Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломды жмыс 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
381 Кб
Скачать

1.2 Қазақстан Республикасындағы депозиттер нарығының қалыптасуы және даму жолдары

Жинақ кассаларының жалпы жүйелік жобасы 1826 жылы пайда болды. Бұл мекемелер алғашында 1775 жылдары барлық губернияларда және уездік қалаларда қайырымдылықты дамыту үшін құрылған болатын. Оған жинақталған қаражатқа ауруханалар, мүгедектер үйі, жетім балалар үйлері жабдықталатын болған.Кейіннен қаржы жүйесінің даму нәтижесінде 1860 жылы мемлекеттік банк құрылды, оның бөлімшелер торабы Қазақстан территориясында да, құрыла бастады. Мемлекеттік банктің бірінші бөлімшелері Орал, Петропавловск, Семей және Верный қалаларында құрылды, жинақ, несиелік – есеп айырысу операциялары жүргізілген. Ұсақ салымшыларға қызмет көрсетілетін, салымдар жалпы негізде алынатын, ал қаржыларды қайтару және ұсақ несие беру орталық касса есебінен жүргізілетін, яғни қаражат осының есбінен алынатын болған.Үкімет тартылған қаражаттардың сақталуын қамтамасыз етті, кассалар салым құпиясын сақтауға міндеттенді. Клиенттерге шот ашылып, жинақ кітапшасы берілетін болды, сонымен қатар ай сайын пайыздар есептелініп тұратын. Егер шотта 30 жыл аралығында қозғалыс болмаған жағдайда салым мемлекет пайдасына алынатын болды. Біртін деп Қазақстанның несие Ресей империясының несиелік жүйесінің құрамдас бөлігі болды. Осы кезеңде үш деңгейлі несие жүйесі болды: бірінші деңгей – мемлекеттік банк, екінші деңгей – банк секторы, үшінші деңгей – мамандандырылған несие институттары. Бұл көбінесе жинақ және коммерциялық банктер.

Ресейдің жинақ қызметінің тарихы 150 жылдан астам уақытты қамтиды. Жинақ ісі бұл өркениеттің дамуы. Жеке ақша жинақтарының қалыптасуы экономикалық процесс, кез келген дамыған қоғамның өміріне қажетті элемент. Жинақ ісі өзінің пайда болуынан бастап мемлекеттің және еңбеккерлердің жеке мүдделерін қамтитын болды. Халықтың жинақтарын банктің пайдалануы мемлекеттің дамуына және сол мезетте халықтың тұрмысының жақсаруына алып келеді.

Қазақстан территориясында 1898 жылда 84 жинақ кассалары болды, 1897 жылдан бастап барлық уездік қазынашылықтарда көптеген банктік операциялар енгізілді: ақша айырбастау, купон бойынша проценттер төлеу және процентті қағаздар бойынша капитал төлеу, жинақ кассаларының операциялары, мемлекеттік банк мекемелерінің ордерлері бойынша қаражаттарды қабылдау және беру, жеке қаражат сомаларын аудару, ағымдағы шоттарға мерзімді және мерзімсіз салымдарды қабылдау,процентті қағаздарды кепілге  қоя отырып ссуда беру және тағы да басқа қызмет түрлері көрсетілетін болды.

Жинақ қызметінің дамуының екінші кезеңі жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысына тиеді. Ақтөбеде 1923 жинақ кассасы ашылды, 1936 жылы Алматы қаласында СССР Жинақ Банкісінің филиалы ашылды. Осы жылдардан бастап жинақ жүйесінің халықтың көптеген массасына арналған жинақ жүйесінің  жаңа тармағы дами бастады.  Осыдан кейін Қазақстанда 335 жинақ кассалары қалыптасқан болатын. 1929 жылы Қазақстандағы барлық жинақ кассаларының қызметін басқарумен айналысатын Республикалық Жинақ Кассасы құрылды. Салымшылардың көп мөлшерін тарту мақсатында жинақ кассалары тікелей зауыт-фабрикаларда, калхоздар мен совхоздарда ашылатын болған.

Мемлекеттік қарыздарды орналастыру есебінен түскен қаражаттар 1922-1925 жылдары мемлекеттік бюджеттің 7.5 пайызын құрады, ал 1925-1928 жылдары 6.8 пайызын құрады.Бұл қаражаттар халық шаруашылығын қалыптастыруда маңызды роль атқарды. Жинақ қызметін дамыту мақсатында комиссиялар құрылып, заңдар, қаулылар қабылдана бастады. Кейіннен 1988 жылы жүзеге асқан банктік реформа екі деңгейлі банк жүйесін қамтыды: Орталық Банк – мамандандырылған банктер.

Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан нарықтық экономика талаптарына сай келетін банктік жүйені қалыптастыруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында «Қазақ ССР – дағы банктер банктік жүйе туралы» заң қабылданды.

1993 жылы Жинақ банкісі Қазақстан Республикасына тиесілі «Қазақстан Жинақ банкісі»  болып тәуелсіз заңды құрылым болып қайта құрылды.  Қазіргі кезеңде депозиттік операциялар екінші деңгейлі банктердің пассивтерінің негізі болып табылады. Коммерциялық банктерге халық сенімі артып отыр, соның нәтижесінде салымдардың мөлшері де артуда. Банктер депозиттерді әртүрлі шарттармен беруде. Бұлар балаларға арналған жинақ депозиттер, зейнеткерлерге арналған депозиттер тағы басқа.

Қазақстан Республикасындағы жалпы жинақтар және депозиттік нарық жайында тек 1995 жыл ортасынан бастап айта аламыз. Осы кезеңде теңге курсы айтарлықтай тұрақталды, инфляция деңгейі біршама төмендеді. Осы кезден бастап қаражат жинақтауға жағдай туындай бастады.  1995 жылдың соңында, ресми мәліметтер бойынша, 5096.2 млн. теңгедей қаражат жинақталды. Сол кезеңдердегі нақты сектордың тұрақсыз болуы себебінен қаражат иелері оларды сенімді орналастыру жолдарын іздестірді.

Осы жылдың бірінші жартысында қабылданған банктік жүйені қайта құру бағдарламасына сәйкес, аукциондық ресурстар ұлттық банкінің тек өтімділік мәселесін шешу үшін ғана берілетін. Бұл белсенді депозиттік саясатты жүргізу мәселесіне біршама еріксіз сипат беретін.  Сонымен қатар, 1995 жылдың соңынан бастап коммерциялық банктер әлеуетті салымшыларды тарту мақсатында әртүрлі бағдарламаларды құрай бастады. Банктер депозиттердің көптеген жаңа түрлерін енгізді, кейбір депозит түрлері бойынша қосымша лотереялар жүргізілетін болды.

Қазақстанның қазіргі экономикалық жүйесінің ең негізгі ерекшелігі – макроэномикалық тұрақтылығы қамтамасыз ету үшін банктік құрылымдарды белсенді қолдану. Депозиттік нарықтың қалыптасып, дамуының банктік саясаты уақытша бос ақша қаражаттарын тартуға және инвестициялаудың ішкі қайнар көздерін белсендіруге бағытталған. Дамыған банктік жүйеде банктер экономиканы дамыту үшін өте үлкен ақша массаларын жұмыс істетіп, халық жинақтарын тарту үшін көп қызмет атқарады. Әлемнің ірі банкирлерінің пассивтерін сараптай келе, халық жинақтары мен кәсіпорын қаржылары банк міндеттемелерінің 70-80%-ын құрайды.

Қазақстанда 1994 жылы, яғни депозиттік нарықтың жаңадан аяқ басқан кезеңде, салымдар, депозиттер небәрі 15-35%-ын құрады.

Қазақстанда депозиттік нарықтың қалыптасуы және дамыған процестерін 3 негізгі кезеңге бөліп қарастыруға болады:

1 кезең (1994-1995). 1994 жылдың аяғына қарай жинақтар нарығының дамуы басталды, дәл осы уақытта теңге бағамы тұрақтанып және айлық инфляция деңгейінің төмендеуі байқалды. Ресми мәліметтер бойынша, 1995 жылдың аяғына қарай қолдағы бар ақша қаражаттары мен жинақтар көрсеткіші 5096,2 млн.теңгені құрады.

Шын мәнінде халықтың жинақтары аталған сомадан анағұрлым жоғары болды, олардың көлемі 1,5-2 млрд.АҚШ долларын құрады. Халық өз қаражаттарын дұрыс және сенімді сақтау үшін тәсілдер іздей бастады.

Осы кезеңде бәсекелестік коммерциялық банктер арасында ғана бола қоймай, сонымен қатар басқа да коммерциялық құрылымдар бұқаралық ақпарат құралдарында заңды және жеке тұлғалардың жинақтарын тарту үшін үлкен жарнаманың компанияларын құрды, халықты қызықтыру үшін жоғары пайыздық мөлшерлемелерді немесе басқа да табысты шарттарды ұсынды, дегенмен олардың қызметі халықты алдау екендігі тез айқындалды. Сондықтан, халық өз сенімін көбінесе банктерге артты, сол себептен банктер өз несиелік, депозиттік саясаттарын жақсартуға үлкен көңіл бөле бастады.

1994 жыл аяғында инфляция деңгейінің айтарлықтай төмендегені байқалғандықтан, салымдар мен депозиттер бойынша банктік пайыздар өз нәтижелерін көрсете бастады. Бұл мәселе ақша құралдарын банкке салу керектігіне тағы да көз жеткізді. 1995 жыл бойы халықтың банкке салымдары көбейе бастады, 1995 жылдың қаңтар айында 7,7 млрд.теңге болса, 1995 жылдың қараша айында 18,5 млрд.теңгеге көбейді.

Банктер депозиттер аша бастады: мерзімді немесе талап еткенге дейін, мерзімді депозиттер 3,6,9-айлық, 1-3 жылдық, 3-5 жылға дейін немесе10 жылдан астам уақытқа қабылдана бастады.

2 кезең (1996-2000) 1996 жылы инфляция деңгейі 26-28%-ы құрады. Депозиттер бойынша банктің пайыздық мөлшерлемесі 2 жағдайға байланысты: инфляция деңгейін жабатын пайыз және депозитордың ақша құралдарын қолданғаны үшін төленетін пайыз. Инфляция деңгейін жабатын пайызды анықтау қиын, себебі оған көптеген факторлардың әсерін есептеу керек. Ал екінші пайыз мөлшерлеме депозиттің көлемі мен мерзіміне байланысты анықталады.

1996 жылы мерзімі 6 айдан асатын депозит барлық мерзімді депозиттердің 55%-н құрады. Ең көп орын алған депозиттер 3 ай мерзімдегі мерзімді депозиттер болды, олар барлық мерзімді депозиттердің 40%-н немесе жалпы депозиттердің 16%-н құрады. Барлық депозиттердің 60% депозиттері халық салымдары болды, бұл халықтың банкке деген сенімінің артуын білдіреді. Ең көп салымдар Шығыс Қазақстан облысында, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау қалаларында байқалды.

ҚР ҰБ-ң мәліметтері бойынша 2001 жылдың 1 қыркүйегінде, банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері 21,9 млрд.теңгені құрады, валютада – 10,5 млрд, соның ішінде мерзімді депозит көлемі – 9,1 млрд. теңгені құрады.

3 кезең (2001-2003жж) Бұл кезеңде қаржылық сектор дамудың жаңа сатысында, яғни сапалы сатысында тұрды.

Дегенмен, бұл кезеңде салымдарды қорғау депозиттерді сақтандырудың негізгі халықаралық стандарттарына сай келген жоқ.

Банктік емес заңды тұлғалардың шетел валютасындағы салымдары 7,86%-ға төмендеді, ал ұлттық валютада 6,24%-ға көбейді. Жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы салымдары 7,36%-ға өсті және 2004 жылдың басында 141,579 млн.теңгені құрады, ал шетел валютасында 5,73%-ға төмендеп, 192,973 млн.теңгені құрады.

Шетел валютасында жалпы салымдар көлемі 7,071 млн.теңгеге азайды, ал ұлттық валютада керісінше көбейді, бұл жағдай халықтың салымдарды ұлттық валютада салуына үлкен сенімін артқанын көрсетеді.

Сонымен, біздің елімізде депозиттік нарықтың дамуында келесі қорытындыларға келеміз:

  1. банктік депозиттік нарық 1994 жылдың аяғынан дами бастады, осы уақытта депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемесі оңтайлы болып, ақша жинауға нақты мүмкіндік болды

  2. депозиттердің жалпы көлемінің өсуі халықтың банк жүйесіне сенімінің артуын білдіреді, ең алдымен бұл Ұлттық Банк пен Үкіметтің заңды және жеке тұлғалардың депозиттерінің конвертациясы бойынша өз міндеттерін орындаумен байланысты. әрине, жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша сақтандыру жүйесінің және банк құпиясы туралы заңның қабылдауын ескерусіз қалдыруға болмайды.

Қазақстан Республикасының депозит нарығы күрделi де қарқынды дамып келе жатқан жүйе бола отырып, iшкi және сыртқы факторлардың әcepін әр уақытта өзiне қабылдап отыр. Экономикадағы әр түрлi экономикалық, саяси және әлеуметтiк жағдайлардың әcepi депозит нарығының дамуына да әсер eтeдi. Бұған қарамастан депозит нарығының даму қарқыны өзiнiң жеке заңдылықтары мен ерекшелiктерiне ие болып отыр. Бұл жағдайларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жариялаған және өзіміз есептеген статистикалық мәлiметтер негiзiнде депозит нарығына мiнездеме бере отырып, оны сaлыстырмалы тaлдay негiзiнде көpceтyгe болады.

1.3 Қазақстан Республикасының депозит нарығының құрылымы

Жоғарыда айтылғандай, әрбір мемлекет нарығының олардың қызмет ету тәжірибелері мен шарттарына қарай өз ерекшеліктері болады. Қазақстанның депозит нарығының құрылымын нарықтық институттардың тұрғысынан және нарықтың қаржы құралдарының тұрғысынан көрсетуге болады.

Институтционалдық құрылым қадағалаудың реттеуші органдары мен тікелей қатысушы - шаруашылық жүргізуші субьектілердің желісі болып табылады. Республиканың Ұлттық банкі ҚР несие жүйесінің жоғары буыны бола отырып, коммерциялық банктердің және мамандандырылғаннесие мекемелерінің қызметін реттейді. Сонымен қатар, елдегі барлық қаржы нарығын мемлеккеттік тұрғыдан реттеуші органы болғандықтан, депозит нарығын да реттеуші орган ретінде ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі алға шығады. (9- сурет.)

Қаржы нарығы және оның ерекшелігі

ҚР Ұлттық

банкі

ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі

Депозиттерді сақтандыру жүйесі (ДСЖ) ( 33 банк)

ДСЖ- ның құрамына кірмейтін депозит жинақтаушы мекемелер

Зейнетақы қорлары

“Қазпочта” АҚ

Жүйенің қатысушылары коммерциялық банктер

Kоммерциялық банктер

9- сурет. ҚР депозит нарығының институтционалдық құрылымы

Депозит нарығында әрекет ететін институттарға байланысты құрылым 9-суретте келтірілген.

2000 жылдан бастап жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беретін қазақстандық қор жұмыс істеп келеді. Оның жалғыз құрылтайшысы және акционері – ҚР Ұлттық банкі.

Бүгінгі таңда қор ҚР Ұлттық банкі басқармасының қаулысымен бекітілген ереже шеңберінде қызмет етеді. Осы ережеге сәйкес ҚР ҰБ бекіткен нақты және міндетті шарттарға жауап беруі тиіс екінші деңгейлі банктер жүйенің қатысушылары бола алады. Депозиттерді сақтандыру жүйесі келесі параграфта кеңірек қарастырылады.

Әрине, нарықта негізгі депозит институты ретінде коммерциялық банктер алғы шығады. Олар өз қызметінің 80%-ынан көп бөлігін жеке және заңды тұлғалардың депозиттері құрайтын тартылған ресурстар есебінен жүзеге асырады. Алайда депозит нарығының жүйесінен және мамандандырылған депозит институттарынан парабанктік жүйенің ұйымдарын шығарып тастауға болмайды.

Депозиттерді сақтандыру жүйесіне кірмейтін депозиттік жинақтаушы мекемелер де халықтың салымдарын нақты табыс алу мақсатында тартады, әр түрлі инвестицияларға шоғырландырып, бағыттап отырады. Олардың депозит нарығындағы рөлі айтарлықтай маңызды емес. Мысал ретінде, жинақтаушы зейнетақы қорындағы азаматтардың өз еріктерімен салған салымдарын айтуға болады. Мұндай қорлар қошымша зейнетақымен қамтамасыз ету болып табылады.

Өткен параграфтарда қарастырылғандай, депозиттердің көптеген түрлері бар. Әр институт заң шеңберінде тартылатын депозиттердің шартын дербес анықтауға құқылы. Депозиттердің мөлшері осыған байланысты болуы мүмкін. Қазақстандағы депозит нарығында мерзімді, жинақтаушы және талап етілгенге дейінгі депозиттер бар. 10-суретте осы депозиттердің негізгі құралдары келтірілген.

Талап етілгенге дейінгі депозиттер

Депозит

нарығы

Мерзімді депозиттер нарығы

Жинақтаушы депозиттер нарығы

  1. Ағымдағы шот

  2. Есеп айырысу шоты

  3. Валюталық шот

  4. Карточкалық шот

  5. Чек шоты

  1. Депозиттік сертификаттар

  2. Қысқа мерзімді депозиттер

  3. Орта мерзімді депозиттер

  4. Ұзақ мерзімді депозиттер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]