер өз алдына осы бағытта арнайы стратегиялар қабылдау қажет Шетел тәжірибесіне жүгінсек , банктер туралы қарапайым халық толық ақпаратқа ие. Олардың балансын, тартылған қаражаттар көлемін , сыйақы мөлшерін толық бөледі. Ал біздің елде кейбір банктерден басқа банктер өз балансын жарияламайды. Қазіргі таңда кезкелген ел тұрғынынан депозит туралы сұрасақ және қай банкке сенімділігін сұрасақ жауап бере алмайды. Сондықтан осы проблеманы жою үшін банк арнайы маркетингтік зерттеу жүргізіп, үнемі призентациялар, бұқаралық ақпарат құралдары мен сұқпат өткізіп, баспа беттеріне жариялау керек. Ашық ақпарат бар жерде сенімділік те бар.

Елде депозиттік операциялардың дамуына кедергі жасайтын тағы бір көрсеткіш халықтың әлеуметтік жағдайы. Онсыз да бір айлықтан екінші жалақыға өз шығындарын зорға өтеп отырған халық депозит салуды ойламайды да. Бұл тұрғыдан мемлекеттің және банктердің стратегиясын дамыту қажет. Мемлекет тарапынан айлық көлемін өзгерту, әлеуметтік көмек тағыда басқа. Кемшіліктері бар, бірақ депозиттік операциялардың дамуына ондай көп кедергісін тигізіп жатқан жоқ. Идеалды модельді қазіргі таңда құру өте күделі. Өйткені, қор аз депозиттер, бірақ көп халықпен жұмыс істеуі керек немесе үлкен салымдармен, аз халықпен жұмыс істеуі керек. Оларды бір орталыққа теңестіру өте күрделі. Б.Жамшиевтің айтуынша «Кішігірім депозиттермен, көп халықпен жұмыс істеу оңтайлы нұсқалардың бірі болып табылады».

Болашақта кепілдендіру қорының  дамуы халықаралақ ең жақсы тәжірибе негізінде болады. Банктердің еріксіз  жабылу кезінде тезарада салымдарды қайтару, жүйенің қызмет атқару тәуекелін минимализациялау, сақтандырылатын депозиттерінің түрін көбейту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]