- •1.Көлік транспортының қызмет көрсету түрлері
- •13.Туристік автобус классификациясы
- •17.Теміржол саяхаттарын жобалау, турпоезд құрылымы.
- •24.Теміржол көлігінде жолаушы тасымалдау ережелері
- •36. Әуе тарифтері мен түрлері
- •41.Авибилеттерді брондау жүйелері
- •43. Әуе саяхатындағы компьютерлік брондау жүйесіХалықаралық әуе тасымалын құқықтық қамтамасыз ету
- •54. Әлемдегі алдынғы орындағы әуе компаниялар
- •56.Халықаралық круиздік компанияларының біріне сипаттама
- •59. Круиздер маршруттардағы баға қалыптастырушы факторлар.
- •78. Ресей әлем Круиз компаниялар
24.Теміржол көлігінде жолаушы тасымалдау ережелері
1. Темір жол көлігі туралы заңдар ҚР-ның Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.2. Егер де ҚР-сы бекіткен халықарлық шарттарда осы Заңдағыдан ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.3. Әскери және арнайы тасымалдарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және орындау ерекшеліктері ҚР-ның заңдарымен реттеледі.Темір жолдар, шетелде жеткілікті пайдаланылатын көлік болып табылады. Негізінен европалық мемлекеттерде. Ол темір жол сызықтарының қалық жүйесінің бар болуымен, жоғарғы сапалық қызмет көрсету, қызмет көрсетудің біркелкі келісілген жүйесін құрумен және льготалық тарифтердің үлкен санын қолданумен байланысты.
26.Қазақстан теміржол құрылымы.Қазақстанның темір жолын пайдалану ұзындығы 14,3 мың км құрайды(оның ішінде екі жолды желілер – 4,8 мың км (34%),электрлендірілген желілер – 4,1 мың км (29%), тығыздығы – 1000 шаршы км-ге 5,5 мың км, жүктелімдігі – км-іне 24,2 млн тонна-км –ді құрайды.Еліміздің жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымдағы темір жол кӛлігінің үлесі шамамен 60 % құрайды, мұндағы барлық кӛлік түрлерімен тасымалдаудан түскен табыстардағы оның үлесі 20 % құрайды.
1977 жылы Қазақ темір жолының негізінде үш жол құрылды: Тың, Алматы және Батыс-ҚазақстанРеспублика тәуелсіздігі мен Теміржол көлігі жөніндегі кеңес кезіндегі Қазақстан теміржол көлігінің өткен жолын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.Бірінші кезең (1992-1996 жж.) – саланың КСРО-ның таралу салдарына және мүлдем жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі.Екінші кезеңнің (1997-2001 жж.) маңызы үш қазақстандық магистралды өзінде біріктірген, қиыншылық кезден өте алған, саланың ары қарай дамуына негіз салған, бірінші қазақстандық теміржол кәсіпорны «Қазақстан темір жолы» РМК-нің құрылуы мен дамуы болды.Үшінші кезеңде (2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін) саланы қайта құрылымдау басталды. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания» ЖАҚ құрылуы осы реформалардың жүзеге асырылуының бастамасы болды. Олар еліміздің теміржол көлігін қазіргі заманға сай әрі жоғары тиімді салаға айналдыруға бағытталған және әлемдік тасымалдау жүйесіне үйлесімді кіріге отырып, дамыған нарықтық, бәсекелестік жағдайында тұтынушылардың талаптарына барынша сәйкес келетін кәсіпорын дәрежесіне жеткізу болды.2004 жылы Қазақстан темір жолы өзінің айрықша межесіне – 100 жылдығы мерейтойына жетті.
31-Қазақстан нарығында жұмыс жасайтын әуе компаниялар
Air Astana — Қазақстан Республикасының негізгі әуекомпаниясы. Компанияның негізгі акционерлері Қазақстан Үкіметі мен Британдық BAE Systems, оның 51% Қазақстан Үкіметіне, ал 49% BAE еншісінде. Ұшу қауіпсіздігі және жолаушыларға жоғарғы сапалы қызмет көрсету әуекомпанияның басты қағидалары болып табылады. Эйр Астана — ХӘКА-ның (Халықаралық Әуе Көлігі Ассоциациясы) толық мүшесі, Азия-Тынық мұхит аймағының қауымдастығының (AAPA) толық құқықты мүшесі, Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық Авиация Қауіпсіздігі Агенттігі) JAR-145 куәландырған ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін жалғыз әуекомпания. Негізгі хабы Алматы болса, Астана және Атырау әуежайлайлары қосымша хаб қызметін атқарады. Эйр Астана 2001 жылы тіркеліп, 2002 жылдың мамыр айында ұшу қызметін бастады.
Содан бері Эйр Астана өзінің әуекемелер паркін 3-тен 21 ұшаққа дейін ұлғайтты, 1800-ден астам жұмыс орындарымен қамтамасыздандырды, 25 ішкі және 18 халықаралық бағыттарға ұшатын әуекөлік жүйесін дамытты.
2005 жылы тамыз айында Airline Business журналында жарияланған рейтинг бойынша Эйр Астана жолаушы санының өсу мөлшеріне және 2004 жылғы жолаушылар ұшып өткен километрлердің жалпы санына байланысты дүниежүзілік алдыңғы қатарлы 200 әуекомпанияларының арасында төртінші орынға ие болды.
2005 жылы Питер Фостер мырза Эйр Астананың президенті болып тағайындалды, сол жылдың аяғында әуекомпанияның он жылға арналған Даму стратегиялық жоспары жасалды. Онда екі негізгі мақсат көзделген: ұшақ паркін және әуежол жүйесін ұлғайту, тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін тоқтаусыз дамыту.
Келешекте көптеген өзгерістер өз күшіне енбек. Эйр Астана жаңа ұшақтарды енгізу, ішкі және халықаралық бағыттағы рейстер жиілігін арттыру, жаңа мәзірлерді ұсыну, ұшу кезіндегі ойын-сауық жүйелерін дамыту және жолаушыларға жиі ұшу бонустық бағдарламасын таныстыру (frequent flyer bonus program) сияқты жаңартуларды енгізбек.
Эйр Астана әуекомпаниясының Boeing 757 ұшағы Халықаралық Алматы әуежайынан ұшуда.
2009 жылдың 29 мамырына сәйкес Air Astana 21 халықаралық және 22 ішкі бағыттарға қызмет көрмсетті.
Жаңадан ашылған Бішкекке, Бакуға және Новосібірге бағыттар компанияның аймақтағы ұшу торабын дамытты. Сонымен қатар Бангкок, Франкфурт, Ыстамбұл және Мәскеу қалаларына ұшу жиілігі көбейді. Колумбия округінің Вашингтон қаласындағы 2015 жылдың 25 ақпанда өткен Әуекөлік саласының 41-ші Annual Airline Industry Achievement Awards марапаттау рәсімінде «Эйр Астана» компаниясы «Авиациялық нарығының көшбасшысы» атағына ие болды.[1] 2014 жылғы World Airline Awards нұсқасы бойынша «Эйр Астана» компаниясы Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпания атағын үш рет қатарынан иеленіп отыр. Осы салтанатта «Эйр Астана» компаниясы Орталық Азия мен Үндістандағы «Үздік қызмет көрсету» атағына екінші рет ие болды. Сондай-ақ, 2012 жылдың мамыр айындағы Skytrax компаниясы өткізіген аудиты бойынша әуекомпания Ресей/ТМД/Шығыс Еуропа елдерінің арасында Skytrax World Airline Awards 2012 нұсқасы бойынша беделді 4 жұлдызды рейтінгке ие болған бірінші тасымалдаушы болды және аумақта осы атаққа ие болған жалғыз әуекомпания ретінде қалды.
«Эйр Астана» компаниясы 2 класс қызметін көрсетеді: барлық ұшақтарда бизнес және эконом-класс. Boeing 767 және 757 ұшақтары екі кабинасында да RAVE компаниясыныңжеке ойын-сауық жүйесімен жабдықталған. Ұзақтығы 3 сағаттан асатын барлық рейстердің бизнес-кластарында (「KCTV」) портативті дербес ойын-сауық жүйелері ұсынылады. Ыстық тағамдар мен алкогольды ішімдіктер бизнес-кластың және эконом-кластың барлық рейстерінде ұсынылады.
Bek Air — қазақстандық әуе компания, Қазақстан бойынша 14 тұрақты рейстер жасап тұрады. Компанияның штаб-пәтері мен басты транзиттік торабы (хаб) Орал әуежайында орналасқан.
Әуе компания 1999 жылы «іскерлік джет» ұшуларды орындау мақсатында құрылды[1].
2008 жылы әуе компания «Ақ Жол» Халықаралық әуежайының осы күнге дейін иелік етіп отырған акциялар пакетін сатып алды.
2014 жылы әуе компания Франборо әуесалонында жеті жаңа Сухой Суперджет 100 (SSJ 100) ұшақтарына тапсырыс берді[2]. Ұшақтар үшеуі 2015 жылы, ал қалған төртеуі 2016 жылы тапсырылмақ деп жоспарлануда. Барлық ұшақтар 103 орынды бір классты салонмен жабықталған.
Air Kazakhstan немесе Эйр Қазақстан бұрынғы қазақстандық әуекомпания. 1996 - 2004 жылдар аралығында Қазақстанның ішкі және сыртқы әуе тасымал қызметтерін атқарған.
2004 жылы банкротқа ұшыраған. [1] 6 ақпан 2015 ж - "Эйр Қазақстан" әуе компаниясы Kazakh Air болып өзгерді.
SCAT (толық атауы «“SCAT” әуекомпаниясы» АҚ [1]) — орталық кеңсесі Шымкентте орналасқан әуекомпания. Қазақстан мен көршілес елдердің ірі қалаларына жолаушы әуерейстерін орындап тұрады. Негізгі базасы Шымкент әуежайында, ал қосымша хабтары Орал, Ақтау, Атырау, Астана, Қызылорда және Алматыда орналасқан.[2]. Әуекомпания 1997 жылы құрылып, сол жылы алғашқы ұшуларын орындағын. Иелері — Владимир Иванович Денисов (53 %) және Владимир Андреевич Сытник (47 %). "SCAT" атауы "Service Cargo Air Transport" деген сөз тіркесінің қысқашасы.
2012 жылдың қарашасына сәйкес SCAT әуекомпаниясы келесі қалаларға ұшқан:
Тұрақты ішкі рейстер: Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл, Тараз, Шымкент (хаб), Орал, Үржар, Зайсан, Қатонқарағай,Күршім Семей және Өскемен.
Тұрақты халықаралық рейстер: Астрахан, Баку, Гоа, Баян-Өлгей аймағы (Өлгей қаласы), Минеральные Воды, Мәскеу, Киев, Краснодар, Ростов-на-Дону, Санья, Махачкала, Шарджа, Стамбұл, Ташкент, Новосибирск, Тбилиси, Ереван, Утапао и Анталья.
32. . «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалы туралы жалпы мағлұмат
Толық атауы: «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ – «Шаруашылық басқармасы» филиалы.
Қысқартылған атауы: «ҚТЖ»ҰК»АҚ-«ШБ» филиалы
Әділет басқармасында тіркелгені туралы ақпарат: 26.07.2002 күні 2256-1901-Ф-Л нөмірімен мемлекеттік реестірде тіркелген
Мекен-жайы: 473000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 100 үй.
Обьектіні жасаған тұлға: «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы»АҚ, СТТН 620100210058.
Басшысы: Марков Владимир Юрьевич, СТТН 031411460409
Марапаттаулар: – Еуропалық стандарттарға сәйкес жоғары сапа нәтижелеріне қол жеткізгені үшін «European quality» кубогы мен дипломы; – Адалдық, абырой және айбындылық үшін Виктория Ханшайымы атындағы (Queen Victoria Commemorative Medal) дипломы; – Экономика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтқаны үшін «Достастық Жұлдызы» дипломы.
