Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kogamdyk_otvety 21.12.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161.09 Кб
Скачать

3.1 Жаппай тəртіпсіздік қылмысы.

Жаппай тəртіпсіздік ұкімет жəне басқару органдарының,

көлік, байланыстың қалыпты қызметі тоқтатылуы, мұлік жойылуы

немесе білдірілуі, азаматтардың құқықтары мен мұдделеріне

белеулі зиян келтірілуі мұмкін, адамдардың ұлкен тобы (топ)

жасайтын қоғамдық қауіпсіздікті бұзудан тұрады. Қылмыстың

объектісі - қоғамдық қауіпсіздік. Қылмыстың объективті жағы кұш

қолданумен, қиратумен, өртеумен, атыс қаруын, жарылғыш

заттарды немесе жару.

Қылмыстың құрамы - формальды, ол жаппай тəртіпсіздік

ұйымдастыруға құрайтын əрекеттер жасалу сəтінен бастап, қандай

да болмасын бір қоғамдық қауіпті салдарын орын алуына

қарамастан, аяқталған қылмыс болып танылады.

Қылмыстық субъективті жағы тікелей ниеттің болуымен

байланысты. Тұлға кұш қолданумен, қиратумен, өртеумен,

бұзумен, мұлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды

немесе жару қондырғыларын қолданумен, сондай-ақ олардың

өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсетуімен ұласатын жаппай

тəртіпсіздікті ұйымдастыру бойынша əрекетер. жасап

отыррандығын тұсінеді əрі осы əрекеттерді жасауды қалайды.

Қылмыстың мақсаты мен себептері əр тұрлі жəне жаза

тағайындау кезінде ескерілгенімен, жасалғанды бағалауға əсер

етпейді. Қылмыстық субъектісі - 16-жасқа толған, жаппай

тəртіпсіздіктерді ұйымдастырушы тұлға. Қылмыстық кодекстің

241-бабының 2-бөлімінде осы баптың 1-бөлімінле көзделген

жаппай тəртіпсіздікке қатысу ұшін жауап көзделген. Жаппай

тəртіпсіздікке қатысу деп тұлғаның кұшпен жасаған əрекеттері,

қиратулары жəне ҚК-тің 241-бабының 1-бөлімінде аталған

əрекеттерді жасағандыры айтылады. ¤кімет өкілдерінің заңды

талаптарына белсене бағынбауға жəне жаппай тəртіпсіздікке

шақыру, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру

ҚК-тің 241-бабының 3-бөліміне сəйкес жауаптылыққа əкеп

соқтырады.

241-бап. Жаппай тәртiпсiздiктер

1. Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылыс

заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сол сияқты олардың өкiмет өкiлiне қарулы

қарсылық көрсетумен ұласқан жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру -

төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жаппай тәртiпсiздiкке қатысу -

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Өкiмет өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсене бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке

шақыру, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру -

екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас

бостандығынан айыруға жазаланады.

57. Бұзақылық. Бұзақылықтың түсінігі. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзудың ұғымы, қоғамды өрескел сыйламау, қару немесе қару ретінде заттарды қолдану. Бұзақылықтың субъективтік белгілері.

3.2. Бұзақылық қылмысы

Бұзақылық - қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстардың ең кең

тараған тұрлерінің бірі. Бұзақылық жасалған кезде қоғамдық тəртіп,

азаматтардың тыныштығы, ортақ ережелер, кəсіпорынның, мекеме

не ұйымның бір қалыпты жұмыс дөрекі тұрде бұзылады.

Бұзақылық жасаған адам қоғамдық тəртіпті, адамгершілік

салтты өрескел бұзатын, көбінесе себепсіз немес болар-болмас

себепті пайдаланып қоғамды мелінше сыйламаушылықтан

көрінетін, қоғамдық тəртіпке анық қарсы-ласуымен, өзін

айналасындағыларға қарсы қоюмен, оларға немқұрайды қарым-

қатынасымен əдейі жасалған əрекеттері арқылы көрініс табады.

Бұзақылық - тұрмыс салты мен қоғмадық тəртіптің бірден бір жауы.

Осы қылмыстың жəбірленушісі кез келген адам болуы мұмкін.

Қылмыстық кодекстің 257-бабының 2-тармағының "а"

тармақшасында бұзақылықтан жəбір көретіңдердің тізім: өкімет

өкілі, қоғамдық тəртіпті бұзуға тыйым салушы өзге де адамдар деп

тура көрсетілген.Қоғамдық тəртіп дегеніміз қоғамдық тыныштықтың, азаматтардың, қоғамдық

орындардағы лайықты мінез-құлқының, ұйымдардың,

мекемелердің, кəсіпорындардың, қоғамдық немесе жеке көлік

құралдарының бір қалыпты жұмысының, азаматтардың жеке

басына қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық

қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Бұзақылық іс-врекет бөтеннің мұлкін жоюмен немесе бұлдіру

мен байланысты болса, оңда бөтеннің мұлкі оның заты болып

табылады. Объективтік жағынан бұзақылық қоғамды анық

құрметтеуін білдіретін, азаматтарға қарсы кұш қолданумен, сол

сияқты бөтеннің мұлкін жоюмен немесе бұлдірумен не ерекше

арсыздықпен ерекшеленетін əдепсіз іс-əрекет жасаумен ұштасқан

қоғамдық тəртіпті тым өрескел бұзушылық əрекеттер арқылы

сипатталады.

Кінəлінің кұш қолданумен немесе оны қолданамын деп

қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мұлкін жоюмен немесе

бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленген əдепсіз, іс-

əрекеттер жасауымен ұштасқан əрекеттері қоғамдық тəртіпті тым

өрескел бұзған бұзақылық деп саналады.

Қоғамды көріну, оны құрметтемеу деп кінəлінің көпе-

көрінеу, көпшілікті, қоғамдық тəртіпті құрметтемейтін, өзін

қоғамға жəне оның мұдделерше ашық қарсы

қоятын мінез-құлықтарын айтамыз. Бұзақылықта қоғамды

анық құрметтеушілік көпшіліктің көзінше жұзеге асырылады.

Демек, қоғамдық тəртіпті өрескел бұзу жəне қоғамды анық

құрметтемеушіліктің жиынтығы басқа да белгілермен бірге

бұзақылықтың объективтік жағының қажетті белгілері болып

табылады.

Бұзақылық формальдық-материалдық қылмыс құрамына

жатады. Ол қоғамдық тəртіпті өрескел бұзу жəне қоғамды анық,

көрінеу құрметтемеушілік əрекеттерін істеген уақыттан бастап

аяқталған деп мұлкі жойылса, бүлдірсе онда қылмыс материалдық

құрамға жатады. Мұндай реттес-əрекет пен одан туындаған

зардаптың арасындағы себепті байланысты анықтау қажет.

Бұзақылықтың мақсаты - қоғамдық тəртіпті өрескел бұза

отырып, жəбірленушіге кұш көрсету, қорқыту, оның бойына

қорқыныш туғызу, мұлкін жою, бүлдіру болып табылады.

Қылмыстық субъектісі жалпы 16-ға (257-баптың 1-тармағы) жəне

14-ке (257-баптың 2,3-тармақтары) толған есі дұрыс адам.

Қылмыстық кодекстің 257-бабының 3-тармағыңда бұзақылықтың

аса қауіпті тұрі - атыс-қаруын, газ қаруын, пышақты, кастеттерді

жəне өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтіру ұшін

арнайы бейімделген басқа да заттарды қолданып немесе қолдану

əрекеті ұшін жасалған бұзақылық ұшін жауаптылықты белгілейді.

заты

-ұйлер, өзге де ғимараттар, қоғамдық органдардғы мұлік болып

табылады.

257-бап Бұзақылық

1. Бұзақылық яғни қоғамды анық құрметтемеуiн бiлдiретiн азаматтарға қарсы күш

қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе

бүлдiрумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз iс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық

тәртiптi тым өрескел бұзушылық -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде

айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық

жұмыстарға тартуға не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға

дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға

жазаланады.

2. Нақ сол әрекет, егер оны:

а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;

б) өкiмет өкiлiне не қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттi атқарушы немесе

қоғамдық тәртiптi бұзуға тыйым салушы өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты болса;

в) бірнеше рет жасаса, -

жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға

не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге

бас бостандығын шектеуге немесе нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Атыс қаруын, газ қаруын, пышақты, кастеттердi және өзге де суық қаруды не

денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы бейiмделген басқа да заттарды қолданып немесе қолдану

әрекетi арқылы жасалған бұзақылық -

үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас

бостандығынан айыруға жазаланады.

58. Тағылық. Қылмыстық қолсұғушылықтың заты. Қылмыстың объективтік және субъективтік белгілері. Аралас қылмыс құрамдардан айырмашылығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]